ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУІ - МАМАНДЫҚ: 0516000 Қаржы( салалар бойынша)


Ақмола облысы білім басқармасының жаныңдағы
«Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалык колледжі»
ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУЫ
МАМАНДЫҚ: 0516000 «Қаржы( салалар бойынша) »
БІЛІКТІЛІГІ:051605 3«Қаржылык жұмыс бойынша экономист»
Практиканың басталуы: 24. 04. 2020ж
Практиканың аяқталуы: 30. 04. 2020ж
Құрастырған :31 қаржы топ оқушысы
Қазби _ Айзат
БАҒА(жазуымен)
Практиканың жетекшісі
2020 ж
24. 04. 2020ж
Қаржылық жоспарлау
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл каржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-тендік дамуына жетуге, біртүтас ұлттык, шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, коғамдык өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың озіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық үдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысаныңда жүзеге асырылады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлскеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып өткен жылдардың саныңа бөледі) ;
б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептслуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі) .
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және үзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін.
Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына каржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жстілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлау кезеңдері мен олардың ерекшеліктері
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мөліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістермен шығыстардың нақтылы турлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сөйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысаныңың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы ондіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік- мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, түтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, үзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражатарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар) ; сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мөдени шараларға жұмсалатын шығастар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және үзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
Қаржылық көрсеткіштер және олардың ерекшеліктері
Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады.
Шаруашылық жүргізуші төменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:
• өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;
• өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;
• жалпы табыс;
• кезең шығысы;
• негізгі қызметтен тусетін табыс (зиян) ;
• табыс салығының сомасы (төленген) ;
• таза табыс (немесе зиян) .
Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:
• инвестициялар көлемі;
• жарғылық капиталдың мөлшері;
• өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға үқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;
• жабдықтаушынармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер) ;
• төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;
• айналым қаражаттары көздерінін көлемі.
• Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табынады:
• табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
• акциялар бойынша табыстынық;
• негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы) ;
• өтімділіктің көрсеткіштері.
Сұрақтар:
1. Қаржылық жоспарлау ұғымы
2. Қаржылық болжау ұғымы
3. Қаржылық жоспарлау кезеңі
4. Жылдық баланс. Баланстың кіріс және шығыс бөліктерінің көрсеткіштері
Сұрақтардың жауабы:
1. Қаржылық жоспарлау ұғымы - қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.
2. Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу.
3. Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып өткен жылдардың саныңа бөледі) ;
б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептслуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі) .
4. Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, түтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, үзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражатарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар) ; сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мөдени шараларға жұмсалатын шығастар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және үзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі.
25. 04. 2020
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Кәсіпорындардың бірлестігінің есебі - сатып алу әдісі бойынша мысал арқылы қарастырайық
«Асыл» компаниясының балансы (мың теңгемен)
«Дәуір» компаниясының балансы (мың теңгемен)
«Асыл» компаниясының бухгалтерлік есебінде «Дәуір» компаниясын сатып алу бойынша бұл операция төмендегідей көрсетіледі:
Дт 2410 -1 100 000тг
Дт 1310-1330 - 1 000 000тг
Дт 1210-1280 - 1 700 000тг
Дт 1010, 1030 - 200 000тг
Кт 1030 - 4 000 000тг
«Асыл» компаниясының балансы (біріккен кейінгі) мың. теңгемен
Егер «Асыл» компаниясы «Дәуір» компаниясын 4 300 000 теңгеге сатып алған болса, онда 300 000 теңге оң іскерлік репутация (яғни гудвилл) туындайды (4300-4000) . «Асыл» корпорациясында ол операцияға төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады:
Дт 2710 - 300 000тг
Дт 2410 - 1 100 000тг
Дт 1310-1330 - 1 000 000тг
Дт 1210-1280 - 1 000 000тг
Дт 1010, 1030 - 200 000тг
Кт 1030 - 4 300 000тг
Бірігу операциясы орындалғаннан кейінгі «Асыл» компаниясының балансы төмендегідей болды: (мың тг)
Теріс іскерлік репутация
Жоғарыдағы «Асыл» компаниясы «Дәуір» компаниясын 3 430 000 теңге төлеп сатып алды делік. Теріс іскерлік репутация 570 000 теңгені құрайды. Бірігу операциясы орындалғаннан кейінгі «Асыл» компаниясының балансы төмендегідей болады:
«Асыл» компаниясының балансы (бірігуден кейінгі) мың. теңгемен:
Өзіндік жұмыстарды орындау үшін берілген тапсырма
1. Кәсіпорындардың бірлестігінің есебі бойынша төмендегі мәліметтердің негізінде тиісті тапсырмаларды орындаңыз.
Тапсырманы орындау үшін берілген мәліметтер: «Алмас» компаниясы 4 теңгеге «Іскер» компаниясын сатып алды.
Сатып алу операциясы орындалғанға дейінгі компаниялардың баланстары төмендегідей болды:
«Алмас» компаниясының балансы (мың теңге) :
Активтер Негізгі құралдар - 2500 ТМБ - 1200 Дебиторлық борыштар - 1000 Ақша қаражаттары - 4300 Жиынтығы - 9000
Міндеттемелер және капитал: Жарғылық капитал - 3500 Бөлінбеген табыс - 2500 Міндеттемелер - 3000 Жиынтығы - 9000
«Іскер» компаниясының балансы (мың теңге) :
Активтер Негізгі құралдар - 1100 ТМБ - 1000 Дебиторлық борыштар - 1700 Ақша қаражаттары - 200 Жиынтығы - 4000
Міндеттемелер және капитал: Жарғылық капитал - 2500 Бөлінбеген табыс - 1500 Жиынтығы - 4000
Тапсырма - Сатып алу әдісін пайдалана отырып: Компаниялардың бірігуінен кейінгі «Алмас» компаниясының балансын құрыңыз.
«Алмас» компаниясының балансы (мың теңгемен)
«Іскер» компаниясының балансы (мың теңгемен)
«Алмас» компаниясының бухгалтерлік есебінде «Іскер» компаниясын сатып алу бойынша бұл операция төмендегідей көрсетіледі:
Дт 2410 -1 100 000тг
Дт 1310-1330 - 1 000 000тг
Дт 1210-1280 - 1 700 000тг
Дт 1010, 1030 - 200 000тг
Кт 1030 - 4 000 000тг
«Алмас» компаниясының балансы (біріккен кейінгі) мың. теңгемен
Егер «Алмас» компаниясы «Іскер» компаниясын 4 300 000 теңгеге сатып алған болса, онда 300 000 теңге оң іскерлік репутация (яғни гудвилл) туындайды (4300-4000) . «Алмас» корпорациясында ол операцияға төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады:
Дт 2410 - 1 100 000тг
Дт 1310-1330 - 1 000 000тг
Дт 1210-1280 - 1 700 000тг
Дт 1010, 1030 - 200 000тг
Кт 1030 - 4 000 000тг
Бірігу операциясы орындалғаннан кейінгі «Алмас» компаниясының балансы төмендегідей болды: (мың тг)
27. 04. 2020
Ұйымдардың табыстары мен рентабелдігі
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдау
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы пайда табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Ықшамдалған түрде « табыс » түсінігі 1995 жылы 26 желтоқсандағы « Бухгалтерлік есеп туралы » заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13 - бабында былай делінген : «Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы». Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі табыс; салық салынғаннан кейінгі табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, және т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай - ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден алынатын табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника - экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады .
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, 2006 жылы өнімді өткізуден түскен табысты 2005 жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны 2006 жылдың еркін сату бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін (өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін көрсетеді.
2006 жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс 2005 жылғы бағамен:
215000 / 1, 05 = 204761.
Бағалардың өзгерісі және оның жалпы табысқа әсері:
215000 - 204761 = 10239 мың теңгені құрады.
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен 2006 жылдағы қосымша табыс 10239 мың теңгені құраған.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
2005 жылығы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
Біздің талдауымызда 2005 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 2, 5 % - ға [( 204761 / 21 * 100 = 97, 5 ) ; 100 - 97, 5 = 2, 5] көбейген. Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі есебінен жалпы табыстың өсімі 997, 5 мың теңгені [ 39900 * 2, 5 / 100 ] құраған. Есептеуді, 2005 жылғы өнімді сатудан түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады:
[ 39900 / 21 * ( 204761 - 21 ) ] = - 997, 5 мың теңге.
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, 2006 жылы өткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен 2005 жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы 2006 жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергендігін көрсетеді. Есептеу:
[ ( 167700 / 204761 ) - ( 170100 / 21 ) ] * 204761 = 2047 мың теңге.
Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 2047 мың теңгеге өсті.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкелді.
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалпы табыс 11288, 5 мың теңгеге [ ( +10239 - 997, 5 + 2047 ) = 11288, 5 ] өсті.
Өзін-өзі тексеру сұрақтарының жауабы:
1. Ұйым табысы ұғымы - оның қызметінің әдеттегі түрлерінен келіп түсетін кіріс, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивиденттер және лицензиялар төлемдер түрінде болуы мүмкін.
2. Ұйым табысының өзгеруі қандай факторлерге тәуелді
1) Өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі
2) Өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі
3) Өткізілген өнімнің 1теңгеге шаққандағы шыңындарының өзгерісі
3. Таза табыс қандай факторлерден тұрады .
Таза табыс - бұл жалпы табыс пен шығынның арасындағы айырмашылық. Таза
табыстың шамасына факторлардың үш тобы әсер етеді:
1) дәріхана қызметінің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар (рецепт
бойынша босату, үлкен номенклатура, сұранысты зерттеу қиындығы, жүйенің
зияндылығы және т. б. ) .
2) жалпы табысқа әсер етпейтін факторлар - бұл жалпы табыстың көбеюіне мүмкіндік жасайтын, таза табысты көбейтетін факторлар.
3) шығынға әсер ететін факторлар, шығынды азайтатын факторлар, таза табысты жоғарылатады.
Тапсырма:
Кәсіпорын 198тг 2000 дана бұйым өндіреді. Бірлігінің өзіндік құны - 192тг. Жалпы тұрақты шығыны - 12600тг.
Анықтаңдар:
1) табысты 198*2000=396 000
2) партияның өзіндік құнын 192*2000=384 000
3) іске асыруынан жалпы пайданы 396 000-384 000=12 000
4) өнім бірлігіне келетін пайда сомасын 12000/2000=6
Кәсіпорынның табыс көзін есепте:
Аударылған амортизация сомасын есепте:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz