ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ

Исабекова А.К.
Қарашілік орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы Ақсу ауданы
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағвтталғанын атап көрсетті. Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы деп айқын көрсетілген. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде менің өзекті мәселем оқушы ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып, әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлға ретінде тәрбиелеу. Өзімнің сабақтарымда пайдаланып жүрген жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуға болатындығы оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап ететіні анық. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы:
:: Ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті жоғары;
:: Мен білуге тырысамын;
:: Өз қабілетіме сенемін
:: Өз алдыма мақсат қоя білемін;
:: Өз-өзіне деген сенімі жоғары,талантты;
Яғни, осындай жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыруымыз керек.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру,-деп 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген [1]. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту: тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой-өрісін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру. Тілі дамымаған адамның ойы да дамымайды деген халқымыз. Ең алғаш бірінші сыныпқа келген оқушылардан мектеп психологымен бірлесе отырып алынған диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша мына проблемалар анықталды:
1.Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды;
Сондықтан да мен 2014-2015 жылдар аралығына Жаңа технология тиімді әдіс - тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу деген өзекті тақырып алдым.
Зерттеу нысаны:3-4 сыныптар.
Зерттеу пәні:тіл дамыту, субъект-субъектілік қарым-қатынас.
Болжам: Егер білім беру ортасында қарым-қатынас педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген, шығармашыл жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймыз.
Күтілетін нәтиже:
:: Ақыл-ойы дамиды;
:: Танымдылық қызығушылығы артады;
:: Шығармашылық белсенділігі артады;
:: Коммуникативті құзіреттілігі артады.
Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объектілік және субъектілік мақсаттары мен міндеттеріне орай барлық психикалық процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру орталығы.
Қазіргі кезде жеке тұлға өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, бәскеге қабілетті және құзіретті ,білімді, жан-жақты болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштердің бірі-оның тілі болып табылады.[8]
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Тілін дамыту ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті, өз сұранысын айтуға талпынуынан туады.Тіл байлығынның мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс , ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табылады.Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:
:: Мен білуге тырысамын;
:: Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу;
:: Байланыстырып бейнелі сөйлей білу;
:: Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;
:: Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі.
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасында мына мәселелерді анықтап алдым:
:: Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;
:: Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;
:: Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.
Мектеп психологымен бірге оқушылардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлей білу дағдылары ,зейін ,қабылдау, фонематикалық есту, ойлау, есте сақтауларын зерттеу жүргізілді.
Мониторинг қорытындысында бағдарлама талаптарына сәйкес балалардың білімінің көлемі,сапасы, дағды дейгейі, танымдық-еріктілік белсенділіктері қарастырылады. Жоғары деңгей-балалар жоспарды ескеріп байланыстыра сөйлейді,тілі сауатты.
Орта деңгей- жоспарлы сөйлемейді, күрделі сөйлемдер құрауда қателіктер жібереді.
Төменгі деңгей-сипаттау орнына сұрақтарға қысқа жауап береді, тілі сараң, байланыссыз.
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездесті:
1. Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Баланың сөздік қоры біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі,яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.
2. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту.
3. Сөзді қабылдауда мұғалімнің нені істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдамай, қолма-қол іске кірісетіні жиі кездеседі.
Оқу басталған күннен бастап жүргізілген тіл дамыту жұмыстарының түрлері- мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату талдату арқылы жүргізіп отырдым. Жаңа дыбыс пен және оның таңбасымен таныстырған кезде сабақты тіл дамытуға бағыттап жүргізіп отырдым.Бастауыш сынып пәндерін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен,1-сыныпта Тілдің дыбыстық жүйесімен танысу барысында Рольдік ойындар ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 3-4 минут көлемінде жүргіземін. Ойын тәртібі:әріптері кем карточкаларды оқушыларға таратып беремін . Ойынға қатысушы оқушы өзіндегі әріптен керектісін алып , әр сөздегі жоқәріпті қоюға тиісті. Берілген уақыт өткенде интербелсенді тақта іске қосылып оқушылар өзері орындаған жұмыстарын тексеріп, қай топтан қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды.Ойын соңында қойылған әріптерді тапқызып дыбыстық талдау жасатамын.
Буын тақырыбын өткенде Қай буынды жоғалттым? ойынын жүргіземін. Бұл ойын 4-5 топқа бөліп жүргіземін. Бос торкөзді толтыр Карточкаларда бір торкөз әріп жазылмай ашық беріледі,қалған торкөздерге тиісті әріптер жазырады. Бұл ойын оқушыларды ойлай білуге өздігінен жұмыс жасауға,өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанып, тапқырлыққа үйренеді. 1. Қазақ тілі фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар санын табады. 2. Сөз құрамында керекті әріпті табу бағдарламасын құр деп тапсырма беруге болады. 3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады.
Ойын әдісін қолданғанда А.Байтұрсыновтың ... .баланы ойынға үйрету,ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы,үйретуі екенін балалар айырмастай,сезбестей етіп үйрету керек деген қағидасынөнемі басшылыққа алып отырамын[10]
Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында жиі кездесетін сөздер мен сирек кездесетін сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы, оқушыларға адамның ой сипаттарын қатыстырып Менің мысығым, Менің досым сияқты шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беремін. Жұмыстарын тексере отырып, нәтижесінде оқушылар көркем әдеби тілде өз ойын ұшқыр жеткізуге дағдыланады. Соңынан мұндай тапсырмаларды оқушылар бірінен-бірі оқу арқылы көркем әдебиет тілін кеңінен меңгереді.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Әдебиеттік оқу сабағында оқушылар, мақал - мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсендіі тақтаның көмегі зор. Оқушыларға тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде беріп, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Оқушыларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz