Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің зерттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесінің зерттелуі

Медеубаева К.Т. - п.ғ.к, қауымд.проф.м.а.
Қамбарова Ғаинижамал Серікқызы -
6М012400 - Педагогикалық өлшемдер мамандығы 2-курс магистранты

Аңдатпа: Бұл мақалада білім беру үдерісіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылық ұғымының пайда болу кезеңінен бастап зерттелу мәселелері қарастырылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың бірқатар еңбектеріне шолу жасалынады.
Кілт сөздер: Функционалдық сауаттылық, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Аннотация: В данной статье рассматриваются проблемы изучения с момента возникновения понятия функциональной грамотности учащихся. Делается обзор ряда трудов отечественных и зарубежных ученых.
Ключевые слова: Функциональная грамотность, формирование функциональной грамотности учащихся, обзор научных работ отечественных и зарубежных ученых.
Abstract: This article discusses the problems of studying the concept of functional literacy of students. A review is given of a number of works by domestic and foreign scientists.
Key words: Functional literacy, formation of functional literacy of students, review of scientific works of domestic and foreign scientists.

Функционалдық сауаттылық -- ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық - білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық - оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Интеллектуалды ұлт-2020 бағдарламасы орта білім беру мазмұнына функционалдық сауаттылықты енгізудің басым бағыттарын айқындап берді. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда, - деп атап көрсете келе, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталуына, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламаларын әзірлеуге баса назар аударылған [1].
Болашақ бағдарламасының стипендиаттарымен болған кездесуде (Астана қаласы, 2008 жылғы 30 қаңтар) Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде қазақстандықтарды жаңа формацияда тәрбиелеуге және Қазақстанды адам капиталы бәсекеге қабілетті елге айналдыруға ықпал ететін интеллектуалды ұлттың дамытудың маңызды аспектілерін атап өтті. Әсіресе, білім беру жүйесін инновациялық дамыту қажеттілігіне ерекше тоқталды: Білім беруге деген дәстүрлі тәсіл оқушыларға ақпарат пен білімнің барынша кең көлемде берілуін мақсат тұтады. Бүгінде жағдайлар өзгеруде. Мамандардың есептеуінше, әрбір жеті-сегіз жылда кәсіптік ақпараттардың көлемі екі есеге ұлғайып отырады екен. Жаңартылған білімнің легіне ілесіп отыру үшін қазіргі заман қызметкерлері жүйелі және сын тұрғысынан ойлауды меңгеруі тиіс және үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы керек. Бұдан басқа, біздің жастарымыз тек білімді алып қана қоймай, жаңа білім беру жүйелерін құруға да күш салысулары керек. Бүгінгі таңда ең маңызды сапа креативті ойлау, білімді қайта өңдей білу, жаңа шешімдер, технологиялар мен инновациялардың пайда болуы болып табылады. Бұл үшін жаңа әдістер, оқытудың жаңа формалары, жаңа мамандар қажет [2].
Елбасының Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты [3] Жолдауындағы маңызды тапсырмасы бес жылға арналған Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді, аталған жоспар шеңберінде функционалдық сауаттылық бойынша шетелдердің адыңғы қатарлы тәжірибелерін зерделеу және Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын әзірлеу міндеттері қойылды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында: Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады, - деп көрсетілген [4].
Қазіргі ұғым бойынша функционалдық сауаттылықты білімнің (бірінші кезекте, жалпы) көп жоспарлы адам әрекетімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделу әрекеті ретінде түсінуге болады. Функционалдық сауаттылықтың ерекшелігі - жылдам өзгеріп отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы білімдер негізінде әртүрлі қызмет салаларында өмірлік мәселелерді шеше алуымен сипатталуы.
Отандық және шетел әдебиеттерін талдау ғалымдардың функционалдық сауатсыздықтың себептерін анықтау және оны қалпына келтіру жөнінде белсенді зерттеулер жүргізіп жатқандығын көрсетіп отыр. В.В.Гаврилов функционалдық сауаттылық деген ұғымның өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында ЮНЕСКО-ның құжаттарында пайда болғанын және кейінірек зерттеушілердің қолданымына кіргенін атап көрсетсе [5], С.А.Тянган функционалдық сауаттылық ұғымын талдай келе ұғымды кеңейте түседі [6]: бастапқыда, шамамен 1970 жылдардың ортасына дейін зерттеудің тұжырымдамасы мен стратегиясы адамдардың кәсіби қызметімен байланысты болған: осы саладағы жетіспейтін білім мен шеберліктің орнын толтырды; кейінірек мұндай тәсіл бір жақты деп танылды; функционалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
ОДАҒАЙ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Тіл білімі сөздігінде мәтін
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Пәндер