ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ФИНЛЯНДИЯ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҒТАХР 14. 07. 01

Қамбарова Ғаинижамал Серікқызы

Иманбай Алина Қуандыққызы

6М012400 - «Педагогикалық өлшемдер» мамандығының 2-курс магистрантары

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қ., email: alina_19_94@mail. ru k. gainizhamal@mail. ru

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ФИНЛЯНДИЯ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация : Бұл мақалада Қазақстан және Финляндия мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі оқушылардың білім сапасын жақсартудың негізгі құралы ретінде қарастырылған. Қазақстан мен Финляндия мектептеріндегі білімді бағалауды ұйымдастырудың негізгі бағыттары көрсетілген. Білім сапасын бағалауға арналған халықаралық зерттеулер нәтижесінде екі елдің көрсеткіштері сараланып, талдау жасалынады.

Түйінді сөздер : Қазақстан және Финляндия мектептері, бағалау жүйесі, жалпы білім беру, білім сапасы, ішкі бағалау, сыртқы бағалау, халықаралық зерттеулер.

Аннотация : В данной статье рассматриваются особенности оценки образования в казахстанских и финских школах как инструмент улучшения качества школьного образования. Представлены основные направления организации оценки знаний в казахстанских и финляндских школах. По результатам международных исследований по оценке качества образования проанализированы показатели двух стран.

Ключевые слова : Школы Казахстана и Финляндии, система оценивания, общеобразовательное, качество образования, внутреннее оценивание, внешняя оценка, международные исследования.

Annotation: This article discusses the features of evaluating education in Kazakh and Finnish schools as a tool for improving the quality of school education. The main directions of organizing knowledge assessment in Kazakh and Finnish schools are presented. The indicators of two countries were analyzed based on the results of international studies on the quality of education.

Keywords: school in Kazakhstan and Finland, assessment system, General education, quality of education, internal assessment, external assessment, international research.

XXI ғасыр, жаһандық жаңалықтар мен білімнің дəуірлеу ғасырында, білім беру жүйесін қайта реформалау мен білім сапасын арттыру мәселесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Әлемдік білім беру ошақтары әлеуметтік- экономикалық өзгермелі жағдайда өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, терең білімді, кәсіби сауатты, қоғамды жақсы қырынан өгертетін тұлға қалыптастыруды басты мақсат ретінде атап көрсетуде. Осы тұрғыда әлем тәжірибесі мектептердегі білім беру жүйесін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолдану қажет деп есептейді. ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап білім беру саласында бағалау жүйесін модернизациялау маңызды орынға шықты. Білім беру нәтижелерін бағалаудың инновациялық жолдарын қалыптастыру және оны енгізу міндеті әр түрлі елдерде алға қойылды. Бағалау - оқушылардың білімділігі пен сауаттылығы деңгейінің нақты әрі дұрыс көрінісін қалыптастыруда аса маңызды фактор ретінде айқындалды.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялап, өзіндік білім беру саясатын қалыптастыра бастаған сәттен әлемнің дамыған елдерінің ең озық жүйелерін үлгіге алып келеді. Осы тұрғыда үлкен жұмыстар жасалынып, орасан өзгерістер орын алды. 30 жылға таяу уақытта оқыту, тәрбие беру мен бағалау жүйесі, оқулықтардың мазмұны мен мектептердің материалдық-техникалық базасы үнемі өзгеріске түсіп, даму үстінде.

Бағалау жүйесі - бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы. Бұл құрал білім берудің сапасын, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін анықтауға, білім беру саласындағы заманауи міндеттерге сәйкес болмаған жағдайда оны білім беру стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешімдерді қабылдауға, білім берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалаудың түрлерін де жетілдіруге мүмкіндік береді [1, 7 б] .

Біздің еліміздегі білім беру реформаларының негізгі идеясы - қазақстандық білім беру жүйесін жаңа замандағы жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Осы тұрғыда Елбасымыз Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндетін айқындап берді. Білім беру жүйесін жетілдіру осы міндетті орындаудағы шешуші рөл атқаратын фактор. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Білімді бағалауда Финляндия мектептерінің тәжірибесі көптеген елдердің қызығушылығын туғызып отыр. Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу процесіндегі қазақстандық мектептердің бағалау жүйесінің Фин мектептерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралап көрейік. Даму траекториясы екі бөлек мемлекеттің білімді бағалау саясатын салыстыра келе, басым бағыттары мен кемшіл тұстарын атап өтіп, өзіндік қорытынды жасап көрейік.

Қазақстан Республикасының білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім беру мазмұны - 21 ғасыр тұлғасының сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасы - оқу мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу мен білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданысқа енгізуімен ерекшеленеді. Жалпы алғанда жаңартылған білім жүйесі - құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Аталған бағдарламаның елеулі ерекшелігінің бірі - бағалау жүйесінің түбегейлі өзгерістерге ұшырап, критериялдық бағалау жүйесіне өтуі. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

Критериалды бағалау жүйесі - білім беру үздіктерінің озық тәжірибелеріне сүйеніп, өзіміздің дәстүрлерлеріміз мен ерекшеліктеріміз ескеріле отырып қалыптасқан өзіндік жүйе. Білім беру магнаттары Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де осы жүйеден алыс емес. Негізгі идеясы - оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту. Осы тұста Қазақстан мен Финляндия арасындағы бірінші ұқсастықты атап өтуге болады.

Критериалды бағалау жүйесі алты жылдан астам уақыт Назарбаев зияткерлік мектептері базасында жасалынып, сынақтан өткізілді. 2015 жылдан бері барлық қазақстандық мектептер осы жүйеге көшті. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтық бағалау, бірін-бірі бағалауы оқу үрдісіне үздіксіз қатысып отыруға ықпал етеді. Бұл жүйеде білім нәтижесімен бірге, оқушының іс-әрекеті де бағаланады. Оқушы қандай критерийлер негізінде бағаланғанын және келесіде қай бағытта жұмыс жасау керектігін ұғынады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі, сол арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы үздіксіз кері байланысты қаматамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау нақты баға қоюмен емес, мақтау, мадақтау, қолдау көрсету мен ынталандыру форматында іске асырылады. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының оқу бағдарламасы материалдарын меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылады. Әр тоқсанның және оқу жылының соңында жинақталған балл негізінде 5 балдық жүйемен баға қойылады. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Дәстүрлі 5 баллдық бағалау жүйесінде емес, оқушылардың жаңа форматтағы бағалануы тек қана академиялық жетістіктерін бағалаумен шектеліп қалмайды. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазақстандық бағалау жүйесі оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.

Финляндия сынды алпауыт держава болуға ұмтылған Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын түбегейлі реформалауда неге дәл осы жүйені тиімді деп таныды деген заңды сұрақ пайда болады.

Ең алдымен, 70 жыл бойы қолданылып келген дәстүрлі жүйеден бас тарту заман талабы деп білген жөн. Фин мектептері де білім беруді бағалаудың жаңа жүйесін тектен қабылдамағанын да ескере кеткен жөн.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында оқу жетістіктерін бағалауды қайта жаңғыртудың өзектілігі білім берудің заманауи міндеттерімен, білім беру деңгейін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, оқушылардың интеллектуалдық даму өрісінің нәтижиелерінің шынайы болуын қамтамасыз ету және Қазақстандық түлектердің бәсекеге қабілетті болуы мақсатында мектеп оқушыларын бағалау жүйесін қайта құру қажеттілігімен айқындалды.

Өткен онжылдықта Қазақстан оқушыларының білім сапасын бағалауға арналған халықаралық зерттеулер (PISA, PIRLS, TIMMS) нәтижесінде жоғарғы көрсеткішті көрсете алмауы алаңдатарлық жайт болды. PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің мектепте алған академиялық білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда тиімді қолдана алу қабілетін бағалауға бағытталған. PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселені қою және шешу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады.

PISA-2009 халықаралық зерттеуі «оқу сауаттылығын» басым бағыт ретінде тағайындап, нәтижесінде оқу сауаттылығы - 58-60 орынды; математика сауаттылығы бойынша - 53-54 орынды, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша - 53-58 орындарды көрсеттік. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай оқу сауаттылығы басым бағыт болды. Дегенмен, біздің көрсеткіштеріміз PISA-2009 және 2012-дегі нәтижелерімізбен салыстырғанда төмендеді. Сондай-ақ, PIRLS зерттеулері де жоғары көрсеткіштерді берген жоқ. Финляндия елі осы зерттеулер қорытындысында әрдайым алғашқы 10-дықтан көрініп келеді. Соңғы 3 жылдықтың нәтижесі бойынша Финляндия оқу сауаттылығы бойынша - 2 орын; математика сауаттылығы бойынша - 5 орын; ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша - 1 орындарды иеленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі даярлаған Ұлттық есебінде мынадай тұжырым жасалынады:

«Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар себепші болды: қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі, Қазақстанның Болон процесіне қатысуы, оқыту сапасын және оның нәтижелерін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу қажеттілігі; білім беру мазмұнын өзгерту, білім беру сапасын бағалаудың қазақстандық жүйесін құру және көптеген пәндер мен оқытудың әртүрлі кезеңіндегі басқа да көптеген бағыттар» [2, 6 б] .

Ұлттық Есепті қорытындылай келе, Қазақстандық оқушылардың нәтижелерінің төмен болуының негізгі себептерін атап өтіп, отандық білім беруде бағалаудың жаңаша, қазақстандық жүйесін енгізуді оң өзгерістерге апарар бірден-бір жол ретінде ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген фактілерге сүйене отырып, қазақстандық ғалым-педагогтар оқушыларға арналған тапсырмалар мен оларды бағалау жүйесін PISA тапсырмалары негізінде құрастыруды қолға алуда. Ең алдымен, ондағы тақырыптардың негізгі мәні мен мазмұнын оқушылардың түсіне алуы мен өмірде қолдана алу деңгейі бағаланады. Ал жаңартылған білім беру мазмұны мен критериалды бағалау жүйесінің қаншалықты нәтижелі болғанына тек PISA-2021-де немесе PIRLS-2021-де көз жеткізе аламыз. Осындай өзгерістер негізінде Қазақстан Республикасы дамуының алдында тұрған басты миссияны орындауға қадам жасап, Финляндия сынды үздік нәтиже көрсететініне сенеміз.

Финляндия оқушыларының әрдайым үздік ондықтан көрінуінің құпиясы неде? Осы сұраққа жауап іздеп көрсек, бәлкім қазақстандық мектептерге әлі де болса да жетіспейтін элементтерді анықтармыз.

Финляндияда оқушыларға еркіндік берілген, өздеріне не қызықты болса, сонымен айналысады. Балалар өз ойын толық жеткізуге, талдап, сын айтуға үйренген, ал бізде оқушыларға шектеушілік көп. Бұл Фин еліндегі білім берудің барлық тәсілдері ойлауды дамытуға, шығармашылық қабілетті шыңдауға негізделген. Заманауи әлемдер мәдениетті, жан-жақты дамыған, тәрбиелі оқушыны тұлға ретінде өсіру - әрбір елдің оптимальді мәселелерінің бірі болғандықтан, білім беру сапасын, қызығушылықты арттыру үшін әртүрлі амалдар ойлап табуда, сондықтан әрбір ел бұл мәселені өз қабілеттеріне қарай шешуге тырысады. [4. 96 б]

Финлияндияның білім жүйесінің Қазақстанмен тағы бір ұқсас тұсы - оқушыларды бағалаудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана алады, барлығы оқушы мен мұғалімнің шығармашылығына байланысты. Білім алу балабақшадан басталады, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейді және білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған. Дегенмен, бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей берілу керек. Шындығына келетін болсақ Сингапур мен Финляндиядағы білім беру жүйесі біздің білім беру жүйемізден өзгешелеу екені анық. Екі елдің де оқу процесі өте жоғары дамыған. Осы Сингапур мен Финляндия елдерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бақылай отырып: осының негізінде біздің елімізге қандай өзгерістер енгізіліп жатыр деген сұрақ туындады. Қазақстан да, жылдан-жылға басқа елдермен қатар білім беру сапасын арттыру бойынша терезесін теңестіріп келеді.

Финляндия білім беру жүйесіндегі оқыту мен оны бағалау тәжірибесі күмәнсіз қызығушылық танытады. Финляндиядағы білім беру сапасының жоғары деңгейі көптеген халықаралық зерттеулермен расталған. Жоғарыда атап өткендей, PISA-2006-да Финляндия жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша бірінші орында, математикалық сауаттылық бойынша екінші орында және оқу сауаттылығы бойынша екінші орынды көрсетті.

Мұндай нәтижелер немен байланысты? Біріншіден, Финляндияның жалпы және мектеп білімі, атап айтқанда, осы елдің ішкі саясатындағы басымдық болып табылады. Екіншіден, мектеп білімінің бұрыннан қалыптасқан дәстүрлері бар және дамудың барлық заманауи үрдістерінде қалыптасқан қағидаттар мен құндылықтарға негізделеді. Үшіншіден, Финляндияның мектептік білім беру мақсаты ұзақ уақыт бойы өз талантын өздігінен ашуға қабілетті, үнемі оқитын, өзгермелі қоғамда тез бейімделетін тұлғаны дамыту болып табылады.

Бағалау нәтижелері білім беруде теңдік қағидаттарының орындалуын бақылау үшін пайдаланылатынын атап өту қажет. Финляндияда мектептегі білім беруді бағалау ішкі бағалау (бағалау субъектісі - оқу орнының өзі) және сыртқы бағалау (бағалау субъектісі - арнайы мемлекеттік ұйымдар) негізінде жүзеге асырылады. Бағалау жүйесі төрт негізгі бағыт бойынша нәтижелерді анықтауға бағытталған: 1) оқу орнының қызметін өзін-өзі бағалау (ішкі бағалау) ; 2) оқушыларды оқыту нәтижелері (ішкі бағалау) ; 3) оқу орындарының қызметі туралы әртүрлі деректерді жинау арқылы жалпы білім беру жүйесін дамыту туралы ақпарат алу (сыртқы бағалау) ; 4) білім беру процесінің жекелеген аспектілерінде жетістіктердің нәтижелері туралы ақпарат алу (сыртқы бағалау) .

Ішкі бағалауға оқу орнының қызметін өзін-өзі бағалауы жатады. Әрбір оқу орны белгіленген даму кезеңіне қойылған мақсаттарды орындауға мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін ішкі бағалау жүргізу жоспары болуы тиіс. Бұл білім беру процесінің әртүрлі аспектілерін бағалауға қатысты: емтихандар нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың педагогикалық мәселелері, сондай-ақ оқу орны өмірінің материалдық жағы. Осы аспектілерге әрбір оқу орнының ақпараттық желісінде қолжетімді сауалнама ұсынылады. Оқушылар мен ата-аналар осы сауалнаманың сұрақтарына еркін түрде жауап бере алады. Жыл бойы оқушылар мен олардың ата-аналарының жауаптары талданады. Ішкі бағалаудың тағы бір мысалы - оқушылардың нәтижелерін бағалау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Шет елдердеге инклюзивті білім беру
Шет елдердегі инклюзивті білім беру тәжірибесі
Мұғалімдерді оқытудың шетелдік тәжірибесі
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Мектеп және білім беру
Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991-2007 жж)
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz