Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кipicпe


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

СОӨЖ №1

«Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану. Әлеуметтану теорияларына кipicпe»

Орындаған : Жанғазы М. Т.

Факультеті : Жалпы Медицина

Тобы : 107Б

Тексерген : Кызырова Арайлым Асетовна

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-

Гуманитарлық пәндер кафедрасы

Алматы, 2020

Эссе

Тұлға (Индивид) - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

Қоғам деген сөздің мағынасы кең, алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам, т. б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл-әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардын өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы қатынасты қоғам деп айтамыз. Біріншіден, қоғам-адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т. б. ) .

Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады. Тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.

Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.

Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі.

Тұлға - белсенді өмірлік ұстаным танытатын, өз таңдауы мен қызметі үшін жауапты адам және әлеуметтік қалыптасуының нәтижесі, қиындықтарды жеңу және өмірлік тәжірибені жинақтау. Бұл - қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірі мен қызметіне қатысатын, басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасау процесінде өзінің жеке сипаттамаларын ашатын адам. Адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді. Егер де әлеуметтену процесінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтік мінез-құлықтың типтік үлгісі - бұл ортада қабылданған әдет-ғұрыптарды, ережелер мен нормаларды сақтау арқылы қоршаған әлеуметтік ортаға бейімделу.

Адамдар кез келген мінезді түсіндіруге, оның себебін анықтауға бейім, өйткені сонда ғана ол мінез ретке келгендей, болжауға болатындай және бақылауға алынатындай болып көрінеді. Сіз бен біз бірдей жағдаяттарға әртүрлі тұрғыдан қараймыз, себебі біз әрқилы ойлаймыз. Біз досымыздың тарапынан болған дөрекілікке - сол күнгі көңіл-күйімізге немесе сол кісіге деген ықылас-ниетімізге орай жауап береміз. Біздің барлығымыздың да интуициямыз бар. Біз адамдардың мінез-құлқын әдетте күнделікті қажеттіліктерімізге сәйкес түсіндіреміз. Белгілі бір адам тұрақты да ерекше қылық көрсетсе, біз сол қылықты соған басыбайлы теліп қоямыз. Мысалы, егер біреу жиі мысқылдайтын болса, онда сүйкімсіз адам екен деген қорытынды жасап, одан аулық болуға тырысамыз. Сіздің өзіңіз туралы пікіріңіз де маңызды. Сіз оптимистік көзқарастасыз ба? Сіз қандай жағдайда да өз іс-әрекетіме бақылау жасай аламын деп ойлайсызба? Сіз өзіңізді салыстырмалы түрде қалай бағалайсыз? Сіздің жауаптарыңыз сезімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңізге әсер етеді. Біздің әлемді және өзімізді қалай түсінетініміздің маңызы зор. Біздің бір сәттік интуицияларымыз - ішкі үрейімізді, сенімімізді және қарым-қатынасымызды қалыптастырады. Интуициямыз өзімізге қатысты жайларда да жиі қателеседі. Біз интуициялық деңгейде жадымызға шамадан тыс көп сенеміз. Санаға салмақ салмаймыз; эксперименттерде бір нәрселердің ықпалына түсіп жатқанымызды мойындамаймыз. Кейде біз өз болашағымызды дұрыс болжай алмай жатамыз. Сондықтан біздің әлеуметтік интуицияларымыз жіті назар аударуды қажет етеді. Алайда біздің интуицияларымыз бен бейсаналы ақпаратты өңдеу дағдымыз әдетте күшті, ал кейде қауіпті.

Әлеуметтік қарым-қатыныстар - үлкен әлеуметтік топтардың (таптардың, этностардың және т. б. ) өкілдері ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар.

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.

Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т. б. орындай алмас еді.

Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттелген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Әлеуметтік институт деп, көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізгі мақсаты- жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанулық теория
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану туралы
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың түсінігі
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Эмиль Дюркгейм туралы
Әлеуметтануға кіріспе
Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Аномия ұғымы девианттық мінез-құлық әлеуметтануы пәнінің негізгі стратегиясы ретінде
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz