ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 82-145

Тебегенов Т.С.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы, Қазақстан

Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ

Аңдатпа
Мақалада көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты Жұмекен Нәжімеденов поэзиясындағы лирикалық және этикалық
шығармаларының көркемдік ерекшеліктері саралана талданып қарастырылған.
Ақын поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық сарынды лирикалық өлеңдерінің басым
сипатпен жырланатыны, Ұлы Даладағы туған жер топырағы, қасиетті Отан,
ұрпақтар жалғастығы, ата-бабалық дәстүрлерді құрметтеу, т.б мәселелердің
психологиялық-философиялық тұтастықпен жырлануы бағаланған. Сонымен бірге,
ақын поэзиясындағы табиғат туралы лирикалық өлеңдердегі көркемдік
бейнелеулердің (кейіптеу, метафора, эпитет, теңеу, символ, аллегория,
психологиялық параллелизм, т.б) поэтикалық-эстетикалық мағыналық
ерекшеліктері талданған. Табиғаттағы заттарға, құбылыстарға арналған
азаматтық арнаулардың лирикалық-психологиялық сипаты мәтіндік талдаулармен
айқындалған. Ақынның тұрмыстық-әлеуметтік ортадағы қарым-қатынастар
жүйесіндегі олқылықтарды, кемшіліктерді бағалаған өлеңдеріндегі ирония,
сарказм бейнелеулерімен өрнектелген сыншыл сарындар да талданған.
Ақынның эпикалық поэзиясындағы поэмаларының өмір шындығын көркем
шындықпен жинақтап бейнелеудегі тарихи-философиялық, эстетикалық-поэтикалық
көркемдік шешім ерекшеліктері сараланған. Зерттеу еңбек Жұмекен ақын
поэзиясындағы туындылардың поэтикалық ерекшеліктерін мәтіндік талдаулармен
жаңаша қарастыру тұрғысында ерекшеленеді.
Түйін сөздер: даналық поэзиясы, уақыт пен кеңістік, азаматтық лирика,
азаматтық-гуманистік дүниетаным, психологиялық шарттылық, сыншыл-сатиралық
сарын, философиялық поэма, т.б.

Тебегенов Т.С.

Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
г.Алматы, Казахстан

Аннотация

В статье проанализированы художественные особенности лирических и
этических произведений в поэзии выдающегося поэта, лауреата Государственной
премии Республики Казахстан Жумекена Нажимеденова. В поэзии поэта
преобладает гражданско-патриотическая лирическая поэзия, психологически-
философская цельность воспеваемых вопросов: родная земля Великой Степи,
священная Родина, преемственность поколений, уважение предков и др. Вместе
с тем, проанализированы поэтико-эстетические смысловые особенности
художественных образов в лирических стихах о природе в поэзии поэта
(олицетворение, метафора, эпитет, сравнение, символ, аллегория,
психологический параллелизм и др.). Лирико-психологический характер
гражданских посвящений вещам, явлениям в природе определяется текстовым
анализом. Анализировались и критические мотивы, выраженные образами иронии,
сарказма в стихотворениях поэта, оценивавших пробелы, недостатки в системе
отношений в бытовой и социальной среде.
Дифференцированы особенности историко-философского, эстетико-
поэтического художественного решения поэмы в эпической поэзии поэта в
обобщении и отражении действительности жизни с художественной реальностью.
Исследование выделяется в контексте нового рассмотрения текстовым анализом
поэтических особенностей произведений в поэзии поэта.
Ключевые слова: поэзия мудрости, времени и пространства, гражданская
лирика, гражданско-гуманистическое мировоззрение, психологическая
обусловленность, критико-сатирический мотив, философская поэма и др.

T.Tebegenov

Kazakh National Pedagogical University named after Abai,
Almaty, Kazakhstan

Abstract
The article analyzes the artistic features of lyrical and ethical
works in the poetry of the outstanding poet, laureate of the State prize of
the Republic of Kazakhstan Zhumeken Nazhimedenov. The poet's poetry is
dominated by civil-Patriotic lyric poetry, psychological and philosophical
integrity of the sung questions: the native land of the great Steppe, the
sacred homeland, the continuity of generations, respect for ancestors, etc.
At the same time, the author analyzes the poetic and aesthetic semantic
features of artistic images in lyrical poems about nature in the poet's
poetry (personification, metaphor, epithet, comparison, symbol, allegory,
psychological parallelism, etc.). the Lyrical and psychological nature of
civil dedications to things and phenomena in nature is determined by text
analysis. We also analyzed critical motives expressed by images of irony
and sarcasm in the poet's poems, which assessed gaps and shortcomings in
the system of relations in the domestic and social environment.
Differentiated features of the historical-philosophical, aesthetic-
poetic artistic solution of the poem in the epic poetry of the poet in the
generalization and reflection of the reality of life with artistic reality.
The research is highlighted in the context of a new consideration of the
text analysis of the poetic features of works in the poet's poetry.
Keywords: poetry of wisdom, time and space, civil lyrics, civil-
humanistic worldview, psychological conditioning, critical-satirical
motive, philosophical poem, etc.

Кіріспе. Поэзия – адамзаттың көркемдік ойлау дүниетанымының көрсеткіші.
Жаратылысты құрайтын тіршілік әлемінің көріністерін де, құбылыстарын да
философиялық-психологиялық таным, түсінік арқылы сараптай бағалау,
бейнелеу, болжау тек ғана поэзиялық сезім иесі ақынның ғана жырларымен
жүзеге асады. Ойшыл ақындар поэзиясы тектес және үндес құбылыстарды да,
қарама-қайшылықтар мен қақтығыстардың да тіршілік қозғалысын кешенді, көп
үнді, мол қатпарлы қалпымен тұтастай қамтып жырлауымен ерекшеленеді. Уақыт
пен кеңістік жүйесіндегі саналы тіршілік иелері адамдардың жан әлеміндегі
әрқайсысына тән даралық та, ортақ көңіл-күй әуендері де ойшыл ақындар
шығармаларында поэтикалық көркемдік жинақтау өрнектерімен айқындалады.
Ақындар поэзиясындағы ғарыштық-ғаламдық құбылыстарды, үндестіктер мен
қайшылықтарды көркем ойлау поэтикасымен жырлаудың мәдени-философиялық (1)
әдеби-танымдық (2) сипаты ғылыми-теориялық еңбектерде ұлттық және
жалпыадамзаттық эстетикалық сабақтас, тұтастық тұрғысында бағаланады.
Академик З.Қаблодовтың пікірі аясында біз ұлттық және жалпыадамзаттық ортақ
суреткер тұлғалар тағылымының сипатын сезінеміз: Бүкіл дүниежүзілік
әдебиет тарихына көз жүгіртсек, ренессанстық Боккаччосы мен Раблесі, ағарту
дәуірінің Бомаршесі мен Лессингі, ХІХ ғасырдың Стендалі мен Золясы, тіпті
өзіміздің қауымдас халықтарының Гоголі мен Достоевскиі, Шевченкосы мен
Абовяны... өзіміздің Абай, Махамбет пен Мағжан – бәрібір осынау саңлақ
суреткерлердің қай-қайсысы да ең алдымен өз дәуірінің ұлы, өз ортасының
маңдайалды азаматы, өз халқының рухани таяныш-тірегі, өз тұсының ең биік
арманы мен тілегіне жалынды жаршы болған таланттар. Бұлардың ең асыл мұраты
– халық қамы, ұлт мүддесі (2, 24). Қазақ өркениеті тарихындағы аталған
ойшыл ақындар поэзиясы дәстүрінің жалғасын біз Жүмекен Нәжімеденов
шығармаларынан байқаймыз. Фәни дүниеде 48 жыл ғана болған ақын артына мол
әдеби мұрасын қалдырған. Негізгі шығармашылығы поэзия, бірақ прозада да
көрнекті романдар жазған дарынды қаламгердің 1960–2010 жылдар арасында
жарық көрген кітаптары – ұлттық құндылықтарымыздың қатарын құрайды (3, 354-
355).
Нәтижелер. Ақынның поэзиясында азаматтық-отаншылдық сарынды лирикасы
басым жырланған. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері қатарында
бағаланатын көрнекті ақындардың барлығында да халқының ата-бабалары, өзінің
әулеті, өсіп-өнген, кіндік қаны тамған туған жер топырағы, атамекен, байтақ
Отан туралы жырлардың басты орын алатыны мәлім. Мысалы, Дж. Байронның, В.
Гетенің, Г. Гейненің, Ш. Петефидің, А. Мицкевичтің, Р. Тагордың (4, 8-228),
хакім Абайдың (5, 19-47), Шәкәрімнің, Мағжанның, Сұлтанмахмұттың,
Төлегеннің және т.б. ақындардың ұлттық және жалпы адамзаттық ұғымдар
сабақтастығындағы осындай жырлары бар.
Негізгі бөлім. Жұмекен ақынның осы классикалық дәстүрмен үндес Отан,
Туған жер, Менің үйім, Сенің, туған жер, деміңді бір алған,
Сарыарқа, Саржайлау, Ереймен тауларында, Дала дидары, Дала төсін
еске алу да – сүйеніш қой, медет қой, Сенде туған, ей дала, жас балалар,
Дала, дала, дала ғой жатқан асыл, Толғансам, туған жер, сен сиынарым,
Ауылды сағыну, Ауыл топырағы, т.б. жырлары айрықша дараланып
көрінеді.Менің топырағым, Топырақ, т.б. өлеңдері – классикалық әдебиет
дәстүрін өзіндік өрнекпен жырлаудың көркем үлгілері. Өлеңдердегі лирикалық
қаһарманның романтикалық әуенмен төгілген жан сыры – перзенттік махаббат
сезімінінң көркем кестелі өрнегі.
Туған жердің табиғи сипатымен тұтас өрілген көңіл тебіреністері
– поэзиядағы адам тағдырының көркем шындықпен өрнектелуі. Ата-бабалардан
сақталған ұрпақтар жан діліне тән ерекшелік – дәстүрлі көркемдік ойлаумен
туған жерінің сипатынан рухани нәр алып жігерленетіні, марқаятыны. Жұмекен
де туған жерінің сайымен, алабымен іштей тілдесіп (Жатырмысың, самалды
сай, сырлы алап, жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап), даламыздың қарапайым
қалпының өз ұлылық екендігіне мүнәжат ете жырлайды. Қазақ даласының
келбетіне тән реалистік суреттерден поэтикалық әсерлі романтикалық бояулы
бейнелеулер жүйесіндегі ақын жасаған баламалы тіркестер атамекенді
ардақтаған азаматтың елжіреген сезім әлемін танытады. Мысалы, Дала дидары
өлеңінің әрбір тармағындағы баламалы бейнелеулері ұлттық көркемдік ойлау
тереңдігін айқын аңғартады.
Жұмекеннің өлеңдеріндегі қазақ даласының тұтас кеңістігі де,
аспаны да, таулары да, ондағы тастары да, дөңдері де, ормандары, ағаштары,
бұталары да, олардағы жапырақтары, тамырлары, т.б. – бәрі де көркем шындық
жинақтауларымен жырланады.Жұмекеннің поэзиясы – табиғаттағы барлық
заттардың, құбылыстардың баламалануы арқылы тіршілік қозғалысындағы
үндестіктер және қарама-қайшылықтар жүйесін саралап танытуымен
ерекшеленеді. Азаматтық-гуманистік дүниетаным кеңістігіндегі ой өрілімдері,
түйінді тұжырымдары тек ғана табиғаттағы қозғалыстармен көріністермен
баламалана өрнектеледі.
Табиғат құбылыстарын, көріністерін поэтикалық кейіптеу (олицетворение)
және астарлау ауыстыру (метафора), пернелеу (аллегория)) сынды құбылту
тәсілдері ақын өлеңдерінің тұтас поэтикалық жүйесін құрайды. Құбылту мен
айшықтаудың фольклор мен әдебиеттен келе жатқан классикалық үлгілерімен
көркем шындықты бейнелеудің психологиялық-философиялық сарындарын шебер
тұтастырған ақын жырлары ойшылдық әлемінің көркемдік ойлау кеңістігінің
шексіздігін көрсетеді. Мысалы, Алматы, Жалындап барды да батты күн,
Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ, Шығыс жақтан келсе-дағы таң күліп,
Баурай бұлты жаңа көшті баяулап, Көк балауса егілер, Жартас, Аспанда
Күн барда, әлемде сыр барда, Теңіз, Теңіз болса сұлулық, Жібек бұлақ
желкілдейді, Көк те жер де жұлдыз – бәрі ұшқын, Тамшы, Аппақ болып
барлық маңай тұр жанып, Алатаудың шарқатынан тарқатылған ақ бұлақ,
Бояулар туралы, Күзгі көңіл, Алма, Күзгі жайлау, Ел-жұрт, Крылов
тақырыбы, Табиғат, Жетім лақ, Тепе-тең, Ақ боз, Қуаңшылық,
Сұрақ, Жел, Түн, Қызылоба, Қисық бұта, Емен, Сыбыр, Қара
ағаш, Күй, Күз-көңіл, Таңғы сезім, Шегініс, Күннің батуы,
Нөсерден соң, Жол, Туған жер, Тоғай ертегісі, Таулар мен төбелер,
Ғұмыр ертегісі, Шаңырақ, Махаббат пен қара қас, Кетік кірпіш,
Пәлсапа тасы, Тентек, Шөл, Қошалақ тауы, Темірқазық, Жалғыз
қайың, Тор, Күз, Тау, Қауыз, Желтоқсан, Тамыр, Қос қоңыр
қаз, Қызыл кітап, Қақ, Мәжнүн тал, Шыбықтар, Тамшы, Алты қаз,
т.б (6, 6-273).
Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың өзара үндестіктері де, бір-біріне
қарама-қайшы көріністері де, қозғалыстары ақынның кейіптеу, астарлау,
ауыстыру, пернелеу әдістерімен қолданған жеке сөздер, сөз тіркестері арқылы
өлең сөздің философиялық-психологиялық сипатындығы көркемдік-эстетикалық
әсерлілікті даралайды. Мысалы: Жүз толқындар бірін-бірі тұншықтырып ағады,
қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады, Жүйрік жел баса алмай
аптығын бұтаға сүйенді солықтап, Ұрды шапақ қара бұлтты қан қылып, Құм
шағылдар үйілген артын қырман секілді, Таңғы шапақ – от боп жанған
еріндер, Алба-жұлба өңірін қаусыра алмай ыққа айналып бұталар
бүрсеңдейді, Түбі кәрі теректің сирағындай бүркіттің, Жылжи алмай
қалыпты, әне, тау қатып, көкшиеді мұз-қабағын күрт түйіп, Қыпыңдайды көк
кірпігі шыршаның тауға еліктеп қалыпты, әне, бұлт та ұйып, Құсеттенді
терісі кәрі еменнің тізесінің дірілін және көрдім, Мен де бейне күздің
қоңыр бұлтымын, жел қысқанда не жауарын білмейтін, Табиғаттың тұтастығын
сақта, ілім, ал табиғат кімге керек адамсыз?!, т.б.Адам діліндегі және
табиғат құбылыстарындағы өзара үндес, тектес құбылыстарды адресаттық
нысанға ала тебіренген ақынның жыр жолдары психологиялық әсерлілікпен
жырланған.Өлеңдердегі лирикалық қаһарман-ақын поэтикалық нысанға алған
деректі және деректі затқа да, құбылысқа да тікелей сөзін арнайды. Бұл –
адамдар жан діліндегі – психологиялық хал-ахуалдың табиғи сипатына тән
ерекшелік.Мысалы, ақынның өлеңдері мен поэмаларынан мынадай лирикалық-
психологиялық адресаттық арнаулар айрықша сараланып көрінеді:Сал сайранды,
жел, табиғат еркесі, Гүл, өтірік албыртпа бетіңді...; Сен кетпеші, шыңды
тастап, ақша бұлт, Кету керек болса түбі – мен кетем!; Неғып тұрсың,
сыбдырамай, қара ағаш, Жүгір, самал, жапырағын ала қаш! Неғып тұрсың,
махаббатшыл дүние, Келе жатыр, сәуле-сұлу жалаңаш; Жасыл-жасыл жағалай жал,
жағалай жал, саған айтам! Жылан қабық шұбар шыңдар, Сендер де тас
шығарсыңдар! Содан да даңқ-атақ үшін құр шіреніп жатамысың?; Қайсар
бұлттар, қар жалаған, бір жауыныңды арна маған!; Бұлттар, бұлттар, жасырма
Табиғаттың биігін... Толқын, тулап жарға қарғып, ал, Жаралғаныңды ұмытпа
тек тамшыдап. Тебірен, теңіз, Тебіренгенің – далбаса, басың сүйеп құлайтын
қара жерің болмаса; Биле, саусақ, бас пернені; Сезім мен сыр, кәне, сыртқа
шығыңдар!; Оу, көк аспан, тесіліпті-ау, тегенең; Ей, нұрлы таң, нұрлы таң,
жел үп етсе үркейін деп тұр бұтаң; О, мөлдір аспан, мөлдір аспан! сен
егерде көзі болсаң адамның, үйренер ең ұшқын аулап, сыр бағып; Ей,
қаламдар! – Оқымасын жат хабар, – Жазбаңдаршы соғыс деген сөзді осы; Қайла,
күрек, қайдасыңдар – кел бермен! Қағаз, қалам, сиясауыт – кет аулақ, Шабыт
тауып жарымадым сендерден; Керек, керек тазару! Айналайын өлең-ау, Сені де
бір сүзетін тесік қазан керек-ау!; Саған сеніп, көк мылтық, тыншымадым,
саған сеніп, күрегім, таптым амал; Сенде туған, ей, дала, жас балалар, аман
болсын қорлықтан, масқарадан; Бөрте қайың, көрсем деймін мен сені, бүршік
жарған кездеріңде теңселіп; Аспан, сені көрсем деймін ылғи да, түс кезінде,
Күн төбеден нұр құйған; Адаса бер, шоқ жұлдыз, адаса бер, адаса бер, ақ
жұлдыз, адаса бер; Тебірен, тау, толған, теңіз, жел, теңсел!; Толғансам,
туған жер сен сиынарым; Алысқа баста мені, дала жолы... Тек саған, саған
ғана сүйенемін, топырақ, қасиетті, киелі елім. Бұталар, етегімнен іліп
тартпа, шоқалдар, қолтығымнан сүйе мені; Тез өтші, жаңсақ ойлар, қате
түндер... Жамандық атаулыны жат етіңдер. Іркілмей тез шығыңдар, өтер
күндер, сыймай қалған жүктеріңді әкетіңдер. Бір дәптерді жаңадан жасатып
көр, ал, мезгіл, мені соған қоса түпте. Мың алғыс саған достым, Бүгінгі
күн, Ертеңге орныңды енді босатып бер. ... келіңдер, тезірек кел алғы
күнім, жаңалық, жақсылықтар, асығаңдар!; Ей, киелі топырақ! Сенен бөлек
тынысым, тіршілігім жоқ менің.
Жұмекенің лирикалық және эпикалық шығармаларының бәрінде де осындай
психологиялық шарттылықпен алынған поэтикалық арнаулар мол кездеседі. Бұл –
ақынның жан әлеміндегі сезім тебіреністері қамтитын кеңістіктің сипаты.
Ақын өлеңдерінің поэтикалық жүйесіндегі лирикалық қаһарман деректі және
дерексіз заттық мағынасы бар ұғымдарымен тілдесу, сырласу, ой бөлісу, т.б.
саналуан психологиялық жағдайдағы қарым-қатынаста болады. Ақынның
табиғаттағы тіршілік иелеріне немесе құбылыстарға арнаған сөзімен нысанға
алынғандар арқылы мағыналық тұжырымдар, түйіндеулер айтылады. Ақынның
азаматтық-отаншылдық сарынды өлеңдері философиялық және психологиялық
тұтастық сипатымен байқалады. Өлеңдерде қазақ даласының өсімдіктері де,
таулары да, өзендері де, аңдары да, құстары да, аспаны да, желі де, бұлты
да – бәрі де адамдардың жан ділі әлемімен тұтасқан сипатымен жырланады.
Ақынның азаматтық лирикасында ата-баба, аға, іні, әйел, ұл мен қыз
перзенттер, т.б. қазақы дүниетаным ұстанымы көркем ой мағыналарымен
жырланған. Мысалы, Менің үйім, Ана, Ей, достарым, тірлікте көлеңке жоқ
дедің бе?!, Бүкіл әлем махаббаттан тұрады, Әке туралы, Қыздар!, Үй-
іші, Әйел, Әйел деген – бір драма күрделі, Дос жыласа – мен қалайша
күле алам, От басы, Әже, Әйел, Жігіт кетті жаралы, Бұзылмасын ұя
бір, Ұлым, менің тұйық боп, Әкелер мен ағалар, Ақсүт, т.б. Аталған
өлеңдерде ұрпақтар сабақтастығындағы халықтың асыл қасиеттері, алдыңғы
толқынның жақсылығын да, кемшілігін де саралап, байыптап, жаңа бағытқа
лайықты бағдар алатын қазіргі және болашақ ұрпақ көзқарасы жырланған.
Өлеңдердегі лирикалық кейіпкер бүгінгі ұрпақ атынан қазақ өркениетіндегі
бұрынғы болған өкінішті оқиғалар (Қазасы үшін кешегі Махамбеттің, ажалы
үшін кешегі Құлагердің), орны толмас, алыптар (кешегі өткен Мұқаңдар үшін
де бір) үшін бүгінгі ұрпаққа көңіл айту-жұбату сөзін арнайды. Ақынның бұл
топтағы өлеңдерінің поэтикалық түйіні – әрбір жаңа ұрпақтың өзіне дейінгі
асыл дәстүрді ардақтауын, орын алған кемшіліктен аулақ болуын айту. Ойшыл
ақындар шығармашылығының өзекті арнасы – әуез, әуен желілері. Ақындардың
әуез бен сөз өнері тұтастығы аясында толғанатыны – табиғи құбылыс, шабыт
қайнары. Жұмекен поэзиясында домбыраның құдіреті, адамның рухани демеушісі
болған әуез қызметі үнемі жыр арқауына алынған. Ғұмыр деген бір ұзақ күй
болады, Күй десе ірке алмайсың бұ қазақты, Күй атқарар жұмыс бүгін
көбейді, Кей пернеге қадалады саусақтар, Нүкте, Күй, т.б. өлеңдерде
адам мен тіршілік қозғалыстары сабақтастығы жүйесінің домбырадан төгілген
алуан әуенмен жинақталған әуез құдіретіне философиялық түйіндеулер
берілген.
Талқылау. Жұмекен – сыншыл ақын. Мағыналары мегзеуге, поэтикалық
баламалауға құрылған бейнелеулермен ұрпақтар жалғастығындағы жақсылықпен
жағаласқан келеңсіздіктер кесапатын сыншыл реалистікпен бейнелейді. Ақын –
тіршілік кеңістігіндегі барлық құбылыстарды, қасиеттерді үндестігімен де,
даралық өзгешелігімен де, қарама-қайшылықтары салғыласқан, қақтығысқан
үйлесімсіздіктерімен де санасына қабылдайтын шығармашылық тұлға. Жұмекен
поэзиясының тұтас жүйесі осындай көп сарындардың, мол дауыстардың,
қайшылықтар мен үйлесімдердің, жылдамдық пен баяулықтың, жомарттық пен
сараңдықтың, өсу мен өшудің, өрлеу мен құлдилаудың, шарықтау мен
құлдыраудың, мейірімділік пен қатыгездіктің, ажарлылық пен ажарсыздықтың
және т.б. қарама-қарсы ұғымдардың шендескен, егізделген сипатымен
жырланған.Ақынның сыншыл өлеңдері осындай философиялық мағыналылығы айқын
бейнелі сөздермен, тіркестермен өрілген. Мысалы: Әзіл-шын (Махаббат деп
атар едім мен нені?), Даңқ, Кісі болса көтерілер, Жақсы десе –
жылынып жүрек жібіп, т.б.Ақын адамдардың абырой мен атаққа, биік беделге
ие болуындағы болмыс шындығын қарама-қайшылықты сыншыл тілмен өрнектейді.
Ақын – адамдардың мінез-құлық психологиясындағы аумалы-төкпелі
құбылыстардың сипатын қара қылды қақ жарғандай сыншылдықпен бейнелей
жырлайды. Адамдардың мансап, атақ-даңқ жолындағы ұстанымдарының шынайы
сипатын ақын әділ бағалаумен жырлайды.
Ақын шығармаларының басым бөлігі тұрмыстық-әлеуметтік сыншыл,
сатиралық бояулы өлеңдерден құралған. Ойшыл-сыншыл ақынның қалыптасқан
мәнеріндегі азаматтық-отаншылдық, ұлттық-этнографиялық сарынды шығармалары
адамдар ортасы қарым-қатынастарының күрделі ерекшеліктерін сыншыл, шыншыл
сипатымен жырлауымен ерекшеленеді. Қазіргі ғарыштық кеңістік ауасының
ластанған экологиялық жайы (Дәрігер айтты), досқа арналған әзіл мен
шынайы көңіл ілтипатының мәні (Этика-әзіл), сөйлеген сөзі мен шын мінез
қасиеті кереғар адамның бейнесі (Екі жүз), қаңқиған зор тұлғасы бар,
бірақ өмірге икемсіз ақылсыздар тағдыры (Жираф), ынжықтықты айыптау
(Айтылмаған сөз), жоқ кезде бөліп бере алмайын, ісі түссе маңыңнан
шықпайтын ағайынды кінәлау (Жам-ағайын), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу (Ж.Нәжімеденов өлеңдерінің тілі негізінде)
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Ұлттық поэзиядағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы (Қ.Аманжолов, С.Мәуленов туындылары бойынша)
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Әдебиеттің тектері мен түрлері
Көш атты өлеңінде
Жұмекен Нәжімеденовпен интервью
Пәндер