Көруінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Лекция

Тақырып: Көруінде ауытқуы бар тұлғаларға арнайы білім беру

Жоспар:

  1. Тифлопедагогика пәні, мақсат-міндеттері
  2. Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі

Тифлопедагогика пәні, мақсат-міндеттері

Арнайы педагогика соқырлық және нашар көрушілікті психофизиологиялық кемістік ретінде қарастырады. Ол көру қабілеті шектеулі немесе мүлдем жоқ болғандығымен сипатталады, жеке тұлғаның калыптасуы мен дамуыың барлық процесіне әсер етеді. Керуіндегі кемістігі бар түлғалардың іс-әрекетінде, қарым-қатынасында және психофизиологиялық дамуында өзіндік ерекшеліктер туындайды, олар: қимыл-козғалыс дамуындағы кемістік, кеңістікті багдарлау, үғымдар мен түсінікті қалыптастырудағы ақаулар, әлеуметтік қарым-қатынас, қоғамға араласу, еңбекке бейімдеу саласындағы өзіндік ерекшеліктер.

Көру қабілетінің зақымдалуына байланысты бүл топтагы түлғалар 2 топқа белінеді:

  1. Көрмейтіндер;
  2. Нашар көретіндер.

Сокырлар (көрмейтіндер) - көруінде ауытқуы бар балалар қатарындағы жарықты көру сезінуі толығымен бұзылып немесе қалдық көру сезімдері мен керу кабілеті бар (жақсы көретін көзіндегі өткірлікті көз әйнек аркылы тузету 0, 04 дейін) және көру көлемі тарылу жағдйындағы, көру өткірлігі (0, 08 дейін ) прогредиентті сипатқа ие көз аурулары бар балалар.

Нашар көретіндер - 0, 05-тен, 0, 2-ге дейін жақсы керетін көзінде түзететін қарапайым кезілдірік аркылы көретіндер. Нашар көретіндерде көру кабілетінің өткірлігінің темендеуімен қатар, керу қызметінің басқа салалары да бузылуы мүмкін, мысалы: жарық пен түстерді сезінуі, шеткі бинокулярлык көруі.

Тифлопедагогика - (грек сезінен "typhlos"-соқыр дегенді білдіреді), арнайы педагогиканың пәндік саласы, көруінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым.

Тифлопедагогика арнайы педагогиканың бөлімі ретінде, гуманистік тәрбиелеу қағидаларының негізінде, балалардың және ересек адамдардың зақымдалуын ескере отырып дамиды.

Тифлопедагогиканың ғылым ретіндегі келесі проблемаларды өңдеу болып табылады:

  • көру қабілетін жаң жақты психологиялық-педагогикалык, клиникалык тұрғыдан зерттеу,
  • көрмейтін және нашар көретіндердің дамуындағы қемістіктердің орның толықтыру, қайта қалпына келтіру оларды тузету жағдайларыи анықтау;
  • керу қабілеті закымдалған түлғаның жаң жақты даму жағдайларын зерттеу.

Ерекше орын алатын міндетер, кермейтін және нашар көретіндерді кәсіби еңбекке даярлау, нақты ғылым негіздерін оқыту үшін білім мазмұнын, әдістерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын анықтау. Бүл жерде көруінде ауытқуы бар балаларды арнайы мекемелерде оқыту мен тәрбиелеу және сол мекемелердің құрамымен түрлерін анықгау маңызды міндет. Келесі міндет оқу бағдарламаларын әзірлеудін ғылыми ңегіздерін өңдеу, сонын ішінде окулықтар мен арнайы әдістемелер. Сонымен бірге, арнайы техникалық құралдардың жасалуына, және де керу қабілетінін бүзылыстарына жақсы жағынан әсер ететін таным мүмкіндіктерін кеңейтетін құралдарды евдеуге, осындай адамдарды оқыту, еңбекке даярлау үшін арнайы ғимараттарды жобалауға ерекше үлкен көңіл бөлінеді. Негізін қалаушылар: В. Гюй ( 1745-1822), Л. Брайль (1809-1852) .

Көруіндегі ауытқушылықтар туа немесе жүре пайда болады. Туа біткен сокырлык - жатаріштегі даму кезеңіндегі түрлі зақымдардан, түқым қуалаушылықтан, анасының жүкті кезіндегі түрлі аурумен ауырғандықтан болады.

Жүре пайда болған соқырлык - көбінесе керу мүшесінің - торлы қабығынын, көздің қасаң қабығының, орталық жүйке жүйеснің ауруларынан (менингит, мидың ісігі, менингоәнцефалит) ауруларынан кейін жалпы мүшедегі аурулардан (қызылша, тұмау, скарлатина) да болады. Сонымен бірге түрлі жарақат алған кездегі мидын зақымдалуынан немесе көздің зақымдалуынан болады. Баланың дене және психикалық дамуьгна көру анализаторындагы кемістіктің пайда болған уақыты аса маңызды әсер етеді.

Соқырлык негұрлым ерте пайда болса, екіншілік кемістіктердің деңгейіде еоғұрлым терең болады. Соқыр болып туылған балалардың психикалык дамуы қалыпты балалардың зандылыктары сияқты жүреді, бірақ көру арқылы бағдары болмағандықтан қимыл-қозғалыс саласына және әлеуметтік тәжірибесіне жағымсыз әсерін тигізеді. .

Көрмейтіндердің жоғары психикалық процестер (зейін, логикалық ойлау, есте сақгау, сейлеу тілі) қалыпты дамиды. Бірақ соңымен қатар сезім, зият сияқты қызметтер арасында өзгеше бүлылыстар пайда болады да абстрактілі ойлаудын басымдылық сипатын білдіреді.

Көрмейтін балаларды оқытуда, кемістіістің орнын толықтыру туылған кезден басталатыиын ескеру қажет.

Нақты жағдайларда керудің болмауы, есту және сипап сезу қабылдаулары дамиды. Сөйлеудегі игерулерді дыбыстық еліктеу арқылы жүзеге асырады.

Түйсінудің сақгалуы анализаторлардың айыру сезімталдығы соқыр балаларда сау балаларға қарағанда тезірек жүретіндігі, дамитындығы көрсетілген. Тактильді кинестетикалық түйсік нашар көретін адамдарда маңызды ролді атқарады. Тері сезімталдығыың сенсибилизациясы әсіресе, алақанда, саусақтарда байқалады.

Тотальды соқырлық жағдайындағы тұлғалардың көру бакылауын жоғалтқанына тәуелді вестибуляторлық аппараты жақеы дамиды. Көру арқылы кабылдауы белгілі нақты категорияны айқындайды, олар: форма, көлемі, бағыты, түсі, сипап сезу, қабылдау бағыты, бұлардың бәрі белгілер түсінен басқа, оған қосымша косылу, салақ, жылы және суық барлығы 11 белгі сипап сезу мүшесіндегі тек мүлде соқыр болған кезде айқындалады. Көру қабілетінен айырылғанан соң, сипап сезу компенсациясында танымдық және басқа функциялар орын алады.

Көруінде ауытқуы бар түлғаларда ес процесінің бұзылыстары байқалады. Есте сақтаудың көлемінің темендеуі, көлемінің кемуі және есте сақгауының жылдамдығы, есте сақтау материалының жеткіліксіздігі байкалады. Кермейтіндер (соқырлар) және нашар көретіндер материалдың басы мен соңғы жақтарын жақсы есте сақталады. Керуінде ауытқуы бар балалар шаршағыш, ұмытшақ болады. Нашар көретін балалардың орталық көру өткірлігі 0, 05 дейін 0, 4.

Соқыр адам коршаған ортадағы адамның әрекетін және қимылын кабылдау мүмкіндігінен айырылғандықтан, еліктей алмайды. Сонымен бірге, олар қоршаған ортадағы қүбылыс және объектің кептеген белгілерін қабылдай алмайды: түсті, форма, мөлшер, затгың кеңістікте орналасуын көрмейді. Бұларда нақгы мазм^ны жинақталмаған сөз корлары формальді дұрыс білім жинақталады, әлеуметтік тәжірибе өз-өзіне қызмет жасау дағдысы шектелген. Нашар көретіндер заттар мен к^былыстарды танудағы кейбір мүмкіншіліктері болады. Олардың көру қабылдауы сакталғанымен толық емес, баяу, нақты емес. Көрмейтіндердің ара-қашыктықтағы қимылсыз түрған заттардан, берілмеген дыбыстарды түйсінуге кабілетті, олар иісті жақсы дифференциялайды, олардың бастамасын, бағытын анықгайды.

Көрудегі ауытқушылықтар әмоция-ерік сферасы, тәртібие, өзіндік ерекшеліктерді қалыптастырады. Көрмейтіндер балалар ойын, оку және кәсіби әрекетті меңгеруде киыншыықтармен кездеседі. Ал бар ересек түлғаларда турмыстык салада кездесетін кептеген қиындықтар, негативті реакцияларды тудырады, уайым, қайғыру жағдайына әкеліп соғады.

Көптеген жағдайларда, соқыр балалардың мінез-күлқында пайда болған ерекшеліктер жағымсыз қасиеттердің (сенімсіздік, бәсеңдік, ашуланшақ) дамуына әсер етеді.

Л. Г. Выготский бойынша, сокыр адамдардың «алтыншы» (жылылык) сезімі болады. Ол біршама кашықтықта тұрған затты байқауға мумкіндік береді. Соқырлык компенсациясы нәрестенің алғашқы айынан-ақ басталады.

Нашар көретіндерде - маңызды анализатор болып табылатын көз жанарын пайдалануға мүмкіндігі бар. Олардың қоршаған ортаны қабылдауы өте тар және анық емес, сондықтан да олардың көзбен қабылдауы шектеулі. Соқыр және нашар көретін адамдардың қоршаған ортаны қабылдауында түйсік үлкен орын алады. Тактильді қабылдау түрі сезімдер кешенін алуды (жанасу, кысым, қозғалыс, жылылық, суық т. б. ) қамтамасыздандырылады және дененің формасы мен елшемін анықтауға көмектеседі. Қолмен, саусақпен «көруге» үйренеді. Сөзді есту арқылы қабылдау үлкен роль атқарады, іс-әрекеттін көп түрін меңгеру жетістігі көрнекі - бейнелі үғымның, ойлаудың, кеңістікті бағдарлаудың жоғары деңгейде дамуына байланысты. Бүл әсіресе, оқыту мен тәрбие, түзету ушін ете қажет жағдай.

2. Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі

Көруінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқыту көру анализатордағы кемістіктін пайда болу уақытына тәуедді. Көруінде ауытқуы бар балалардың ата аналары мамандардан (тифлопедагог, психолог, офтальмолог т. б. ) уақытымен қажетті кеңес алып туруы керек.

Ересек тулғалар жасаған іс әрекеттер барлығын сөзбен бейнелеп жеткізу керек. Ең маңыздысы кермейтін және нашар көретін балалардың мүмкіндіктеріне қажетгі жағдайларды қамтамасыз ету.

Соқырлық пен нашар көрушіліктің салдарынан бала бойында жағымсыз әлеуметтік қиындықтар пайда болады. Көруінде ауытқуы бар балалардың отбасында қоршаган ортамен қарым қатынастар ерекше. Отбасы мүшелері баланы аяйды, аса көп көніл бөледі, шексіз қамқорлық көрсетеді. Бүл жағдайлар баланын түлғалық қалыптасуына кері әсер етеді.

Керуінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқыту ата аналардан бала дамуын, ерекшеліктерін, көру анализатордағы кемістіктін салдарын, қоршаған ортада карым-қатынас жасау тәсілдері мен үйрету жолдарын білуді талап етеді.

Мектепке дейінгі көруінде ауыткуы бар балаларды тәрбиелеп оқытатын мемлекетік арнайы білім беру ұйымдарға көрмейтін, нашар көретін және көзінде қылыйлықпен, амблиопиясы бар 2-7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Бүл арнайы білім беру ұйымдардын (арнайы бала бақшалар) негізгі міндеті балаларды тәрбилеу, емдеу, мүмкіндікке қарай көру қызметін қалпына келтіру, оңалту және ең негізгісі мектепте білім алуға даярлау.

Тифлопедагогтар жұ-мысынын мазмұны жалпы бала бақшалардың бағдарламар негізінде әзірлеген арнайы бағдарламарға сәйкес жүреді. Жалпы білім беру жумысынан басқа дамудағы кемістікті түзету үздіксіз жүргізілуі тиіс. Әсіресе кеңістікті бағдарлау мен өзіне қызмет кәрсету дағдыларын қалыптастыру әрекетіне көп назар аудару қажет. Балалар керу қабілетінің гигиенасы мен көзәйнектерді пайдалануға үйренеді. Көру қызметін дамытумен қатар есту мен сипап сезуді жетілдіру жүреді.

Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер жалпы мемлекеттік арнайы білім беру жүйесіне кіреді. Бүл мектептердің міндеті ағзадагы зақымдалған немесе дамымай қалған кызметерді калпына келтіру, түзеу және орнын толықгыру, теңестіру. Бүл жұмысты атқару үшін Л. С. Выготскийдің кемтар баланың және қалыпты баланың даму заңдылықтарының ортақтығы түралы теориясы өте маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғам көзқарасының дамуы
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейлерін салыстыру
Шет елдердегі инклюзивті білім беру тәжірибесі
Ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы
Шет елдердеге инклюзивті білім беру
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz