Жұмыс орнындағы мейірбикенің қауіпсіздігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыс орнындағы мейірбикенің қауіпсіздігі
Жоспар:
Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары
Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.
Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті
Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет
Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау

Құрал-саймандармен жұмыс істеу кезіндегі болатын травматизмнің жиі кездесетін себептері:
кесетін құрал-саймандарды дұрыс қолдана алмау, бір рет қолданылатын шприцтің қолданылған инесіне қалпағын кигізіп қою, егудің дұрыс техникасын білмеу; нэтижесінде саусақтарын кесіп, ине шаншып алу;
биологиялық сұйықтықтармен дүрыс сақтап жұмыс істеу нәтижесінде, киімге, терісіне, бет, ерніне, көздің, мұрынның кілегей қабығына түсуі.
Диагностика, емдеу манипуляцияларында, операция уақытында алған медицина қызметкерлерінің барлық жарақаты медицина қызметкерлері травматизмін тіркеу журналына енгізіледі. Жеке басының қорғану тосқауылдарын қалай жүзеге асыру, сақтану шараларын күшейту мақсатында әрбір болған травматизм зерттеліп отырады, эр травматизмде шұғыл көмек көрсетілуі керек.

Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары.
Егу бөлмесінде науқас ауруының жұқпалы екендігін білу мүмкін емес, сондықтан ҚР ДСМ 26.11.2002ж шыққан № 1050 Республикада вирусты гепатит ауруын азайту шаралары жөнінде бұйрығында көрсетілген сақтану ережелерін қолдану керек.
Жұмыста мүмкіндігінше 1 рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану жөн.
Құрал-саймандарды Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау тәсілдері, құралдары, тәртіптері №9-01-001-76 СанПиН; Адамның иммунтапшылық вирусымен (АИТВ) күресте эффективті зарасыздандыру жэне дезинфекциялау әдістемелері бойынша нұсқаулар СПИД №2 1989ж БДЦСҮ инструкциясына сәйкес өңдеу.
Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтықтарын жұқтырып алмау үшін барлық манипуляцияларды резеңке қолғап (латексті), маска, алжапқыш киіп жасау және қасында тағы бір маман болуы керек.
Жөкемен (щетка) қолды жууға болмайды.
Бір рет қолданылатын шприцтің қолданылған инесіне қалпағын кигізбеу керек. Оларды бөлек-бөлек шприцпен бірге арнайы қорапшаға салып жағады.
Қан және де биологиялық сұйықтықтармен ластанған кұрал- саймандардыдез. ерітіндімен жуғаннан кейін ғана бөлшектеу керек.
Шприц, пробирка, мақта тампондарын дезинфекциялау үшін жұмыс орындары жаңа дайындалған дез. ерітінділермен қамтамасыз ету керек.
Егу кабинетінде апаттарда қолданылатын аптечка (Анти-СПИД) болуы керек.
3ертханаға жіберілетін жолдама бланкілерін пробирканың сыртқы жағына жапсыру керек.
Адамның иммунтапшылық вирусына (ВИЧ) күдікті биологиялық сұйықтықтарға жатады:
::Қан және оның компоненттері; жұлын (цереброспинальды) сұйықтығы; ұрық сұйықтығы.
::ана сүті; қынап бөлінулері; зәр; сілекей; көз жасы; нәжіс.Науқастың қаны және басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы берілетін вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қаупі бар жерлердегі медбике жұмысыныңерекшелігі.
Жұмыс істеп жатқанда, медбикенің қолына, көзінің, мұрынының кілегей қабығына, бетіне, киіміне биологиялык заттар түскен жағдайда, апат кезіндегі қажетті аптечканы қолдану керек.

Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті:
1.Төменде берілген ерітінділердің бірімен құрал-саймандар мен таңу материалдарын қайта дезинфекциялау:
хлораминнің 3% ерітіндісі - экспозициясы-60 мин.
кальций гипохлоридінің 1,5% ерт. - экспозициясы-60 мин.
4% сутегінің асқын тотығы - экспозициясы-90 мин.
Вирконның 2% ерітіндісі - экспозициясы-10 мин.
2,Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау тәсілдері, құралдары, тәртіптері №9-01-001-76 СанПиНу; Адамның иммунтапшылық вирусымен (АИТВ) күресте эффективті зарасыздандыру және дезинфекциялау әдістемелері бойынша нұсқаулар СІІИД №2 1989ж БДДСҮ инструкциясына сәйкес зарарсыздандыруға дейін өңдеуді және зарарсыздандыруды жүргізу.
З.Жұмыс столының бетін манипуляциядан кейін ұсынылған дез. ерітінділермен немесе хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен (ветошь) өндеу керек.
4.Қолданылған қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдыстың ішінде шешу.
5. Қолданылған қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу.
б.Халат, масканы шешіп, лас киімдерге арналған қапқа салу.
7.Ағынды су астында қолды сабынмен 2 рет жуып, кептіру.
Ескерту: Манипуляция кезінде жұмыс столының қанмен ластануында сутегінің асқын тотығының 6% ерітіндісіне және 0,5% жуу ерітіндісіне малынған жөкемен (ветошь) өңдеу керек. 15 мин кейін.
Жұмыс столының бетін жұмыстан кейін хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен 2 рет сүртеді. Жөкені хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдысқа 60 мин-ке салып қою керек.
Медбике киіміне және терісіне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтарының жұғуы.
Медбике киіміне және терісіне науқастың қаны немесе басқа биологиялық сұйықтықтар тиген кезде істеу қажет.
Ластанған арнайы киімнің сыртын ішке қаратып шешу.
1 сағатқа хлораминнің 3% ерітіндісіне салып қою.
Киімнің ластанған жеріне хлораминнің 3% ерітіндісіне малынғансалфетканы қою, кейін ыстык сумен жуу.
70° этил спиртіне батырылған тампонды қолға алу.
Терінің ластанған жерін тампонмен сүрту.
Тампонды қолданылған материалардарға арналған ыдысқа тастау.
Теріні сабынмен сүрту.
Теріде қалған биологиялық сұйықтықтарды асептикалық ерітіндігемалынған тампонмен сүрту.
Тампонды қолданылған материалардарға арналған лотокқа тастау.
Қолданылған тампондарды ыдысқа салып, хлорлы әктің 3% ерітіндісіне құйып, 60 мин. ұстау.
Лотокты дез. ерітіндіге салу.
Арнайы киімді дезинфекциядан кейін лас киімдерге арналған қапқа салып, кір жуу бөлмесіне апару.

Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.
Науқастың биологиялық субстратының көздің кілегей қабығына түскен
жағдайда мынадай шаралар қолдану қажет:
Апаттарда қолданылатын аптечканы, антисептикалық заттарды, дистильденген суы бар ампуланы, стерильді 2 лоток, корцанг, антисептикалық ерітінділерді араластыруға аралған ыдыстарды дайындау.
Пипеткалары бар крафт-пакетті, крафт-пакеттегі таңу материалдарын, антисептикалық ерітінділерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық қызметкерлердің денсаулығына әсер ететін қауіп факторлары
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Кәсіби факторлардың мейіргер денсаулығына тигізер әсері
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ТУРАЛЫ
Ауруханада күндізгі стационарлар
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Мейіргер денсаулығына әсер ететін қауіп факторлар
Қауіп факторларының мейіргер денсаулығына әсері
Пәндер