Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті

Мемлекеттік басқару және маркетинг кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері

Орындаған: Бимбетова А. Д

Ғылыми жетекші: Жунусов Б. А

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

Сайымова М. Д.

«» 2015 ж.

Актобе

2015

Кіріспе . . . 3

1. Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теориялық аспектілері . . . 6

  1. Қала нарықтық экономика дамуының негізі ретінде . . . 6

1. 2 Қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі мен заңдылықтары . . . 14

1. 3 Моноқалалардың дамуының әлеуметтік-экономикалық

ерекшеліктері . . . 21

2 Моноқалаларының қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . . 23

2. 1 Моноқалалардың экономикалық дамуының жалпы сипаты . . . 23

2. 2 Моноқалалардың жіктелуі және өнеркәсіпті дамытудағы рөлі . . . 34

2. 3 Аймақтың даму жүйесінде моноқалалардың нарықтық

инфрақұрылымы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . . 38

3. Моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы . . . 66

3. 1 Қазақстанда агломерациясының дамуы және оның моноқалалардың индустриалды-инновациялық өсуі перспективасына әсері . . . 66

3. 2 Моноқалалардың әлеуметтік - экономикалық даму моделі . . . 73

3. 3 Моноқалалардың проблемалары және олардың тұрақты даму

тұжырымдамасы . . . 82

Қорытынды . . . 98

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 101

Қосымшалар . . . 108

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. «Қазақстан-2050» стратегиясында моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыруда, ұлттық экономиканың негізгі объектісі ретінде қарастырылған. Қазақстан - 2050 Стратегиясының негізгі бағыттарын айқындауда Елбасы Үкіметке облыстардың әкімдерімен бірлесіп, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. «Бұл олардың базасында көптеген индустриялық жобалар жасай отырып, ұзақ мерзімге арналуы керек. Олардың міндеті - өңірлердің салаларға мамандану жүйесін құруға көмектесу, ірі агломерациялардың индустриялық-өндірістік серіктес қалаларына айналу, ақыр соңында, жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету» - деп атап көрсетті. [1]

Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға және моноқалаларды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды. Қазақстан Республикасының өнірлік даму жүйесінде еліміздін моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы кең көлемде қарастырылған. Моноқалалардың қазіргі экономикалық жағдайы, олардың өнеркәсіптік даму перспективалары мемлекеттің аймақтық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін өте маңызды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» бекітті. Бұл құжат аталған шағын шаhарларды «орта және ұзақмерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыған» қалаларға айналдыруды көздейді. [2] Біздің елімізде 1, 5 миллион халық белгілі саладағы жеке кәсіпорынның арқасында өмір сүретін шағын қалаларда тұрады. Бұл Қазақстандағы қала халқының 16% құрайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 27 моноқала бар.
Бұл қалалардың барлығының ортақ проблемасы - олардың тұрғындарының тұрмыс тіршілігі көбінесе бір кәсіпорының жағдайына байланыстылығы, яғни, моноқалалар экономикасы әртараптандырылмаған. Осы қалалардағы туындап отырған проблемаларды шешу стихиялық және құтқарушылық сипатта емес, жүйелі және ұзақ мерзімді шешу жоспарлануда.

Қалалар потенциалын тиімді пайдаланудан, олардың дамуының жолдары мен бағыттарын дұрыс анықтаудан мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегиясының жүзеге асуы байланысты. Әлеуметтік-экономикалық дамудың теориялық мәселелерімен қатар, әр аймақтың өзіне тән ерекшеліктері бар, оған байланысты нақты жергілікті жағдайларға қатысты қолданылатын қалалар дамуына кешенді тәсіл қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар Ресей мен Украинада жүргізіліп жатыр. Қазақстанда аталған мәселелер әлі де болса жеткілікті түрде қарастырылмаған.

Зерттеу барысында «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламалары аясында моноқалалардағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының нысандарын құру бойынша ұсыныстар келтірілді және экологиялық, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу және ауылдық жерлерден ірі қалаларға тұрғындардың қоныс аударуын алдын алу мақсатында инновациялық жобаларды енгізу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты кешенді дамыту арқылы облыс экономикасы дамуының ғылыми-әдістемелік тәсілдері және шағын қалалардың экономикалық әлеуеті анықталды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . «Қала» түсінігі санқилы өтпелі заманда әртүрлі мазмұнға ие болды. Әдетте, ол генетика-тарихи, формальды-құқықтық, статистикалық, демографиялық, қоғамдық-шаруашылықтық және де басқа да межелерге сүйеніп беріледі. Әдебиеттерде қазіргі қала түсінігі бұл өзінің жергілікті басқару органы бар, онымен қоса тұрғындар саны белгілі бір шартты санға теңгерілетін тұрғылықты жер аталады. Формальды көзқарас тұрғысынан қала бұл - әкімшілік шекарадағы аумақтың бір бөлігі. «Қала» ұғымының теориялық зерттеулеріне байланысты бірқатар ғалымдардың К. Маркс, Ф. Энгельс, П. Мерлен, Р. Мэрфи, Ж. Боже Гарнье, Ж. Шабо, Артур О`Салливанның ғылыми жұмыстары бар. Бірақ, олар бүгінгі күнгі қаланың қызметтік тұжырымдамасына сүйенеді және сондықтан қала мәселесін нарықтық экономика дамуының негізі және нарықтық жүйенің басты элементі ретінде қарамайды.

ТМД елдерінде бұл мәселелерді зерттеуде Т. Г. Морозова, Н. В. Иванова, В. Э. Комов, Т. Ф. Сорокина, В. А. Тупченко, В. И. Коробко, В. С. Занадворов, В. З. Черняк, А. В. Черняк, И. В. Довиденко, Ю. Ф. Симонова, Г. А. Сульдина секілді біршама қазіргі замаңғы ғалымдар зерттейді. Олардың еңбектерінде «қала» ұғымының экономикалық анықтамасы берілген, оның қалыптасу факторлары мен жіктелу топтары көрсетілген, урбанизациялану процесі қала халқының қоныстануына ықпалын тигізетін және басқа да аймақтық ерекшеліктер сипатталған. Қала экономикасының теориялық аспектілері қазақстандық ғалымдар: Т. Ш. Шаукенбаев, Э. А. Туркебаев, Н. Қ. Мамыров, М. Г. Исаева, Е. Н. Гладышева, К. Б. Исентаев, Б. Я. Двоскин Ұ. М. Ысқақов, Е. Н. Сағындықов, Б. А. Жүнісов, М. Д. Сайымова және т. б. көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылып, олар өздерінің қомақты үлестерін қосты.

Бұл еңбектерде алғаш рет еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы ұғымын қалыптастыру проблемалары қолға алынып, өңірліқ қатынастарға байланысты оның ерекшелініктері мен жіктелу қажеттілігі айтылған. Сондықтан Қазақстан Республикасының әр өңірінде дамып келе жатқан моноқалалардың жалпы жағдайы ұлттық проблемалардың бірі болып, экономиканың басты индикаторының бірі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыста моноқалалардың теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік тұрғыда жан-жақты зерттеп теориялық және тәжірибелік аспектілеріне, әлеуметтік-экономикалық дамуының заңдылықтары мен үрдістеріне сүйене отырып, олардың стратегиялық дамуын анықтау және өсу тенденцияларын жүйелеу болып табылады.

Белгіленген мақсатқа жету үшін магистрлік диссертацияда келесідей міндеттерді шешу көзделді :

- моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жалпы даму үрдісін талдау және олардың алғышарттарын шешуге мүмкіндік жасау;

- моноқалаларды аймақтық индикаторға айналдыру бағыттарын көрсету; -

әлемдік экономикаға тиімді кіруге өңірдің моноқалалардың экономикалық дамуының салалық серпілісінің негізін құру;

- моноқалаларының экономикасын, әлеуметтік жағдайын тұрлаулы белсенді өрлеудің кешенді өнеркәсіпті іргетасы ретінде әртараптандыру;

- моноқалалардағы қалыптасқан әлеуметтік әлжуаздылықты жойып, халықтың рухани әлеуетін және нарықтың инфрақұрылымын дамыту;

- моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуың стратегиялық бағыттарын анықтау.

Зерттеу пәні мен объектісі: моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақтық ерекшеліктері.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі болып ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР моноқалаларды дамытуға бағытталған заңдық және нормативтік-құқықтық құжаттарымен бірге шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми зерттеу институттары, мерзімдік басылымдардың статистикалық мәліметтері халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларының материалдары пайдаланылды.

Зерттеу әдістері. Жұмыс барысында диалектикалық таным, ғылыми жалпылау, логикалық, жүйелік талдау, мәліметтерді топтастыру, салыстырмалы талдау, болжамдау, экономика-статистикалық және салыстыру, кешенді сипаттау, сараптамалық бағалау, топтау және басқа да ғылыми зерттеу әдістерінің түрлері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық зерттеуді жүргізу барысында жұмыстың ғылыми жаңалығы мынадан көрінеді:

  • қала нарықтық экономика дамуының негізі және нарықтық жүйенің басты элементі ретінде қарастырылған;
  • қазіргі уақытқа дейінгі «қала» ұғымын зерттеу негізінде, автор өзінің анықтамасын ұсынады;
  • үлкендігі әртүрлі қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының заңдылығын және урбанизация үрдісінің тенденциясы анықталды;
  • инновациялық жобаларды енгізу мен коммуналдық шаруашылықты кешенді дамыту арқылы шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық потенциалын анықтау болып табылады;
  • моноқалаларда жұмыссыздықты жою мақсатында шағын және орта кәсіпорындарының нысандарын құру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • кейбір шағын қалалар мен моноқалалардың өңірлік даму бағыттары айқындалып, олардың жетілдіру жолдары айқындалды;
  • ірі қалалардың отандық өндіріске әсері мен әлеуметтік-экономикалық нәтижелері зерттелді;
  • қалалар желісі дамуының экономикалық тиімділігіне қазіргі заманғы баға берілді;
  • нарықтық экономика жағдайындағы моноқалалардың дамуының жаңа моделі ұсынылды және олардың тұрақты дамуының концептуалды негіздері анықталды.

Зерттеудің қолданыстық маңызы. Магистрлік зерттеу жұмысын жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында осы тақырыпқа қатысты пәндерге қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ғылыми ұсыныстарда көрсетілген жұмыстың практикалық мәнділігі бұл ұсыныстарды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясын, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын, және Қазақстанның моноқалаларын одан ары жетілдіру кезінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндалды (2013, 2014, 2015 жж. ), сондай ақ жарық көрген 3 мақалада көрініс тапты.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытыңдыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады, 12 кестені, 3 суретті, 1 диаграмманы және 4 қосымшаны қамтиды. Ғылыми жұмыстың көлемі 115 бет.

Бірінші бөлімде моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теориялық аспектілері, моноқалалардың нарықтық экономикадағы маңызы, қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі мен заңдылықтары, моноқалалардың дамуының аймақтық ерекшеліктері қарастырылады.

Екінші бөлімінде моноқалаларының әлеуметтік-экономикалық жалпы сипаты, олардың экономикалық дамуының алғышарттары, моноқалалардың жіктелуі және өнеркәсіпті дамытудағы рөлі, аймақтың даму жүйесінде моноқалалардың нарықтық инфрақұрылымы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы сипатталады.

Үшінші бөлімінде моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы, қалалардың индустриалды-инновациялық даму

перспективасы, проблемалары және олардың тұрақты даму тұжырымдамасы қарастырылады.

  1. Қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теориялық аспектілері. Қала нарықтық экономика дамуының негізі ретінде

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы қаланың ауылдан бөлініп шығу процесін жылдамдатты, бұл халықтың өмір сүру жағдайымен дифференциациялауына өз әсерін тигізді. Қала капитал және сатып алу мен сату көздеріне тиімді және пайдалы шарттармен қамтамасыз етілген, мұнда жаңа өндіріс орындары мен жаңа инфрақұрылым әр қадам сайын даму үстінде. Нарықтық жағдайда қала экономикалық ортада болғанымен қатар, әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыра алатын аумақтық жүйе болып табылады.

Ең алдымен, қаланың дамуымен инфрақұрылымын қарастырмастан бұрын, жалпы «қала» деген ұғымды толығырақ анықтайық. Қала - халықтың ұйымдастырылған қызмет ету және өмір сүру ортасы болып сипатталады. Бұл ортаның негізгі бағыты және бір жақтылығы еместігі қала өзіндік халық қажеттілігін қанағаттандыратын, қоғам мен жеке өмір сүру жағдайын жоғарылата алатын орта болып табылады, ал қала тұрғындарының өндірістік және сұраныс белсенділігі қала жағдайына тікелей әсер етеді.

Қала өзіндік жеке шаруашылық, өндірістік орта, өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен және т. б қоғамдық пайдалы қызметтертемен шоғырланған, тұрғылықты аумағы анықталған бірінғай орта.

Әр елдің экономикасында қала - басқару және зерттеу, өнеркісіптік орта, әлеуметтік-экономикалық кешен, әкімшілікті-аймақтық бірлік объектілері болып қарастырылады.

Қалада халық санымен жергілікті аймақтың өсуі оған қатысты проблемалардың пайда болуына және оны шешуге ғылыми және тәжірибелік қызығущылыққа алып келеді. Сондықтан осыған байланысты бұл процесстің негізгі ерекшелікті жақтарын табу үшін, «қала» деген жалпы ұғымды және критерилерді (межелеуіштерді) талдау - экономикалық ғылымның негізгі мақсаты болып табылады.

«Қала» ұғымына әртүрлі анықтамалар беруге болады. мысалы айталық, Египетте қала бұл белгілі бір әкімшілік орталық, яғни әкімшілік билікке ие орталық болды. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың белгілі саны туралы мүлде ойланбайды, олар үшін қала немесе қала емес деп тағайындалуы мүмкін.

Әр түрлі уақытта «қала» ұғымына әр түрлі мағына беріледі. Анықтама тарихи-генетикалық, формальдық-құқықтық, статистикалық, демографиялық қоғамдық шаруашылық және басқа да критерийлерге сүйене отырып беріледі. Қазіргі заманғы әдебиеттерде қалаға жергілікті өзін өзі басқару құқы бар тұрғындар саны (мысалы, Францияда 2000 ; Турцияда - 1; Ганада - 5000; Кенияда - 2000; Тунисте - 1000 адам) белгіленген мөлшерден аспайтын елді мекен ретінде анықтама беріледі. [40, 12]

Жекелеген елдерде (Италия, Чили, Гватемала) қала ұғымы одан әрі нақтылана түседі. Әртүрлі критерийлер ретінде тұрғындар тығыздығы, құрылыстың көптігі, ауыл шаруашылығы емес қызметтегі тұрғындардың жұмысбастылығы сияқты бірнеше ерекшеліктері қарастырылады. БҰҰ публикацияларында қалалардың агломерациясын қалыптастыру мақсатында сандық көрсеткіш 20 мың тұрғынға жеткенде ғана қала саналады.

Қалалар - қоғамның барлық территориялық жүйесінің маңызды бөлігі, елдің халық шаруашылығының негізі болып саналады. Оларға негізгі тұрғыны өнеркәсіп, сауда мен басқару жүйесінде және ауыл шаруашылық емес салаларда қызмет ететін елді мекендер жатады. Халық тұрғындарының санына байланысты оларды бірнеше түрге бөлуге болады:шағын (халық саны 50 мыңнан аспайтын), орта (халық саны 50-100 мыңға дейін), үлкен (100-250 мыңға дейін), ірі (250-500 мыңға дейін), аса ірі (500 адамнан асатын) . Мұнда ерекше топты халқы 1 млн. адам құрайтын ірі қалаларды атап өтуге болады.

Ежелгі грек философы Аристотель әр қаланың тұрғындар санын 10 мың адамнан кем қылмай шектеу қажет деген ұсынысын айтқан болатын. Қала тұрғындары бір алаңға жинала алмайтындай етіп, бір бірімен танысып, пікір алмасып шешім қабылдамайтындай етіп осылай шектелуі тиіс деді.

Шығыс ойшылы аль-Фараби өзінің «Философиялық трактаттар» (870-950 жж. ) атты ғылыми еңбегінде «қайырымды қала» туралы ілімін дамытты, оның ойынша бұндай қала тәртіпсіз, ар-ұятсыз, адасқан, тұрғындары байлықты өмірдің мақсаты деп санайтын қалаға қарама-қайшы болып келеді. Әл Фараби саяси-экономикалық пікірлерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттік билеушінің нақыл сөздері» және «Азаматтық саясат» еңбектерінде баяндайды. Ол, саяси-экономикалық ілім - қайырымды басқару, оны ұйымдастырудың тәсілдері мен қала тұрғындарына қайырымдылық пен игіліктің қалай келетінін, оған қандай жолмен жетуге болатындығын үйретеді деді. Адамдар өздерінің санасынан тыс қалыптасатын материалдық игіліктерді өндіруде әр түрлі топтарға, қауымдастықтарға біріккені белгілі. Осындай ұйымдастырушылықтың бірі - толық, екіншісі - толымсыз қоғам деп аталады. Өз ретінде толық қоғам үлкен, орта, кіші болып бөлінеді.

Үлкен қоғам - жер бетіндегі мекендеуші барлық адамдардың жиынтығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді. Ал, кіші, шағын қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен отбасы мүшелері жатады. Ғұлама қайырымды және қайырымсыз қала тұрғандарына талдау жасап, ондағы жекелеген топтардың әлеуметтік жағдайын, айналысатын кәсібін, тұрмыс-салтын, өмір сүру ерекшеліктері мен құндылықтарын көрсетуге ұмтылды. Оның айтуынша, «адамдар, бақытты болуы үшін бір-біріне көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала-ізгі қала. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық. Сол сияқты халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді». [23, 429]

Әл-Фарабидің пікірінше, қоғамдардың ең жетілген формасы - қала, қала - бұл ел басқаруда адамдарды ең үлкен бақытқа жеткізетін мінсіз үлгісі саналады. Әл-Фараби «қала» терминін әкімшілік аумақтық бөлініс ретіндегі, осы заманғы ауқымдағы қаланы белгілеу үшін ғана емес, мемлекет-қаланы белгілеу үшін де, сондай-ақ, феодалдық қоғамда ең көп болған әртүрлі әлеуметтік топтарды белгілеу үшін де қолданады. Ол қала тұрғындарының бақытты өмірге қол жеткізуі жоғарғы, қайырымды билік өнеріне де тікелей қатысты деп ой түйеді. Қайырымды қала билеушілері өз жұрты, тұрғындары үшін қызмет етеді. Қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі, құқығы бар «бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені». [23, 429] Сондықтан қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатыны айтылады.

Ғұлама қайырымды қалалармен бірге надан, бұзылған, сараң, қайырымсыз қалалардың болатынын ескертеді. Сонымен қатар, «қайырымды қала» тұрғындары пайдаланатын игіліктерге ғылым негіздерін меңгеру, әділдікке ұмтылу, әртүрлі әлеуметтік топтардың бір-бірімен тату өмір сүруін т. б. жатқызады.

Кезінде А. Смит, К. Маркс және Ф. Энгельс қаланы нақтылы тарихи түсінік ретінде қарастыру керек деп белгілеген, сондықтан олардың өндіріс күштерінің даму деңгейінен және қоғамда орын алатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың ерекшелігіне байланысты тиісті өзгерістерге ұшырайтындығы заңдылық. Бұған көрнекті мысал ретінде ғылыми техникалық процеспен бірге дамып келе жатқан қалалардың қарқынды урбандалу процесі бола алады. Мұның әсерінен қалалық қоныстанудың қоғамда алатын орны мен мәні, табиғатының өсу үрдісі пайда болады. Сол кезде, Адам Смит: «Ірі кірістер жұмсалатын қалаларда, осы қаланың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыратын істен басқа, капиталды пайдасы бар тиімді іске салу, осындай капиталды өндіріс нәтижесінде алатын қаржыдан өмір сүруге басқа қаражат құралдары жоқ халықтың ең төменгі топтары тұратын қалалардын гөрі ауырлау» деп, атап көрсеткен. [5]

К. Маркс және Ф. Энгельс қалаларды тек тарихи-негізі бар түсінік деп қарастырған, ол алдағы өндірістік күштер мен әлеуметтік-экономикалық ортаның болуы, бұл қоғамдық заңдылықтардың әсері. Бұған мысал ретінде қалалардың қазіргі урбанизациялық өсуі, ондағы ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, қаланың жалпы еңбек күшін, өндірістік потенциалының өсуіне алып келеді.

К. Маркстың тұжырымдамасына келсек қала «өзіндік даму бағытын тапқан, өндірістік күшпен, капиталдын, сұраныстын, қалыптасқан ортасы, ол бұл мезгілде ауыл - теріс әсер қалдырады». [26, 50] Көрнекі мысал болып ғылыми-техникалық прогресспен бірге дамитын, олардың нәтижесінде қалалық қоныстанудың, табиғатының, қоғам өміріндегі ролі мен маңыздылығының өсуі пайда болатын қалалардың прогрессивті урбандалуын айтуға болады. Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық ағза ретіндегі қала ұғымына келесідей белгілер тән: тұрғындары, қала құраушы және қалаға қызмет етуші салалар, аумағы, қоршаған ортажәне тағы басқалары.

Маркстың айтуы бойынша «қала бұл халықтың, өндіріс құралдарының, капиталдың, көшеттердің, сұраныстардың шоғырлану фактісін білдіреді, ал ауылда дәл осыған қарсы факт анықталады, яғни оқшаулану және тарқалу». [6, 470] Қалада деп атап көрсетті К. Маркс, «халықтың, өндіріс орындарының, қажеттіліктердің, капиталдың шоғырлануы, сонымен қатар, ауылдағыдай бөлектік, диаметралдық қарама қайшылық байқалады». [26, 50] Сонымен қатар, қала салалардың механикалық жиынын немесе түрлі қызмет түрлерінің жиынтығын білдірмейді. Бұл дегеніміз адамдардың белгілі бір ұйымы, ол өзінше бір сияқты, яғни онда өте үлкен диспропорция болмауы қажет себебі, олардың экономикалық не болмаса әлеуметтік қызметтерін орындауда теріс әсерін береді. Қалалық қоныстанудық аумақтық ұйымының күрделілігі келесіде «қаланың өзінің өмір сүруі жай ғана көптеген тәуелсіз үйлердің болуымен ерекшеленеді. Мұнда оның құраушы сандары әсер етпейді, бұл өзінше бір ағза деуге болады». [26, 470] Тиісінше, қала-бұл ең алдымен шоғырланған жүйе. Қаланың аумақтық бірлігі, қатынастардың (жалпылама, қазметтердің алмасуы және басқалары) адамдардың, жалпы қалалық пайдалану нысандарының (мысалға, инженерлік коммуникациялар, көліктік тораптар) дамуына шарт жасайды, ал жоғарыда аталғандар өз кезегінде осы бірлікті күшейте түседi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
Қазақстанда бір салалы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы
Аймақтың экономикалық дамуы
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz