Күз мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Күз мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру.

Күз - жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады.

Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күз емін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.

Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күз ді күні суығы-ай!

Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз . . .
Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым.
Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күз дің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.

Балаларды табиғатпен таныстыру негізіндегі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі таңда адамзат ауасуын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-экологиялық тәрбие бере отырып, табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.

«Кұстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т. б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз:

а) балалардың экологиялық тәрбие беру арқылы айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер, құстар мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.

ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ортаңғы тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:

Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті
ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байкап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.

Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т. б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі.

Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде егістікдегі көкөністерді жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі.

Мақсаты : балалар өз бақшасы туралы түсініктерін қалыптастыру . олардың тілін дамыту, сөйлеуге үйрету . Шыдамдылыққа тәрбиелеу .

Көрнекіліктер : Күз мезгілінің суреті, үлестірме материалдар, бүктеме қағазы, құм . Лэпбук кітапшасы

Билингвалды сөздер :Күз осень, Алма - яблока, алмұрт- груша, кызанак- помидор,

Әрекет кезеңі.

Тәрбиешінің әрекеті .

Баланың әрекеті :

Балалар қимылмен қайталайды .

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз .

Үйге қонақ келгенде,

«Сәлеметсіз бе !», - деп,

Амандасып аламыз .
- Балалар ыдыстан не көріп тұрсыңдар ?
- Ыдыстан құмды көріп тұрмыз .
- Балалар құмның арасынан белгісіз заттар бар екен, бәріміз құмнан не табылады екенін табайықшы.

Балалар құмның арасынан сары жапырақтар тауып алады .
-Балалар мына жапырақтар қай мезгілде болады ?
- Күз мезгілінде болады .

-Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсындар ?
-Ағаштар мен сарғайған жапырақтар, сары алмаларды көріп тұрмыз .
-Дұрыс айтасындар балалар ? Бұл көрініс күз мезгілінде болады екен .

Ағаштар, сарғайған жапырақтар туралы әңгіме айту .

-Ия балалар дұрыс айтасындар суретте күз мезгілі бейнеленген.

-Балалар қазір кай мезгіл ?

-Күз мезгілі

-Ал балалар күз мезгілі кай айдан басталады?

-Күз айлары кыркүйек, казан, караша.

-Күз айларында канша ай бар екен ?

-Үш ай бар екен .

-Дұрыс айтасындар балалар, талаптарыңа нұр жаусын .

Тәрбиеші балаларға дайын үлгідегі суреттерді береді.

Онда балалар күз мезгіліндегі жапырақтардың түстерін ажыратып суретті салады .

Күз туралы жаттауды жаттату .

Күздің салқын самалы,

Аймалайды маңдайды.

Алып қашып барады,

Жапырақтарды сарғайған.
Лэпбукпен жұмыс :

Іздену -ұйымдастырушы:

-Өте жаксы балалар күз мезгілі ең бір жақсы - кезеңдердің бірі . Себебі, күзде астық піседі, жемістермен көкөністер піседі, дихандар астық жинайды .
- Балалар жемістер қайда өседі ?
- Жемістер ағашта өседі.

-Көкөністер қайда өседі ?
- Көкөністер жерде өседі .
-Балалар жемістер мен көкөністерді бір- бірінен ажырату арқылы сіздермен ойын ойнаймыз . ( бәрі ат салысады ) .

Балалар ойын ойнайды.

Ойын: « Кім жылдам » Балалар седепке жемістермен көкөністерді бөлек жинайды бір - бірінен ажыратады .
Тәрбиеші .

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар .

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар .

Балаларға өлеңді жаттатып қасиетін айтады.

Сергіту сәті : ( Балалар өлеңге іс- қимыл жасайды )

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі .

Кіп -кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі .
Үй құсын тап ойыны :

Ойын : Жемістермен көкөністерді жаңылмай аттарын айту .

Рефлекциялық түзетушілік .

Сабақ соңында күз мезгіліндегі ағаштарды бақылау . Мадақтау .

Күтілетін нәтижелер

Күз мезгілінің ерекшелігін - күннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсуін біледі :

Балалар күн суытқанда жылы киіну керек екенін игерді:

Табиғатты аялауды меңгерді :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
Тәрбиешілердің балаларды өсімдіктермен таныстыру үрдісіндегі жұмыстары
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
ТАБИҒАТ БҰРЫШЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Гүлзар және көкөніс бақшасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz