Тарих философиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті

Философия

Тақырыбы: Тарих философиясы

Орындаған: Ембергенова А. С.
Тексерген: Курманбаева Л. Т.

Алматы
2021 жыл

Тарих философиясы
Жоспары:
1. Тарих философиясының пәні.
2. Тарихтағы прогресс мәселесі.
3. К.Ясперс философиясы.
Мифологиялық көзқарас бойынша тарихтың басы мен аяғы болуы мүмкін емес, ондағы тарихтың жолы дөңгелек секілді өзінің орнына қайта оралып келеді. Сондықтан көне шығыс пен көне грек философиясында адамзат тарихы жалпы табиғат тарихынан бөлінбеген болатын. Тіпті адамның өзі космостың, яғни барлық универсумның бөлшегі ретінде қарастырылған. Тарихтың өзінде ешбір өзгеріс байқалмайтын сияқты. Мысалға Гесиодтың ұсынған концепциясын келтірсек, ондағы тарихи кезеңдер регресті тұрде, яғни кері дамыған деп көрсеткен.
Алғашқы историософиялық козқарастың пайда болуы адам мен табиғатты ажратып қарастырған концепция мен қатар пайда болған. Бұл концепция христиан ілімінің арқасында қалыптасқан. Христиандық философияның ерекшелігі оның адамға, тарихқа деген көзқарасында. Библияның өзін тарихи шығарма ретінде талдауға болады. Оның Көне және Жаңа деп аталатын өсиеттері көне еврейлердің және Иешуа (Иса) пайғамбардың тарихы мен өмірбаяны. Христиандық тарихта оның нақты құрамын байқалады. Ол тарихтың басталуы мен аяқталуы. Әріне, христиандық көзқарас бойынша тарихтың әр бір қимылы құдайдың ісі деп айтылады. Бірақ оған қарамастан адам өз басына бірнеше жағдайларды өткізеді. Оларды күнәға бату, Антихристің келүі немесе ақырзаманның орнатылуы және барлық күнәсінен арылып құдайдың алдына келу. Бұның өзі тарихтың біржақтылығын, прогрессивтік мәнін көрсеиеді.Өйткені тарих ешқашан қайтып оралмайды, ол текқана бір бағытта болады. Кейінгі көптеген батысеуропалық философтардың ілімдерінде (Гегель, Маркс сияқты) тарихқа деген көзқарас барлық христиандарға тән пікір кездестіруге болады. Христиандық тарих философиясының басты өкілі болып саналатын, көпшілікке танымал ойшыл Аврелий Августин (354-430 б.д.). Оның негізгі историософиялық шығармасы О граде божьем деп аталы. Августинның ілімінде шындықтың екі түрі үштасады. Олар уақыт пен мәңгілік. Тарих әрі уақытша, мерзімді, әрі құдай арқылы мәңгілікке бағынышты. Уақытшылық пен мәңгілік Иса пайғамбар Христостың бейнесі арқылы белгіленген.
Тарихты зерттеу пән ретінде бөлек қарастырғандардың бірі Джанбатист Вико болатын. Оның шағармаларында ұлттардың тарихтары мен арақатынастары кірген. Грек мифтеріне ұқсатып ол тарихты үш кезең арқылы қарастырған. Грек мифологиясын зерттегендер бірден оның алғашқы титандар тарихын, олимпиялық құдайлар тарихын және қаһармандардың тарихын байқайды. Вико да өзінің концпциясында осы үш сатыларды, яғни көне, классикалық және қазіргі деп тарихты бөліп қарастырған. Викодан бастап тарихтың өзі жеке зерттеу пәні болып бөлінген. Оның негізгі шығармасы Основания новой науки о господстве наций. Өзінің еңбегінде Вико мифтермен аңыздарға сүйеніп, адамның иррационалдық табиғатын рационалдық жолмен шешуге тырысқан.вико мен басқа ағартушыларды қызықтырған сұрақ - адамдардың ақылсыз яғни көне, дөрекі жағдайдан зерделі жағдайға өтүі. Жалпы ағартушылардың ойынша тарихтың өзі екі күштің күресі - рационалдық және иррационалдық. Олар рационалдық, прогрессивтік күштің жеңісіне күмәнміз сенген. Ағартушылардың ілімдерінде қарамақайшылықтарды кездестіруге болады. Оған қарамастан орта ғасыр философияға қарағанда жаңаша көзқарастың пайда болуы бірден көзге түседі.адамзат тарихы адам табиғаты туралы қозғалған мәселемен ұштасады. Вико және кейінгі ағартушылар адамның тарихтағы өмірін ерекше адамдық шындықретінде қарастыруға жол ашқан.
Тарихтағы прогресс теориясының авторы атақта француз ойшылы Кондорсе (1743-1794). Оның еңбектерінің бірі Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума деп аталған. Кондорсенің пікірінше тарихи процесс төмен сатыдан бастап жоғарғы сатыларға көтеріліді. Бұл прогрессивтік жоғарлаудың белгісі ақыл-ойдың дамуы. Неміс ағартушылардың арасында ерекше орын алатын И.Г. Гердер (1744-1803). Өзінің ілімінде Гердер әләмді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері. Ал жеке индивдтермен қатар олардың арақатынастарын білдіретін типтер бар. Гередердің басты шығармасы Идеи к философии истории человечества. Табиғаттың барлық сатысы, барлық бөлшектері бір бірімен байланысты. Адамдар бір жағынан табиғаттың ең жоғарғы сатысында тұрса, екінші жағынан табиғаттан кейінгі әрі жоғары сатының бастамасы. Адмның амбиваленттігі яғни оның табиғатының екіжақтылығы оның қарамақайшылық табиғатын түсіндіруге жол ашады. Туғанынан адам жер бетінде өмір сүретін пенденің бірі. Бірақ оның мәңгілікке де қатысы бар. Гердердің арқасында тарих философиясына өзгеріс -- изменение атты ұғым еңгізілген. Көне грек және ағартушылық ойшылдардың ілімдерінде өзгеріс туралы айтылмаған, керісінше олар барлық тарихи оқиғаларды бір біріне теңістірген. Гердердің пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы. Тарихта тек алдынала болуға тиісті жағдайлар мүмкін. Бұл ойды жалғастыра отырып, тұтас тарихи философиялық концепцияны Г.В. Гегель құрастырған. гегельдің ілімінде логика мен тарих бірігіп кеткен деп айтуға болады. Ақылға симаған фактілерді тарихқа кіргізіп қарастырудық қажеті жоқ. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттің рух болып табылады. Түп мәнінде Гегель ұсынған теорияда христиандық тарих философиясының негізі жатыр. Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде. Көне шығыста бостандық бір адамда, көне грек және рим әлемінде бостандық бірінсаранда, ал германдықтар әлемінде бостандық бұһаралықта.
Гегельдің атақты шәкіртінің бірі Маркс тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық материализм деп аталған. Тарихты қарастырған кезде ол бес тарихи әрі экономикалық формацияларды ұсынған болатын. Яғни маркстің ойы адамзаттық тарих ол Гегельдің абсолюттік рухы емес, қоғамдағы экономикаға негізделген таптық қарамақайшылықтардың қоғамдағы сана арқылы белгілі болған материяның дамуы. Маркстың зерттеушілері оған экономикалық детерминист деп ат қойған. Маркс пен Энгельс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Тарих философиясы жайлы
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Философиялық тарих
Тарихқа өркениеттік көзқарас
«Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы» пәні
Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясы туралы
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Тарих философиясы. Қазіргі өркениет, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Пәндер