Фашистерден Отанды қорғау соғысының басталуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Фашистерден Отанды қорғау соғысының басталуы
Фашистерден Қазақ жерін қорғау соғысы Ұлы Отан соғысының қарсанында болды. Ал Ұлы Отан соғысына Қазақстан одақтық мемлекет - КСРО-ның субьектісі ретінде қатысты. Соғыс қарсанында Қазақстанның КСРО құрамында болуы қомақты стратегиялық маңызы болды. Соның арқасында КСРО аса мол табиғи ресурстарға иелік ететін білді. Соның қарсанында КСРО Қазақстанда қара және түсті металл,көмір мен мұнай өнеркәсібін жедел дамытып ,сондай-ақ сирек металдар өнімдерін шығаруға еселей түсуді талап етті. Қазақстанға көптеген одақтық кәсіпорындар көшірілді. Соғыс жағдайына ауыл шаруашылығы да бейімделді және көптеген калхоздарда жұмыс істейтердің басым көпшілігі нақтырақ айтқанда 80%-ке жуығы әйелдер екеніне қарамастан , калхозшылар ерен еңбектің тамаша үлгісін көрсетті. Қазақстандық еңбекшілер майданға нан,ет ,шикізат беріп қана қоймай ,егістік жерлердің ауданын және мал басын көбейте отырып,жақын жерлерден көшірілген 370 мыңға жуық мал басын аман сақтап қалғандарын майданға ет пен сүт , жүн және тері бұйымдарын жіберуді де арттырды. Қазақстандық азаматтар майданға танкілер ,ұшақтар,сондай-ақ тұтас калонналар мен эскадрильялар салуға қаражат арнады.Еңбекшілердің жинаған суммасы 4700 млн рубль.Онымен қоса соғыс майданына киім-кешек және сыйлықтар жөнелтіліп отырды.Майданға халықтан 2,5 млн жылы киім-кешек ,1600 вагон сыйлық жіберілді. Теміржол көлігін рөлі мен маңызы да соғыста еселеп артты.1942-1942 жылдары теміржол арқылы қаншама шикізат пен азық-түлік майданға тасымалданды. Сонымен қатар теміржол қатары тоқтамады. Жамбыл облысы калхозшыларының көмегімен Қаратаудағы фосфорит кен орындарына дейін 134,3 шақырым жол салынды.Ағадыр-Ақшатау ,Састөбе-Келтемешат ,Лепсі-Андреевка бағытындағы жол пайдалануға берілді.
Республикамыз 1941 жылы мемлекетке 100,7 млн.пұт астықты ,негізінен калхоздар есебінен тапсырды.Сонымен қатар мемлекетке 283,7 мың тонна сүт ,14,6 мың тонна жүн, 2,8 млн - нан астам дана әртүрлә тері бұйымдары өткізілді.Мал шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп үшін Қазақстан алғашқы орындарға ие болды.Бүкіл ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін тер төккен: Ш.Бериев ,Ы.Жақаев Ким Ман Сан, сынды еңбекшілер ,трактор бригадаларының бригадирлері П.А.Ангелина ,Н.Я.Кудлай және комбайншылар Нежибовский мен П.Кривичтің және басқаларының атақ-даңқы кең таралды.

Соғыс қарсанындағы Қазақстандағы өндірістік және шаруашылық жағдай осындай болды. Қазақстанның бар өндірісі соғысқа кеткеніне көз жұмып қарайтын болсақ, соғыс қарсанында, жалпы Қазақстан КСРО-ның құрамында болған кезде, отарлау кейпінде болса да Қазақстанда таптық және ұлттық езгі, сауатсыздық пен ортағасырлық арттақалушылық, әйел теңсіздігі жойылды, ұлттық татулық пен келісім ұраны қалыптасты. Бұл жетістіктерге жету жолында патриоттық сезімнің маңызы зор болды. Ал патриоттық сезім Азамат соғысы жылдарында, бесжылдықтар құрылыстарында, отаршылдыққа қарсы күрес кезінде қалыптасты. Бұл жылдары қазақ халқының достығы мен ынтымағы артты.

Осындай жағдайда Ұлы Отан соғысы басталды.КСРО халқына, соның ішінде Қазақстан халқына өз Отанын, бостандығын, өмірін қорғайтын күн туды. Республиканың соғысқа қатысуына орай Кеңес органдары, әскери комиссариаттар, қоғамдық ұйымдар бұқаратты соғысқа бағыттау жұмыстары жүргізілді. 1939 жылы Қазақстан тұрғындарының 6,2 млн болған соның соғысып жатқан әскердің қатарына қосылғаны 1195164 адам. Бұдан өзге өнеркәсіп жұмыстарына 670 000 адам жұмылдырылған. Егер Республикаға майданға жақын аумақтардан және репрессия ұшырағандармен қоса тағы мөлшермен 1 500 000 адам келгенін есепке ала қарағанның өзінде жұмылдыру пайызы өте жоғары болды. Майданға және қорғаныс өнеркәсібіне әрбір төртінші қазақстандық барды.. Жұмылдырудың мұндай жоғары көрсеткіші экономиканың аграрлы сипатымен тұрғындар арасында шаруалардың үлесінің көптігімен түсіндіріледі.
Халықты майданға жұмылдыру олардың социализмге сенімін фашизмді жек көруін халықтардың достығының беріктігін анғартты. Осының бәрінің қорытындысы Сталинизмнің артына қалдырған сойқанынан күшті болып шықты. Азамат соғысы жылдарынды, ұжымдастыру кезінде большевиктерден зардап шеккендердің патриоттық сезімі Кеңес үкіметінен зәбірленушіліген үстем болып шықты. Скворцов, Шаяхметов және басқалар халық әскерге жұмылдыруда соғыс кезінің экономиккасын басқаруда өте жоғары ұйымдастырушылық қасиетін көрсетті.
Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу осындай қарқынмен іске асты. Германияның билеушілері Барбаросса жоспарын жасаған кезде КСРО-ны көп ұлттық, жасандық, тұрақсыз бірлестік ретінде қарастырды. Фашистер басып алынатын Кеңес аумағында Беларусь пен Балтық жағалауы, Украина, Москва, Кавказ, елдін шығыс аймақтарыда Түркістан және Еділ-Орал рейхкоммиссиаратын құруды жоспарлады. Ғылыми зерттеу институты деп аталатын Арбайтегемайншафт Түркістан атты жоғары барлау мектебі құрылды. Болашақтағы Үлкен Түркістан картасы әзірленді. Бұл картаға Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Ауғанстан бөліктері енгізілді. Бұл өңірлерде Германия империясы үшін қуатты шикізат пен азық-түлік базасын құру жоспарланды.
Кеңес үкіметін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдыққа алу Фашисттердің дүниежүзін билеудегі басты нысандарының бірі болды. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан қырып жіберудің көлемді бағдарламасын әзірледі. Бірақ Кеңес Одағының көп ұлтты халқы тас-түйін болып, аса қауіпті жауға біріге қарсылық көрсетуі бұл жоспарды іске асыруына жол бермеді. Жалпыға бірдей міндетті әскери іске үйрету өрістетілді. Жауынгерлердің жаңа бөлімдері мен бөлімшелерін жасақтау , оларды оқыту күн-түн демей қызу жұмыс жүрді .Қалалардың маңында полиглондар, ату алаңдары жедел қарқынмен салынып жатты.

Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарды.
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап - ақ, қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан Кеңес әскері фашистерге қарсы кескілескен шайқас жүргізді. Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-індегі 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, үйретіліп, майданға аттандырылды. Бұл бөлімдер құрамы жағынан көп ұлтты болды.
Брест қамалын қорғаушылар арасында 400 қазақстандық,оның ішінде политрук В.Лобанов, қатардағы жауынгерлер Мұсырманов , К.Аманқұлов, Ғ.Жұматов, Ш.Шалтыров және басқалары болды. Мәскеу түбіндегі генерал - майор И. В. Панфилов қолбасшылық еткен данқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылы қарашада Дубесеково түбінде ұрыс салған 1075-атқыщтар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі ел арасында кеңінен тарады. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочновтың Ресей кең-байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ, артымызда - Мәскеу?! деген сөздері барлық әскер арасында тарап, соғыс ұранына айналып кетті.
Мәскеу үшін шайқаста атқыштар полкіне қолбасшылық еткен И. В. Карпов пен аға лейтенант, қазақ елінің мақтан тұтарлық батыры Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше қаһармандық көрсетті. Бұл дивизия жаудың төрт есе күшті әскеріне қарсы соғыс жүргізді.
Мәскеу түбіндегі шайқасыта Қазақстандық М.Ғабдуллин ерен еңбегімен көге түсіп,бірнеше неміс танкісін талқандап ,қоршаудан шыққан.Осы олайда М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қазақстанлдық басқа екі 27-ші гвардиялық және 292-ші атқыштар дивизсиясы Сталинградтың солтүстік-батысында жүріп жатқан ұрыстардың бел ортасында болды.Еділ бекінісін талқандауға үлкен үлесін қосты.Жас коммунист ,Қарағанды кеншісінің ұлы ,ұшқыш Н.Әбдіров 16 рет көқке көтірілген кезде:жаудың 16 танкісін,28 машинасын және 18 арбасын,ондаған дзотын талқандап,50шақты солдатының көзін жойған.Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Кеңес жауынгерлері ұрыстар жүргзсе,700шақырым жүре отырып,Белгород және Орел қалалары шептеріне шықты.Кеңес Армиясының Сталинград түбіндегі үлкен жеңісінің дүниежүзілік тарихи маңызы болды,өйткені ол Ұлы Отан соғысы және барша Екінші дүниежүзілік соғыс барысында түбегейлі өзгеріс жасады.
Калинин майданының үшінші бас армиясы құрамына кіретін 100-ші қазақ атқыштар бригадасы Невель шабуылына қатысты.Қала үшін ұрыстарда Алматы медицина инситутының бұрынғы студенті ,зеңбірікші Мәншүк Мәмбетова көзге тсүті.Ол алғашқы Қазақтың Батыр қызы ретінде халық есінде қалды.Ол 1942 жылы Қызыл Армия қатарында болды.1943 жылдың қазан айында Невель қаласын азат ету жолындағы ауыр шайқаста жау қолында жалғыз қалып ,70 солдатты жайратып барып ,ерлігімен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысы майданында екінші қазақ қызы Әлия Молдағұлова да соғысқа қатысты.Ол мерген даярлайтын алғашқы Орталық әйелдер мектебінде оқыған.Ол сол жылы 54-ші атқыштар дивизиясында мерген болды.1944 жылы ерен еңбегімен Новоскольники қаласының солтүстік жаңында қатты жараланып,қаза тапты.
2. Кеңес Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбектері де - өз алдына бір төбе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы болды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы:Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар, "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбылдың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғылыми мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп келді. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазақ физкультура институты ашылды. Интеллигенция Отанға шексіз берілгендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майданға қажетті керек-жаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жұмылдырылды, тыл мен майданның бірлігін арттырды, тылда да, майданда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар жүргізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
1941 жылы көшіріп әкелінген Мосфильм, Ленфильм киностудиялары мен Алматы киностудиясы негізінде көркем фильмдердің бірккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды. Онда Кеңес киносының Эйзенштейн, Трауберг, Юткевич, Эрмлер, Черкасов сияқты үздік шеберлер жұмыс істеді.
Төрт жылдық қазақ киноактерлер мектебі ұйымдастырылды. Сол кезде Қазақ КСР астанасында жұмыс істеген Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтында ұлттық кадрлар даярланды. Әуезов, Мүсірепов, Тәжібаевтың қатысуымен орталық киностудиялар шеберлерімен біріге отырып 8-гвардиялық, Абай әндері, Жауынгер ұлы , Қазақ киноконцерті-майданға!, Саған,майдан! картиналары түсірілді.
Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған Асаға-түсау спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жасөспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.

Республика астанасында 20-дан астам ғылыми-зерттеу институты, соның ішінде, КСРО ғылым академиясының философия, география, физиология институттары, УКСР ғылым академиясының физика-механика институты, КСРО сәулет академиясы орналасты.
КСРО ғылым академиясының қазақ филиалында астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет және тарих, химия-металлургия, топырақтану бөлімдері ұйымдастырылды. КСРО ҒА-ның Қазақстан филиалындағы ғылыми қызметкерлердің саны 1940 жылы 152 адамнан 1945 жылы 864-ке жетті. Ғылым академиясын құрудың іргетасы қаланды. Қ.Сәтбаев бастаған Қазақстан ғалымдары қара, түсті металлургия, жанатын пайдалы қазбаларды, су және су энергетикалық қорын майдан қажетіне жұмылдыру бағытында жұмыс жүргізді. Қ. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін 1942 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді.

3.Қазақстан аумағында соғыс жүрмегенмен,оның зардаптары мен аурытпалықтары да аз болған жоқ. Көптеген өнім түрлерін ,әсіресе халық кең тұтынатын тауарларды өндіру күрт қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы құлдырады. Елдің соғыстан кейінгі өркендеуі бағдарламасы халық шаруашылығын дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдыққа бағытталып салынатын салымдары 8,8 млдр. рубль мөлшеріне белгіленді. Бесжылдық жоспарды жүзеге асыру барысында республика өнер-кәсіпті дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді.Бұл жерде жаңа кәсіпорындар құрылысы салынғанына, ескілердің жаңартылғанына назар аударуымыз керек.

Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1950 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай - 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.Өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны - 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай - 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Мұнымен қоса теміржол желісі де қарқынды дамыды.Мысалы,1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты - Шу темір жолы салынып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде
Интервенцияның себептері және басталуы
Халықаралық студенттер күні
ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық құрамалардың ерліктерін насихаттау
Әскери экономиканы жасау
Пәндер