Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында


Айтжанова Маржан 120 ОМ
Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады. Экономикалық және саяси жағынан дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды
Біріншіден соғыс басталмас бұрын Ресейдің Англияның Германияға қарсы соғысуына көмектесуінің себебі жайла айта кетсем. Соғыс неден шықты? Монархиялық билік кезінде енді дамып келе жатқан елдер арасында бәсекелестік болды. Бастапқы кезде бірінші орында АҚШ, ал екінші орынша Англия тұрды. Бірақ кейіннен Германияның өндірісі дамып, экономткасы көтерілді. Осының арқасында ол екінші орынға шығып, Англияны үшінші орынға түсірді. Осындай жағдайда Англия Германияның күшеюнен қорықа бастады. Оның біз себебі Германияның теңіз флоттарын құру жөніндегі жоспары еді. Бұл осы елде Франуиямен байланыс орнатудың, ал бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас орнату мүмкіндігі еді. Ресей Англияға көмектесу мақсаты Англия мен Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Германия мен Антанта арасындағы күрес 1912-1913 жылдары Балқан соғыстарымен одае кейін бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен жалғасты. Бұл соғыс Туркия мен Болқан одағының арасында болды. Балқан одағының құрамына Сербия, Болгария, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Бірақ бұл соғыс Англия екіжақты саясат жүргізді. Ол бір жағынае Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиямен қарым-қатынасын келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия астанасы Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Соғыстан кейін Болгар одағы нығая түсті бірақ одақ ішіне кірген елдер арасында әлі де қызғаныш, жеңісті бөле алмау болды. Осы соғысқа белсене қатысқа Германия, Англия және Ресей мемлекеттері бірінші Дүниежүзілік соғыстың себепкерлері болды.
Соғы өте басқыншыл жәге агрессиялы болды. Бұш соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды . Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, соғыс салығы енгізілді. Жалпы айтқанда Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс салдарынан заттардың бағасы қымбаттады, жұмыс уақыты 12-14 сағатқа дейін ұлғайтылды. Осындай қинауға халықтың төзімі 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің жарлығынан кейін шыдамады. Бұл жарлық «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» деп аталған болатын. Бұл халықтың көтеріліске шығуының ең басты себептерінің бірі болды. Халықтың арасында көтерілісті қолдағандар да, халықты сабырға шақырғандар да болды. Революцияшыл топ өкілдері Ә. Жангелдин, Ә. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырсы либералдық-демократиялық зиялылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов патша үкіметімен компромистік бағыт ұстанды. Олар халыққа "Қан төкпеңіздер. Көтерілістің соңы тек қанмен аяқталады", - деген болатын. Ә. Бөкейханов "Тағы да соғыс", - мақала жазды, М. Дулатов "Халық күндіз күлкіден, түнде ұйқыжан айырылды", - десе, Ахмет Байтұрсынов "Қазақтардың өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", - деп жазды. Осындай жағдайлардың соңы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске алып келді. Ұлт азаттық көтерілістің негізгі ошағы Торғай мен Жетісу болды . Торғай болған көтерілісті А. Иманов басқарды. Негізгі шайқастар - Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал - Үрпек, Ақшығын маңында болды. Көтерістің соңы жеңіліспен аяқталсада бұл көтерілістің маңызы болды. Атап айтсақ, Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер құрылды. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
Және де ең маңыздысы көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы
1917 жылы 27 ақпанда Ресей империясында монархия құлағаны туралы жарлық шықты. Бұл қазақ революцияшыларына үлкен үміт сыйлады. Олар "Теңдік күні туды", - деп қуанды. Бұл уақытқа дейін халықтың мүмкіндігі өте аз, революцияшылардың жолы мүлдем жабық, халық арасында теңсіздік болса, Ақпан төңкерісінен кейін халықты шектеу тоқтатылды, қазақтардан тартып алыныр казактарға берілген жерлер қайтарылды, партиялар құру газет шығару мүмкіндігі болды, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды, бірақ отаршылдық саясат тоқтамады. Ақпан төңкерісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы - республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызды. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттик Думаның шешімімен құрылған уақытшы үкімент қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын жариялады. Ақпан төңкерісінің жеңісінің нәтижесінде баспасөз көздері жаңғырды, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің жер, отаршылдық мәселелерін шеше алған жоқ . Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл уақытша үкімет органдарымен қатар орталықта жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Елде қос үкіметтілік, олар: ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер жүйесі қатар орын алды. Уақытша үкімет Қазақстанда кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларды тағайындады. Мысалы, Ә. Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М. Тынышбаев Жетісу комиссарлары болып тағайындалды Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Ақпан төңкерісінен кейін құрылған ұйымдарға Үш жүз, Алаш партияларын айтуға болады. Бірақ екеуінің саяси бағдарлары екі түрлі болды. Алаш партиясы революцияшылар болса, Үш жүз партиясы Ресейдің шешімдерін қолдады. Солай екі партия арасында ақпараттық соғыс болды.
Алаш партиясы. Алаш зиялылары. Түркістан автономиясы
Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда құрылды. Партия төрағасы болып - Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияға 15 адам кірді. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т. б. Партия өз бағдарламасын Қазақ газетінді жариялады. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар:Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру, халықтар арасында тең құқықтық орнату, білім беру, жер мәселелері, дің, билік, сот және т. б
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Семей облысының тумасы. XIX ғ. - XX ғ. зиялыларының ең көрнектісі. Әлихан аты бізге бала кезімізден таныс. Абай қазақ әдебиетінің атасы болса, революцияшылардың аты Әлихан Бөкейхан деп білемін. Ол өрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы сонымен публицист, ғалым, аудармашы болған. Оның алған білімі жайлы ақпараттарға сүйенсек Әлиханды әкесі Нұрмұхамед тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Кейін бала Әлихан молдадан сауат ашқаннан қалалық мектептегі білімнің кеңдігін байқап қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары өз туған қаласындағы қазақ балалары на арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеден "техник" мамандығын алып шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. 1896 жылы Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының стипендиясын алып, Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол шаруашылық пен техник мамандықтарында оқыса да тарих оны қатты қызықтыратын болғанды. Ол көптеген іс шараларға қатысып қазақ халқын патша үкіметінің зорлық-зомбылығынан құтқаруды аңсаған. Сондай мақсатымен 1917 жылы құрылған Алаш партиясының жетекші болып тағайындалғанын жаңа айтып кеткен болатынмын. Бұған дейін де, бұдан кейін ол саясатты сынға алушы, халықтың қамын жеген азамат ретінде танылған.
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әдебиетінді, қазақ тілі ғылымында қазақ әліппиін ойлап шығарғпн адам ретінде таныс болса, тарихта революцияшыл ретінде жаңа қырынан танылады. Ол- қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы болған. Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысының тумасы. Алған білімі жайлы айтатыр болсақ, ол алғашқы білімін Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде алды . Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол патша үкіметіне қарсы шыққаны үшін бірнеше рет қуғын сүргінге ұшыраған болатын. Соның бірі Ресейдіі Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда оны қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешімі. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Ол осы қалада 1913-1918 жылы Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп Алаш партиясын құру қатысты. Сонымен қатыр қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды.
Мұстафа Шоқай Түркістан автономиясын құруға қатысқан басшылардың бірі, Алаш партиясының қайраткері ретінде бәрімізге таныс. Ол Сырдария Губернасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танығаннан. Кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданған. Кейін заң факультетіне оқуға түсіп, оның қатар әртүрлі демократиялық қозғалыстарға қатысқан. Ол ағылшын, орыс, өзбек, түрік тілдерін білген деген ақпарат бар. Ол Алаш партиясының өкілі, Мемлекеттік Думаға қызмет еткендердің бірі, Шора-и-Ислами ұйымының мүшесі болған. Алашорда үкіметіне Сырдария губерниясының атынан мүше болып қабылданған. Жоғарыда айтқандай Түркістан автомиясын құруға қатысқан. Ол «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жүргізген.
Түркістан автономиясы
1917 жылы 28 қарашада Ферғана астанасы Қоқан қаласында Түркістан автономиясы құрылды. Автономия құрылу туралы шешім 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезінде қабылданды. Бұл сьездті Мұстафа Шоқай ашқан болатын. Оның төреағасы болып Мұхамеджан Тынышбаев кейіннен Мұстафа Шоқай болды. Билік Түркістан Уақытша Үкіметінде болды. Бұл кеңесте 54 адам бар еді. Түркістан автономиясының мемлекеттік дінң болып Ислам діні саналды. Бірақ Автомияның барар жолы алыс болмады. 1918 жылы 5 ақпанда Кеңес үкіметі Қоқан қаласына кіріп қарулы күшпен Автонимияны жоқ қылды.
Қазан төңкерісі
Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін болған дағдарыстан шығудыі жолын В. И. Ленин Кеңес үкіметін орнату деп шешті. Ол басында Ресей жерінде, кейінірек Ресейдің қол астындағы, соның ішінде Қазақстан жерінде орнатылады бастады. Бұл тарихта "Қазан төңкерісі" деген атпен қалды.
Қазан төңкерісі нақтырақ айтқанда 1917 жылы 25 қазанда болған ірі саяси оқиға. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатысты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялады. Үкіметтің басшысы В. И. Ленин болды. Кеңес үкіметі әр жерде әртүрлі орнатылды. Ең бірінші болып Кеңес үкіметі Қызылордада (Бұрынғы Перовскта) орнады. Қарулы күшпен орнаған жерлердің бірі ретінде Сырдария облысының саяси орталығы - Ташкентті алсақ болады. 1917 жылы 31 қазанда Кеңес үкіметінің қарулы күші қалаға басып кірді. Осы ретте Шымкент, Әулиеата, Қазалы, Арал обылыстарын атап өтсек болады. Ақмола, Ертіс, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак - орыс және офицер - старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиын болды. Ал Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. Айтап кететін жайт Алаш зиялылары Кеңес үкіметінің орнауына қарсы болды. Бұл жайлы келесі тақырыпта толық айта кетемін.
Қазан төнкерісінен кейін көптеген өзгерістер орын алды. Нақтырақ айтқанда: ескі мекемелер қиратылды, жаңа сот басқармасы келді, милиция мен комиссарлар құрылды, мектептер, ауруханалар, еңбек бөлімшелері орнады. Ерлер мен әйелдер теңдігі орнады.
Азамат соғысы. А. Дутов. Алаш партиясының рөлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz