Қазақстандыинду стрияландырудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандыинду стрияландырудың ерекшеліктері.
Индустрияландыру. Қзақ жерін зерттеу. Түркісіб теміржолы. Кен және металлургия орындары.
Индустрияландырутуралышешім БК(б) - ныіон бесінші сьезінде қабылданды. Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығындаболды. Яғни 1928--1932 жылдарда өте қиын жағдайда өтті. Бұл уақытта халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Жалпы есептегенде өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-ына ғана жетті. Өнеркәсіптен Орталық Қазақстандағы көмір өндіретін шағын шахталар, Орал-Ембі өңіріндегі бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Алтайдағы қуаты шамалы түсті металлургия кәсіпорындары ғана бар еді. Онымен қоса өнеркәсіп құралдары, тасымал, байланыс құралдарының жетіспеушілігі мен дамымауы, ғылыми білімнің болмауы да юар еді. Халық ауыл шаруашылығына үйреніп қалғаннан кейін бұл экономикалық саясат әлі сезіле қоймаған еді. Халық жаңашылықты сезінбеді. Бұл жағдай ауыл шаруашылығынң өнекәсіптің жетекші салаларын дамытуты, жергілікті өнеркәсіп орындарының ескілерінқалпына келтіріп жаңаларын салуды, шахталар мен кеніштерді толық іске қосуды, халық шаруашылығының мұқтажына қажетті теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыру, ғылыми білім беруді талап етті. Жұмысшы табын құру үшін жергілікті халық өкілдерін кенінен тарту мен өндірістік-техникалық білім алған зиялы қауымды қалыптастыру қажет болды. Индустрияландыру үдерісі әміршіл-әкімшіл басқару жүйесін енгізумен байланысты болатын. Индустрияландыру уақытында елді Голощекин билеген болатын. Ол да Сталиннің саясатын ұстанушылардың бірі болды. Ол билікте 1925-1933 жылдар арасында болды. Ол тарихта үлкен ізі қалған Қазан төнкерісін ұйымдастырушы еді. Оның айтуы бойынша халық Қазан төнкерісінің лебін сезінген жоқ деп есептеді. ОЛ 1925 жылдың күзіне дейін бізде болған жағдайларды Қазақстан мен оның партия ұйымы тарихының алғы шарттары болады деп айтты. Осы сөздерімен Кіші қазан төнкерісін өткізуді ұсынды. Ол ауылда жана экономикалық саясаттың орнымағаның түсініп Ауылды индустрияландыру ұранын ұстанды. Онын бұл идеясын Сталин қолдады. Ол Индустрияландыру бірде-бір дұрыс саясат деп бағалады. Жоспарлаушы органдардағы кейбір экономисттердің өндіргіш күштерінің даму деңгейінің еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді.
Халық арасында Сәдуақасов, Мыңбаев секілді ғалымдар бұл идеяға қарсы шықты. Олардың қатарына Алаш зиялылары да қосылды. Бірақ Сталиннен қолдау тапқан Голощекиннің идесының күші оларды жазалауға дейін жеткізді. 1928 жылдың аяғында Алашорда зиялылары жазаланды. Олардың қатарында М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Айтбаев бар еді.
Индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. Голощекиннің бұйрығы бойынша 1920-1930 жылдары көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылған кешенді экспедициялар зерттеулер жүркізді. Ол Республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Курнаков Орталық Қазақстанды геологтар мен физиктер тобымен зерттеді. Зерттеулер нәтижесіде Қазақстан Республикасы Кеңіс Одағынын тұтас металогенді аймағы болып табылады деген тұжырым жасалды. Губкин Орал-Ембі мұнай аймағын зерттей келе Бұл аймақ мұнайға аса бай облыстардың бірі,- деп бағалады. Ембі жерінде мұнай базасы құрылды. Республиканың өндіргіш күштерін жергілік геологиялық ұйымдар зерттеді. Қазақстанның жас инженер геологы Қаныш Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс-кеңі орындарын мұқият зерттей келе бұл өнірдің болашағы зор екенін дәлелдеді.
Индустрияландыру жылдарының үлкен бір есте қалатын нысандарының бірі Түркісіб теміржолы болды. Оның құрылысы 1927 жылы басталды. Ол 5 жылдың ішінде іске қосылуға тиісті болды. Бірақ халықтың үлкен еңбегінің арқасынды 3 жылдың ішінде аяқталды. Құрылыстың басшысы болып М.Тнышынбаев пен Т. Рұсқұлов сайланған болатын. Еібекші халық арасында башқұрттар, орыстар, қазақтар, украиндер,татарлар мен дүнгендер және т.б. еңбек етті. Осының арқасында 10 мыңдай халық теміжолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын игерді. Олардың қатарында Д.Омаров Түркісіб теміржолының бастығы болып сайланды, Қазақкөлікқұрылыстың бастығы болған Т.Қазыбеков та қатардағы жұмысшылардың бірі болды.
Құрылысшылар зор кедергілерден өтіп отырды. Болат жол ұшы қиыры жоқ дала, тау жоталары, өзендер мен терең сайлар арасынан салынды. Жазда ыстық, аптап, қыста үсірік аяз, қарлы боран титықтатты. Біақ кеңес адамын ешқандай қиындық тоқтатпады деп Н.Тимофеев еске ала жазып қалдырған болатын. Ол да қатардағы жұмысшылардың бірі еді.
Түркісіб темір жолының оңтүстік және солтүстік жағынан басталған құрылысы 1930 жылдың 28-ші сәуірінде Айнабұлақ станциясына келіп түйісті. Бастапқыда уақытша қолдануға беріліп, 1931 жылдың қатарыннан бастап толықтай іске қосылды. Бұл құрылыс үлкен экономикалық мәнге ие еді. Себебі ол Орта Азияны Сібір аудандарымен байланыстырды. Осы себептен елдің шығыс ауданындағы мәдениет үлкен жақсы жаққа өзгере бастады.
Түркісіб теміржолынан басқа Қарағанды шахталары, Ембі мұнай-кәсіпшілігі, Шымкент қорғасын зауыты, Балқан, Жезқазған кең металлургия комбинанттары, Кенді Алтай мен Ащысайдайға полиметалл кәсіп орындары, Ақтөбе комбинаты, жылу-су электр станциялары, құрылыс материалдары кәсіпорындары салынды. Онымен қатар көмірлі Қарағанды алып өнеркәсіп кешеніне айналды. Кеңді алтайда қуатты кеңіштер, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан түсті металлургия кәсіпорындары кең көлемді энергетикалық базалар іске қосылды. Сонымен қатар Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс-балқыту, Риддер, Ащысай, Қонырат кеңіштерінің салынуы Жезқазған кең орынының игерілуіні түсті металлургияның Қазақстанды өнеркәсібтін жетекші саласына айналдырды. Соғыстан бұрынғы жылдарда да Орталық Қазақстан шикізат өңірі ретінде қалыптасып, елді кен, металл, көмірмен жабдықтап отырғаны белгілі. Индустрияландыру кезінде Орал, Сібір жеріндегі өндірістер мырыш, мыс, қорғасын жөнінен КСРО жетекші Орын алып тұрды.
Қазақстан өндірістік бағытта үлкен даму жетістіктеріне жетсе да оның табиғи байлықтары сыртқа кетіп жатты. Бұл туралы Садуақасов Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды,- деп күнішпен жазды. Елдің дамыған өңірлері мен Республика арасындағы экономикалық теңсіздікті жою ісінде елеулі өзгерістерге қол жеткеніне қарамастан Қазақстан жан басына шаққанында өнеркәсіп өнімін өңдіруде олардан едәуір қалып қойды.
Индустрияландыру кезінде жұмысшы табы қалыптасты. 1926-1940 жылдар арасында жұмысшылар саны 150 мыңнан 634 мыңға дейін 4 есе артты. Қазақтар арасынан жұмысшы кадрларын дайындау және тәрбиелеп шығару жақсы жолға қойылды.Олардың үлес салмағы 1926 жылы 29,4 процент, 1939 жылы 33,8 процентті құрады. Құрылыс және Теміржол салаларында ұлт кадрларын дайындау ісінде Түркісіб теміржолының құрылысқа селбестік комитеті маңызды рөл атқарды. Бұл ұйымның басшысы Т.Рұсқылов болды.
2-сұрақ
Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
Кіші қазан төнкерілісі. Бай шонжарларды тәлкілеу. Оның зардаптары. Байларды жер аудару мен конфискелеу кезінде қарсы әрекеттер үшін қылмыстың жауапкершілік
Голощекин Қызылордаға келісімен ауылда кеңіс өкіметінің әлі де орнамағанын онда байлардың әсірі жүріп тұрғанын айтты. Байға қарсы тап күресінде кедейлергі көмек беру керек. Егер бұл азаматтық соғыс болса біз оған барамыз деп айтты. Солай Кіші қазақ төнкерісі басталды. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің және Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесінде қаулы қабылданды: ЖЭС-тың принциптерінен бастартылды. Қаулаға сай байлардың шаруашылығын аәркілей отырып, оларды тұрғылықты жерден қоныс аударып жіберуге рұқсат деді. Бұл қаулы 1928 жылы 27 тамызда қабылданды. Қаулы Ірі байлардың шаруашылығын конфискелеу деп аталды. Қаулы бойынша тәркілеу науқаны халықты қорқыту және зорлау арқылы байсымақтарды күштеу арқылы іске асырылды. Тәркілеу жөніндегі науқан мақта шаруашылығы аудандарынан басқа Республиканың барлық жерлерін қамтыды. Тәркілеу нәтижесінде 657 және одан да көп байлар қоныс аударылды. Олардан 145 мың бас ірі қара тартып алынды. Ауыл шаруашылық құралдары 877 колхозға және 24491 жеке шаруашылыққа берілді. Астық өнімдерін, егіс және шабынды жерлерді және малды тәркілеу науқаны барлық жерлерде заң нормаларын бұзумен халықты қорқыту арқылы іске асырылды. Бұл жайлы профессор Кушнер қазақ ауылынан тап күресін іздегендерге қарсы былай деп жазды: Мен тап күресін жән әлеуметтің таптарды босқа іздеппін, нақты тап түсінігіне сәйкестікті іздедім, бірақ, таппадым.
Кезінде қазақ қоғамын жақсы білген алаш интеллигенциясының да осындай көзқараста болғаны белгілі. Бірақ, Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының: Қазақтарда бай мен кедейдің араында таптық қайшылық жоқ: оларда рулық мүдде мен жалпықазақтық мүдде таптық мүддеден басым түсіп жатады, - дегендей пікірлері кейіннен большевиктер тарапынан реакциялық теория ретінде өткір сынға алды. Голощекинге таптық жіктелуге емес ағайыншылық пен бауырмашылдыққа шақыратын бұндай пікірлер ұнаған жоқ. Көшпелі шаруалықты шебер жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі жолдарын меңгерген қазақ халқының еңбек сүйген халқы байлардың көзін жоймайынша қазақтардың дамуы мүмкін емес деп ойлаған Голощекин Қазақ өлкелік партия көмитетінің Қазақтың 6-шы конференциясында жартылай феодалдарды түп тамырымен құртуды міндет етіп қойды.
Ірі байларға 400 ден астам бас малдары бар адамдар, ал орта байларға 300 ден жоғары малы бар адамдар жатқызылды. Бұл жұмыстарды атқаруға жер - жерлерге үкімді орындаушы бірнеше мыңдаған адамдар жіберілді. Әрбір ауылда он - он бес шақты адамдардан комиссиялар құрылады. Кмиссия өкілдері шектеусіз құқыққа ие болды. Байларды тәркілеу барысында олардың заңсыз Қытайға өтіп кетуінен қауіптеніп шекарада қатал бақылау жүргізуді іске асырады. Бахты, Зайсан, Жаркент жерлерінде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жедел топ жіберілді.
1928 жылдың 13 қыркүйегінде Ірі жартылай феодалды байларды жер аудару мен конфискелеу кезінде қарсы әрекеттер үшін қылмыстың жауапкершілік туралы; 1930 ж. 19 ақпанындағы - Бай-кулактармен күрес және аудандардағы жаппай коллективтендірудегі ауыл шаруашылығын әлеуметтік нығайту бойынша шаралар туралы шешімдер қабылданды.Бұл шешімдер бойынша қаулыға көнгісі келмегендер, оны жүзеге асыруға қарсы тұрған байлар мен бұрыңғы артықшылығы бар топтарға жататындар жедел түрде қатал қылмыстық жауапершілікке және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылуы керек болды. Халық толқуларын өткізуге ниеттенгендер заңда белгіленгендей жазаланды. Көптеген байлар халық сотына салынды. Осындай тәркілеу барысында Қазақстанның он округінен 148 адам тұтқындалды. Бұл жағдай Голощекиннің қулық істерінің бірі екенін кедей халық түсінген жоқ. Кейбіреулері бұны қолдады. Олар теңсіздікті жойып жатыр деп түсінді. Бірақ тартып алынған малдың көптеген бөлігі колхоздарға берілетінін түсінген жоқ. Бірақ бұл жайлы білген бойдан көтеріліске белсене қатыса бастады. Нақты деректерге сүйенсек тек Семей округінен Сырдарияға жер аударылған шаруашылықтардағы адам саны 446, оның 99 - ы ер адам, 125 - і әйел адам, 121 - і жасы 18 - ге толмаған ұлдар, 101 - і жасы 18 - ге толмаған қыздар болған. Жоспар бойынша 225 972 бас малды тәркіленуі керек болса, іс жүзінде барлығы 144 474 бас мал ғана тәркіленді. Тәркіленген малдың 10,2 проценті отырықшы аудандардан, 83,3 проценті жартылай көшпелі аудандардан. Жалпа мал санынан 4614 бас мал ғана байлардың күн көрісіне қалды. Қалған мал саны 118 919 жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді. Ал қарапай қожалықтарр тек 8-9 мал басына ие болды. Байларды тәукілегеннен кейін кедей халық Голощекиннен көмек күтседе ешқандай көмек алмады.
Халық бай және кедей деп бөлу, байлардың малын тартып алу арқылы кедейлерге жау қылып қою, яғни Кіші қазаннын түп мақсаты іске аспады. Бұндай жағдайда да халық бірге қалды. Таптық қоғам орнату мен жеке меншікті жою идеясы да толық іске аспады. Кіші Қазан аясында атқарылған жұмыстар ұжымдастыру кезінде де көрініс тапты.
3-сұрақ
Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Оның зардаптары. Ашаршылық.
Компартияның 1927 жылы өткен 15 - ші сьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы шешім қабылдады. Осылай Өркениетті кооператорлар қоғамын құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылдарда кооперативтік қозғалыстың дамуы ерікті, дербес, материалдық мүдщделік, шаруаларды кооперативтендіру кезең-кезеңімен іске аса бастады. Бұның барасында ауылдың бұрынғы шаруашылық барысына назар аударылуы керек деп санады. Орталық Комететтің есебі бойынша ұжымдастыру 1932 жылдың аяғына дейін бітуі қажет болды. Астықты аудандарда ауыл шаруашылық артелі, мал шаруашылық жерлерінде бірлесіп өңдеу немесе шөп шабу жөніндегі серіктестік болуы тиіс болды. Жеке құралдарға ақы төленуі керек болды.
Ұжымдастыру жылдам мерзімде өтіге тиіс болды. 1928 жылы өлекенің 2%-ы ұжымдастырылса, 1930 жылы 50%, 1930 жылдың ортасында 65%-ға жетті.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап ұжымдастыру белсене жүре бастады. 1929 жылы алғашқы машина-трактор станциялары құрылды. Ұжымдастыруды белсенді жүргізу үшін 8 мың жұмысшы - ұжымдастырушылар жіберілді. Ресейден 1204 адам жіберілді. Ол ұжымдастыру мағынасын дұрыс түсінбеді. Олардың түсінігі бойынша бұл көптеген халықты бір орынға жинастыру юолды. Тіпті өмір сүру жағдайларына қарамастан.
Ұжымдастыру ешқандай дайындыққа қармастан жүргізілді. Алдын ала шаруашылық базаларын салу, тұрғын үйлер салу ақырында орындалмай қалды. Революциялық асығыстық орын алған революциялық утопизм тағы да орын алды. Қатаң әкімшілдік жағдайында әскери коммунизм кезңінің әдістерімен жүрген толық білімсіз белсенделердің билігі үстеп болды.
Қысқы уақытта 1932 жылдың ақпанында Шу ауданында 150 шақырым жерден жүздеген шаруашылықтар жиналып 400 киіз үй Қала үлгісіндегі поселкалар болып тігілді. Үш жылға жоспарланған қжымдастыру үш күнде іске асырылды.
Торғай уезінің ауылдарында Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деген ұранмен ет жинала бастады. 1931-1932 жылдарды Шұбартау өңірінде өнімнің 80%-ы етке өткізілді. Кедейлер өздерінің соңғы лақтарына дейін өткізді. Ешқандай дайындықсыз келген шаруалар малға бере азық таппай малдары қырыла бастады. Бірақ ұжымдастыру тоқтатылмады. Тек ейбір басшылар тәжірибелері жоқ деген айыппен жазаланды. Ал билеушілерді сынағандар оңшыл оппортунизм көріні деп жазаланды. Ұжымдастырудың салдарларынан бастапқы кезде 40,5 млн мал басы болса, ұжымдастыру кезінде оның саны 4,5 млн-ға түсті. 1931-1933 жылдары халықтың 6,2 млн-ы аштықтан қырылды. Олардың 2,1 млн 200 мыңы басқа ұлт өкілдері. Осы жылдары ұжымдастырудан қашу үшін 1 млн халық тасқа елге көшіп кетті. Олардың 600 мыңы Отанына оралмады.
Ұжымдастыруға халық ішінде қарсы шыққандар болды. Мысал ретінде Бесеудің хаты. Бұл хатты Голощекинге Ғ.Мүсірепов, М. Дәулетқалиев, М. Ғатауллин, Е. Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазды. Хат 1932 жылы жазылған. Хатта БК(б) өлкелік комитетіне аштық, оның ауыр зардабы туралы жазылған. Тағы бір мысал ретінде Исаевтің Сталинге жұмсаған хатын алуға болады. Исаеав Орталық Комиссарлар кеңесінің төрағасы болған. Сталинге Т.Рұсқылов та хат жазды. Хат 1933 жылдың наурызында жазылған. Бұл хатта ашаршылық жылдарының бар сұмдығы айқын ашық түрде жазылған. Бұл деректерден 1930-1932 жылдары ұлы жұт болғанын көруге болады. Бұған қарсы 400-дей толқулар болды. Халық ішінде комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру таралды. Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті бандиктік-басмашы қозғалысының көрінісі деп қарастырды. Сонымен қатар көтерілістер Қарақұмда орнады. Бұл көтерілісті Орынборда орналасқан 8-ші дивизия басып тастады. 1930 жылы көтерілісшілер Созақ ауданын басып алды. Көтерілісшілер саны 5мыңға жетті. Бірақ оралдың бәрі жазаланды. 3386 адам ату жазасына кесілді. Көптеген халық, Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын тұрғындары Түркменстан, Қытай, Иранға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңшылық трофейлерін сараптау
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Жалпы энтомология пәні
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Ежелгі қосмекенділер, Құйрықты және Аяқсыз амфибиялар: систематикасы, ерекшеліктері мен маңызын талдау
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер