Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Айтжанова Маржан 120 ЖМ
1. Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері: 1950-1960 жылдары өнеркәсіптиің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуіне қарамастан Қазақстан эконмикасында бірқатар келеңсіз жағдайлар қалыптасты. Шикізаттық бағдар белең алды. Өңдіруші секторға сай өңдеуші сектор нәтижелі даму дәрежесіне жете қоймады. 1930 жылғы қағида бойынша өнеркәсіптің тұтыну тауарларын өндіру тобына қарағанда өндіріс құралдарын өндіру тобын жеделдете дамыту жоғарғы орында болды.
Қазақстан шикізаттық-өндірушілік бағытында дамыту, біріншіден - Қазақстанның аса бай табиғи ресурстарын мүмкіндігінше көп пайдалануды, екіншіден қоршаған ортаны ластайтын, қуатты көп қажет ететін өндіріс орындарын осында қалдыруды, үшіншіден машина, электроника, прибор тауарларын, халыққа қажетті заттарды аз шығаруды мақсат етті.
Экономикадағы реформалардың сәтсіздікке ұшырауы: Шаруашылықты басқару рефорларын іске асыруға талпынған Қазақстан сәтсіздікке кезікті. Өнеркәсіп өндірісін қамтамасыз ете алмаған орталықтандырылған салалық министірліктердің орныны халық шаруашылығы кеңестері құрылған болатын. Қазақстан жағдайында одақтық министрліктерге бағынатын аумақтық-өнеркәсіптік партия ұйымының нұсқауларын таңдағсы келмеді. Осы кезде КСРО-ның орталық облыстарының өзінде кәсіби мамандар аз болды. Ал Қазақстанда білікті мамандардың аздығы айқын байқалатын. СОндықтан Республика өндірісінің басшылары шеттен келгендер болды. Сонымен 1940-1950 жылғы экономикалық реформалар осындай сәтсіздікке ұшырады.
Брежневтің номенклатуралық тобының билік басына келуі тоқырау жылдарына тұспа тұс болды, Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Ал Брежнев билікке 1964 жылы келді. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХЛР. КХР. сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық-әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жақын деген мемлекеттерде десоциализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Ұлттарды қосу саясатының идеологиялық негізделуі. 1980 жылдардың ортасына қарай КСРО экономикалық даму қарқыны бәсең, тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыру жағы орташа, әскери қуаты орасан мол, тұтас мемлекеттерді қирата алатын алып империяға айналды.
Ел ішінде дара билікке қол жеткізген коммунистік әкімшілік күшейген сайын өктемдікке басатын болды. Дүниежүзілік саясатта Ресейді аса қуатты әскери державаға айналдыру бағытында жанталаса қаруланып, өзге елдерге ықпалын күшейтуге ұмтылған КОКП басшылары ішкі саясатта Кеңес Одағы құрамындағы барлық ұлттар мен ұлыстардың мемлекеттік құрылымдарын жойып, оларды бір тілде сөйлетіп қоюға тырысты. Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты.Дамудың жаңа бағытына ойысуға деген құлшыныс 1968 жылы Чехословакияда болған оқиғалардан айқын көрініс берді. Бұл елдегі оқиғалар партияны жаңартуға, қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған шаралар үлгісін көрсетті. 1970 жылдардың екінші жартысында социализмнің кеңестік нұсқасынан бас тарту, шын мәніндегі демократиялық қоғам орнату жолындағы күрес Польшада ірі саяси оқиғаға бүкіл қоғамда революциялық қайта құрулар жүргізуге ұласты. Сол жылдардың өзінде батыл саяси қадамдар жасаған "Ынтымақ" қоғамдық ұйымы бұл елдің 1980 жылдардағы дамуына айтарлықтай ықпал етті.
1979 жылдың желтоқсанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіргізілуі жағдайды одан әрі ушықтырды.
1970 жылдардың соңына таман Қытай Халық Республикасының экономикасында түбегейлі өзгерістер басталды. Кейінірек бұл шаралар миллиардтан астам тұрғыны бар елді күнделікті қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге қол жеткізіп қана қойған жоқ, ел экономикасының тұтастай оңды дамуына алып келді. Бір айта кетерлік жайт, Қытайдағы экономикалық реформалар саяси даму үдерісінде бұрынғыша коммунистік партияның дара билігінің сақталып қалу жағдайында жүргізілді.
Ал КСРО-дағы жағдай бұрынғыша қала берді. Ішкі істер министрлігінің, МҚК-нің және әскердің күшіне сүйенген компартия кез келген бөгде пікірге жол бермеуді қатты қадағалап отырды. Новочеркасскідегі, Грузиядағы, Балтық республикаларындағы оқиғаларға қатысқандар қатал жазаланды және көпшілік назарынан тыс ұсталды.
Кемелденген социализм тұжырымдамасы. 1960 жылдардың екінші жартысында КСРО-да коммунизм құрудың негізгі үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды. Билік иелері халықтың көңілін енді басқа жаққа аударуға қазірдің өзінде қол жеткенді асыра насихаттаумен алдандыруға тырысты. Социализм кемелденіп, өзінің толық даму мүмкіндігін алды" деген түсінік алға тартылды. Л.И.Брежневтің 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығынаарналған салтанатты мәжілісте "кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады" деп жариялауы партия теорияшыларына коммунистік
болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді. Сонымен қоса бұл тұжырым социализмнің толық жеңіске жеткендігіне күмән тудырмай және партия бағдарламасының ұрандарын пішінді түрде сақтап қалуға да жағдай жасап берген болатын. 1960 жылдардың ішінде саяси салада демократияландыру азайтылып, экономикалық реформалар жүргізу әрекеттерінен нәтиже шықпаған соң, қоғамның алға қарай даму қарқыны баяулап, бірқалыпты сылбыр ырғаққа көшті. Компартия дамудың шығармашылық жаңалықтан аулақ, үздіксіз қайталанып отыратын қарабайыр жолын қабылдағандығы партия сьездері мен оларда қабылданған шешімдерінен көрініс тауып жатты. КОКП билігінің конституциялық деңгейде заңдастырылуы. Кеңес қоғамының даму үдерісіндегі бітіспес қайшылықтардың бірі КСРО-ның 1977 жылы қабылданған Конституциясынан көрініс тапты. Жаңа Конституция 1961 жылы КОКП-ның ХХП сьезінде қабылданған іс жүзінде орындалмайтын коммунизм құрудың негізгі үш міндетін тағы да алға тартты. Кемелденген социализм идеясы да бұл құжаттан қағыс қалмай, коммунизмге өтер жолдағы заңды белес деп танылды. Конституцияда "кемелденген социалистік қоғамға қуатты өндіргіш күштер, алдыңғы қатарлы ғылым мен мәдениет, шынайы демократия, жетілген қоғамдық қатынастар тән" деп көрсетілгенімен, "Кеңес қоғамының басты және бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы КОКП" екендігі арнайы 6-бапта атап өтілді. Осылай Компартияның бүкіл елдегі билігі конституциялық күшке ие болды. Қазақстан Компартиясы. КОКП сьездері болар алдындареспубликалық партия ұйымдары өз форумдарын өткізіп тұрды. Орталық өкілінің бақылауымен, жоғарыдан түскен нұсқаумен өткізілетін республика сьездері мен пленумдары да алдын ала шешіліп, пішіліп қойған мәселелерді талқылаған түр танытатын.
Бүкіл Кеңес Одағындағыдай Қазақстанда да компартия толық үстемдік жүргізді. Республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы, Жоғарғы Кеңес те, атқарушы билік Министрлер Кеңесі де толық партиялық бақылау аясында жұмыс істеді. Жоғарғы Кеңес сессиялары мен Министрлер Кеңесінің отырыстарында қандай мәселелерді қарау және қандай шешім қабылдау керек екендігін, халық шаруашылығын қай бағытта, қалай жүргізу қажеттігін, кадр мәселесін, кәсіподақтардың, комсомол ұйымының және өзге де қоғамдық ұйымдардың немен шұғылданатынын да компартия нұсқап, көрсетіп беріп отырды. Кеңестік жылдары республика партия ұйымының басшысы, шын мәнінде мемлекеттің басшысы міндетін атқарды.
Брежнев билікке келгеннен кейін, 60-жылдардың орта шеніндегі бетбұрыстың басты мазмұны мен негізгі бағытын шаруашылық реформасы айқындады. КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру дұрыс деп тапты. 70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құрылысы басталды. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор -- 2,5 есе өсті, республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады. Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971 - 1985 жылдар ішінде 28 ден 162 ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97 ден 610 ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7%-ы және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 %-ы ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді. Павлодар-Екібастұз, Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Шымкент-Кентау тәрізді ірі аймақтық-өндірістік кешендер дәл осы кезеңде, яғни 70-жылдардың басында тұрғызылды. 1981 - 1985 жылдар ішінде әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. Билеуші партиялық-мемлекеттік аппараттың біліксіздігі мен империялық пайымның безбүйректігі салдарынан еселене түскен директивалық жоспарлау республика экономикасына орасан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Арал өзінің балық өнеркәсібінен айрылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында сыртқы саясатта кеңес халқына қымбатқа түскен жаңсақ әрекеттерге жол берілді. Әскери күш-қуатты арттыруға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғая түсті. Ауғанстанның сол кездегі басшылары үсті-үстіне өтініш жолдап тұрғанымен, кеңес әскерінің 1979 жылдың желтоқсанында Ауғанстан жеріне енгізілуі қисынсыз әрі кеңес халқының мүдделеріне кереғар шешім болды. Бұл маңызды шешім Л. И. Брежнев бастаған кеңес басшылығының тар аясында ғана қабылданды. 1971 - 1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 миллиард сомнан астам күрделі қаржы жұмсалды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұдайы төмендеумен болды: ол IX бесжылдықта 13%-ға; XI бесжылдықта - 0,4%-ға дейін құлдырады. Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді. Азық-түлік бағдарламасын қабылдаған КОКП ОК-нің 1982 жылғы мамыр пленумы ауыл шаруашылығының, бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін мойындауға мәжбүр болды. Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей отырып, Азық-түлік бағдарламасы ауыл шаруашылығының да, оған қызмет ететін салалардың, көлік пен сауданың да жұмысын біріктіруге тиіс болды. Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірістің құлдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер нәтиже бермеді, өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.
2. М.С.Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік - экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды. Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер. 80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың қалдықты ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
3. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
Қазакстан КП Орталық Комитетінің 1960 жылы қаңтарда болған плеңумында республика партия ұйымының бірінші хатшысы болып Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сайланды. 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарған ол 1964 жылдан бастап қайтадан Қазақстан КП Орталық Комитетінің біңінші хатшысы болып, 1986 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
1978 жылы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төреағасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын бүкілхалықтық талқылауға ұсынды. Небәрі бір жарым
ай ішінде талқылау жүргізілген болды. Кеңес Одағының Конституциясына негізделіп жасалған бұл жобаның сыншыл рухта талқылануы мүмкін емес еді. Конституция жобасын негізінен қолдаған материалдар ұйымдастырылып жарияланғаннан кейін, Қазақстан Коммунистік партиясының мақұлдауымен, ол 1978 жылы сәуірдің 20-сында Жоғарғы Кеңестің кезектес тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті. Ұлттарды қосу саясатының идеологиялық негізделуі. 1980 жылдардың ортасына қарай КСРО экономикалық даму қарқыны бәсең, тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыру жағы орташа, әскери қуаты орасан мол, тұтас мемлекеттерді қирата алатын алып империяға айналды.
Ел ішінде дара билікке қол жеткізген коммунистік әкімшілік күшейген сайын өктемдікке басатын болды. Дүниежүзілік саясатта Ресейді аса қуатты әскери державаға айналдыру бағытында жанталаса қаруланып, өзге елдерге ықпалын күшейтуге ұмтылған КОКП басшылары ішкі саясатта Кеңес Одағы құрамындағы барлық ұлттар мен ұлыстардың мемлекеттік құрылымдарын жойып, оларды бір тілде сөйлетіп қоюға тырысты. Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Сталиннің тұсындағы басқару аппараты ұлтына қарамай көзін жою әдісі арқылы билік басында қалуды көздеген болса, хрушевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыданбір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық кеңес халқын жасау ниетін көздеді.
Марксизм-ленинизм идеяларынан бастау алған, келешекте мемлекеттің жойылатыны, ұлттардың қосылып кететіні туралы теориялар партияның бағдарламасынан мығым орын алды. Бұл догмалар коммунизм идеологтерінің түпкілікті мақсаттарына жету жолындағы әрекеттерінің теориялық негізін құрады. Мәселе бүл жерде тарихи үдерістің қанша мерзімге созылатындығында еді.
Билік иелері оны қалайда тездетуге тырысты. 1960 жылдары қолында күші бар министрліктерге сүйенген коммунистік партия ел ішінде дарабилігін орнатып, ұлттық құрылымдардағы кадр саясатын түгелдей өз қолына қаратқан болатын. Ол жылдары КОКП-ның стратегиялық бағытына ұйымдасқан түрде қарсылық көрсете алатындай саяси күш Кеңес Одағында жоқ еді.Коммунистік әкімшіліктің "ұлт мәселесінің толық және түпкілікті шешілгендігі", "халықтардың мызғымас достығы", "ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы мен бірігіп кетуі" туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz