Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы.

2. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.

Айтжанова Маржан 120ЖМ

1. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы . Саяси партия - мемлекетті басқаруға қатысатын, ортақ мақсат және идеямен жинақталған адамдардың одағы. Саяси партиялардың басты қызметі - қоғамның құқықтары мен таңдауын қарастырып, оны мемлекеттік шешімдер қабылдауда ескеру. Сонымен қатар партиялар билік басшысын таңдар кезде халықтың дауысын ескеріп, оларды ұйымдастырып, жұмылдырады. Осындай жұмыстар арқасында әрбір азаматтың таңдауы ескеріледі. Қорыта айтқанда саяси партиялар қарапайым халық пен мемлекет басшысының арасындағы ақпарат баспалдағы бейнесі.

Саяси партияларды үшке бөліп қарастыруға болады.

  1. Парламенттік партия. Маған парламенттік партия басқа партия түрлеріне қарағанда көбірек таныс секілді көрінеді. Мүмкін «Авангардтық», «Қауымдастық» партия деген сөздерге қарағанда парламент сөзін көп естігендіктен болар. Парламенттік партияның қызметі кәдімгі парламенттің қызметіне ұқсас. Парламентте әр қалалық жердің немесе аймақтардың ұсынылған органы, өз бақылауындағы аймаққа бақылау жүргізсе, парламенттік партияның қызметі парламентке бақылау жасау, сонымен қатар сайлауға дайындалу. Нақтырақ айтқанда парламенттік партия - бұл белгілі бір әлеуметтік заттардың мүдделерін білдіретін және белгілі бір саяси мақсаттарға жетуге ұмтылатын бірдей пікірлестердің ұйымдасқан тобы.
  2. Сайлау партиясы. Аты айтып тұрғандай олардың мақсаты үміткерлердің сайлау және олардың жағдайын, халықпен таныстыруды қарастыру. Қаржы жинау немесе халықты үгіттеу. Сайлаушылар партиясы - бұл федералды заңға сәйкес сайлауға қатысуға құқылы саяси партия, сондай-ақ федералдық заңға сәйкес сайлауға тиісті деңгейде қатысуға құқығы бар саяси партияның аймақтық филиалы немесе басқа құрылымдық бөлімшесі. Муниципалдық құралымдардың өкілетті органдарының депутаттарын сайлау бір депутатты сайлау немесе көп депутатты сайлау округтерде өткізілген кезде, муниципалдық құрылымдардың басшылары тек партиялар ғана емес, сонымен бірге басқа қоғамдық бірлестіктер де сайлау бірлестігі бола алады.
  3. Бұқаралық партиялар. Олар қазіргі таңда өте көп, олар мүшелік төлемдермен қаржыландырылады. Олар нақты мүшелерінің болуымен ерекшелінеді. Бұқаралық партиялар өте ұйымдасқан күйде және қатаң тәртібі бар болады. Олардың мақсатыы өздерінің мүшелерінің санын көбейту болғандықтан (мүшелерден түсетін көлем мөлшерін көбейту мақсавтында) осы салада кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Егер парламенттік немесе т. б. партиялар халықты жұмылдыруға ұмтылса, бұқаралықтар - өз партиясына халықтың көп мөлшерін кіргізу немесе мүше ретінде қабылдау үшін жұмыс жасайды.

Бұл келтірілген ақпараттарым партиялардың қандай қызмет атқаратынынына негізделген. Және олардың негізгі мақсаттары мен міңдеттері, жұмыстары қарастырылған. Бұдан бөлек партиялардың функциялары бар. Нақтырақ айтқанда төрт нақты функциясы:

  1. Теориялық функция: қоғамның даму перспективаларының жай-күйін және теориялық бағалауын талдау. Қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау және қоғамның жаңаруы үшін күрес стратегиясы мен жоспарын жасау. Және сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізу.
  2. Идеологиялық функция: бұқара арасында ақпаратты тарату және олардың дүниетанымын және адамгершілік құндылықтарын қорғау. Олардың мақсаттары мен саясаттарын алға жылжыту. Азаматтарды партияның қатарына қосылуға шақыру және мүше ретінде қабылдау жұмыстарын жүргізу.
  3. Саяси функция: билік үшін күрес, ішкі және сыртқы саясатқа қатысу, сайлау алдындағы бағдарламаларын жүзеге асыру, сайлауға қатысты жоспарты әзірлеу, қалыптастыру және әрине оны жүзеге асыру.
  4. Ұйымдастырушылық функция: бағдарламалық қондырғылар мен шешімдерді енгізу. Сайлау науқандары, сайланбалы қызметтерге үміткерлерді, үкіметке, орталық және жергілікті басшылыққа ұсыну үшін кадрларды таңдау.

Бұлардан бөлек партиялардың қосымша функциялары бар. Мысалға айтатын болсақ:

  1. Прагммалық немесе жоспарлы функция. Оның басты қызметі билік үшін күреспен емес, ең алдымен оны басқарумен және ұстап қалумен байланысты. Мысалы билікті заңды түрде иемденген кезеңнен бері оны сақтау үшін немесе шебер пайдалану, үздік билік ету жолдары туралы жұмыс жасау. Яғни жаңа сайлауда жеңілмеу жолдарын қарастыру.
  2. Азаматтардың саяси әлеуметтену функциясы. Бұл функция аты айтып тұрғандай азаматтардың саяси білімі мен дайындығы, саяси және билік процестеріне қатысу қасиеттері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларға белгілі бір шартты конституциялық көзделген және заңмен бекітілген іс-әрекеттер мен қадамдардың көмегімен ықпал ету жағдайларын қалыптастыру.
  3. Әлеуметтік интеграция функциясы - демократиялық ұйымдасқан қоғамдағы кез-келген партия билікке тек сайлауда көпшіліктің дауысына ие болу арқылы ғана келе алатындығына байланысты, ол сөзсіз халықтың ең көп бөлігін өзінің бағдарламасын таңдауға негізделген.

Негізі партиялардың функциялары өте көп. Және олардың әрқайсысының маңызы бар. Қазіргі таңда біздің Республикамызда «НұрОтан», «Ақ жол», «Қазақ халық коммунистік партиясы», «Бірлік», «Азат», «Ауыл» және т. б партиялар бар.

Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып кетсем. Бірінші НұрОтан партиясынан бастайын. Партия Қазақстандағы жетекші партиялардың бірі болып табылады. Ол 1999 жылы 1 наурызда құрылған. Ол мемлекет басшысының негізге жарғыларын іске асыруға қатысады. НұрОтан партиясының негізгі мақсаттарына тоқталып кетсек.

Отбасы. НұрОтан партиясының жоспарына сенсек оның басты мақсаты Қазақстандағы отбасылардың жағдайын жақсарту. Олар «Біздің басты құндылығымыз - Адам», - дейді. Олардың отбасы жағдайына жасалатын жұмыстарының қатарынан көп балалы отбасыларға бөлек грант пен несие бөлу деген жолды байқап қалдым. Осы жолға тоқталып кетсем, мен 2020 жылғы мектеп түлегімін және менің сыныбымды көп балалы отбасы балалары болды. Мектеп бітірген уақытта олар ҰБТ - ті тапсырғаннан кейін, грантка үміткер ретінде құжат тапсырған кезде нақты жеңілдіктер туралы ақпаратты толық ала алмады. Мүмкін партия шыныменде грант бөлген шығар, себебі, осыдан бір жыл бұрын бірнеше мектеп түлектерінің төмен баллмен грант алғанын естігенмін. Бірақ менің білуімше ол гранттар, аймақ әкімінен бөлінген. Сонымен менің жасағым келген тұжырымымдамам жоспарда көп балалы отбасына қолдау үшін гранттар немесе несие бөлінетіні жайлы айтылғанымен ол жұмыстар толық жасалмаған, ал жасалған жағдайда халық толық ақпараттандырылмаған. Сонымен қатар НұрОтан партиясының мақсаттарының қатарынан Отандық экономиканы технологиялық жаңғырту және цифрландыру, зинетақымен қамтамасыз ету жағдайларын жақсарты, жоғары инновациялық біліммен қамтамасыз ету, әр азаматтың жарқын болашағын кепіл қылу, білім беруші мамандардың жаңа деңгейге шығару және т. б. пунктарды көруге болады.

Қазақстан коммунистік партиясы. Олардың негізге мақсаттарының бірі ауыл шарушылығымен айналысатын шаруалардың жерді сатып алуы емес жермен тегін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар басқа мемлекетке жалға берілген кен орындарын мемлекетке қайтарып алу, себебі, жһбіздің жеріміздің байлығы тек қазақ халқының мүдддесі. Мен бұл оймен толық келісемін. Сонымен қатар бұл партия кезек азамат қоғамынының институттарын дамыту және нығайту, бұқара халықты мемлекетті басқаруға кеңінен тарту мақсааттарын ұстанады. Олардың қарастыратын жұмыстары Дінге тікелей байланысты. Коммунистік партия толық діни тәуелсіздікті қолдайды. Олар халық кез-келген дінді ұстануға немесе ешқандай дінді ұстануға міндетті емес деген ойда. Желідегі ақпараттарға сенсек, парти төмендегідей жұмыстарға қатысуды жоспарлауда:

- заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға қатысу;

- интернационалдық бауырмалдық пен халықтар достығын нығайту;

- жастарда патриотизм сезімін, өз халқының тағдырына қатыстылық сезімін тәрбиелеу

- ғылыми социализм идеяларын, маркстік-лениндік ілімді және прогресшіл қоғамдық ойды насихаттау;

- қоғамның саяси өміріне қатысу, партияның бағдарламалық мақсаттарын бөлісетін Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси қалауын қалыптастыру және іске асыру;

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары белгілі. Бұл заң 2002 жылы 15 шілдеде қабылданды. Оған нақтырақ тоқталатын болсақ.

  1. Саяси партиялар заң алдында бiрдей. Яғни заңда бекітелген барлық ережелер барлық партияға ортақ. ЗАңды бұзушылық болған жағдайда кез-келген партия заңда бекітілгендей жазаланады. Ешқандай партияны бөліп жазаны жеңілдетуге жол берілмейді.
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандығы. Яғни кез келген азамат саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар. Ол өз қалауымен партияға дауыс бере алады немесе мүшесі бола алады.
  3. Тек бір партия. Қазақстан Республикасының азаматы тек қана бiр саяси партияға мүше болып тек сол партияда жұмыс атқара алады. Бұл қоғамдағы тепе-теңдік үшін маңызды.
  4. Құқық. Азаматтың саяси партияға мүше болғандықтан Қазақстан Республикасы азаматының құқықтарына нұсқан келтіруге болмайды. Партяи мүшесі де қарапайым азамат құқықтарыне ие. Және олардың бостандықтарын шектеуге партия мүшесі болуы негiз бола алмайды.
  5. Әркімнің өз таңдауы. Кез-келген азамат өзiнiң қандай партия мүшесі екендігін, және партияда мүшелігін көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

Сонымен қатар бұл қабылданған заңда партияны құру, тарату, немесе қайта құру ережелері, партиялар мен мемлекет, партия мен халық арасындағы байланыс, партия құқығын қорғау заңдары, партияға бөлінетін бюджет барлығы қарастырылған. Және заңды түрде бекітілген. Мен жоғарыда бұлардың маңыздыларына тоқталып кеттім.

2. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.

Жалпы ақпараттық саясат дегеніміз не? Ақпараттық саясат ақпараттық желіні дамытуға негізделген мемлекет органдарының атқарылатын жұмыс. Бұған БАҚ, ғылыми, іскерлік, хабарламалық, ақпараттарды жасау оны тарату, сақтау немесе дұрыстау, өндеу барлығы жатады. Қазіргі таңдай ақпараттық саясаттың негңзгң мақсаты БАҚ дамыту мақсатында, жаңа технологиялар, компьютер, интернет желісі, ақпаратты цифрлау жұмыстарында негізделген. Ақпараттық саясаттың өзікдік мақсаттары бар. Олар:

  1. Қолжетімділік. Егер ақпарат бәріне бірдей қолжетімді болмаса, онда оның пайдасы неде? Бұл мақсаттың негізі ақпараттың ешкімге зиянсыз, артық шығымдарсыз бәріне бірдей жеткізілуі.
  2. Жылдамдық. Ақпараттың дәл уақытында жеткізіліу. Мемлекеттен шығатын жаңалықтар өте маңызды болуы мүмкін. Және осы сәтте ақпараттың бәріне жылдам кешіктіруілдерсіз жеткізілуі маңызды.
  3. Дұрыс ақпарат. Кез-келген үлкен немесе кіші қателіктердің әсерінен ақпараттың жеткізу мәнері бірден өзгертіліп кетуі мүмкін. Сондықтан ақпарат жалпа ортаға таныстырылмастан бұрын көптеген тексеріс жұмыстарынан өтеді. Сонымен қатар ақпарат көзінің сенімділігіде маңызды. Қазіргі таңдай көптеген жалған яғни дұрыс емес ақпараттар шығарылуды. Олардың қайсысына сеніп, қайсысына сенімсіздікпен қарауды дұрыс таңдау мүмкін емес. Сондықтан да ақпараттық саясаттың басты халық алдындағы міндеті барлық ақпаратпен міндетті түрде халықпен бөлісу деп түсінемін. Еген де мемлекет басшылары мен халық арасында жасырын ақпараттар болса мемлекет халықтың сенімінен айырылып, халық дұрыс емес ақпараттарға сенуіне жағдай туады.
  4. Толықтылығы. Ақпараттың толықтығы қызметтік, жұмыс жасау, халыққа қолжетімділігін және т. б. ақпараттардың толық берілу мақсатымен сипатталады. Тек ақпарат толық болған жағдайда ғана ол бәріне мәлім әрі түсінікті болмақ.

Ақпараттық саясаттың мақсаттары көп. Төбеде келтірілгендері оның ішіндегі ең маңыздылары. Енді ақпараттық саясатты құрайтын пунктерге тоқталып кетсек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партия ұғымы
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Партиялар типологиясы
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz