МӘДЕНИ МҰРА


МӘДЕНИ МҰРА
Айтжанова Маржан 120 ЖМ
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Бағдарлама бойынша ұлттық ойдың, мәдениеттің озық туындыларын жинап қайта зерделеп, жас ұрпаққа тарту ету, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениеттің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды. Қомақты қаржы бөлініп, ұзақ мерзімге шаралар жоспарланды. Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылды. Бірінші кезең 2004-2006 жылдары екінші кезең 2007-009 жылдары. Бағдарлама барысында ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 85 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті және қалпына келтірілді. АҚШ-та, Жапонияда, Түркияда, Ресейде, Арменияда, бірқатар Батыс Еуропа елдерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа қатысы бар 5000-ға жуық деректер жиналды. Бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мәдени-ағартушылық мекеме қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы құрылды. Атқарылған жұмыстар жайлы төменде толығырақ тоқталып кетемін.
Бағдарламаның негізгі мақсаты төмендегідей болды:
1. Елдің мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи сәулет ескерткіштерін толық зерттеп, жойылып кеткендердің археологиялық қалдықтарын табу арқылы қалпына келтіру.
2. Елдің рухани мәдениетін дамыту. Ескі, бүгінге дейін жетпеген немесе жойылып-жоғалып кеткен кітаптарды, еңбектерді қайта қалпына келтіру, немесе аз данадағы мәдени-тарихи кітаптардың көшірмелерін көбейту. Ұлттық әдебиет пен жазулар үогілерін қалыптастыру арқылы рухани мәдениетті дамыту.
3. Халыққа білім беру саласын дамыту. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша еліміздің мәдениетін жандаңдыру мақсатында, ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру жүйесін қамтамасыз ету.
4. Мәдени мұраны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Мәдени ескерткіштер мен сәулет өнерінің ғасырлар бойы сақталған туындыларының тиімді пайдалану. Нақтырақ айтқанда Айша бибі, Бабаджа қатын, Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт ата және т. б. құнды ескерткіштерді туризи бағытын қолдану. Ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы түсірілген «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» сынды «Казахфильм» АҚ киностудиясының туындыларын кино индустриясын дамытуда қолдану. Бұндай деректі фильмдердің саны жиырмадан асады. Тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты мемлекеттің мәдени мұра бағдарламасы аясында шығарылған кітаптарды басқа мемлекеттерге еліміздің әдеби шығармалары ретінде таныстырып, әдебиетімізді алдыға жылжытуды қолдану.
Соңғы аталған мақсат толығымен орындалды деп айтуға болады. Себебі, бағдарлама аясында 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың ішінде «Бабалар сөзі» кітабы Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылық ретінде таныстырылды. Сонымен қатар «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары да әлемдік әдебиетте қазақ халқының туындысы ретінде кездеседі.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
1. Мәдени мұраларды зерделеудің түтастай жүйесін (мәдени ескерткіштер, халықтың салт-дәстүрі, қазақ тілі және әдебиет т. б. ) жасау, ежелгі және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қоррандарға археологиялық эерттеулер жүргізу. Осы жерлерде тарихи мұражайлар мен қорлар құру және оларды туристік орындарға еңгізу
2. Қазақстанның тарихы және мәдениеті туралы ғылыми білім-білікті кеңінен насихаттау
3. Тарих ғылымының теориялық проблемаларын және зерттеу жұмыстарына кедергі келтіретін проблемаларды шешу жолдарын қарастыру.
4. Ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті басылымға шығару. Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің томдарын жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмысты жүзеге асыру;
5. Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау жайлы ұтымды құрылымды құру туралы шешімдерді қабылдау.
6. Бағдарламалар мен жобаларды іске асыру міндетін атқаратын ұйымдар мен басшылықтың жұмыстарын қадағалау.
7. Мемлекеттің мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектісі ретінде Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
8. Мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгілерін, әлемдік ғылыми ой-сананың жетістіктерін дайындау және басып шығаруды жүзеге асыру арқылы көзделеді.
Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары болып саналады. Яғни саналған. Мәдени мұра бағдарламасы - жай ғана бағдарлама емес, стратигиялық ұлттық жоба. Жобаның мақсаттары мен бағыттарын қарастырғаннан кейін, күтілген нәтиже туралы айтып кетсем.
Бағдарламаны іске асыру барасында халықтың рухани-білім беру және мәдени деңгейінің көтерілуі керек болды. Жас ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал ету күтілді. Ақпараттық көздерге сүйенетін болсақ, бағдарлама нәтижесінде:
1. Тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылуы;
2. 32 ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізілуі;
3. Мәдени инфрақұрылым кеңейтілуі;
4. Тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі қызмет жандануы;
5. Мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін жасау жөнінде шаралар іске асырылуы;
6. Ұлттық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты жананда қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған, мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау және қалпына келтіру жөніндегі орталық, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшін айрыңша мәні бар мұражай қорын қалыптастыру мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуы;
7. 16 бағыт бойынша түрлі кітаптар дестелері шығарылуы;
8. Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны - мүсін-тас түрғызылуы;
9. Деректер базасы жасалуы, ЮНЕСКО-ның күнілгері тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленуі;
10. Елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы музыканттардың фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшірілуі, -керек болған.
Енді Мәдени мұра бағдарламасы барысында атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсем.
1. Зерттеу жұмыстары. Бағдарлама қабылданған уақыттан бастап, 78 мәдени ескерткішке қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуі керек болды. Оның алғашқы 65 пайызы бірінші кезеңде (2004-2006) жылдары, 35 пайызы 2008-2011 жылдары өңделді. Жүргізілген жұмыстар бойынша 40 археологиялық зерттеу жұмыстары, 26 қолданбалы ғылыми жұмыстар жүргізіліп аяқталған. Зерттеу барысында тарихи ескерткіштердің жергілікті 11277 нысан, республикалық 218 нысан еңгізілген тізім қабылданған. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. Зерттеу жұмыстары барысында Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды.
2. Білім беру саласында. Қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі. Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz