Сыртқы жыныс ағзаларын карау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Стандарт "Сыртқы жыныс ағзаларын карау
Мақсаты:сыртқы жыныс ағзаларының жағдайын анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло,бір рет қолданыста болатын қолғаптар,жеке жаялық
Іс-әрекет алгоритмі:
Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз;
Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне жатқызыңыз(аяғын,тізе,жамбас,сан буынында бүгіп,бұтын ашып);
Бір рет қолданылатын қолғапты киіңіз
Сыртқы жыныс ағзаларын,қасағаны қараңыз.
Сол қолдың I,II саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып кезекпен қараңыз; шүртіні,уретраны,қынапқа кіре берісті,бартолин бездерін,артқы жабысқақты және аралықты.
Оң қолдың I,II саусағымен үлкен ернеудің төменгі бөлігін оң жағынан сипалап одан кейін сол қолдың I,II саусағымен сол жағын сипалап бартолин бездерін анықтаңыз;
Әйелдің тұруын сұраныз;
Бір рет қолданыста болған колғаптарды шешіп,инфекцияның алдын-алу шараларының ережесіне сәйкес тастаңыз;
Қолыңызды сабынмен жуыңыз;

2. Стандарт. "Айнамен қарау"
Тексеру мақсаты: қынап пен жатыр мойнын қарап бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айна, 1 рет қолданылатын резеңке қолғап, жеке жаялық.
Іс-әрекет алгоритмі:
Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз
Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызыңыз
Қынап пен жатыр мойнын қарау үшін жарықпен қамтамасыз етіңіз.
1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
Стерилденген үстелден гинекологиялық айнаны алыңыз, оң қолға қасық тәрізді айнаны алып, сол қолдың 1-2 ші саусақтармен үлкен жыныс ернеулерін ашып, қынаптың артқы күмбезіне дейін еңгізіңіз, қынаптың артқы бөлігін айнамен басып (үстіңгі бөлігін босату үшін) және қасықтық айнаны сол қолға ауыстырыңыз. Оң қолмен қынаптың үстіңгі бөлігіне көлденең өлшеммен көтергішті енгізіп, жатыр мойнын және қынапты тексеріңіз. Сол қолмен жыныс ернеулерін ашып, 2 жақтаулы айнаны қырымен қынапқа еңгізіңіз, сосын бұрыңыз, айнаны ашып қынап пен жатыр мойнын ашып тексеріңіз.
Қарау барысында: қынаптың шырышты қабатының түсіне, бөліндінің сипатына, патологиялық процестің бар, жоқтығына, жатыр мойнының шырышты қабатының түсіне, патологиялық процеске, жатыр мойнының пішініне, түріне, сыртқы мойын тесігіне мән беріңіз.
Айнаны қынаптан алыңыз және дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
Әйелге тұруын өтініңіз.
1 рет қолданылатын резеңке қолғапты шешіп, профилкатикалық инфекциялық ережесіне сәйкес шешіп, тастаймыз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

3.Стандарт Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу
Мақсаты: микроскопиялық тексеруге материал алу.
Ресустар: гинекологиялық кресло, гинекологиялық айналар, фолькман қасықшасы немесе зонд, әйнек, лабораторияға жолдама,бір рет қолданатын қолғаптар, жеке жөргек.
Іс-қимыл алгоритмі:
1. Әйелге осы тексерудіңқажеттілігінтүсіндіріңіз.
2. Әйелдігинекологиялық креслоғажөргектөсепжатқызыңыз.
3.Жатыр мойын қарауғажеткіліктіжарықпенқамтамассы зетіңіз.
4.Бір рет қолданатынқолғап киіңіз.
5. Құралдарды дайындаңыз: гинекологиялық айна, фолькман қасықшасы,әйнек.
6.Гинекологиялық айнаны енгізіңіз.Фолькман қасықшасымен немесезондпен қынаптың артқы күмбезінен бөлінді алып әйнекке жағыңыз.
7. Қынаптан гинекологиялық айнаны абайлап шығарыңыз да, 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз. Егер бір рет қолданатын айна қолдансаңыз, оны контейнерге салыңыз.
8. Әйелдің тұруын өтініңіз.
9. Бір рет қолданатын қолғапты шешіңіз, инфекцияның алдын алу ережесін сақтай отырып тастаңыз.
10.Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
11.Жолдама жазыңыз:
- кабинет номері
-аты-жөні, тегі
- жасы
- жұмыс немесе оқу орны
- жағынды не үшін алынды (қыныптың тазалық дәрежесіне жағынды)
- күні
- акушерка немесе дәрігердің қолы.
12. Жағындыны лабораторияға жіберіңіз.

4. Стандарт. Бимануальды тексеру
Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.
Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.
Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.
Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.
1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.
Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).
Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.
Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.
Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.
Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.
Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.
Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.
Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.

5 Стандарт. Сыртқы жамбас өлшемдерін өлшеу
Тексеру мақсаты: Тар жамбасты анықтау.
Құрал жабдықтар: Кушетка, жаялық, жамбас өлшегіш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Әйелге бұл зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз.
2. Әйелді арқасымен аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.
3. Әйелдің оң жағына бетіне қарап тұрыңыз.
4. Жамбас өлшегішті сандық шкала жазылған жағын үстіне қаратып, үлкен және сұқ саусағыңызды жамбас өлшегіштің түймелеріне жайғастырыңыз.
5. Сұқ саусағыңызбен өлшейтін жерді анықтап, жамбас өлшегіштің түймелерін өлшейтін жерлерге қойып, сандық шкала бойынша табылған өлшемді жазыңыз.(Қалыпты жағдайда
25-26см).
6. Мықын сүйегінің үстіңгі өсінділерінің аралығын өлшеу үшін жамбас өлшегіштің ұштарын мықын сүйегінің алдыңғы үстіңгі өсінділеріне қойып өлшеңіз. (Қалыпты жағдайда 25-26см).
7. Мықын қанаттарының аралығын өлшеу үшін жамбас өлшегіштің ұшын мықын қанаттарының шығыңқы нүктелеріне қойып өлшеңіз.(Қалыпты жағдайда 28-29см).
8. Ортан жіліктің ұршық аралығын өлшеу үшін ортан жіліктің ұршық аралығының шығыңқы нүктесін тауып, жамбас өлшегітің ұшын қойыңыз. (Қалыпты жағдайда 30-31см).
9. Сыртқы конъюгатаны өлшеу үшін - әйелді қырымен, астыңғы аяғын жамбас сан буынында бүгіп, үстіңгі аяғын созып жатқызыңыз. Жамбас өлшегіштің бір ұшын симфиздің үстіне, екінші ұшын сегізкөз ойысына қойып өлшеңіз. (Қалыпты жағдайда 20-21см).
10. Нақты конъюгатаны (conjugata vera) табу үшін сыртқы конъюгата өлшемінен 8-10см алып тастаңыз.
11. Қолыңызды жуыңыз.
12. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеңіз.
13. Жамбас өлшегішті дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз.

6. Стандарт ``Диагональді коньюгатаны өлшеу ''.

Зерттеу мақсаты: жамбас тарлығының дәрежесін анықтау
Керекті құрал - жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық,сантиметрлік лента, жамбас өлшегіш және бір рет қолданыста болатын қолғаптар
Іс-әрекет алгоритмі:
Әйелді зерттеу жүргізетіндігі туралы және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.
Жаялықтың үстіне гинекологиялық креслоға әйелді шалқасынан жатқызыңыз.
Қолға стерильденген қолғап киіңіз.
Сол қолдың бірінші, екінші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың екінші, үшінші саусағын біртіндеп қынапқа енгізіңіз.
Оң қолдың үшінші саусағын сегізкөздің мүйісіне тіреп, сол қолдың сұқ саусағын оң қолдың шат сүйегіне түйіскен жеріне қойып ұстаңыз.
Сол ұстаған күйі саусағыңызды қынаптан шығарыңыз.
Ассистенттің көмегімен белгіленген аралықты сантиметрлік лентамен немесе жамбас өлшегішпен өлшеңіз. Қалыпты жағдайда бұл аралық 13 см тең. Нақты коньюгатаны табу үшін өлшеген өлшеммен 2 см шегеру керек.
Инфекцияның алдын алу шараларының ережелерін сақтай отырып қолыңыздағы қолғапты шешіп, тастаңыз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Сантиметрлік лентаны және жамбас өлшегішті дезинфекциялықерітіндімен залалсыздандырыңыз.
Медициналық құжатқа нәтижесін жазыңыз.

7. Нақты коньюгатаны анықтау
Нақты коньюгатаны анықтау .
Мақсаты: тар жамбасты анықтау.
Нақты коньюгатаны(conjugata vera) сыртқы және диагональді коньюгата арқылы табуға болады.
Сыртқы коньюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі-ішкі тік өлшемді(conjugata vera) анықтауға болады.Мысалы, сыртқы тік өлшем 20см болғанда, одан 9см-ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11см-ге тең. Диагональді коньюгатадан 1,5-2см алып тастаса нақты коньюгатаны анықтауға болады.

8. Стандарт. Соловьев индексін өлшеу
Тексеру мақсаты: Жамбас сүйегінің қалыңдығын анықтыуға негізделген.
Құрал жабдықтар: Сантиметрлік лента.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексеру жүргізілетінін ескертіңіз.
2. Орындыққа отырғызыңыз
3. Стерильді сантиметрлік лентамен әйелдің білезік айналымын өлшеңіз.
4. Алынған нәтижені белгілеңіз.
5. Қолыңызды жуыңыз.
6. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеңіз.

Ескерту:Солавьев индексі бойынша нақты конъюгатаны анықтау.
-Соловьев индексі 14см төмен болғанда сыртқы конъюгтадан 8см-ді алып тастаңыз, диоганальлды конъюгатадан 1,5см алып тастаңыз.
-Соловьев индексі 14-15см болса сыртқы конъюгатадан 9см алып тастаңыз, диоганальды конъюгатадан 1,5см-ді алып тастаңыз.
-Соловьев индексі 15см көп болса сыртқы конъюгатадан 10см алып тастаңыз, диоганальды конъюгатадан 2см алып тастаңыз

9. Стандарт Жүктілерден анамнез жинау схемасы
Төл құжат мәліметі.
Бала және үлкейген кезіндегі ауырған аурулары, олардың ағымы.
Тұқым қуалаушылық.
Еңбек және үй жағдайы.
Эпидемиологиялық анамнезі.
Аллергиялық анамнезі.
Акушерлік - геникологиялық анамнезі, етеккір циклі (етеккір келген жасы, қалыптасу ерекшелігі, ұзақтығы, ауру сезімі, етеккірдің реттілігі, етеккір кезіндегі қан шығыны, соңғы етеккірі);
Жыныстық қатынаста (қай жасынан, некеде тұрама);
Гинекологиялық аурулары (қашан, қандай, ағымының ерекшелігі мен ұзақтығы, алған емі, емінің нәтижесі);
Туу қызметі - алдыңғы жүктіліктің саны, олардың ағымы мен қалай аяқталғандығы (жасанды және өздігінен түскен түсіктердің, босанудың);
Қазіргі жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартылығында, емханада, ауруханадағы алған емі);

10. Стандарт."Сыртқы акушерлік зерттеулер"
( Леопольд- Левицкидің әдістері)
Тексеру мақсаты: жатырдағы ұрықтың орналасуын анықтау.
Құрал- жабдықтар: кушетка, фантом, қуыршақ
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексеруді жүргізу мақсатын түсіндіріңіз.
2. Жүкті әйелді арқасымен аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.
3. Кушетканың оң жағына жүкті әйелге бетпе-бет отырыңыз.
4. 1- ші тәсілді жүргізіңіз.
Жатырдың деңгейін оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайсыз. Ол үшін 2 қолды алақан жағымен жатыр түбіне орналастырып саусақтарды жақындастырмай, жатырдың деңгейін, баланың ірі мүшесін анықтайсыз.
5. 2-ші тәсілді жүргізіңіз ол үшін екі қолыңызды жатыр түбінен кіндікке қарай ығыстырып, жатырдың бүйіріне қойыңыз, қолмен сипап, оның жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтайсыз. Арқасы сол бүйіріне қарап орналасса бірінші позиция, оң бүйіріне қарап орналасса екінші позицияда жатқанын анықтайсыз.
Арқасы алдыңғы жатыр қабырғасына қарап жатса алдыңғы түрі, артқы қабырғаға қарап жатса артқы түрі екендігін анықтайсыз.
6. 3-ші тәсілді ұрықтың ірі мүшесін анықтау үшін жүргізіңіз. Ол үшін оң қолды бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырып, бірінші және сұқ саусақпен ірі мүшені ұстап, бас әлде жамбас екендігін анықтаңыз. Бас болса ол қатты, дөңгелек, қозғалмалы болады.
7. 4-ші тәсілдің ұрықтың ірі мүшесінің кіші жамбас астауына қатынасын анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін әйелдің аяғына қарап тұрыңыз. Екі алақаныңызды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, саусақтарыңыздың ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете жылжытып отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтаңыз.

11. Стандарт Акушерлік стетоскоптың көмегімен ұрықтың жүрек соғысын тыңдау
Зерттеу мақсаты: Ұрықтың жүрек соғысының жиілігін және тонын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Акушерлік стетоскоп, секундомер, кушетка.
Іс-әрекет алгоритмі:
Жүкті әйелге тексеру жүргізілетіндігін ескертіңіз.
Жүкті әйелді кушеткаға аяғын созып арқасымен жатқызыңыз.
Леопольд тәсілінің көмегімен ұрықтың жатуын, позициясын, түрін анықтаңыз.
Жүрек соғысын ұрықтың арқасы жатқан жақтан стетоскопты алдыңғы іш қабатына тығыз тіреп, тыңдаңыз. Ұрықтың жүрек соғысы жақсы естілген жерді тапқанша, стетоскопты жылжытып отырыңыз.
Ұрықтың 1 минутттағы жүрек соғысын санаңыз. (120-160)
Сонымен қатар жүкті әйелдің тамыр соғысын есептеңіз (ұрықтың жүрек соғысы деп қалмау үшін).
Алынған нәтижені белгілеңіз.
Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Стетоскопты дезифекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
Алынған нәтижені медициналық құжатқа жатқызыңыз.

12.Стандарт Босану жолдарын айнамен қарау.
Мақсаты: босанғаннан кейінгі жарақаттар диагностикасы.
Ресурстар: босану кереуеті, заламыздан құралдар:қайшы, босанғаннан кейінгі
айналар, қысқыштар, мен ұстағыш, хирургиялық инелер, тігу материалдары,
анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, корнцангтер, антисептик
ерітіндісі (1% йодонат ерітіндісі немесе 2% йод ерітіндісі), залалсыздан
жаялық, залалсызданған қолғаптар, залалсызданған мақта тампондары.
Іс - әрекет алгоритмі:
1. Босанған әйелге зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз
2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеңіз.
3. Босанған әйелдің жамбасының астына залалсыздан жаялық төсеңіз.
4. Босану пакетінен босанғаннан кейінгі жалпақ айналарды алыңыз.
5. Айналарды бірінен кейін бірін енгізіп жатыр мойнын ашыңыз.
6. Айнаны ассистентке ұстатып екі қысқыштың көмегімен 12 сағаттан бастап сағат
тілі бойынша жатыр мойнының шеттерін қарап шығыңыз (жатыр мойнының
жыртылуын анықтау үшін, егер бар болса жыртылу қай жерден басталады және
ұзындығын анықтаңыз).
7. Айнаны шығарып жатып қынаптың қабырғаларын муқият қараңыз. Жыртылу
анықталса оның дәрежесін анықтаңыз.
8. Мақта тампондарының көмегімен сыртқы жыныс мүшелерін, артқы жабысқақты,
аралықты қарап шығыңыз.
9. Аралық, қынап, жатыр мойнының жыртылуы анықталса, оларды асептика және
антисептика ережелерін сақтай отырып және ауырсыздандыру әдістерін қолданып
тігіңіз (стандарттарды қараңыз).

13. Стандарт Жүктіліктің мерзімін анықтау
Мақсаты: Жүктіліктің мерзімін анықтау.
Әзірле: Геникологиялық кабинетті жабдықта.

Соңғы етеккірдің бірінші күнінен зерттеу жүргізген күнге дейін, күнтізбенің көмегімен апта санын есептеңіз.
Ұрықтың бірінші қимылдаған күнінен күнтізбенің көмегімен апта санын санаңыз. Сол санға бірінші тумаларға 20 апта, босанған әйелдерге 18 апта қосыңыз.
12 апталық жүктілікке дейінгі бимануалды зерттеудегі жүктілік мерзіміне зерттеу жүргізгенге дейінгі жүктіліктің апталығын қосыңыз.
Жүкті әйелге УДЗ жүргізіңіз.
Жүктілік мерзімін, жүктіліктің үлкен айлығында жатырдың ұзындығы бойынша анықтаңыз:
16 аптада-12см (симфиз бен кіндіктің ортасында)
20 аптада-16см (кіндіктен 2 саусақ төмен)
24 аптда-20см (кіндік тұсында)
32 аптада- 20см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)
36 аптада- 28см (қабырға тұсында)
40 аптада-28-32см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)
Нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз.

14. Стандарт Болжамалы босану күнін және туғанға дейінгі декреттік демалыс беруді анықтау.
Босану күнін анықтауда жүктілік мерзімін анықтағандай анықтайды және ескере отырып жүктіліктің орташа мерзімінде 280 күн 40 аптаға созылады.
Босану күнін анықтау үшін негеле формуласы қолданылады. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа шегеріп анықталған нәтижеге 7 күн қосасыз.
Қазіргі уақытта туғанға дейінгі декреттік демалыс жүктіліктің 30 аптасында беріледі 126 күнге. Көп ұрықты жүктілікте 28 аптада 180 күнге беріледі.
Босану асқынған әйелдерге қосымша 14 күн беріледі.
30 аптаға дейін тірі бала босанса, туған мекемеден туғаннан кейін 156 күн декреттік демалыс беріледі. Бала өлі туылған жағдайда немесе ол туылғаннан кейінгі 7 күнге дейін өлсе, туғаннан кейінгі декреттік демалыс 86 күн.
Радиактивті зақымдалған аумақтарда тұрған әйелдерге туғанға дейінгі декреттік демалыс 90 күнге, ал туғаннан кейін 70 күнге беріледі.
Жаңа туған баланы асырап алған жағдайда туылған жердегі мекемеден туғаннан кейінгі декреттік демалыс 70 күнге беріледі.



15. Стандарт "Іш шеңберін жатыр деңгейін өлшеу"
Зерттеу мақсаты: жүктіліктің өсу динамикасын, жатыр деңгейін қайта өлшеу нәтижесінде ұрықтың болжамалы салмағын анықтау.
Құрал-жабдықтар: сантиметрлік лента, кушетка
Іс-әрекет алгоритмі:
Жүкті әйелге зерттеу жүргізетіндігін және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.
Жүкті әйелді аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.
Сантиметрлік лентаны алдынан іштің кіндік деңгейіне, артынан бел тұсына қойып, өлшеңіз.
Нәтижесін белгілеңіз.
Сантимерлік лентаны іштің ортаңғы сызығының бойымен бір ұшын симфиздің жоғарғы тұсына, екінші ұшын жатырдың ең жоғарғы жеріне қойып өлшеңіз.
Анықтаған өлшемдерін белгілеңіз.
Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Анықтаған нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз.

16. Стандарт Ұрықтың болжамалы салмағын анықтаңыз
Құрал-жабдықтар: жамбас өлшегіш, сантиметрлік лента, кушетка, таразы, бой өлшегіш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Жүкті әйелдің жатыр ұзындығын, іш айналымын, бойын, салмағын анықтаңыз.
2. Джонсон әдісі арқылы анықтаңыз. Джонсон формулсы бойынша баланың салмағы (жатыр ұзындығы-11) Х155,
90кг салмғындағы әйелдің шартты коэффициенті 11-ге тең.
90кг жоғары болғанда 12-ге тең 155кг арнайы индекс беріледі.
3.Іштегі нәрестенің болжамалы салмағын Лонковиц әдісі бойынша анықтаңыз. Лонковица формуласы бойынша баланың салмағы = (жатыр ұзындығы+іш айналымы(см)+дене салмағы(кг)+ әйелдің бойы (см)) X10.
4. Іштегі нәрестенің болжамалы салмағын Жорданиа әдісі бойынша анықтаңыз. Жардониа формуласы бойынша ұрықтың салмағы жатыр ұзындығы мен іш айналымының көбейтіндісіне тең.
5. Алынған нәтижелерді медициналық құжатқа жазып қойыңыз.

17.Стандарт Жатыр мойынының жетілгендігін бағалау
Мақсаты: босану жолдарының босануға дайындығын бағалау.
Қажетті құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық, залалсыздандырылған қолғаптар, мақта шаригі, 1 % иоданат ерітіндісі немесе 2 % йод ерітіндісі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз.
2. Жүкті әйелдің жеке жаялығын төсеп гинекологиялық креслоға жатқызыңыз.
3. Сыртқы жыныс мүшелерін бір дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз (1 % иоданат немесе 2 % йод ерітіндісі).
4. Стерильді қолғапты киіңіз.
5. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен үлкен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолдың 2 және 3 саусағын қынапқа еңгізіңіз.
6. Жатыр мойнына пальпация жасай отырып, оның тығыздығын, ұзындығын, жамбастың осіне сәйкес келе жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.
7. Жатыр мойнының жетілуіне баға беріңіз. Жатыр мойны 2 см қысқарса, жұмсарса, цервикальды канал 1 саусаққа ашылса және жатыр мойны осі жамбастың осіне сәйкес келсе, жатыр мойнының пісіп жетілгендігі.
8. 1 рет қолданыста болған биялайды шешіп инфекцияның алдын-алу ережесіне сәйкес қоқысқа тастаңыз.
9. Қолыңызды сабынды сумен жуыңыз.
10. Медициналық құжатқа жазыңыз.

18. Стандарт "Толғақтың ұзақтығы"
Мақсаты: Босану әрекетінің қарқынын бағалау.
Қажетті құрал-жабдықтар:босану тарихы,секундомер.
Іс-әрекет алгоритімі:
1)Жүктi әйелге бүл зерттеудiң маңызын түсіндiрiңiз.
2)Жүктi әйелге қарама-қарсы үстелге отырыңыз.
3)Жылы колыңызды жүктi әйелдiң iшiне қойыңыз.
4)Секундомер тілімен толғақтың ұзақтығын анықтаңызжатырдың жирылуы уақыт аралығын)жатыр бұлшық етiнiң қаншалықты жирылу күшін және босанушының реакциясын бағалаңыз, толғақтың бiткен уақытын белгiлеңiз.
5)Толғақтың тоқтау аралығын анықтаңыз.
6)Мінездеме үшін 3-4 толғақтың уақыт аралығына,күшiне,ауырсынуына баға беріңіз.

19. Стандарт "Шүйдемен алға қарап жатудағы босану биомеханизмі"
Бірінші сәт:бастың бүгілуі.Бас төбе жігімен жамбастық кіре беріс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне қондырыла отырып,иіледі.Кіші еңбек жетекші нүкте болып табылады.Осы себепті бас жамбастан өзінің ең кіші өлшемімен (кіші қиғаш өлшем-9,5см, айналымы-32см)өтеді.
Екінші сәт:бастың іште бұрылуы. Бас жамбасқа түсе отырып шүйдесімен алға қарап іште бұрылыс жасайды.
Үшінші сәт:бастың шалқаюы.Шүйде ойығы қасағаның төменгі жиегіне келіп,бекіту нүктесі пайда болады,осының бойында басы шалқайып,бірінші шүйде,сосын самай,маңдай және беті туылады.
Төртінші сәт:басының сыртта және иықтарының іште бұрылыс жасауы. Иықтары басы секілді жамбасқа қиғаш өлшемімен түседі. Жамбас астауында іште бұрылыс жасап,жамбастың шыға берісінде тік өлшеміне қондырылады. Осы уақытта бас сыртта бұрылыс жасайды,бетімен анасының санына қарап орналасады. Алдыңғы иықтың 13 бөлігі қасаға буынының астына келіп бекіту нүктесін құрайды.Бекіту нүктесінің бойында тұлғасы иіледі.Ең алдымен артқы қолы туылады. Содан кейін тұлғасы,алдыңғы қолы,аяғы толық туылады.

20.Стандарт "Шүйдесімен артқа қарап босанудағы биомеханизмі"
Бірінші сәт:бастың иілуі.Бас төбе жігімен жамбастың кіре беріс жазықтығының бір қиғаш өлшеміне түсіп,иіледі. Жетекші нүкте кіші еңбек болып табылады. Бас жамбастан орта қиғаш өлшемінен өтеді(10см,айналымы-33см)
Екінші сәт:бастың іште бұрылуы. Бас жамбасқа түсе отырып шүйдесімен артқа қарап іште бұрылыс жасайды.
Үшінші сәт:екі топтан тұрады:бастың қосымша иілуімен және оның шалқаюымен.Бастың шаш өскен бөлігі шат сүйегінің төменгі бөлігіне келіп бірінші бекіту нүктесін құрайды, соның бойында бас қосымша иіледі. Осы уақытта сегізкөз бен құйымшақ байланысқан буынға шүйде ойығы келіп,екінші бекіту нүктесі түзіледі,осынын бойында бас шалқайып түгел туылады. Ары қарай босану шүйдесімен алға қарап туғандағыдай өтеді.
Төртінші сәт:бастың сыртта, иықтың іште бұрылуы. Иықтары бас секілді жамбасқа қиғаш өлшемімен түседі.Жамбас астауында ішкі бұрылысын аяқтап жамбастан шыға берісте тік өлшемімен орнығады. Осы уақытта бас бетімен анасының санына қарап сыртқы бұрылысын аяқтайды. Шат сүйегінің астына алдыңғы иықтың 13-і келіп тіреліп бекіту нүктесі пайда болады,соның бойында баланың тұлғасы иіледі. Бірінші астыңғы қолы туылады. Сосын тұлғасы шалқайып алдыңғы қолы,денесі,аяғы түгел туылады.

21.Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізуді көрсету

Стандарт Босанудың 3 - ші кезеңін белсенді жүргізу
Мақсаты : босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетудің алдын алу (босанудың 3-ші кезеңін
белсенді жүргізу босанғаннан кейінгі қан кетудің деңгейін 2-2,5 есе
төмендетеді).
Ресурстар : босану залының құрал - жабдықтары, шприцте 10 БК окситоцин, жаңа
туылған нәрестеге арналған біріншілік жиынтық.
Іс - қимыл алгоритмі :
1. Нәресте туылғаннан кейін жатырда тағы бір ұрықтың жоқтығын пальпация арқылы
анықтаңыз, екінші ұрық болмаса - 10 БК окситоцинді сан аймағына бұлшық етке
енгізіңіз (нәрестенің алдыңғы иығы туылғанда).
2. Кіндікбауды бақылаумен тартып ұстаңыз.
3. Кіндікбауды аралыққа жақын жерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар өлекселерін жару әдістері
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Әйел жыныс ағзаларының түсуі
Дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдердегі скрининг
Сойыс малдары
Құсты біріншілік өндеу
Бүйрекүсті безінің ісіктері
Анатомияның түрлері
Ірі қара финнозы
Етқоректілер эхинококкозын балау
Пәндер