Ресурстық орталықтарда инклюзивті білім беруді үйлестіру ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Аңдатпа

Бұл мақалада инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын арнайы ресурстық орталықтарға қойылатын талаптарды, міндеттер мен әдіс-тәсілдерді талдадық. Ерекше жағдайдағы балаларға білім беру кезінде түзету-дамытушылық жұмыстардың жүргізілуін, негізгі міндеттердің қатарына жатқызамыз. Елімізде ерекше жағдайдағы балалардың білім алуы үшін жыл сайын арнайы орталықтардың ашылуы, арнайы мамандардың даярлануы, оларға деген сұраныстың артуы байқалады. Біліктілікпен, білімділікті арттыру мақсатында мамандарға арнайы курстар өткізіледі.

Кілт сөздер : инклюзивті білім беру, арнайы орталық, әдіс-тәсіл, түзету-дамытушылық жұмыс, ерекше балалар, психологиялық-педагогикалық жұмыс.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үлкен қажеттілікке ие. Ерекше балалардың құқықтарын сақтай отырып, басқа балалармен тең құқылы тұлға тәрбиелеу- қазіргі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру жалпы орта білім мектептерінде, арнайы білім беру орталықтарында жүзеге асу үстінде.

Инклюзивті білім беру- туа немесе жүре пайда болған ауытқушылықтары бар балаларға ерекше жағдайда білім беру болып табылады. Есту және көру қабілеті нашарлаған балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар сонымен қоса, жүйке жүйесінде ауытқушылықтары бар балалар ерекше жағдайдағы білімді қажет ететін балалар санатына жатады.

Арнайы білім беру орталықтарында ерекше балаларды оқыту үшін арнайы педагогтар мен психологтар, логопедтер жұмыс атқарады. Арнайы білім беру орталықтарында балаға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қоса, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу бағыты айқындалады. Арнайы білім беру орталықтарына қойылатын негізгі талаптар төмендегідей [1] :

  • Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарына арнайы кабинеттердің болуы
  • Инновациялық-технологиялық құралдардың болуы
  • Арнайы педагогтар, психологтар арнайы медициналық қызметкерлер жыл сайын кәсіби біліктіліктерін арттырып отыруы үшін, арнайы курстардан өтіліп отыруы қажет
  • Арнайы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер, ерекше балаларға арналған кітаптар мен құрал-жабдықтардың болуы маңызды

. Педагог оқушымен қатар, ата-анамен тығыз байланыста болуы қажет. Себебі, отбасындағы хал-ахуал балаға тікелей әсер етеді. Арнайы білім беру орталықтарында баламен жұмыс қана емес, ата-анамен жұмыс та маңызды роль атқарады.

Арнайы білім беру орталықтарында арнайы әдістер қолданылады. Әдіс-тәсілдер ойын түрінде, әрі дамыту жаттығу жұмыстары түрінде жүргізіледі. Ол әдіс-тәсілдерді қолданбас бұрын, балалардың деңгейлерін біліп алған дұрыс. Деңгейлерін білу мақсатында балаға толық психоәлеуметтік диагностика жүргізілуі шарт. Әдіс-тәсілдер мен дамыту жаттығулары баланы түзету үшін іске асады. Демек, арнайы ресурстық орталықтың негізгі мақсаты- баланың кемістігін түзете отырып білім беру.

1-сызба

1-сызба

Әдіс-тәсілдер мен дамыту жаттығулары[2, 57]

Арнайы білім беру орталықтарында ерекше балаларды қолдау үлкен маңызға ие. Қолдау ұғымына арнайы мамандардың балаға психологиялық, педагогикалық әрі әлеуметтік қолдау түрлерін жатқыза аламыз. Төмендегі кестеден біз қандай қолдау шаралары жүргізілу қажет екеніне тоқтала кеттік:

1-кесте

Психоәлеуметтік диагностика: Психоәлеуметтік диагностика
Бұл қолдау шарасы, даму бұзылысы бар баланы бірінші күннен бастап, негізгі бұзылысын анықтап, бала туралы жан-жақты мәлімет жинақтап алуды қажет етеді. Негізгі денсаулығындағы кінәратты тауып, ары қарай жұмыс істеу қажеттілігі. Толықтай баланы диагностикадан өткізгеннен кейін, балаға ары қарай түзету дамытушылық жағдайлар туғызу.: Бұл қолдау шарасы, даму бұзылысы бар баланы бірінші күннен бастап, негізгі бұзылысын анықтап, бала туралы жан-жақты мәлімет жинақтап алуды қажет етеді. Негізгі денсаулығындағы кінәратты тауып, ары қарай жұмыс істеу қажеттілігі. Толықтай баланы диагностикадан өткізгеннен кейін, балаға ары қарай түзету дамытушылық жағдайлар туғызу.
Психоәлеуметтік диагностика: Психотүзету жұмысы
Бұл қолдау шарасы, даму бұзылысы бар баланы бірінші күннен бастап, негізгі бұзылысын анықтап, бала туралы жан-жақты мәлімет жинақтап алуды қажет етеді. Негізгі денсаулығындағы кінәратты тауып, ары қарай жұмыс істеу қажеттілігі. Толықтай баланы диагностикадан өткізгеннен кейін, балаға ары қарай түзету дамытушылық жағдайлар туғызу.: Психоәлеуметтік диагностикадан өткен баламен психотүзетушілік жұмыстар жүргізіле береді. Арнайы жеке бағдарламалар әзірленеді. Бағдарлама баланың психологиялық, әлеуметтік әл-ауқатын ескере отырып жасалады.
Психоәлеуметтік диагностика: Білім алушыларға психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы
Бұл қолдау шарасы, даму бұзылысы бар баланы бірінші күннен бастап, негізгі бұзылысын анықтап, бала туралы жан-жақты мәлімет жинақтап алуды қажет етеді. Негізгі денсаулығындағы кінәратты тауып, ары қарай жұмыс істеу қажеттілігі. Толықтай баланы диагностикадан өткізгеннен кейін, балаға ары қарай түзету дамытушылық жағдайлар туғызу.: Білім алушыларға, олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік кеңес беруді жүзеге асырады. Арнайы психологтар мен педагогтар, медицина қызметкерлері(логопедтер, дефектологтар т. б) ата-аналармен, балалармен жұмыс жүргізеді.
Психоәлеуметтік
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық және ресурстық қамтамасыз ету: іске асыру механизмдері мен кезеңдері
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәжірибесі
Инклюзивті білім беруді дамытудың тарихи-философиялық аспектілері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері мен іске асыру тетіктері
Мектепке дейінгі кезеңдегі инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және дамыту бағыттары
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері мен іске асыру жолдары
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен әдістемелік негіздер
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беру және психологиялық-педагогикалық қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz