САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бүгінгі таңда жоғары мектепте етістік категорияларына сатылай кешенді морфологиялық талдау назардан тыс қалып келе жатқан мəселе. Себебі бұл талдау түрінің қажеттілігі, маңызы мен оны жетілдірудің жолдары өз мəнінде шешімін таппай келеді. Мақаламызды жазудағы мақсатымыз: етістік категорияларының синтетикалық жəне аналитикалық тəсілдері бірліктерінің өзіне тəн ерекшеліктерін, категориялық грамматикалық мағыналарын, бір-бірімен тіркесімділік ретін анықтап, оларға сатылай кешенді морфологиялық талдау жасау.
Сатылай кешенді морфологиялық талдауды жүргізбестен бұрын етістік категорияларына қысқаша шолу жасап өтейік.
Қазақ тіл білімінде əріден зерттеліп келе жатқан етістік тұлғаларын бір ізге салу барысында ғалымдар арасында əр түрлі қайшылықтар кездесіп отырған. Етістік тұлғаларын зерттеу қазір де өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі жəне көлемі ең кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен көлемділігі оның аса өрісті лексика-семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық формаларымен, көсіліңкі синтаксистік қызметімен тығыз байланысты [1, 47] . Ғалымдардың көпшілігі сөз таптарының ішіндегі сөзге молы, күрделісі етістік екендігін жəне бұл сөз табының күрделілігін оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, грамматикалық категорияларының көптігінен, сөйлемде атқаратын қызметінен, туынды сөз жасау жүйесінен т. б. қасиеттерінен көруге болатынын айтқан. Өзінің көнелілігімен де ерекшеленетін бұл сөз табына талай ғалымдар анықтама беріп кеткен.
Ахмет Байтұрсынұлы «Етістік дегеніміз - заттардың еткенетпеген істерін көрсететін сөздер»
[2, 231] деп оның болымды, болымсыз, есімше, көсемше түрлерін атап көрсетеді. Ы. Маманов «Етістіктер дегеніміз - заттың іс-қимыл процесін, күйін білдіретін, шаққа, жаққа, райға, етіске, болымды, болымсыз болып түрленіп, сөйлемді құрастыруда ерекше қызмет атқаратын сөз табы» деп анықтама берсе [3, 47], Сауранбаевтың айтуынша: «Етістік қимылды немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы» [4, 8] . Етістік туралы басқа да оқулықтарда, грамматикаға арнап жазылған еңбектерде беріліп жүр. Солардың ішіндегі «етістік - қимыл, іс-əрекеттің атауы» дегенді С. Исаев қатеге шығарады.
«Етістік қимыл, іс-əрекеттің атауын емес, нақ өзін білдіреді, ал атын (атауын) етістіктің белгілі бір формасы (қимыл атауы) білдіреді» [5, 81] . Етістікке қатысты өзге де даулы пікірлер кездеседі. Мəселен, етістіктің негізі, түбірі туралы көзқарастар. Ə. Төлеуов етістіктің морфологиялық белгілерін айта келе «Етістіктің түбірі ІІ жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни, оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы, -р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды, -са т. б. » дейді [6, 68] .
Етістік - күрделі сөзжасам жүйесі бар сөз табы. Ол туынды сөздерге өте бай, етістік құрамын тілдің тарихи дамуы бойында үнемі толықтырып отырған. Етістіктің сөзжасам жүйесінде түрлі тəсілдер қолданылады. Олар синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тəсілдер. Етістікте алғашқы екі тəсіл өте өнімді. Етістік жасауға негізі түбір жəне туынды түбір сөздер негіз болады. Əрі қарай мағыналы морфемаларға бөлуге келмейтін: ал, аш, ақ, біл, кел, кет, қаш, төк, өл, өш, ұқ т. б. көбіне бір буынды түбірлер негізгі түбір делінеді.
Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар етістікке байланысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған болатын. Етістікті əрі сөз табы ретінде, əрі мағыналық сипатын қосып талдаған зерттеулерден А. Қалыбаева (Хасенова), Н. Оралбаева, Ы. Е. Маманов, А. Ысқақов еңбектерін ерекше атаған жөн.
А. Ысқақов оқулығында етістіктер лексика-семантикалық топтарға жіктелгенімен, оларды топтастырудың ғылыми принциптері көрсетілмеген (1991) .
Ы. Мамановтың етістіктерді басты ерекшеліктері жағынан бірнеше топқа бөлуінде басқа ғалымдармен салыстырғанда айырмашылықтар бар. Ғалымның түбір етістіктерді семантикалық топтастырудағы ұстанған принципі А. В. Бондарко, Г. А. Золотова, З. Ахметжанованың функционалды грамматикалық теориясына байланысты теорияларымен үйлеседі. Əсіресе, ғалымның «негізгі түбір етістіктерді семантикалық жақтан мағыналық топтарға бөлуге келмейді, морфологиялық жəне синтаксистік тəсілдерінің белсенді қатысуының арқасында ғана түбір етістіктерді мағынасына қарай бөлуге болады» деген теориясы қазіргі функционалды семантиканың негізгі принципі.
М. Балақаев, Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында, сонымен қатар бұл зеттеулерге дейін жарық көрген Қ. Жұбанов (1936), С. Аманжолов (1938), І. Кеңесбаев пен С. Жиенбаевтың «Грамматикаларында» (1942) етістік тарауы сабақты етістік пен салт етістік, болымды жəне болымсыз етістік, етіс категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жақ категориясы, есімше мен көсемше формалары үзілмей берілумен бірге, кейбір толықтырулар мен лингвистикалық атаулар нақтыланып, өзгерістер енгізіліп отырса да, белгілі бір дəстүрлі жүйе берік сақталып келеді [7, 12-15]
Тілімізде етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір-таластар көп. Мəселен: А. Ысқақов етістіктің грамматикалық категорияларына:1) қимыл атау категориясы, 2) сабақтылық жəне салттылық категориясы, 3) етіс категориясы, 4) болымдылық жəне болымсыздық категория, 5) амалдың өту сипаты категориясы, 6) есімшелер категориясы, 7) көсемшелер категориясы, 8) рай категориясы, 9) шақ категориясы, 10) жіктік, көптік жалғауының шаққа қатынасы
[8, 286-287] .
С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты» деп аталатын зерттеуінде етістіктің грамматикалық категориялары жайында жазылған Ы. Маманов, А. Ысқақов, Н. Оралбаева, А. Қалыбаеваның зерттеулерін теориялық тұрғыдан талдай келіп, етістіктің грамматикалық категорияларын лексика-грамматикалық жəне таза грамматикалық категория деп аталатын екі топқа бөледі. Ғалым етістік категорияларын бұлай бөлуде етістіктің грамматикалық формаларының түбір білдіретін лексикалық мағынаға аздап болса да өзгеріс енгізу, енгізбеуін негізгі алған. Лексика-грамматикалық категориялар туралы С. Исаев былай деп жазады: «Біріншіден, ол - етістік түбірінің, бір жағынан, грамматикалық сипатын өзгертпей, екінші жағынан, түбірдің семантикасына (мағынасына) аз да болса өзгеріс енгізіп, басқаша грамматикалық мағына, немесе, жаңа мəн үстейтін тұлғалар» [9, 158] . Мысалы, болымды-болымсыз етістіктің мағынасын салыстырсақ, айт-айтпа, бар-барма, кел-келме т. б. іс-əрекеттің орындалуы мен орындалмауының, болуы мен болмауының арасында қайшылық мəн бар. Таза грамматикалық категорияларға С. Исаев етістік түбірі білдіретін лексикалық мағынаға ешқандай өзгеріс енгізбейтін, тек əртүрлі категориялық грамматикалық мағыналар үстейтін кагеорияларды жатқызады.
Ғалым етістіктің лексика-грамматикалық категорияларына салт-сабақты етістік, етіс, болымсыз етістікті жатқызса, таза грамматикалық категорияларға рай, шақ, жақ категорияларын жатқызады. Ал тұйық етістік, есімше, көсемшені етістіктің ерекше тұлғалық түрлері деп қарастырады. Басқа еңбектерде бұларды грамматикалық категорияларға жатқызады.
Қазақ тіл білімінде етіс категориясы жайында да қайшы пікірлер кездеседі. А. Ысқақов, А. Қалыбаева, Н. Оралбаева сынды көрнекті ғалымдар етіс категориясының жұрнақтарын сөзжасамның синтетикалық тəсіліне жатқызса, Ы. Маманов, С. Исаев етіс тұлғалары сөзжасам қосымшалары емес, «етістіктің лексика-грамматикалық категориясы» деп қарастырған.
Ал Н. Оралбаеваның етістік категорияларына қатысты зерттеулеріне келетін болсақ, етістіктің грамматикалық категориялары қатарына қимылдың өту сипаты категориясын, болымдылық-болымсыздық категориясын, модальдылық категоориясын, рай, шақ, жақ, сандылық категорияларын жатқызады. Берілген етістік категорияларын сөздегі орны, тіркесімділік ретін бойынша жеке-жеке қарастырады.
Морфологиялық талдаудың сатылай кешенді нұсқасының бұрынғы дəстүрлі талдау үлгісінен түпкілікті айырмашылықтары бар. Біріншіден, жалаң сөз құрамы мен сөз таптарын ажыратудан тұрмайды. Сөздің лексикалық-грамматикалық мағынасы қатар қамтылады. Кешенді талдаудың нəтижесінде үйренуші сөздік құрамын ажыратып қана қоймай, өзіндік белгілерін, ерекшеліктерін анықтауға тырысады, лексикалық мағынасын жазу арқылы сөздікпен жұмыс жасауға үйренеді.
Сөзге сатылай кешенді морфологиялық талдау жасауды, ең алдымен, сөзге морфемдік талдау жасаудан бастаймыз. Сөз құрамындағы лексикалық жəне грамматикалық мағыналы бөлшектердің санын, яғни морфемаларды анықтаймыз. Талдаудың екінші сатысында тұлғасына қарай негізгі не туынды, ал үшінші сатыда құрылысына қарай дара не күрделі екендігі ажыратылады. Сатылай кешенді талдаудың төртінші сатысында жалпы грамматикалық мағынасы анықталады. Бесінші сатысында сөздің лексикалық мағынасы, келесі сатыда сөз табы мен салттылық, сабақтылық мағынасы беріледі. Жетінші сатыда, əр морфеманың грамматикалық категорияға қатысы анықталады. Сатылай кешенді талдаудың сегізінші сатысында грамматикалық форма түріне қарай, яғни жасалу тəсіліне байланысты синтетикалық не синтетика-аналитикалық тəсілі ажыратылады. Талдаудың соңғы сатысында етістіктің грамматикалық формаларының түріне жəне категориялық грамматикалық мағынасына қарай олардың грамматикалық категорияға қатысы анықталады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын талдай келе, етістіктерге морфологиялық сатылай кешенді талдау жасалды. Талдау нəтижесі бойынша, ең алдымен, шығармадан терілген етістіктер құрылысына қарай дара жəне күрделі, жасалу тəсіліне байланысты синтетикалық жəне синтетика-аналитикалық болып екі үлкен топқа жіктелді. Романда кездескен дара жəне күрделі етістіктер тіркесімділік реті бойынша төмендегідей үлгі негізінде талданып, дара етістіктердің сатылай кешенді морфологиялық талдауының он үлгісі, күрделі етістіктердің тоғыз үлгісі анықталды.
1. ТҮБІР + Болымдылық-болымсыздық к. + Шақ к. + Жақ к.
2. ТҮБІР + Болымдылық-болымсыздық к. + Рай к. + Жақ к.
3. ТҮБІР + Етіс к. + Болымдылық-болымсыздық к. Шақ к.
4. ТҮБІР + Қимылдың өту сипаты к. + Етіс к+ Бол. -болым. к. +Шақ К + Жақ к.
5. ТҮБІР + Етіс к. + Болымдылық-болымсыздық к. Шақ к. + Жақ к.
6. ТҮБІР + Болымдылық-болымсыздық к. Шақ к.
7. ТҮБІР + Қимылдың өту с. к. +Болымдылық-болымсыздық к. + Шақ к. +Жақ к.
8. ТҮБІР + Етіс к. + Болымдылық-болымсыздық к. + Рай к. + Жақ к.
9. ТҮБІР + Қимылдың өту сипаты к. + Болымдылық-болымсыздық к. + Шақ к.
10. ТҮБІР + Болымдылық-болымсыздық к. +Қимылдың өту сипаты к + Рай к. + Жақ к
1-үлгі
Түбір + Қимылдың өту сипаты. к +Болымдылық-бол. к + Шақ. к +Жақ. к
сипалаған ØØ
Морфемдік құрамына қарай: бес морфемадан тұрады: бір түбір морфема + төрт қосымша (2Ø) ; ;
Тұлғасына қарай: негізгі, себебі ары қарай бөлшенбейтін бөлігі Құрылысына қарай: дара, себебі бір ғана негізгі
түбірден тұрады;
Жалпы грамматикалық мағынасы - жалпы іс-қимыл;
Лексикалық мағынасы - « бір нəрсені не денені қолмен сылау» қимылы;
Сөз табы: етістік, сабақты;
Категориялық грамматикалық мағыналары:
-ла - қимылдың қайталануы;
-Ø - болымдылық мағына;
-ған - бұрынғы өткен шақ, есімше;
-Ø - ІІІ жақтық.
Грамматикалық форма түріне қарай: синтетикалық форма;
Грамматикалық категорияға қатысы:
-ла - қимылдың өту сипаты категориясы;
Ø - болымдылық-болымсыздық категориясы;
-ған - шақ категориясы;
-Ø - жақ категориясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz