Практикалық сабақ 5-6: Тері ішіне және тері астына егу алгоритмдері, көрсеткіштері және қауіпсіздік шаралары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Практикалық сабақ 5

Тері ішіне егу жасау алгоритмі

Мақсаты диогностикалық

Қолдану көрсетілімдері туберкулезге манту бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

Қарсы көрсетілімдері инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

Асқынулар инфильтрат, майлы эмболия, некроз

Енгізілетін жері білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

Қажетті ресурстар залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіреміз. Оны жүргізуге келісімін аламыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіземіз, қолғапты киіеміз

3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырамыз

4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0, 2-0, 3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарамыз, шприцті ораудың ішкі бетіне саламыз.

5. Науқасты отырғызамыз немесе жатқызамыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қоямыз.

6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартамыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін саламыз) . Спирттің толық кебуін күтеміз.

7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен - иненіңканюлясынан, V саусақпен-шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен-цилиндрдің қыр жағынан ұстаймыз.

8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартамыз.

9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (5 0 С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгіземіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басамыз.

10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0, 1-0, 2 мл дәрілік ерітіндіні енгіземіз.

11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады (лимон қабығындай) .

12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарамыз(спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаймыз) .

13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) саламыз.

14. Қолғапты шешіп, контейнерге саламыз.

15. Қолымызды жуып, кептіеміз.

16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіреміз.

Практикалық сабақ 6

Тері астына егу алгоритмі

Мақсаты емдік - тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

Қолданылу көрсетілімдері дәрігердің тағайындауы.

Қарсы көрсетілімдер дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

Асқынулар жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

Енгізілетін жерлері иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.

Кажетті ресурстар залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіреміз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаймыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдейміз, қолғапты киеміз.

3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырамыз

4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып аламыз

5. Науқасты отырғызамыз немесе жатқызамыз

6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартамыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді өңдейміз

7. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін саламыз.

8. Оң қолға шприцті аламыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен - шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаймыз.

9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаймыз.

10. Тері қыртысының негізіне инені 45 0 С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгіземіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаймыз.

11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіземіз.

12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойамыз.

13. Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарамыз.

14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаймыз.

15. Шприцтті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге саламыз.

16. Қолымызды жуып, құрғатамыз.

17. Науқастың қал жағдайын сұраймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардағы тері жабыны: құрылымы, филогенезі, онтогенезі және тері туындылары
Спецификалық тері аурулары: тері туберкулезі, алапес және тері лейшманиозының қоздырғышы, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникасы, диагностикасы және емі
Тері лейшманиозы: таралуы, клиникалық сипаттамасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Тері анатомиясы мен физиологиясы: терлеу, тері бездері, рецепторлар және жас ерекшеліктері
Тері шикізатын өндіру технологиясы және тауартануы
Тері: құрылысы, қызметтері, гигиенасы және аурулары
Тері: құрылымы, қызметтері, аурулары және гигиенасы
Тері арқылы улы заттардың ену факторлары
Тері және жүннің биозақымдануы: микрофлора, өңдеу және сақтау факторлары
Жүн, тері және ішік шикізаттарының микрофлорасы, ет-тері өндірісін ветеринариялық бақылау және қидың микробиологиясы мен биотермиялық өңдеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz