Түр-түс атауларының танымдық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Түр-түс атауларының танымдық негіздері

Нұржанова Феруза, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің КЯЛ-17-1 тобының студенті nurzhanovar99@mail.ru
Аңдатпа

Мақалада түр-түс атаулары және оның шығу тарихы жайлы баяндалады. Түр-түс атауларын зерттеген ғалымдардың мағлұматтары берілген. Сонымен қатар түр-түс атауларының кейбіріне қысқаша шолу жасалынған. Жалпы түр-түс атаулары күрделі әрі маңызды құбылыс екендігі туралы айтылады.

Түр-түстердің шығу төркіні жайлы мәселеге байланысты ғалымдар тарапынан әр түрлі көзқарастар айтылып, қилы-қилы болжамдар жасалған еді. Ғалымдардың кейбіреуі түр-түстерді қытай сөзінен алынған десе, кейбіреуі монғолдан кірген кірме сөз, кейбіреуі өзіміздің түркінің төл сөзі деген пікірді білдірген еді. Ғалымдар түр-түс атауларын адамның тану әрекетімен, мәдениетімен, сол халықтың өзімен байланыста қарап, түр-түстану деген бір саланың негізін қалап, тың зерттеулер жүргізіп жатыр. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан сарқылмас қазынасы болып табылатын өзіндік тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Міне, осы мәдениетті, тарихты, дәстүрді түр мен түссіз елестету мүмкін емес. Мысалы, тарихтан белгілі Көк түрік, Ақ Орда, Көк Орда, бала алғаш жүргенде аяғына ала жіп байлау - бәрі түр-түспен байланысты болып табылады. Тіпті, тұрмысқа жаңа шыққан қыз баланың ата-анасына орамал тігіп, өз мұңын, жағдайын, қуанышын, шат көңілін, жіптің түр-түсімен жеткізіп отырған. "Егер ли орамал қызыл жіппен кестеленсе, оның әке-шешесі бұл хабарға өте қатты қуанып, барған жеріне риза болған. Өйткені қызыл жіп қуанышты, шат көңілді, бейбіт өмірді білдіреді де, ал сары жіп - керісінше, уайым-қайғының белгісі болғандықтан, қыздың әке-шешесін сағынып жүргендігін білдірген".
Түр-түс атаулары - ең көне әрі қарапайым, танымдық қызметі зор, тілде жиі қолданылатын логикалық теңеу тәсілі болып табылады. Шындық әлемді танудың ұтымды құралы бола тұрып, түр-түс атаулары мейлінше мазмұнды, көп қырлы тілдік құбылысты білдіреді. Түр-түс атауларының ойлау өрісінің бір формасы ретінде дүниені эмоционалды түрде қабылдаудағы және ондағы кейбір құбылысты салыстыра бағалау тұрғысынан қандай да бір нысанға мән берудегі орны ерекше.
Түр-түс мәселесін арнайы қарастырған шетелдік, отандық лингвист ғалымдар қатарында А.Н.Кононов, Ұ.Серікқалиева, Қ.Қайырбаева, З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков, Б.Хасенов, А.Әділова, Н.Аитова т.б. атап көрсетуге болады. Түр-түс атауларының тұлғалық ерекшеліктері, символикасы т.б. бойынша зерттеулер жүргізілді. Түр-түс атаулары қазақ тілінде басқа тілдер сияқты біршама зерттелген категория. Кейбір түс атауларының шығу тарихы мен тілдік табиғатын қарастыратын зерттеулерді, көбінесе, Орхон-Енисей және орта ғасырлық жазба ескерткіштерге арналған еңбектерден де кездестіруге болады. Бекешева Р.Е. Түр-түс атауларының мақал-мәтелдегі концептілік негіздері деген мақаласында түр-түстің мақал-мәтелдерге қатысты концептісін анықтайды.
Табиғаттағы түр-түстің барлығы әрқашанда бір заттың, құбылыстың түр-түсін, өң-реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар түр-түс атаулары мүлдем түр-түске қатысы жоқ, немесе одан бүгінде өте алыстап кеткен ұғымдарды, мағыналарды, жөн-жосықтарды білдіретін де қасиеттерге ие. Солардың бірі - символикалық қасиеті. Символика алғаш көне гректің символ (symbolon - белгілі бір қоғам мүшелері мен әлеуметтік топтар үшін ғана түсінікті шартты белгілер) сөзінен шығып, бүгінде әр түрлі идеяны, түсінікті ұғымды, ойды, сезімді, іс-әрекетті білдіретін шартты белгілердің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Түр-түстер қоғам өмірінде, дәстүрі мен әдет-ғұрпында, салты мен санасында, белгілі этностың, тіпті жеке адамдардың түсінігінде де осындай символикалық мәні бар. Түр-түске қатысты символикалық сенімдер барлық халықтарда кездеседі. Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп, ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.
Түр-түс атаулары - әрбір халықтың өзіндік феноменін танытатын күрделі құбылыс. Осыған байланысты қазіргі кезде жедел даму үстіндегі тілдердің қолданылуының когнитивті және прагматикалық аспектілерінің зерттелуінің аясында түр-түс атаулары да жиі қарастырылып келеді. Өйткені түр-түс атауларының лингвистикасы тіл және ойлау, тіл және қоғам, әлемнің тілдік бейнесі сияқты іргелі мәселелердің жаңа қырларын таныта алады. Сонымен қатар түр-түс атаулары мәдениетаралық коммуникацияда да ерекше маңызға ие. Түр-түс атаулары этномәдени жағынан барынша байлаулы. Түр-түс атаулары - мәдениеттің жемісі, әрі мәдениетті жасайтын фактор; ұлттық мәдениетті танып-білудің негізгі құралы. Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі осында.
Түр-түс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем бейнесі және әлемнің тілдік бейнесі ұғымдары
Топонимдердегі түр-түс атауларының семантикасы
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
І.есенберлиннің “көшпенділер” романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні
Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы
Түс атауларының семантикасы
Жарнамадағы түс және психолингвистикалық зерттеу
Ономастика
Пәндер