Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы


Жоспар

Кіріспе . . . 3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Қазақстанның экономикалық-географиялық орны. Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарын бағалау . . . 4

1. 2. Халқы және еңбек ресурстары . . . 7

1. 3. Ауыл шаруашылығы . . . 11

1. 4. Өнеркәсібі . . . 14

1. 5. Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм . . . 16

ІІ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ

2. 1 ТМД құрылуы және ТМД-ғы Қазақстан республикасының экономикалық-әлеуметтік рөлі . . . 21

2. 2 Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы . . . 25

2. 3 ТМД-ғы интеграция тарихы . . . 36

2. 4 Біртұтас экономикалық кеңістік . . . 43

ІІІ. 10-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫНАН САБАҚ ЖОСПАРЫ

3. 1. 10- сынып оқушыларына арналған «Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы» тақырыбында сабақ жоспары . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 51

Қосымшалар . . . 53

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі :

Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы экономикалық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық, аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты жұмыспен қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр. Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың негізгі ал, ышарттары халықаралық экономикалық байланыстар болып келеді. Сыртқы сауда айналымы, экспорт пен импорт көрсеткіштері еліміздің экономикалық дамуына тікелей ықпалын жасайды.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуына сипаттама беру, зерттеу. Кедендік одақтың, біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылу алғышарттарын талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;

Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын аңықтау;

Қазақстан мен ТМД елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының дамуын кешенді зерттеу;

Осы тақырыпта сабақ жоспарын құру;

Курстық жұмыстың тәжірибелік мақсаты: Бұл тақырыпты орта білім беретін мекемелерде 10 сыныпта оқылатын «Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы » курсында қолдануға болады.

Курстық жұмысының құрлымы мен көлемі .

Курстық жұмыс 61 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, атаулардан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан ( карталар, суреттер, таблицалар, дианраммалар, презентация ) тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Қазақстанның экономикалық-географиялық орны. Табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарын бағалау.

Ел аумағының ең басты сипаты - оның географиялық жағдайы болып табылады. Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың ( ЭГЖ ) маңызы зор. Экономикалык-географиялық жағдай - елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:

  • әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы) ;
  • көрші елдерге (көршілік жағдай) ;
  • халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.

ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін. Нарықтық-географиялық жағдайда АҚШ, ЕО, Жапония сияқты әлемдік экономиканың басты орталықтарының маңызы зор. Олардың нарықтары алдыңғы қатарлы технологиямен, сыйымдылығымен, төлем қабілеттілігімен тартымды. Көршілік жағдайда Қытай мен Ресейді алуға болады. Олар әлемдегі үшінші жөне тоғызыншы орындағы экономикалар. Олар біздің ірі сауда серіктестеріміз болып саналады. Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан экономикалық деңгейі бойынша Қазақстаннан артта. Алайда, болашақта олармен де бірлесіп жұмыс істеудің бірнеше бағыттары жасалған. Көршілік жағдайдың басты плюсі - көрші елдің аумағын үшінші бір елмен байланыс орнату үшін пайдалану. Оның интенсивтілігі мен географиясын көліктік-географиялық жағдай анықтайды. Ең қолайлысы - теңіздік жағдай. Қазақстанда ашық теңізге тура шыға алатын мүмкіндік жок ( ішкі құрлықтық жағдай ) . Бірақ оның 2000 км-дей шекарасы батыста Каспий арқылы өтеді. [22]

Жер үсті байланысы құрлықтағы шекараның ерекшеліктеріне тәуелді. Оның жалпы ұзындығы 13, 3 мың км. Ресеймен шекара (7, 5 мың км) негізінен жазық жерлермен өтеді. Онда табиғи кедергілер жоқ. Ел арасындағы шекараны көптеген темір жол мен автомобиль жолдары кесіп өтеді. Қытаймен арадағы шекараның көп белігі таулар арқылы өтсе, Орталық Азия мемлекеттерімен шекара жазық жерлермен жүргізілген. Бұл шекара арқылы әзірге 4 темір жол етеді: біреуі - Қытайға, үшеуі - Орталық Азияға апарады.

Елдің аумағы арқылы басқа мемлекеттердің жүгі мен жолаушыларын тасымалдау ( транзиттік жағдай ) қосымша кіріс әкеледі. Транзиттік көлік дәліздерінің дамуы ішкі құрлыктық жағдайдың минустарын азайтады.

Табиғи-ресурстық әлуетке табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар жатады.

Табиғи жағдай - қоршаған табиғаттың сипатын береді. Мысалы, климат ( жұмсақ, қатал ) немесе жер бедері ( жазық, таулы ) . Табиғи жағдайлар шаруашылық қызметіне тікелей қатыспағанмен, оны жеңілдетеді немесе керісінше, ауырлата алады. Олар қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін. Біздің еліміздің жер бедері шаруашылық жағдайы үшін қолайлы болып келеді. Климат, керісінше, айтарлықтай қиындықтар туғызады. Ол, ең алдымен, жауын-шашынның аз түсуіне байланысты. Кең-байтақ аймақтар тұщы су жетіспеуінің зардабын шегуде. Бұл жерлердің игерілуіне кері әсерін тигізетін ең басты себеп осы. Еліміздің ең үлкен мәселелерінің бірі әлсін-әлсін қайталанып тұратын құрғақшылық, ол өнім алуға кесірін тигізеді.

Табиғи жағдайлар - халықтың өмір сүру жағдайларының құрамдас бөлігі болып табылады. Адам өмір сүруі үшін табиғат жағдайлары қолайлы болып келетін аумақтар Қазақстан жерінің 1 / 3 бөлігін ғана алып жатыр. Ол жерлерге сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі, қыстың жұмсақ, жаздың жылы болуы тән. Ол жерлерде халық тығыз орналасқан. Құрғақ, су тапшы ішкі аудандар өмір сүруге қолайсыз. Соған қарамастан бұл жерлерге 1, 5 млн казақстандыктар немесе халықтын, 1 / 10 белігі қоныстанған. [21]

Табиғи ресурстар - табиғат компоненттері болып саналады. Мысалы, пайдалы қазбалар, су, топырақ, орман, шалғын өсімдіктері мен жайылымдықтар. Табиғи ресурстар тікелей шаруашылықта пайдаланылады. Олар экономиканың шикізаттық және энергетикалық базасын құрайды. Маңыздылығына байланысты табиғи ресурстарды ұлттық ( жалпы мемлекеттік ), аймақтың және жергілікті маңызы бар деп бөледі. [22] Қолданылуына байланысты ресурсты:

  • өндірістің материалдық игілігі үшін (минералдық, жер, су, гидроэнергетикалық, орман) ;
  • дем алуға арналған (рекреациялық) ресурстар (су, орман, тау) деп бөледі. Бұдан басқа, барлық ресурстар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.

Осы айырмашылықтар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әр түрлі жолдарын анықтайды. Таусылатын ресурстар ( кейбіреуі болмаса ) қайта қалпына келмейді. Оларды тиімді пайдалану дегеніміз:

  • барлық пайдалы компоненттерін алу;
  • шығынды азайту;
  • қалдықтарды сақтап, қайта өңдеу.

Таусылмайтын ресурстар қайта қалпына келеді. Оларды тиімді пайдаланудың бірқатар шаралары бар. Биологиялық және жер ресурстары үшін бұл - шаруашылық жұмыстарына шектеу қою. Содан соң - жасанды түрде қалпына келтіру ( ағаш отырғызу, балық өсіру ) . Ауа мен су үшін қолданылатын шаралар - оларды ластанудан сақтау болып табылады.

Табиғи ресурстарға шаруашылық ( экономикалық ) баға беру:

  • ресурсқа деген қажеттілікті;
  • олардың географиялық орнын;
  • көлемі мен сапасын қарастырады.

Осыған байланысты игерудің тиімділігі: яғни қанша шығын жұмсалатындығы, шығынның қайтарымдылық жылдамдығы есептеледі.

Табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімінің ( ТРАҮ ) үлкен маңызы бар. Олар аумақтарды кешенді түрде игеру үшін қолайлы. Мысалы, Кенді Алтайдағы мырыш өндірісі полиметалл кендері мен су қуаты ресурстарының үйлесімділігі арқасында пайда болды. Еліміздің ең басты байлығы - минералдық және жер ресурстары. Онымен қамтамасыз етілуі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындарды алады.

Қазакстан - барланған пайдалы қазбалар ресурсы жөнінен әлемдегі 6-шы мемлекет. Олардың негізгі ерекшеліктері толық құрамдылығы мен ірі масштабтылығында. Еліміздің жер қойнауында уранның әлемдік ресурсының 1 / 4 -і, хромның 1 / 7 -і, қорғасын мен мырыштың 1 / 10 -і орналасқан. Осы және басқа да пайдалы қазбалардың түрі бойыншаҚазақстан Республикасы алдыңғы қатардағы мемлекеттер «ондығына» кіреді.

Қазакстанның қуатты минералдық-шикізат базасы басты бәсекелестік артықшылығы болып табылады. Бірақ оның дамуына объективті қиыншылықтардың әсері бар. Өндірудің кен-геологиялық жағдайы мен шикізат санасы нашарлап келеді. Пайдалы қазбалар кен орындары да біркелкі таралмаған. Пайдалы қазбалардың бай кен орындары тұруға қолайсыз аймақтарда орналаскан. Оларды игеру жаңа тәсілдер мен технологияны қажет етеді.

Қазақстан аумағы 2724, 9 мың км2-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Қазақстан Тынық мұхиты пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдің төменгі ағысынан, шығысында - Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан.

Қазақстан саяси-географиялығы аймағы - Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді. Аймақтағы шет елдерде 1, 5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.

Қазақстанда аумақты ұйымдастырудың үш буынды жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне 14 облыс жатады. Облыстар аудандарға, аудандар - округтерге бөлінген. Облыс, аудан, округ әкімшілік-аумақтық құрылымның үш басты буыны болып табылады. Бұдан басқа, аумақтық бірліктерге қалалар жатады. Олардың ішінде ерекше орын алатындар - республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары. [21]

1. 2. Халқы және еңбек ресурстары

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199, 2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246, 1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т. б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201, 8 мың болса, әйелдер 7751, 8 мыңды құрады.

Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468, 1 мың адамға (22, 9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53, 4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29, 1%-ға), дүнген (23, 3%-ға), ұйғыр 15, 9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582, 4 мың адамға (26, 1%-ға) кемiдi, немiстер 593, 5 мың (62, 7%), украиндар 328, 6 мың (37, 5), татарлар 71, 7 мың (22, 4%), беларусьтер 66 мың (37, 1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 - 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т. б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264, 0 мың адамға көбейген.

Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тептi. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тiнiң қаулысымен Грузиядан көшiрiлетiн арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкiметiне өкiм берiлдi. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттiк түрiктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейiн Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшiп келуi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiнде (1954 - 56 ж. ) және өнеркәсiп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 - 65) көбейдi.

1990 жылдан кейiнгi кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз елiне қоныс аударуы көбейiп, республика халқы едәуiр азайды, қазақ және басқа түркi тектес халықтардың үлесi артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты iшкi көшi-қонның әсерiмен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкерiске дейiн Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9, 7%-ы тұрды.

Соғысқа дейiнгi жылдарда қала халқының өсуiне Қазақстанның бай минералдық шикiзат қорларын игеру, iрi т. ж. құрылыстарын салу, т. б. факторлар әсер еттi. 1939 ж. қала халқы 3, 3 есе өсiп, қалалық елдi мекендер саны 81-ге жеттi. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елдi мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесi 1939 ж. 28, 8%-дан, 1986 ж. 62, 6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 iрi, 11 орта, 51 кiшi), 204 кентте жалпы халықтың 58, 0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5, 0%-ға артып, жалпы халықтың 42, 9%-ын қамтыды. [37]

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724, 9 мың км2) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км2-не 5, 4 адамнан келедi. Тұрғындар үшiн табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңiрлер - Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қ-н қоса алғанда) . Мұнда республика тұрғындарының 37, 8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км2-ге 16, 9; 6, 9 және 7 адамнан келедi. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесi аймақтар - Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24, 8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5, 2; 7, 4; 5, 7 және 6, 5 адамнан келедi. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10, 2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5, 4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9, 4%-ы орналасқан. 1 км2-ге 3, 3 адамнан келедi. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар - Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңт. Қазақстан аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда бүкiл тұрғындардың 17, 7%-ы орналасқан, 1 км2-ге келетiн орташа тығыздығы, тиiсiнше, 1, 9; 3, 7; 4, 1; 2, 3 және 2, 6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргiзiлген кездегi ҚР-ның әкiмш. -аум. бiрлiгiнде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елдi мекен болады. Ресми статист. мәлiмет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде тұрады.

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82, 2%), Маңғыстау (78, 4%), Павлодар (63, 4%), Қызылорда (60, 5%), Атырау (58, 2%), Ақтөбе (56, 2%), Қостанай (54, 2%) . Республиканың ең iрi қалалары - Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515) . Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте) . Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94, 2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78, 7%), Ақтөбе (70, 7%) облыстары, ең азы - Солт. Қазақстан (29, 6%), Қостанай (30, 9%), Ақмола (37, 5%), Қарағанды (37, 6%) облыстары) .

Әдетте қазақтар көбiнесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесi 38, 3% болса, 1999 ж. 45, 3%-ға жеттi. Консулдық қызмет департаментi басқармасының соңғы мәлiметi бойынша (2003) әрбiр үшiншi қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3, 5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда - 1258500, Моңғолияда - 83000, Ауғанстанда - 28000, Түркияда - 2, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерiнде - 2500, Германияда - 700, Жапонияда - 400, Австралияда - 400. Бельгияда - 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда - 20, Кубада - 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бiрге Францияда - 172, Швецияда - 51, Пәкстанда - 36, АҚШ-та - 23; Австрияда - 18, Швейцарияда - 4, Данияда - 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның iшiнде Өзбекстанда - 966000, Ресейде - 687800, Түрiкменстанда - 87600, Қырғызияда - 42600, Украинада - 10500, Тәжiкстанда - 1, Әзербайжанда - 4000, Грузияда - 3000, Молдовада - 2000, Арменияда - 500, Беларусьте - 300 адам тұрады. Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуi басым болғанымен әйелдер саны 30 - 34 жастан бастап айтарлықтай көбейедi. 60 - 69 жаста 1, 5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22, 0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгi жастар 43, 9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6, 1%. Орташа арифмет. жас - небәрi 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстан халқының бiлiмдiлiк индексi мен сауаттылық көрсеткiшi жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287, 4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365, 4 мыңға жеттi. Соңғы он жылдықта жергiлiктi тұрғындардың бiлiм алуында серпiлiс пайда болды. Әрбiр 1000 адамның 126-сы жоғары бiлiмдi. Әсiресе, студенттер санының қазақ жастары есебiнен күрт өсуi 90-жылдардың басынан басталды.

Қазiргi кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерiнiң үлесi 67%. Экономика салаларында еңбек ететiндер арасындағы жоғары және арнаулы орта бiлiмдiлер үлесi айтарлықтай өстi: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары бiлiмдiлер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта бiлiмдiлер тиiсiнше 234 және 296 болды. Қазiргi кезде жалпы бiлiм беретiн мемл. мектептерде 3101, 4 мың оқушы оқиды, олардың 1661, 3 мыңы ауылдық жерлерде бiлiм алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы бiлiм беретiн жеке меншiк (беймемл. ) мектеп саны 124 болды, онда 13, 5 мың оқушы оқыды. Қазiргi кезде 3455 мектеп мемл. тiлде жұмыс iстейдi. Онда 1530, 1 мың оқушы оқиды. Сонымен бiрге сабақ орыс тiлiнде жүргiзiлетiн 2522 мектеп (1462, 4 мың оқушы) ; өзбек тiлiнде - 78 мектеп (77, 2 мың оқушы) ; ұйғыр тiлiнде - 14 мектеп (22, 3 мың оқушы) ; тәжiк тiлiнде - 3 мектеп (2, 5 мың оқушы), украин тiлiнде - 1 мектеп (0, 1 мың оқушы) және аралас тiлде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшiн табиғи өсiм тұрғындар саны өсуiнiң негiзгi көзi болып табылады әрi қазақ халқы өсiмiнiң басты факторы болып қала бередi. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсiмi 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкiл табиғи өсiмiнiң 63, 5%-ын құраған болса, бұл өсiм 1991 ж. - 72, 4%, 1993 ж. - 88, 2%, 1995 ж. - 88, 0% болды. Соның нәтижесінде Қазақстан республикасындағы Қазақтардың пайыздық көрсеткіші 2005 жылы 60 пайызға таяп қалды. [21]

Қазақ халқы санының әр түрлі тарихи кезеңдердегі өсіп кеміген күрделі динамикасы. [37]

жылдар
Жалпы саны
Орташа жылдық кемуі (-), өсуі (+), қарқыны (%-есептегенде)
жылдар:

1465ж.

1723ж.

1725ж.

1845ж.

1900ж.

1916ж.

1921ж.

1931ж.

1933ж.

1941ж.

1945ж.

1950ж.

1960ж.

1970ж.

1980ж.

1990ж.

2000ж.

2015ж.

2040ж.

2090ж.

2165ж.

2300ж.

2500ж.

Жалпы саны:

1млн. 100 мың

3 млн. 330мың

2 млн. 222мың

3 млн. 600мың

5 млн. 000мың

5 млн. 650мың

4 млн. 800мың

5 млн. 450мың

3 млн. 400мың

3 млн. 750мың

3 млн. 150мың

3 млн. 460мың

4 млн. 470мың

6 млн. 280мың

7 млн. 990мың

10 млн. 000мың

12 млн. 300мың

15 млн. 000мың

18 млн. 500мың

23 млн. 000мың

26 млн. 500мың

30 млн. 000мың

33 млн. 000мың

Орташа жылдық кемуі (-), өсуі (+), қарқыны (%-есептегенде):

-

+0, 8 %

-16, 8 %

+0, 5 %

+0, 7 %

+0, 8 %

-3, 0 %

+1, 3 %

-12, 5 %

+1, 3 %

-4, 0 %

+2, 0 %

+3, 0 %

+4, 0 %

+2, 7 %

+2, 5 %

+2, 3 %

+1, 5 %

+0, 9 %

+0, 5 %

+0, 2 %

+0, 10 %

+0, 05 %

Шет елдерде Қазақтар көптеп қоныстанған аймақтарпайда болды. Оған негізгі кінә - шекаралар. Ресей қазақтары қазір 700 мыңдай, негізінен орыстілді, Астрахань, Орынбор, Омбы және Алтай республикаларында тұрады. Қазақстанға квотаны пайдаланбай, елге келмей отыр. Себебі Ресейде өмір сүру деңгейі Қазақстанға қарағанда әрқашан жоғары, және ол Ресей дамыған елдердің қатарына жататындықтан, алдағы уақытта да жоғары болып қала береді. Бұл қазақтардың орыс халқының құрамына сіңу қаупі бар. Негізі бұлардың көпшілігінің төлқұжаты ғана қазақ. Ресей Қазақстанғмен шекараны кезінде қалай бөлді. Қай жерде қандай халықтың саны басым болса, шекара сызығы сол жерді сол мемлекетке тастап кетіп отыратын. Егер шекараны бөлу қыста жүргізілсе, онда бұл аймақтарда орыстар басым болатын, себебі қазақтар жазда жайлауларына Сыр бойына, оңтүстікке көшіп кететін. Ал Орыс-Қазақ шекарасын жазда бөлгенде, бұл жақтарда әрқашан жайлауға көшкен қазақтардың саны басым болатын. Оңтүстікте керісінше, мысалы Сыр бойы мен Ташкент маңында қыста қазақтар өзбектерден бірнеше есе басым болатын, ал Қазақ-Өзбек шекарасын жазда бөлгенде, онда әрқашан өзбектер басым болып шығады, себебі қазақтар жазда Солтүстіккее Арқа мен Көкшетауға, Орал тауларына, Батыс Сібір мен Ертіс бойына қарай ойысып жайлауға көшіп кететін. Ал жасанған жайлаулар күз түсіп, «ел кеткен соң құлазып қалатын». [37]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Толық экономикалық одақ
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Әлемдік экономикалық қатынастар түсінігі
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлі
Халықаралық экономикалық интеграцияның объективті негіздері және мәні
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының қазіргі жағдайы
Орта азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері
Экономикалық интеграция туралы
Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz