Қызанақ және қияр жылыжайы


Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті
Бизнес-план
Қызанақ және қияр жылыжайы
Орындаған: Телебаева Диана
Тобы: ЗР - 317қ
Қабылдаған: Құдайбергенова А
Алматы 2020ж
Кіріспе
I. Жобаның тұжырымдамасы/сипаты
1. 1 Жобаға жалпы түсініктеме .
1. 2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 1. 3. Жобаның іске асырылатын орны, бастамашыл азамат туралы ақпараттар1. 4. Жобаның құны, қаржыландыру көздері
II Маркетингтік жоспар
2. 1 Нарықты талдау
2. 2 МАРКЕТИНГ СТРАТЕГИЯСЫ
2. 3 Бәсеке
III Ұйымдастыру, басқару жоспары
3. 1 Басқару құрылымы
3. 2. Құрал-жабдықтардың сипаты, қажет болған жағдайда суретімен
IV Өнімді өткізу жоспары
V Қаржылық жоспар
VI Тәуекелдер және оларды төмендету жолдары
VII Әлеуметтік экономикалық және экологиялық әсері
12. 1. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 12. 2. Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 12. 3. Қоршаған ортаға әсер КіріспеҚазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай шаруашылықтары алқабы 6 000 га астамды, Голландияда - 10 000, Түркияда - 41 000, ал Қытайда - шамамен 1, 5 млн. га құрайды.
Менің бизнес жоспарымда себелеп суаратын жүйемен жабдықталған жылыжай пайдалануға берілетін болады. Жылыжай 15 соттық алаңға орналасқан. 8 соттық алқапқа қызанақ, 7 соттық алқапқа - қияр отырғызылады. Жылыжайдың өнімділігі жылына 2 тонна көкөніс болады деп күтілуде.
Өнімді отырғызу мен жинау технологиясы бірнеше айды қамтиды. Бірінші жылы қызанақ пен қиярдың бір түрлі сорты отырғызылады, одан әрі сұранысқа байланысты оның түр-түрі кеңейеді. Кәсіпорынға мемлекеттен сомасы 10 млн теңге көлемінде қомақты көмек көрсетілді. Бұдан басқа, «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде оған сыртқы желілерді салу үшін қаражат бөлінді.
I. ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. 1 Жобаға жалпы түсініктеме .
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы бизнес, сонымен қатар барлық тараптар үшін пайдалы болып табылады. Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақсы табыс табуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді.
Негізінен, жылыжай бизнесі қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды. Сол себептіде әрқашанда сұранысқа ие.
Жобаның мақсаты мен міндеттері
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мыналар болады:
- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті өнім алу;
- Алматы қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
Мақсатқа қол жеткізу жоспары :
- Өндіріс үшін негізгі және қосымша материалдарды сатып алу, әкелу (тұқым, тыңайтқыш және басқалары үшін айналым қаражаты) ;
- Құрамды орналастыру, жинақтау және оқыту;
- Жылыжай кешені өндірісінің басталуы және өнім шығару.
Өнімнің осы түрін таңдау кезінде компания Алматы қаласының тұрғындары үшін мынадай пайдалы шарттарды басшылыққа алды:
- импортты айырбастайтын өнімдер өндірісі (жылыжай кешені Алматы қаласының шекарасында орналасатын болады) ;
- жыл бойы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету;
- өнім бағасының барынша төмен болуы
Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Өнім түрлерінің тізбесі:
- Томат (қызанақ) ;
- Қияр.
Қызанақ сипаттамасы: Қызанақ - бұл негізінен бір жылдық сабақыты өсімідік.
Қызанақтың жемісінде мыналар болады, %: құрғақ заттар- 4, 5-8, 1, ерігіш қант - 50, органикалық қышқыл - 3, 5-8, 5, целлюлозалар - 0, 87-1, 7, пектиналық заттар- 0, 13-0, 23.
100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0, 6, мыс - 0, 097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0, 189.
Дәрумендер, мг/1 кг: В, - 0, 3-1, 6; В2 - 0, 5-6, 0; РР - 4, 3-5, С - 200-450, каротин және басқалары.
Қызанақты томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын, консервілеу, тұздау үшін пайдаланады. Қызанақ тамақ дайындауға қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Қызанақтың негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы өнімін алуға болады.
Қияр - асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімідік.
Қияр өсімдігі жылуды. Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы отырғызған күндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған кездерде.
Қиярдың химиялық құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: су 94, 3-98, 2, құрғақ заттар 1, 8-5, 7, соның ішінде қант 07-2, 54, белокты заттар 0, 56-1, 1, жасушалар 0, 33-0, 78, майлар 0, 08-0, 27, күлі 0, 25-0, 58. Қиярда дәрумендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәрумені - 10-20, В дәрумені- 0, 04-0, 1, В2 дәрумені - 0, 04, провитамина А (каротин) - 0, 02-0, 06.
Қиярды тамақта шала піскен күйінде - жасыл түрінде де пайдаланады. Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді. Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар. Олар ағзадағы әр түрлі зиянды құрамаларды азайтуға әсер етеді.
1. 3. Жобаның іске асырылатын орны, бастамашыл азамат туралы ақпараттар
Жобаның түйіндемесі
1. 4. ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ, ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
Қаржыландыру құрылымы
Сатып алынатын құрал-жабдықтардың тізімі
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының маңызы жоғары. Өйткені дұрыс ұйымдастырылған менеджмет кезінде өндірістік қуаттарды барынша тиімді пайдалануға болады.
Өнім алуға кететін шығын
Өнімге қолданылатын тыңайтқыштар кестесі
2. Нурилл-Д
(Жеміс шыбындар, бүрге)
4. Децис (Колорадо қоңызы)
5. Вертимек(Жыртқыш Кене)
11500
18500
11500
18500
9. Луна
Штаттық кесте. Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг
II МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР
2. 1 Нарықты талдау
Маркетингтің мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
2. 3 МАРКЕТИНГ СТРАТЕГИЯСЫ
Негізгі стратегиялық концепциялар:
- Нарықты сегменттеу;
- Мақсатты нарықтарды таңдау;
- Осы нарықтарға шығудың әдістерін/жолдарын таңдау;
- Нарыққа шығудың уақытын анықтау.
Маркетингтік шараларды жүзеге асырудың құралдары:
- Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын жетілдіру;
- Нарыққа жаңа тауарды шығару;
- Сұранысты зерттеу;
- Тұтынушылармен тікелей қарым-қатынас орнату;
- Персоналды оқыту;
- Сервисті жетілдіру;
- Сатып алушының ерекше талаптарына тауарды бейімдеу;
- Жарнама;
- Бағаларды басқару.
2. 4 Бәсеке
Жаңа жылыжай шаруашылығына осы салада белгілі клиенттері бар жылыжай шаруашылығы барлар, көршілес облыстардан әкелетіндер, сондай-ақ жаңа жылыжай шаруашылықтары бәсекелес бола алады.
2019 жылы елде 21 га, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қаражаты есебінен жабық топырақты алқап пайдалануға берілді:
- Алматы, Жамбыл, Қызылорда, ОҚО - 50 шағын жылыжай;
- 6 өнеркәсіптік жылыжай:
- ОҚО (Сарыағаш, Бәйдібек аудандары, Шымкент қаласы) ;
- Атырау қаласы;
- Өскемен қаласы;
- Қарағанды қаласы.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы алаңы 3, 5 га бір ғана жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.
III ҰЙЫМДАСТЫРУ, БАСҚАРУ жоспары
3. 1 Басқару құрылымы
Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды. Инженер қызмет көрсетуші құрамның (жүргізуші, күзетші, слесарь, электрик, шаруашылық меңгерушісі) жұмысын бақылайды. Агроном өндірістіқ қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді (зертханашы, жылыжай шебері, өсімдік шаруашылығы қызметкері, оператор) .
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады.
Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және жағдайлардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның негізгі мамандары - инженер, агроном, бас бухгалтер.
3. 2. Құрал-жабдықтардың сипаты, қажет болған жағдайда суретімен
Жылыжайдың желкөз желдеткіші жүйесі
Жылыжайлардың желкөз желдеткіші жүйесі жылыжайлардың тұйық көлемінде табиғи ауа айналымына арналған, ол мөлдір жарық қоршаудың төбе бөлігіндегі жеелдеткіш арқылы ауа айналымын жасайды. Ол алыстан автоматты түрде ашылып-жабылады.
Ашу қондырғысы гальванизацияланған құбырға алюминий қысқышпен қосылады және әрбір төбеге екі пластмасса шкивпен шығарылады.
Желдету желкөз арқылы жүзеге асырылады, олар төбенің астына шаахмат түрінде орналастырылған.
Желдеткіш көздердің жалпы алаңы жылыжай төбесінде жылыжай аумағының 25% құрайды.
Желкөздерді ашу бұрышы 46º құрайды. Негізгі жабдықтардың арасында жылыжай өндірісі үшін мыналарды бөліп көрсетуге болады.
«Пушпульді» желкөздерді ашу жүйесінің схемасы
Бұл жүйе жылыжайда микроклиматты ұстап тұрудың технологиялық процесін сапалы басқаруға мүмкіндік береді.
Көлденеңінен құрастырылған энергия үнемдейтін және жарық шығаратын шымылдықты экрандар (шымылдықты жабу жүйесі
Энергия үнемдейтін және жарық шығаратын шымылдықты экран жүйесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде жылыжайларға түсетін күн сәулесі радиациясы (шамадан тыс) кезінде көлеңкелеу, сонымен бірге түнде және сырттағы температура төмен болған кездерде жылуды аз жоғалту үшін арнайы әзірленді.
Жылыжайды көлденеңінен көлеңкелеу жүйесі
Жылыжай шаруашылығы үшін аса қажетті жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады.
Тамшылатып суару жүйесі
Тамшылатып суару жүйесінің көмегімен су мен пайдалы ерітінділер тамыр жүйесінде тұрақты түрде ылғал болуы үшін өсімдіктің тамыры орналасқан аймаққа тікелей жіберіледі. Мұндай суару жүйесінде су әрбір өсімдіктің тамырына жеке тартылады. Әрбір өсімдікке келетін судың сапасы әрбір тамшылатқыш дозаторда жеке реттеледі.
Тамшылатып суару жүйесінің негізгі қасиеті оны адамның бақылауынсыз өсімдікті тәулік бойы суаруға пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Тамшылатып сурау жүйесін қолдана отырып суарған кезде жердің бетінде топырақтың нығыздалған беткі қабаты (қабығы) пайда болмайды. Өсімдікті басқаша суарған кезде міндетті түрде осындай жағдай қалыптасады.
Қажетті техниканың тізбесі:
- ГАЗ 3302 "Газель-Бизнес";
- ГАЗель рефрижератор.
IV ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ
Жобаны жүзеге асыру жоспары жылдар бойынша
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz