Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі емдік дене шынықтыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі емдік дене шынықтыру.

Өкпе ауруларының комплекст емінің ішінде ауру адамды қалпына келтіру процесінде басты рольді емдік дене тәрбиесі атқарады. ЕДШ алу кезінде симпатикалық нерв жүйесінің тонусы көтеріледі, бүйрек безінің функциясы күшейеді (адреналин, кортикостероидтар бөлінеді), мұнын өзі спазмды тоқтатады.
Обструктивтік патология кезінде тыныс Бұлшық еттеріне түсетін күштін көбеюі, кеуденің инспираторлық қалыпта болуы, тыныс бұлшық еті топтарының асинхронды қызметі тыныс бұлшық еттері функциясының тиімділігін төмендете түседі. Сонымен қатар, өкпе ткані кұрылысының әр түрлі болуы, өкпенің желденбейтін жерлеріне компрессия мен декомпрессияның әсер етуі, бұған тыныс бұлшық еттерінің энергиясынын кетуі тыныс бұлшық еттерінің жиырылу қабілетін азайтады, олардын қызмет ету режимін бұзады. ЕДТ-ң жаттығулары тыныс актісінің дискоор-динациясын түзеуге, ауру адамда шартты тыныс рефлексін қалыптастыруға бағытталады. Қакырық жиналғанда дренаждық гимнастика мен постуральдық дренаж тиімді болып келеді. Альвеолярлық вентиляцияны жаксарту үшін сирек және терең дем алып үйрену керек.

Емдік дене тәрбиесінің міндеттері
1. Организмнің жалпы тіршілік тонусын күшейту және оның тосқауылдық қабілетін арттыру. ЕДШ маңызын моторлы - висцеральдық теория тұрғысынан -тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелері мен қозғалу анализаторы орталықтарының арасында тура байланыс бары тұрғысынан түсіндіруге болады. Қаңқа бұлшық етінің қызметі ішкі органдар әрекетінің арасында дәл сәйкестік болуын талап етеді.
Гиподинамиямен күрес.
2. Ауруға байланысты пайда болған қалыпты емес ми қыртысы - висцеральдық рефлекстер және шартты - рефлекторлық байланыстарды пролриоцептивтік рецепция арқылы жою. Вегетативтік нерв жүйесі мен тынысты нейрогуморальдық реттеу арасындағы тиімді динамикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру.
3. Сыртқы тыныс биомеханикасына спецификалық әсер ету. Бронхты кеңейту әсерінің механизмі: мұрын арқылы тыныстауды жаттыктыру (мұрын-өкпе рефлексін активті күйге келтіру), тыныс алуды тереңдету, босаңсыту процесін жетілдіру, жаттығуларды суда орындау, дыбысты гимнастика, мұнын бәрі спазмды әлсірету әсерін тудырады. ЕДШ өкпедегі қан айналымын анағұрлым жақсарту арқылы өкпедегі патологиялық процестерді жояды, плевра беттерінің бір-біріне жабысып қалуын болдырмайды, өкпе тканінің серпінділігін сактайды, инспираторлық тыныс бұлшық еттерінің қызметін жеңілдетеді, өтем (компенсаторлық) механизмдерін дамытады. Түсетін күштің біртіндеп өсуі тыныстын резервтік мүмкіншіліктерін арттырады: ӨТС, ӨМВ, бронх өзегінің өткізгіштігі, оттегін пайдалану коэффициенті өседі, қанның оттегін тасымалдау функциясы жақсарады, тканьдердегі тыныс механизмі жетіледі.
4. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі жақсарады: қан айналысының экстракардиальдық факторлары іске косылады, әр дәрежеде дамыған қан іркілу көріністері азаяды, коронарлық қан ағыны күшейеді.

Тыныс органдары ауруларында қолданылатын емдік дене шынықтырудың құралдары мен түрлері

Емдік дене тәрбиесінің әдістері - емдік және реабилитациялық міндеттерді шешу үшін қолданылатын жаттығулардың жиынтығы. ЕДШ кұралдарын шешетін емдік тапсырмаларға қарап анықтайды. Тыныс оргаңдарының ауруларында ЕДШ тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатыны тыныс жаттығулары. Құрамына тыныс жаттығулары мен негізгі және қосымша тыныс бұлшық еттерінің дамуын және күшеюін қамтамасыз ететін жаттығулар кіретін комплекс респираторлық гимнастика деп аталады (Э. В. Стрельцова. 1973). Дыбысты гимнастика - белгілі бір дыбысты немесе арнайы терілген дыбыс жиынтығын қатаң бір тәсілмен шығарудың арнайы жаттығулары. ПФ - тазалаушы тыныс шығару, дыбыс ерін арқылы күшпен итеріліп шығарылады; X, Қ, КХ-тыныс шығаруды күшейтеді; КХ, КЧ - мұрын-жұтқыншақты кілегейден тазартады; ГРЕХ - толық және терең дем алуды жаттықтырады. Постуральдық дренаж, дренаждық гимнастика. Жөтелдің тазалау (дренаждық) функциясына әсер ететін жағдайлар: жөтелдің рефлекторлық механизмін сақтау (ӨСБА 70%-інде төмендейді), тыныс Бұлшық еттерінің жиырылуы, кеудеңің, өкпе тканінің серпінділігі, бронх мускулатурасының тонусы, ауа ағынының жылдамдығы. Қақырықтың қозғалу жылдамдығы 1-1,5 сммин. Жөтелдің көрсетілген компонеңттеріне арнайы тыныс жаттығулары әсер етеді. Он жақтағы ортаңғы бөлік пен сол жақтың тіл тәрізді бөлігін тазарту үшін - алғашында дененің аяқ жағын көтеріп жатады, оң жақтағы ортаңғы бөлікті тазарту үшін - сол жақ бүйірге, сол жақтың тіл тәрізді бөлігін тазарту үшін - оң жақ бүйірге жату керек. Постуральдық дренаждың үш фазасы болады: 1. қақырықтың сұйылуы және оның бронх қабырғасынан бөлінуі (ингаляция, жылы сұйықтық ішу, массаж); 2. қақырықты жүргізу (тыныс жаттығулары қолданылады, тынысты толық алу мен толық шығаруды қысқа диафрагмалық тыныспен кезектестіру тиімді болып келеді); 3. қақырықты сыртқа шығару (дауыс саңылауының ашық күйінде бірнеше қайталап, тез тыныс шығару). Постуральдық дренаж бен дренаждық гимнастиканың ұзақтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы пневмония кезіндегі емдік дене шынықтыру (оқу әдістемелік құрал)
Емдік дене шынықтыру жалпы негіздері
Баланың нормадағы қан көрсеткіштері
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША МӘТІНДЕР ТОПТАМАСЫ
Қан айналымы аурулары
Жүктілік кезінде туындайтын өзгерістер
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Плеврит - плевраның қабыну экссудатының плевралық қуысында жиналуымен қабынуы
Пәндер