Кеуде торының түрлерін анықтау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Эссе

БӨЖ №13

«Кеуде торының түрлерін анықтау»

Орындаған: Жанғазы М. Т.

Курс : 1курс

Тобы: 107Б

Мамандығы: Жалпы Медицина

Тексерген: Айнұр Жунусова

Алматы, 2021

Кеуде торының түрлерін анықтау

Тұтас кеуде торы пішіні.

Кеуде торы пішіні жағынан жоғарғы шеті тар, ал төменгі шеті кеңдеу сопақ екі шеті де қиғаш кесілгендей. Сонымен қатар кеуде кеуде торының овоиды алдынан артқа қарай шамалы қысылған.

Кеуде торында екі тесік немесе апертурасы бар: жоғарғы және төменгі, төменгісі бұшықет перде - көкетпен жабылған. Төменгі апертураны шектейтін қабырғалар доға түзеді.

Төменгі апертуранның алдыңғы жиегінде, төсасты бұрышы болады, оның шетінде семсертәрізді өсінді орналасқан. Омыртқа бағанасы орта сызығы бойымен кеуде қуысына еніңкірейді де, оның жандарына қарай, онымен қабырғалары арасында кең өкпе жүлгелері пайда болады, оларда өкпенің артқы жиектері орналасады.

Сүтқоректілерде, горизонталды қалыпта жүретіндіктен, ішкі ағзалар және төменгі қабырға қысымы түсіреді. Кеуде торы ұзын және тар, соның өзінде вентро - дорсалды шамасы көлденеңінен үлкен. Кеуде торы қырсүйек түріндей шығыңқы вентралды қабырғасы бар бүйірлері жағынан қысыңқы болады. Маймылдарда тік жүруге көшуге және қол-аяқтарының аяқ және қолға бөлінуіне байланысты кеуде торы кеңейіп, қысқарады, алайда вентро-дорсалды шама көлденең шамадан басым келеді (маймылдық пішін), ақырында толығынан тік жүруге көшуге байланысты адамда қол, жүру қызметінен босап, ұстап тұратын еңбек мүшесіне айналып, соның әсерінен кеуде торы оған бекитін қолдардың тарту күшіне тап болады: ішкі ағзалар енді алдыңғы қабырғаға айналған вентралды қабырғаға емес, көкеттен дененің ауырлық сызығы дененің вертикалды қалпы кезінде омыртқа бағанасына жақындайды. Осы айтылғандардың нәтижесінде кеуде торы жалпайып және кейіңейіп, көлденең шама алдыңғы артқы шамадан асып түседі.

Осы филогенез үрдісін бейнелей отырып, кеуде торы онтогенезде түрлі пішінге ие болады. Нәресте тұрып, жүріп және қолқа - аяқтарын пайдалануды үйреніп, сондай-ақ бүкіл қимыл аппарты мен ішкі ағзалары өсіп, дамыған сайын оның кеуде торы бірте-бірте көлденең шамасы басым адамға тән пішінге келе бастайды.

Кеуде торының пішіні мен шамасы да едәуір дара өзгерістерге (вертиацияларға) ұшырып отырады, оның себебі нақты адамның тіршілік қалпы мен мамандығына байланысты оның бұлшықеттері мен өкпесінің даму дәрежесінен туады. Кеуде торына жүрек пен өкпе сияқты тіршілік қалпы мамандығына байланысты оның бұлшықеттері мен өкпесінің даму дәрежесіінен туады. Кеуде торына жүрек пен өкпе сияақты тіршілік үшін аса маңызды ағзалар орналасатындық тан жеке адамның дене дамуын бағалап, ішкі ауруларына диагноз қоюда бұл вариациялардың үлкен маңызы бар. Әдетте кеуде торының үш пішінен ажыратады; жалпақ, цилндрді және конусты. Бұлшықеттері мен өкпесі жақсы дамыған адамдардың кеуде торы кеңейіп, бірақ қысқарып, конус пішінге ие болады, яғни оның төменгі жоғарғы бөлігіне қарағанда кеңдеу, қабырғалары онша ілілмеген үлкен. Мұндай кеуде торы тыныс алу күйінде тұрған сияқты, сондықтан оны иеспираторлық деп ататйды. Керісінше, мускулатурасы мен өкпесі нашар дамыған адамардың кеуде торы тар және ұзын, жазық пішінді, алдыңғы - артқы диаметрінде қатты жайпақтанғандықтан, оның алдыңғы тік дерлік тұрады, қабырғалары тым иілген, сүйір. Кеуде торы тыныс дықшығаратын күйде сияқты, сондықтан оны респираторлық деп атайды. Цилиндрлі пішін сипатталған екі пішіннің аралығында болады. Әйелдердің кеуде торы еркектердікіне қарағанда қысқалау және төменгі бөлімінде тарлау және жұмырлау. Кеуде торының пішініне әлеуметтік жағдайлар да әсерін тигізеді. Мысалы, дамушы елдердегі жарық аз түсетін үйлерде тұратын кедейлердің балалары тамақтың аздығынан және күн сәулесінің жетімсіздігінен рахитпен (“ағылшын науқасы”) ауырады, бұл жағдайда кеуде торы “тауық кеудесі” пішініне ие болады: алдыңғы-артқы шама басым болып, төс тауықтың кеудесі сияақты қалыптан тыс шығып тұрады. Бүкіл өмір бойы аласа орындықта еңкейген күйде отырып, кеудесін аяқ киім негізіне шеге қағуға ьтіреніш ретінде пайдаланатын етікшілердің кеуде торының алдыңғы қабырғасында ойыс пайда болғандықтан, ол қушық кеудеге айналады. Партаға дұрыс отырмағаннан бұлшықеттердің нашар даму нәтижесінде кеудесі ұзын және жазық балалардың кеуде торы босап тұрған сияқты, ал бұл жүрек пен өкпенің қызметіне теріс әсерін тигізеді. Баланың ауруын болдырмау үшін дене шынықтырумен айналасу керек.

Кеуде торының қозғалысы. Қабырғалар төспен бірге біресе көтеріліп, біресе төмен түскен кезде қабырғалардың байланыстарын сипаттағанда айтылған біліктің айналасында қабырғалардың артқы ұштары айналады, соның өзінде олардың алдыңғы ұштары кеуде торы алдыңғы - артқы шамада еңкейетіндей болып көтеріледі. Айналу білігінің қиғаш бағытты болуынан бір мезгілде қабырғалар жан-жаққа қарай ығысып, соның нәтижесінде кеуде торының көлденең шамасыда үлкейеді. Қабырғалар көтерілгенде шеміршектердің өздері созылып, ширатылады. Бұлшықеттік актіден болатын тыныс алу біткеннен кейін қабырғалар төмен түседі де, енді тыныс шығару басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері
Тыныс алу ауруларының шағымдары, ауру тарихы және өмір тарихтарын жинау ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері
Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері
Организмдегі лимфа ағыстары
Спортшымен жаттығуды бағалау
Баланың физиологиялық және биологиялық дамуы
Қабырғалар және оның пішіндері
Механикалық асфиксия кезіндегі ағзадағы патологиялық өзгерістер
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Лимфалық тамырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz