Этнос, этникалық қауымдастық туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Этнос, этникалық қауымдастық

Этнос, этникалық қауымдастық- бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т. б. ) . Алайда, кейбіреулер (Л. Н. Гумилевтан кейін) оны негізгі жүйе ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т. б. ) .

Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген М. Вебер: "Этнос - мүшелері сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топ". Бүдан кейін де көптеген зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығының негізінде өзінше анықтама беруге тырысты. Алайда, Л. Н. Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің бірде-бірі жалпыға бірдей, кез келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.

Этнос ең алдымен, мәденитілдік қауымдастық. Этностың пайда болуында аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы шешуші фактор болып табылады. Саяси кеңістіктің ор¬тақтығы мен халықтың әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мүраға қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық мағынасындағы этнос ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ мәдениет элементтері бар, тағдарлас тарихы бар, ерекше географиялық ортадағы топтық ынтымақтастық танытатын адамдар тобын атауға болады.

Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік. "Этникалық топ" ұғымы 1950-1960-шы жж. пайда болды. Ол "тайпа" ұғымының орнын басты.

Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.

  • Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
  • Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ; Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды; Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді; Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады; Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.

Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт. Ұлттық психологиядағы бастысы "ұлттық рух" деп қараған М. Лаңарус пен Х. Штейнталь (1860) "халықтар психологиясы" мектебінен бастау алады. XX ғ. басында бұл идеяларды В. Вундт "халықтар психологиясында" жалғастырды. Қазіргі этнопсихология тақырыбы тұрғысынан да, әдістері жағынан да біртүтас емес. Онда бірнеше бағыттарды анықтауға болады:

  • а) жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысты психофизиология, когнитивті процестер, жадында сақталған, көңіл-күй, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу;
  • ә) этнографияның, фольклористиканың, өнертанудың бөлімдерімен байланысты символдық элем мен халық мәдениетінің құндылықты бағдарларын мәдениеттанулық зерттеу;
  • б) топаралық қатынастарды, үстанымдарды, стереотиптерді зерттейтін әлеуметтік және саяси психо- логиядан алынған әдістер мен түсініктемелерді пайдаланып этникалық сана- сезімді зерттеу;
  • в) әлеуметтендірудің этникалық ерекшеліктерін зерттеу. Өйткені ұлттық мәдениет мәні мен этносты құрайтын индивидтер ерекшеліктері бір емес, мәдениеттанулық және психологиялық зерттеулердің арасында қашан да алшақтық болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнография термині
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
Тіл және этникалық бірлік
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Этнос, этникалық қауымдастық
Этногенез халықтар тарихының бастамасы
Этноәлеуметтану
Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
Этнос, халық, ұлт
Қоғамдағы этникалық топтар әлеуметтанулық зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz