Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері


Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері
Рекреациялық іс-әрекет - адамның психологиялық, физикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жиыны. Рекреациялық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін «рекреациялық шара» қолданылады. Рекреациялық шара түрлі болады. Оған серуендеу, көлде жүзу, балық аулау сынды әрекеттер кіреді. Рекреациялық шаралардың іске асуы, олардың әр түрлігі рекреациялық аумақтар қасиетімен тығыз байланысты. Олардың алмасу қасиеті туризмологияда жоғары бағаланады.
Рекреация аумағана байланысты да бөлінеді. Рекреациялық аумақтарды үшке бөлеміз:
- Курорттық елді мекендер мен тұтас курорттық агломерация негізінде «урбандалған» рекреациялық аумақ;
- Рекреациялық саябақтар;
- Ауылды жерлерде орналасқан рекреациялық аудандар.
Курорттық аудандардағы рекреациялық іс-әрекеттер теңізбен, саяжайлармен, шипажайлармен байланысты. Курорттық-санаторлық емдік бағытта жұмыс істейтін аудандар кіреді. Қазіргі кезде теңіздік аудандар демалушылардың қызығушылықтарын оятуда. Рекреанттар арасында теңіздік демалу әлем астаналарына саяхатттан кейін екінші орында. Теңіздің адам ағзасына қажетті элементтермен қамтамасыз етілгені бізге белгілі. Ол адамның денсауылығы мен рухани күшін қайта қалпына келтіреді. Қазір тек осы себептерге ғана байланысты рекреанттар теңізге қызығуда емес, сонымен қатар теңіз жанында салынған, демалуға арналған сәнді, туристерді қызықтыратын ерекше ғимараттардың салынуы да әсер етуде.
Кейбір экономикасы дамыған, туристер жиі баратын елдерде рекреациялық агломерациялар қалыптасқан. Рекреациялық агломерация дегеніміз белгілі бір теңіздің жағалауында демалу ғимараттардың сызық бойымен жалғасып салынуы. Ол урбандалуды дамытады. Қатарынан созылып салынған демалу орындары бірігіп, ірі демалу қалашығын қалыптастырады. Әрине ол ел экономикасына пайда әкеледі, дегенмен, ондай орындардың дұрыс орналыстырылмауы табиғи ландшафтардың құртылуына, халықтың әлеуметтік проблемаларының көбеюуіне әкеледі. Экономикасы дамыған ірі елдер жағажай аумағын тиімді пайдалану үшін жағажайға перпендикуляр бағытта сауықтыру орталықтарын, арнайы демалу орындарын салады. Жағажайдан тысқары аумақта ірі жол салынады. Тиімді орналастырылған көлік байланысы теңіздік ваннаны пайдалануға жағдай жасайды.
Туристердің жиі баратын орындарына таулы аймақтар да жатады. Қазір рекреанттар тау-шаңғысына қызығушылық білдіруде. Оған дәлел тау-шаңғысына бағытталған орындардың саны күннен күнге өсуде. Ондай орындардың дамуы үшін климаты қолайлы болуы керек, қалыңдығы 50-60 см қар үш айдан кем емес жатуы керек, беткейлердің көлбеуі орташа есеппен 17 градусқа жететін орташа немесе аз тілімденген жер бедері, қар көшкіні болмайтын аумақтар болуға тиіс.
Туризм мен демалуға арналған орындарды үйымадстырудың тағы бір формасы - ұлттық саябақтарды ұйымдастыру. Табиғи-рекреациялық саябақтарды ұйымдастыру үлкен маңызға ие. Алғашқы ұйымдастырылған саябақ -1872 жылы құрылған Йеллоустон саябағы. Ұлттық саябақтарда экологиялық, тарихи және эстетикалық маңызы бар орындар қорғалады. Ұлттық саябақтардың негізгі мақсаттары:
- Ең тамаша немесе адам әсерінен аз өзгеріске ұшыраған табиғи ландшафтарды қорғау;
- Табиғи ортада ғылыми зерттеу базасын ұйымдастыру;
- Танымдық туризм үшін жағдай жасау;
- Табиғатты қорғауға арналған тәрбие жұмысын жүргізу.
Білуге тиіс нәрсе - рекреациялық іс-әрекет ұлттық саябақтардың негізгі функциясы болып табылмайды. Сондықтан қазіргі рекреациялық саябақтар құрылымы жағынан ұлттық саябаққа, ал рекреациялық функциясы жағынан орман-саябаққа ұқсас жоспарлануы керек. Орман-саябақ екі анықтамаға ие:
- Орман-саябақ - демалуға арналған және соған қажет құралдармен қамтамасыз етілген орманның бір бөлігі.
- Орман-саябақ - қысқа мерзімге бағытталған еркін демалу және қайта құрылу арқылы белгілі бір жүйеге келтірілген ландшафтық орман. Оған адамға қолайлықты қамтамасыз ететін барлық факторлар кіреді. Санитарлық-гигиеналық, орман-саябақ рекреациялық, сәулет-өнер еңбегі, танымдық және орман шаруашылығы функциялары үйлеседі. Еркін демалысқа серуендеу, тыныш демалыс, жағажайлар мен саябақтарда демалу сынды әрекеттер жатады.
Рекреациялық саябақтардағы рекреациялық кәсіпорындары туристерге қызмет көрсетеді, рекреациялық орындарға күтім жасайды. Кейбір рекреациялық аумақтар ауылды аймақтарда орналасқан. Ол тарихи-мәдени маңызға ие. Ондай орындарға Айша Бибі кесенесін жатқыза аламыз
Қазақстанда ерекше қорғауға алынған аумақтарға рекреациялық аумақтардың барлық типі кіреді. Басқа елдермен салыстырғанда даму деңгейі төмен. Дегенмен қазір даму үстінде. Каспий теңізі жағалауында арнайы демалыс орындары салынған. Соның арқасында ол Қазақстандағы маңызды туристік объект болып саналады. Қазақстан ауыл маңындағы тархи орындар да туристердің назарын аударуда. Ірі мәдени қалаларымызда рекреациялық саябақтар да орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz