Территориялық рекреациялық жүйелердің схемасын құрастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Территориялық рекреациялық жүйелердің схемасын құрастыру

Территориялық рекреациялық жүйе - бұл әлеуметтік география жүйесі, жер мен оның бар қырларын зерделеп көрсетеді. Сонымен қатар рекреанттың, яғни адамның денсаулығы мен еңбек қабілетін, физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, кеңейту функциясына ие. Құрылымына байланысты ТРЖ бір-бірімен байланысқан бес шағын жүйелерден тұрады:

  • табиғи және мәдени кешендер (ТК) ;
  • техникалық құрылыс (ТҚ) ;
  • қызмет көрсету (ҚК) ;
  • басқару органы (БО) ;
  • демалушылар тобы (ДТ) ;

«Табиғи және мәдени кешендер» жүйесі (ТК) - ТРЖ-нің жергілікті құрылу қоры және рекреациялық қажеттіліктердің шарттарын өтеу мен ресуртардың сапасына жауап береді. Оның белгілі бір аттрактивтігі, сыйымдылығы, комфорттылығы, сенімділігі және тұрақтылығы сынды қасиеттері бар. Табиғи және мәдени кешендер жүйесіне пайдалану қорының көлемі, тарау мөлшері тән. Олар пайдалану мүмкіндігінің кезеңдері арқылы сипатталады және туристерге қызмет көрсету барысында қайталанып отыруы мүмкін.

«Техникалық құрылыс» жүйесі (ТҚ) - демалушылар мен қызмет көрсетушілердің орнластырылуы, тамақтандырылу, көлік қызметтерін пайдалану мүмкіндері және арнайы рекреациялық қызметтерді пайдаланатын, яғни емдеу, сауықтыру, мәдени іс-шара, экскурсия сынды қызметтерді іске асыратын шағын жүйе. Рекреациялық және қызмет көрсету кәсіпорындары рекреациялық инфрақұрылымды іске асырады. Оған тән қасиеттер: сыйымдылық, комфорттылық, әртүрлілік, экологиялық және дайындық көрсеткіштері.

«Қызмет көрсету» жүйесі (ҚК) - рекреанттарға рекреациялық қызмет көрсету функциясын атқарады және рекреациялық орындардың өндірістік-технологиялық жағынан қанағаттандырады. Ол туристерге қызмет көрсетушілердің санымен, қызмет көрсету сапасымен, біліктілігімен сипатталады.

«Басқару органы» жүйесі (БО) - ТРЖ барлық шағын жүйелерінің жұмысын және олардың өзара әрекеттесіп қызмет етуін қамтамасыз етеді. Болашаққа және қазіргі уақытқа жоспарлар жасау және басқару жүйелері арқылы ТРЖ-ның әртүрлі салаларының деңгейлердің кешенді түрде дамуын іске асырады және рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасайды. Рекреациялық іс-әрекеттердің нормативті-заңдылық, ақпараттық, материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді.

«Демалушылар тобы» жүйесі (ДТ) - туристердің әлеуметтік-демографиялық, жергілікті және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты, ТРЖ-ның элементтеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Ол рекреациялық қажеттіліктердің құрылысы мен мөлшерін, туристердің тадауын, демалу орындарының географиялық сұранысын, туристердің циклдік әртүрлілігі мен мезгілділігін анықтап отырады.

Шағын жүйенің жағдайы: Шағын жүйенің жағдайы
Басқару органы: Басқару органы
Ақпараттық: Ақпараттық
Нормативті қамтамасыз ету: Нормативті қамтамасыз ету
Қормен қамтамасыз ету: Қормен қамтамасыз ету
Профилактикалық: Профилактикалық
:
Шағын жүйенің жағдайы: Қызмет көрсетушілер
Басқару органы: Кәсіптілік
Ақпараттық: Реттеушілік, қайта өңдеушілік
Нормативті қамтамасыз ету: Еңбекпен қамтамасыз ету, бос уақытсыздық
Қормен қамтамасыз ету:
Профилактикалық: Біліктілік
Шағын жүйенің жағдайы: Техникалық құрылыс, инфрақұрылым
Басқару органы: Әртүрлілік, сыйымдылық, комфорттық
Ақпараттық: Экологиялық
Нормативті қамтамасыз ету:
Қормен қамтамасыз ету: Қормен қаруланғандық
Профилактикалық: Толығымен пайдалану, технологиялық дайындық
Шағын жүйенің жағдайы: Табиғи кешен
Басқару органы: Аттрактивті, тұрақтылық, сыйымдылық, комфорттық
Ақпараттық:
Нормативті қамтамасыз ету: Ресурспен қамтамасыз ету, сенімділік
Қормен қамтамасыз ету: Комфорттық
Профилактикалық: Гигиеналық
Шағын жүйенің жағдайы: Демалушылар тобы
Басқару органы:
Ақпараттық: Ырғақтылық таңдаушылық
Нормативті қамтамасыз ету: Гомогендік (біртұтастық)
Қормен қамтамасыз ету: Технологиялық
Профилактикалық: Бірқалыптылық
Шағын жүйенің жағдайы: Шағын жүйелердің талаптары
Басқару органы: Демалушылар тобы
Ақпараттық: Табиғи кешен
Нормативті қамтамасыз ету: Техникалық құрылыс және инфрақұрылым
Қормен қамтамасыз ету: Қызмет көрсетушілер
Профилактикалық: Басқару органы

ТРЖ-ның жүйелерінің өзара байланысы оның негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. ТРЖ элементтерінің өзара байланысы жайлы мәліметтерді білу үшін В. М. Кривошеев пен И. В. Зорин ұсынған әдістер арқылы құрылған матрицалық байланыс кестесіне сүйенеміз. ТРЖ элементтері матрица қатарында талданып, белсенді жүйе ретінде тапсрысты қабылдаушы болады. Матрица қатарындағы элементтер сол тапысырыстарды қанағаттандыратын ресурстар болып табылады.

Демалушылар тобының «табиғи кешенмен» байланысы сыйымдылық, тартымдылық, тұрақтылық және комфорттық шағын жүйелерімен іске асырылады. Табиғи кешеннің тартымдылығы дегеніміз - сол табиғи ортада кездесетін табиғи нысанның ерекшелілігі, пейзаждық әртүрлілігі. Табиғи кешеннің сыйымдлығы мен тұрақтылығы - табиғи кешен мен рекреанттар арасындағы рекреациялық іс-әрекеттер нысаны. Табиғи кешеннің комфорттығы - табиғи нысанның адам ағзасына тигізетін оң әсердің ұзақтылығымен сипатталады.

Демалушылар тобының «техникалық шаралар» жүйесімен байланысы сыйымдлық және әртүрлілік қасиеттерімен негізделеді. Рекреациялық орындардар деңгейі, қаражаты жағынан люкс, жоғарғы және бірінші бола алады. Қандай да бір демалу орынын деңгейіне байланысты бөлуге сыйымдылық және оны техникалық құралдармен жабдықтауға қаражат қажет болады.

Демалушылар тобы «қызмет көрсету» жүйесінен жоғарғы сапада қызмет көрсетуді талап етеді. Қызмет атқарушылардың өз істерін терең білуін, біліктілігін, мұқияттылығын, сұраныстарына ықыласпен жауап беру, әдептілік сынды қасиеттер талап етіледі.

Демалушылар тобы «басқару органы» жүйесімен байланысы туристердің ақпараттық қызметтерге қажеттілігі, техникалық құралдарға сұранысымен әрекеттеседі. Жарнама, ақпараттық құралдар, теледидарлар, радиоға сұранысын жоғары дәрежеде қанағаттандыруға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Рекреациялық жүйе
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Рекреацияның типтері
Туризмология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz