ТРЖ - ның өзара байланыстары


Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- ТРЖ-ның шағын жүйелері
- ТРЖ-ның өзара байланыстары
- Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі кезде рекреация қоғамның маңызды бөлігіне айналған. Рекреация әлеуметтік-экономикалық жағынан түрлі факторларды қамтиды. Қазіргі уақытқа дейінгі аралықта ол өзгерістерге ұшырап отырды. Кеңес дәуірінде табиғи ерекше ландшафты аймақтарда арнайы курорттар салынып, ауқатты адамдардың тұрақты демалу орны болған. Уақыт өте келе рекреациялық орындар барлық адамдар демала алатындай қолжетімділікке ие болды. *++Оларды зерттеу мен тиімді пайдаллану аясында рекреациялық мәселелер туындады. Осы рекреациялық мәселелерді шешуге арналған қоғамдық географияның жаңа саласы - рекреациялық география пайда болды. Ол жергілікті халықтың рекреациялық іс-әрекетін түсіндіреді. Рекреациялық географияның дамуына себепкер болған П. С. Преображенскийдың халық шаруашылығында көтерген жаңа саласы - «рекреациялық жүйе» ұсынысын тастауы болатын. Көп еңбекті талап ететін зерттеулер нәтижесінде жиналған мәліметтер арқасында рекреациялық географияның жаңа бөлігі - территориялық рекреациялық жүйе қалыптасты.
Негізгі бөлім
Территориялық рекреациялық жүйе - бұл әлеуметтік география жүйесі, жер мен оның бар қырларын зерделеп көрсетеді. Сонымен қатар рекреанттың, яғни адамның денсаулығы мен еңбек қабілетін, физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, кеңейту функциясына ие. Құрылымына байланысты ТРЖ бір-бірімен байланысқан бес шағын жүйелерден тұрады:
- табиғи және мәдени кешендер (ТК) ;
- техникалық құрылыс (ТҚ) ;
- қызмет көрсету (ҚК) ;
- басқару органы (БО) ;
- демалушылар тобы (ДТ) ;
«Табиғи және мәдени кешендер» жүйесі (ТК) - ТРЖ-нің жергілікті құрылу қоры және рекреациялық қажеттіліктердің шарттарын өтеу мен ресуртардың сапасына жауап береді. Оның белгілі бір аттрактивтігі, сыйымдылығы, комфорттылығы, сенімділігі және тұрақтылығы сынды қасиеттері бар. Табиғи және мәдени кешендер жүйесіне пайдалану қорының көлемі, тарау мөлшері тән. Олар пайдалану мүмкіндігінің кезеңдері арқылы сипатталады және туристерге қызмет көрсету барысында қайталанып отыруы мүмкін.
«Техникалық құрылыс» жүйесі (ТҚ) - демалушылар мен қызмет көрсетушілердің орнластырылуы, тамақтандырылу, көлік қызметтерін пайдалану мүмкіндері және арнайы рекреациялық қызметтерді пайдаланатын, яғни емдеу, сауықтыру, мәдени іс-шара, экскурсия сынды қызметтерді іске асыратын шағын жүйе. Рекреациялық және қызмет көрсету кәсіпорындары рекреациялық инфрақұрылымды іске асырады. Оған тән қасиеттер: сыйымдылық, комфорттылық, әртүрлілік, экологиялық және дайындық көрсеткіштері.
«Қызмет көрсету» жүйесі (ҚК) - рекреанттарға рекреациялық қызмет көрсету функциясын атқарады және рекреациялық орындардың өндірістік-технологиялық жағынан қанағаттандырады. Ол туристерге қызмет көрсетушілердің санымен, қызмет көрсету сапасымен, біліктілігімен сипатталады.
«Басқару органы» жүйесі (БО) - ТРЖ барлық шағын жүйелерінің жұмысын және олардың өзара әрекеттесіп қызмет етуін қамтамасыз етеді. Болашаққа және қазіргі уақытқа жоспарлар жасау және басқару жүйелері арқылы ТРЖ-ның әртүрлі салаларының деңгейлердің кешенді түрде дамуын іске асырады және рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасайды. Рекреациялық іс-әрекеттердің нормативті-заңдылық, ақпараттық, материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етілуіне әсерін тигізеді.
«Демалушылар тобы» жүйесі (ДТ) - туристердің әлеуметтік-демографиялық, жергілікті және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты, ТРЖ-ның элементтеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Ол рекреациялық қажеттіліктердің құрылысы мен мөлшерін, туристердің тадауын, демалу орындарының географиялық сұранысын, туристердің циклдік әртүрлілігі мен мезгілділігін анықтап отырады.
Шағын жүйенің жағдайы
Басқару органы
Ақпараттық
Нормативті қамтамасыз ету
Қормен қамтамасыз ету
Профилактикалық
Қызмет көрсетушілер
Кәсіптілік
Реттеушілік, қайта өңдеушілік
Еңбекпен қамтамасыз ету, бос уақытсыздық
Біліктілік
Техникалық құрылыс, инфрақұрылым
Әртүрлілік, сыйымдылық, комфорттық
Экологиялық
Қормен қаруланғандық
Толығымен пайдалану, технологиялық дайындық
Табиғи кешен
Аттрактивті, тұрақтылық, сыйымдылық, комфорттық
Ресурспен қамтамасыз ету, сенімділік
Комфорттық
Гигиеналық
Демалушылар тобы
Ырғақтылық таңдаушылық
Гомогендік (біртұтастық)
Технологиялық
Бірқалыптылық
Шағын жүйелердің талаптары
Демалушылар тобы
Табиғи кешен
Техникалық құрылыс және инфрақұрылым
Қызмет көрсетушілер
Басқару органы
ТРЖ - нің жүйелі сипаттамалар схемасы
ТРЖ-ның жүйелерінің өзара байланысы оның негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. ТРЖ элементтерінің өзара байланысы жайлы мәліметтерді білу үшін В. М. Кривошеев пен И. В. Зорин ұсынған әдістер арқылы құрылған матрицалық байланыс кестесіне сүйенеміз. ТРЖ элементтері матрица қатарында талданып, белсенді жүйе ретінде тапсрысты қабылдаушы болады. Матрица қатарындағы элементтер сол тапысырыстарды қанағаттандыратын ресурстар болып табылады.
Демалушылар тобының «табиғи кешенмен» байланысы сыйымдылық, тартымдылық, тұрақтылық және комфорттық шағын жүйелерімен іске асырылады. Табиғи кешеннің тартымдылығы дегеніміз - сол табиғи ортада кездесетін табиғи нысанның ерекшелілігі, пейзаждық әртүрлілігі. Табиғи кешеннің сыйымдлығы мен тұрақтылығы - табиғи кешен мен рекреанттар арасындағы рекреациялық іс-әрекеттер нысаны. Табиғи кешеннің комфорттығы - табиғи нысанның адам ағзасына тигізетін оң әсердің ұзақтылығымен сипатталады.
Демалушылар тобының «техникалық шаралар» жүйесімен байланысы сыйымдлық және әртүрлілік қасиеттерімен негізделеді. Рекреациялық орындардар деңгейі, қаражаты жағынан люкс, жоғарғы және бірінші бола алады. Қандай да бір демалу орынын деңгейіне байланысты бөлуге сыйымдылық және оны техникалық құралдармен жабдықтауға қаражат қажет болады.
Демалушылар тобы «қызмет көрсету» жүйесінен жоғарғы сапада қызмет көрсетуді талап етеді. Қызмет атқарушылардың өз істерін терең білуін, біліктілігін, мұқияттылығын, сұраныстарына ықыласпен жауап беру, әдептілік сынды қасиеттер талап етіледі.
Демалушылар тобы «басқару органы» жүйесімен байланысы туристердің ақпараттық қызметтерге қажеттілігі, техникалық құралдарға сұранысымен әрекеттеседі. Жарнама, ақпараттық құралдар, теледидарлар, радиоға сұранысын жоғары дәрежеде қанағаттандыруға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz