Туризм географиясының ғылымдараралық байланыстары: жалпы және аймақтық рекреациялық география


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Туризм географиясының өзге ғылымдарымен байланысы

I - жалпы рекреациялық география (теориялық негіздері мен әдістерінің қалыптасу аясы) ;

II - аумақтық рекреациялық география;

III - ТРЖ-нің функционалдық модельдерін зерттеудегі салалық географиялық ғылымдардың өзара әрекеттесу аясы;

1 - экономикалық география; 2 - әлеуметтік география; 3 - физикалық география; 4 - инженерлік география; 5 - медициналық география; 6 - басқару географиясы және аумақтық АБЖ.

A - қоғамдық ғылымдар; B - әлеуметтік ғылымдар; C - жаратылыс ғылымдары; D - инженерлік-техникалық ғылымдар; E - медициналық ғылымдар; F - басқару ғылымдары.

Рекреациялық жүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі (И. И. Пирожников, 1985)

Рекреациялық география байланысатын ғылымдар

Физикалық Экономикалық Халықтық

Медициналық Әлеуметтік

1) Физикалық географияның арқасында табиғи кешендердің құрылымы, тұрақтылығы мен өзгеріп тұруынан хабардар боламыз. Ол рекреациялық орындарды физиологиялық, эстетикалық және технологиялық жағынан бағалап, табиғи аумақтың рекреациялық әрекеттерге шыдамдылығы мен сыйымдылығын бағалайды. Табиғи кешеннің жағдайын, оған әсер ететін рекреациялық әрекеттерге төзімділігін, табиғи ортаны қорғауға арналған шаралардың іске асуын, табиғи ортаның қоғамнан алшақтамауын физикалық география саласы арқылы реттей аламыз.

2) Медициналық география - табиғат аясының адам ағзасына әсер етуін, жаңа рекреациялық орындарға адам ағзасының қаншалықты бейімделуін зерттеп айқындайды. Медициналық географияның қолданылуы әртүрлі аурулардың алдын алуға, рекреациялық қызмет дәрежесін айқындауға септігін тигізеді.

3) Экономикалық және әлеуметтік география рекреациялық қызмет көрсетуді экономикалық тұрақтылық жағынан бағалап, туризм сфераның экономикалық сипаты мен қоршаған аумақ өндірісіне тигізетін әсерін айқындайды.

4) Халық географиясы курортты қалалар мен ірі курорттық агломерациялардың қалыптасуы мен дамуын зертей отыра, рекреациялық қызмет көрсету жүйесіне тигізетін әсерін қарастырады.

Жоғарыда айтылып кеткен ғылымдар географиялық ғылымдар болатын. Рекреациялық география сонымен қатар географиялық емес ғылымдардың әдіс-тәсілдері мен мәліметтерін де қолданады. Соның нәтижесінде рекреациялық мәселелерді зерттейтін жаңа пәндер қалыптасуда. Оларға курортология, физиотерапия, рекреациялық сәулет өнері, рекреациялық әлеуметтану жатады.

Рекреациялық география жалпы және аймақтық болып бөлінеді. Жоғарыда айтылып кеткен нысандар жалпы рекреациялық географияға жатады.

Рекреациялық географияның теориясы мен әдістеріне сүйене отырып, рекреациялық аудандардың қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін салалық географиялық ғылымдардың мәліметтерін пайдаланатын рекреациялық географияның бір бөлігі - аймақтық рекреациялық география.

Ол кез келген рекреациялық аудандардың табиғаты мен экономика жағдайына сәйкес қалыптасуымен қатар, сол аудандардың заңдылығын саралайды. Аймақтық рекреациялық географияның негізгі міндеттеріне ауданның рекреациялық мақсатын анықтау, аудандастыру, халық шаруашылығының дамуын ұйымдастыру, айналамызды қорғау, рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану жатады.

Территориялық рекреация жүйесінің барлық қырларын зерттеу және оларды талдау - рекреациялық географияның маңызды міндеті. Сонымен қатар рекреациялық географияның міндеттерінің бірі болып ауданның рекреациялық функцияларын географиялық тұрғыдан зерттеп, қоршаған ортаға зиян келтірмей аудандастыру мақсатында халық шаруашылық салаларын дамытуды көздеп, ресурстарды тиімді пайдалау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Территориялық рекреациялық жүйе: шағын жүйелер, матрицалық байланыстар және рекреациялық география мен туризм географиясының қатынастары
Туризм географиясының теориялық-әдістемелік негіздері мен Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстарын бағалау
Туризм географиясының негізгі ұғымдары мен терминдері
Туризм географиясының ғылым ретінде қалыптасуы мен Қазақстандағы дамуы
Рекреациялық география: түсініктер, зерттеу әдістемесі және әлеуметтік-экономикалық аспектілер
Туризм мен рекреациялық географияның теориялық-әдістемелік аспектілері
Халықаралық туризм географиясының негізгі ресурстары, классификациясы және отандық даму шарттары
Туризм және рекреациялық географияның теориялық-әдістемелік негіздері
Педагогика: нысаны, пәні, қызметтері және ғылымдараралық байланыстары
Туризмнің тарихи-географиялық дамуы мен рекреациялық география: теория, аудандастыру және Қазақстан тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz