Туристік-рекреациялық ресурстардың бөлінуі


Туристік-рекреациялық ресурстардың бөлінуі
Табиғи ортаның маңызды элементі - жер бедері. Қандай да бір туристік объекті салу үшін оның географиялық орынын егжей-тегжейлі қарастыру қажет. Болашақта сол географиялық орын мен рекреациялық зонаға кері әсерін бермеуі үшін алдын ала әркеттер ұйымдастырылғаны дұрыс. Психофизиологиялық регенерация жағынан таулы аймақтардың ландшафтық және климаттық ерекшеліктері маңызды. Ол белсенді және пассивті демалыс түріне пайдалы әсерін тигізеді. Таудағы белсенді туризмнің қасиеттеріне ландшафтың динамикалық және статистикалық сипаттары, шыңға шығу, ортаның жылдам ауысуы, симметрия мен асимметрия, ортаның тамаша көріністері жатады. Тауда қауіпсіз орналастырылған туризм орындары демалушылардың сүйікті демалу орындарына айналған. Жазда кемпинг ұйымдастырылып, тауда серуендеуге жағдай жасалса, қыстың күні шаңғы сияқты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар.
Демалу кезінде жер бедерімен қатар климаттың да қолайлылығы қарастырылады. Мезоклиматтық жалпы сипаттамамен бірге рекреациялық әрекеттер үшін аумақтың топоклиматтық, микро-климаттық ерекшеліктерін бағалау маңызды. Аймақтың туризмдік дамуына гидрологиялық нысандар да әсер етеді. Сол өңірдің гидрологиялық ерекшеліктерін бағалау оны тиімді пайдалануға, спорт түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ормандардың болуы табиғи ортаға көріктік беріп, ауаны тазартып тұрады.
Жер бедері Климат
Туризмнің дамуына екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жылдам дамыған әлеуметтік-экономикалық факторлар да әсер етеді. Қазіргі таңда туризмнің дамуына әсер етуші фактор рөлінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты басымдылыққа ие. Нақтылап айтсақ, жұмыс уақыты, төленетін төлем мөлшері, демалыс жөніндегі жарғылары әсер етеді.
Халық табысы туризмге тікелей әсер етеді. Себебі табыс мөлшеріне байланысты демалушылар қажеттіліктері белгіленіледі. Олар жүгінетін қызмет түрлері қаражатты талап етеді. Егер халық табысы төмен болса туристік орындарға сұраныс азайып, тіпті рекреациялық орындар жабылуы мүмкін. Халық табысы жоғарылаған сайын туристік қызметтерге сұраныс артады. Бос уақыттың көбеюі де халықтың бос уақытын туристік орындарда өткізуіне ықпалын тигізеді.
Заман талабына сай туристік орындар мен қызмет түрлері де өзгере бастайды. Қазіргі кезде автомобильдердің санының артуына байланысты авто-жанкүйерлер осы бағытта демалуды жөн көреді. Қоғамда қалыптасқан жаңа демалу формасы - ата-аналардың балаларымен бірген демалуы. Бұндай демалыс түрі демалушыларға психологиялық жағынан оң әсерін тигізеді.
Халық саны артқан сайын, туристік қызметтерге сұраныс саны да арта түседі. Әлемде халық саны едәуір жоғары, экономикасы тұрақталған елдерде туризмнің жоғары деңгейі байқалады. Ондай елге АҚШ ты жатқыза аламыз.
Урбандалу деңгейінің жоғары болуы да туризмнің дамуына қарқынды әсер етеді. Ормансыз қала ішінде тұратын халықтың таза ауада серуендеуге сұранысы артады. Табиғат аясында демалу үшін қала сыртына шығады. Осындай факторлар туризмнің дамуына қарқынды әсер етеді.
Урбандалу Қаржыландару
Халық саны Халық табысы
Туристік-рекреациялық ресурс ұғымы өте терең маңынаға ие. Оны түсінуге географиялық, антропогенді, табиғи орта ұғымдары көмек береді. Табиғи орта белгілі бір кеңістікте өз орнын тапқан үш биотикалық және төрт абиотикалық элементтерден құралған. Адамның әркеттері нәтижесінде өзгерген орта антропогендік деп аталады. Демек, табиғи орта сегіз элементтен құралған. Ол биотикалық, физикалық және адм әсерінен пайда болған орта, яғни, фабрикалар, ауылдар, қалалар. Аталған барлық элементтер туристердің қызығушылығын туғызған жағдайда туристік-рекреациялық ресурс болып табылады.
Л. Н. Багрова, Н. В. Багров, В. С. Преображенский ғалымдарының анықтамасы бойынша, табиғи-рекреациялық ресурс дегеніміз бұл белгілі бір уақыт ішіндегі адамдардың демалысына арналған, рекреациялық камфорттылыққа ие табиғи және табиғи-техниалық геожүйелер мен табиғат құбылыстары.
Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарға тарихи-мәдени орындар, мұражайлар, ескерткіштер, этнографиялық және саяси құбылыстар жатады. Бұл ресурстарды бір жағынан материалдық және рухани деп топтастыруға болса, екінші жағынан жылжымайтын және қозғалатын ресурс деп топтастыра аламыз.
Қозғалмайтын ресурстар тобына ескерткіштерді, мұражайларды жатқызамыз. Жылжымалы ресурстар тобына археологиялық ескерткіштер, минералогиялық, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар жатады. Аталған ресурстар мұражайларда, кітапханаларда, мұрағаттарда шоғырланған.
Тарихи және мәдени ескерткіштер беске бөлінеді:
Тарихи Археологиялық Сәулет өнері
Дерекнама ескерткіші Өнер ескерткіші
Табиғи кешендер туристік-рекреациялық класына осылай өтеді немесе өте алмайды:
- Туристік сұраныс блмағандықтан табиғи кешендердің ресурстық сипаты жоқ;
- Туристік сұраныстың пайда болуы табиғи кешендерді тексеріп, бағалауды қажет етеді;
- Қоғамдық қажеттіліктің арқасында бағалы табиғи кешендер ресурстарға аналады;
- Туристік сұраныстың көбеюі қолайсыз табиғи кешендер өңдеуден өткізіліп, туристік ресурстар класына өткізіледі.
Осылай әлеуметтік-экономикалық ресурстар ресуртарға айналады. Егер туристік сұраныс артса мәдени ескерткіштер тексеріліп, экскурчиялық тұрғыдан жарамдылығына баға беріледі.
Туристік-рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz