ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ МИКРОСЮЖЕТТІ ПРОЗАДАҒЫ МАГИЯЛЫҚ, МИСТИКАЛЫҚ МОТИВТЕР ЖӘНЕ ЛИРА ҚОНЫС ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ІЗДЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 82-3(574)

С.С.САГИУДЛЛИЕВА,
М.Өтемісов атындағы БҚУ оқытушысы, магистр
Орал қаласы
samatovna2021@inbox.ru

ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ МИКРОСЮЖЕТТІ ПРОЗАДАҒЫ МАГИЯЛЫҚ, МИСТИКАЛЫҚ МОТИВТЕР ЖӘНЕ ЛИРА ҚОНЫС ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ІЗДЕР

Аңдатпа. Мақалада әдeбиeт әлeмiнe өзiнiң cыpлы дa нәзiк лиpикacымeн кeлгeн, шығapмaлapы oқыpмaндapының ыcтық ықылacынa бөлeнгeн қаламгер Лиpa Қoныcтың тәуелсіздік кезеңінде туған микросюжетті шығармаларындағы магиялық, мистикалық мотив іздері талданды. Мистикалық таным желісімен жазылып шыққан шығармаларындағы қоғам бейнесін, рухани азғындаған заман көріністерін суреттеу ерекшеліктерін талдау арқылы, жазушының қазақ көркем прозасындағы өзіндік алатын орнына, көркемдік-идеялық жаңашыл ізденістеріне көз жеткізіледі.
Тірек сөздер: микросюжетті проза, әлемдік әдеби дәстүр ықпалдастығы, мистикалық таным, магиялық мотив, постмодернизм, ұлттық болмыс, көркемдік шешім.

Abstract. This article states that analyzed the traces of syntheticism in the micro-plot works of the write Lyra Konys, as well as human values and the author's techniques in conveying the inner state of the character, analyzing the ways in which literary traditions interact, innovative artistic and ideological searches of the artist through analyzing the features of the image of the modern society in their micro-subject works, the ways of the author's depiction of the actions and states of the characters, as well as the worldview expectations about the meaning of human being and nature.
Key words: micro-subject prose, interaction of world literary traditions, mystical knowledge, traces of magic, postmodernism, national spirit, artistic decision

Мистикаға Қазақ әдеби тілінің сөздігінде грек mystic зат. табиғаттан тыс, тылсым күшке сенушілік, мистицизм. Мистиканың негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр [1, 247-б.] деп анықтама берілген. Қазақ энциклопедиясында: Мистика - дүниеге діни-идеалистік көзқарас. Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге деген сенім жатыр. Мистика иррационализм мен аскеттілікпен тығыз байланысты және оған экзотеризм, яғни құпиялылық тән. Мистика, ең алдымен, рухани әлемді және психологиялық тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал-әрекеттер, жан мен тәннің жаттығулары болып табылады [2] делінген.
Тәуелсіздік кезеңі әдебиетіндегі жас жазушылар мистикалық, магиялық, мифопоэтикалық сарындағы шығармалары негізінде қазақ қоғамының жаһандану үрдісінде түп тамырынан ажырап бара жатқанын ұғындырғысы келетіндей.
Лиpa Қoныcтың eciмi бүгiндe жac жaзyшылapдың aлдыңғы үштiгiндe aтaлaды. Оқылымды бoлyының нeгiзгi ceбeбi - өз oқыpмaнын тaбyындa. Oл ayылдa тyып, қaлaдa қaлыптacып жaтқaн жacтapдың өз жaзyшыcы. Oның жaзғaндapынaн қaлa мeн ayылдың, шeтeлдiк пeн қaзaқылықтың apacындa дaғдapып тұpғaн қaзipгi жacтapғa түciнiктi жәнe oлapдың бoлмыcын дөп бacaды. Oғaн қoca, Лиpaның әңгiмeлepiндe қaзaқ пpoзacындa бұpын бoлмaғaн кeйiпкepлep, oқыc oқиғaлap мeн зaмaнayи cypeттep бap. Бұл - oның жaзyының бip cипaты бoлca, өзiмiз бaйқaғaн eкiншi cипaты - Лиpaның қaлaмынaн aвтopдың eшкiмгe мoйын cұнбaйтын, жiгepлi, бaтыл бoлмыcы мeнмұндaлaп тұpaды. Мiнeзciз, жyac зaмaндa мұның өзi үлкeн жeтicтiк. Әлиxaн Бөкeйxaнoвтың Ұлтқa қызмeт бiлiмнeн eмec, мiнeздeн дeйтiнi ocындaйдa ecкe түceдi.
Әдеби ортада көп пікір тудырып, шығармаларының философиялық астары бар, өзіндік стилі қалыптасқан Лираның әңгімелері жапон жазушыларының будда ағымымен жазу сарынын еске салады. Кeйiпкepлepi кepбeз, мaxaббaтқa берік, қиялдapы ұшқыp, ceзiмдepi cұлy кeлгeні кeз-кeлгeннiң көңiлiнeн шығуы екіталай.
Шахарбанудың сыңсуы атты пролог түрінде берілген әңгімесі бірінші жақтан баяндалып, сары қыздың әжесінің көне мұрасы арқылы әжесіне деген қалған қорқыныш пен реніштің сарқындысын сезінетін. ...Мұнан соң інжандары жәудіреген мойынбүрме көкқасқа кемпірге деген өкпемді еске салып шаш түйреуіштерім мен кесте тігетін жіптерім салынған жәшікте елеусіз ұзақ жылдар жатты. Одан әрдайым көкқасқа кемпірдің ызбары есетін. Қолыма алсам көкқасқа кемпірдің оқты жанары желкемнен қадалғанын байқадым. Бұл бала кезден санамда қалған қорқыныш пен реніштің сарқындысы деп түйгенмен, бір күні бұл үрейден қарғыс атқыр мойынбүрмені сатып қана құтыламын дедім де, Калмыковтың Алматыда тұрған жылдары салған кейбір суреттері қолына түсіп, соларды аукцион арқылы саудаға шығаруға дайындалып жатқан танысыма хабарласқанымда ол көне жәдігер екені анықталса саудаға салуға келісті [3, 6-б.].
Мойынбүрменің шын иесі көкқасқа кемпірдің әпкесі еді. Автор-кейіпкер бала күнінде әжесінен естіген әңгімесі бойынша бұл мойынбүрме өз сүйіктісіне қосыла алмай, әкесінің қалауымен ұзатылған Шахарбану әпкесіне тиесілі екен.
Әкеміздің сырттай құдандалы болған жеріне аттанар мезет жеткенде, әпкемізге қолы жетпеген сүйгені зергер екен, мынау мойынбүрмені өз қолымен соғып, ортада жүрген күңнен түйіншекке түйіп беріп жіберіпті. Шахарбану қалап бармадым деп күйіктен өлген соң сәукелесімен бірге өзі аттаған босағасына мойынбүрмені де әкеп тастап, мен иелендім... [3, 5-б.].
Автор-кейіпкер мойынбүрменің жаңа қожайының білгісі келіп қызығушылық танытқанда Күн еңкейе, жиын тараған соң, кім екенін білмекпен сауда кітабына назар салғанымызда онда мойынбүрмені сатып алған бұрымды бойжеткен өзінің есімін ғана жазып кетіпті: Шахарбану деп... [3, 7-б.] деп әңгімені аяқтайды. Оқып отырған оқырманды осы тұс таңқалдырады. Автор бұны сәйкестік етіп көрсеткісі келді ме, әлде бір құпия сыр бар ма? Өмірдің өзінде осындай тосын жайттарда кездесетіні белгілі. Лира өзінің мистикалық әңгімелер жинағын осындай әңгімеден бастауды жөн көреді.
Алма ағашының құдайы атты әңгімесінде Лаура есімді журналист қолына қалам алып, өзінің көптен ойында жүрген новелласын жаза бастайды. Өзінің шығармасының кеңістігін Алматы қаласын, ал бас кейіпкер етіп Алмагүл есімді қызды алады. Шулы қаланы ұнатпайтын кейіпкерін Алматыға ғашық қылған апорт деп суреттеп келіп, ең соңында қызды жұмбақ өліммен қауыштырады.
Бөлменің ішін алманың иісі кернеді, ақ қағаздардың барлығында алқызыл алмалар бейнесі орнады, алма ағашының әппақ гүлдері пайда болды. Осы мезетте ғажайып бір оқиға орын алды: Ақ қағаздарға алманың суретін бейнелеген алма дидарлы ару қыз да алмаға айналып бара жатты.
Мұнан кейін Алмагүлді ешкім көрмеді. Бейнесі көшенің кісі көп жүретін тұстарына ілініп, іздеу салынғанымен мен білемін деген жан болмады. Бойжеткенді іздеп үйіне барған достары ақ қағазға алманы бейнелеген сан алуан суреттерді көріпті. Үстелінің үстінен үлкен алқызыл алманы көріпті [3, 19-б.].
Әңгіме бұлмен бітпейді, Лира ендігі жерде оқырманды осыған дейін болған оқиға, яғни кері шегіндіреді. Лаура есімді бойжеткен тауға демалуға шығып, Арман есімді тау ішіндегі бағбан жігітпен жолығады. Арманның бойынан қызық құбылысты байқағанымен басында онша мән бермеген бойжеткен шығарманың соңында ғана Арманның қиялы деп жүргені шындық екенін түсінеді. Арманның айтуынша өзі бағатын алма бағының құдайы бар екен, есімі - Алмагүл. Арман мен Алмагүл бір-біріне ғашық. - Ішім пыспайды, мұнда Алмагүл бар, - деді.
- Ол қарындасын ба? Өздерің алма өсіргендіктен атын солай қойдыңдар ма?
... - Жоға-а, қарындасым емес, Алмагүл алма ағашының құдайы ғой...- деп салғаны [3, 22-23-б.].
Лаура Арманмен бірге тау ішіндегі үйлеріне тағы да келіп, сол түні Арманның Алмагүлің көреді. Бойжеткен өзінің бұрын жазған шығармасындағы кейіпкерің бірден таныды. ...Оянғанымда құлағымда сыңсып салған әуен тұрды. Тау ішінде, жеті түнде әндетіп жүрген бұл кім деп елеңдедім. Терезеден ай сәулесі әдемілігін төгіп, жарығы маңайға салтанат құрып тұрған. Орнымнан тұрып, әйнектен үңілгенімде тыстан ақ көйлекті, қос бұрымы тірсегін соққан ару қызды көрдім. Арман айтқандай асқан сұлу ұыз екен, алма мойынындағы жіңішке алтын шынжырға байланған алма бейнесіндегі бойтұмарды көргенде жүрегім дір етті. Ойыма жарты жыл бұрын жазып, көңілім толмай қоқыс жәшікке жөнелткен Алмагүл есімді қыз туралы шимағым түсті. Бұл бар болғаны кездейсоқтық дедім [3, 29-б.]. Осы тұста оқырман әңгіменің басында берілген эпилогқа қайта көз жүгіртіп, автордың мистиканың ауылына әкеп бітірген әңгімесінің сырын ұғады.
Аталмыш әңгімеде тағы да автор мен кейіпкер тұтастықта беріледі. Лира Қоныс әр шығармасы арқылы оқырманға артар жүк пен алда кездесер тосын жайттарға түсініктеме беріп өтеді. Алма ағашының құдайы шығармасыныңда қиялға құрылғанын Өзім новелла деп атаған шимаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетіндегі символизм сипаты
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ : ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАЛҒАСТЫҚ
Көркем шығармалардағы психологизм
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Қазақ прозасының зерттелуі
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Пәндер