Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары


Тақырыбы: Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Ғылыми жетекші: ф. ғ. д., профессор Имангазинов М. М.
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен қауырт даму жолына түсуі, білім беру жүйесіне түбірлі өзгерістер әкелді. Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың жан-жақты дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертуде әдебиет пәні ерекшелене түседі.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде осы уақытқа дейін орта мектепте халық ауыз әдебиетін оқыту, өзіндік ерекшелігін таныту мәселесі жеке зерттеу обьектісі болып қарастырылған емес. Оқушылардың Психологиялық жас ерекшелігін ескере отырып, әр сыныпқа іріктеп тиімді әдіс ұсыну өзекті проблемалардың бірі болып келеді. Аударма шығармаларды меңгертудің әдістемелік жүйесін жасау бүгінде өз шешімін: тапқан жоқ. Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін дәлелдей түседі.
Зерттеудің нысаны: Жалпы білім беретін мектептің 5-11 сыныптарында халық ауыз әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері және әдіс-тәсілдері.
Зерттеудің пәні: Орта мектепте (5-7сынып) әдебиетін оқыту әдістемесі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиетін меңгерту арқылы төл мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды танымдық тұрғыда айқындайтын әдістерді ұсыну. Оқушылардың жан-жақты танымдық, білімдік, мәдени қабілеттерінің артуындағы халық ауыз әдебиетінің алатын рөлін көрсету;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінде алғаш рет халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, жүйелі түрде меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздері жасалды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Зерттеу барысында жасалған әдіснамалық қағидалар мен теориялық түйіндер, ұсынылған әдістемелік жүйе жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында оқытылатын қазақ тілі пәнінің жаңа заман талабымен үндестікте жүргізілуіне, синтаксистің оқутанымдық қызметтегі дамытушылық әлеуетін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Зерттеу материалдарын 5-7 сыныптары мұғалімін даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орындарында мұғалімдердің білімін жетілдіру, қайта даярлау институттарында, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдалануға болады .
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Жалпы білім беретін мектептің орта сатысында халықтық шығармаларды оқыту мазмұны тәуелсіз мемлекеттің бүгінгі қоғамдық әлеуметтік сұраным талаптарымен үйлесімділікте жетілдірілуі тиіс. Бұл жаңа білім өзегін Мәдениет-Білім-Тарих үш тағанына негіздеу арқылы жүзеге асады.
-Халық ауыз әдебиеті үлгілерін саралау, іріктеу, жүйелеу бағытындағы негізгі ғылыми әдістемелік ұстанымдар ұлттық мәдени мұраның өзіндік ерекшеліктерін анқындаған ұлт зиялыларының ой пікірлерімен сабақтастықта белгіленуі тиіс. Бұл оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері мен ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлін ұштастыра негіздеу нәтижесінде оң шешімін табады.
- Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың сапасын арттырудың жаңа әдістемелік жүйесі отандық және шетелдік әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде айқындалған жаңа бағыттармен байытылуы қажет. Бұл оқыту процесін жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа ала отырып ұйымдастырылатын білім жүйесін жандандыру нәтижесінде жүзеге асады.
- Халықтық шығармаларды оқытудағы жаңа көзқарас орта білім мазмұнын белгілеуге қатысты тұжырымдамалық, нормативтік, әдістемелік құжаттарды жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Бұл осыған дейінгі озық тәжірибелерге табан тірей отырып, әлемдік білім жүйесіндегі жаңашылдық идеяларды өз бағыттарымызбен сәйкестендіру арқылы мүмкін болады.
- Халық ауыз әдебиеті үлгілерін сапалы білім мен саналы тәрбиенің тірегі етіп меңгертуді оқушының өзіндік әрекетіне негіздей оқытудың жолдарын табу қажет. Бұл оқытудың мотивациялық сипатын арттыруды білім мазмұнын, оқыту әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін баланың ішкі қажет тігімен. рухани мүддесімен үйлесімділікте шешкенде ғана жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеу жұмысына қатысты ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектерге салыстырмалы талдау, зерделеу, сараптау, эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап тиімді әдістері пайдаланылды; Қазақ әдебиетін оқыту процесінде халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарды анықтап, мектеп оқушыларына жақсы меңгерту мақсатында әлеуметтік-педагогикалық әдістер(сауалнама, тест, әдеби жаттығулар, проблемалық танымдық ізденуші сұрақтар, ауызша журналдар т. б. ) ой-пікір, тұжырымдарды жинақтау, қорыту т. б. қолданылды.
Қазақ әдебиеті сабақтарына қатысып оқушылардың әрекетіне бақылау жүргізілді. Зерттеу мәселесіне қатысты ұсынылған әдіс-тәсілдер тәжірибелік байқаудан өткізілді. Оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, сұрыптау, ұсынып отырған әдістемелік жүйенің тиімділігін дәлелдей түсті.
1. Бөлім Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
1. 1 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері
1. 2 Халық ауыз әдебиетін оқытудың педагогикалық, психологиялық негіздері.
1. 3 Халық ауыз әдебиетін оқытудың жаңаша технологиясы
2. Бөлім Халық ауыз әдебиетін оқытудың әдістемелік жүйесі және нәтижесі
1. 1 Фольклорлық шығармалардан халықтың дүниетанымы, өмірге көзқарасы көрінеді, халықтың ұғымы мен түсінігі байқалады. Бұны қалыптастыруға, әрине, жалпы білім беретін орта мектептің орта сатысындағы ана тілі аясында мүмкіндік мол. Өйткені “Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында”: “Орта мектептің өзінде баланың барлық танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнбе күнгі өмірінде білім алудың қандай келешегі болатынына оның көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде ғуманитарлық эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл, әрі ұғымтал келеді.
Халық ауыз әдебиетін халықтың ауызша шығарған, ауызекі айту түрінде таратқан көркем шығармалары құрайды. Ауыз әдебиеті ғылыми термин ретінде “фольклор” деп аталады, мұны алғаш рет 1846 жылы ағылшын ғалымы Вильям Томс ұсынған. Халық фольклорының ішінде қазақ балалар фольклорының өзіндік орны мен маңызы зор. Фольклорлық туынды лардың ішіндегі «қазақ балалар фольклоры» тек балаларға ғана арналған халықтық шығармалар.
Қазақ әдебиеті энциклопедиясында: "Қазақ балалар фольклоры " ауыз әдебиетіндегі балалар тәрбиесіне арналған халықтық педагогиканың өмір тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы. Қазақ балалар фольклоры балалардың психологиясына, олардың жас ерекшелігіне карай қалыптасып, оларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал болып келді. Негізгі салалары бесік жыры, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, мақал мәтел, ертегі, аңыз әңгіме, батырлық жырлар, ” деген анықтама берілген [4, 382] .
Балалар фольклорына негізінен, үлкендердің балаларға арнап шығарған шығармалары, балаларға тән болып кеткен үлкендердің шығармалары және де балалардың өзінің шығармашылығынан туған халықтық шығармалар жатады. Мұндай шығармалардың басты ерекшелігінің өзі балалардың жас ерекшелігін есепке алуынан, баланың жан-дүниесін танытудан көрінеді.
Қазіргі қазақ балалар фольклорын зерттеуші фольклорист ғалымдар өз еңбектерінде қазақ балалар фольклоры әлі күнге дейін үлкендердің фольклорлық шығармаларынан ара-жігін ажырата қоймаған, фольклортану ғылымында ғылыми-зерттеу тұрғысынан кенжелеу қалып келе жатқан сала екенін атап көрсеткен. Сондықтан да қазак балалар фольклорын оқытуды халықтық шығармаларға сүйене отырып, оларды мүмкіндігінше өз алдына бөлектей топтап, жіктеп қарай келе, баланың жалпы дамуындағы ізгілік, көркем-эстетикалық құндылықтар тұрғысынан қарастыруды жөн санадық.
Қазак Совет энциклопедиясында: “ . . . Ауыз әдебиеті шығармаларында халық өзінің өмірін, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, элеуметтік-таптық көзкарасын, еңбек кәсібін, басынан кешірген тарихи жағдайларын, қуанышы мен күйінішін, арман мүддесін, таптық-қоғамдық тілектерін т. б. бейнеленген. Ауыз әдебиетін тудырушы және оның иесі халық . . . ” делінсе [5. 580], фольклортанушылардың зерттеулері бойынша да халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері бар екеңдігі дәлелденеді.
Бірінші ерекшелігі -халық ауыз әдебиеті шығармаларының белгілі авторының болмауы. Мұның себебін ауыз әдебиетін зертгеуші ғалым М. Ғабдуллин былай түсіндіреді: “ертегі, әңгіме жырлардың қайсысын болса да, әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірак ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан, авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал, шығармалары ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторлары халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін - халық әдебиеті деп танушылық, міне, осылай туған”[6, 3] .
Екінші ерекшелігі -ауыз әдебиеті шығармаларының көп нұсқалылығы. Бұған Алпамыс жырын, Қожанасыр әңгімелерін әр халықтың өз мұрасына балап, өзінше айтып келгендігі дәлел. Өйткені әр халықтың жадында бұларға қатысты сан түрлі нұсқадағы еңбектер сақталған.
Үшінші ерекшелігі - ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдер, сөз тіркестері, тұрақталған ұйқастардың жиі кездесетіндігі.
Төртінші ерекшелігі - ауыз әдебиеті шығармаларында өнердің бірқатар түрінің араласып келуі. Сол себепті халықтық шығармаларда сөз өнері, ән күй, жыр, би, сахналау т. б. көркем өнер түрлері өзара ұштасып, кірігіп жатады. Небір дүлдүл жыршы жырау, ертекшілердің бір басынан өнердің барша түрі табылып, олардың есте сақтау, шебер орындаушылық қабілет тілігі арқасыңда халықтық шығармалар ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған.
Халық ауыз әдебиеті шығармаларын іздеп, жинап зерттеуге В. В. Радлов, Н. Березин, А. Алекторов, Г. Н. Потанин, П. М. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, Ы. Алтынсарин, Ж. Көпеев, М. Қалтдев, т. б. үлкен үлес қосты.
М. Жұмабаев: “Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр, ”- деп қазақ сөз өнерінің туындылары туралы дәл пайымдаға. [7, 115] Ал А. Байтұрсынов: “Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”, - деп көрсеткен [8, 435] .
Фольклорист ғалым М. Ғабдуллин “Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі халықтың ауыз әдебиеті, ” деп айтқан [6, 5. ] Қай халық болмасын ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған шығармаларын балаларға арнаған. Қазақ балалар әдебиетін зерттеуші ғалым Ш. Ахметов: “Балалар ауыз әдебиетін жасаған халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе жоқ. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлең етіп, ән мен жыр етіп тұңғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату. ойнату, тәрбиелеу. оның алдына неше алуан тілек, мақсаттар қою өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған) -деп, баланы өз өмірінің жалғасы ретінде ұққан қазақ халқы да асыл мұрасын әрқашан балаға арнаудан, айтып дәріптеуден жалықпағандығын айтады [9, 131] .
Халық ауыз әдебиеті қай заманда болмасын балалардың қызыға тыңдап, сүйіп оқитын шығармалары болған. Балалар қызықты ертегі, жырларға үлкендердің айтуымен, оқып беруімен ерте жастан ақ қанық бола бастайды.
Ш. Ахметов балалар фольклорын бірнеше сатыға бөліп көрсете отырып, “Балалар фольклоры тек балалардың психологиясымен, олардың жас ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен шыққан игілік, ” деп орынды баға берген [9, 141] .
Әсіресе. түркі халықтарының фольклорын жинап зерт теуге, жариялауға айырықша еңбек сінірген академик В. В. Радлов өзінің “Образцы народной литературы тюрксих племен” атты еңбегінің 3 томын казақ фольклорының үлгілеріне арнаған. Зерттеуші өзінің осы еңбегін былайша түсіндіреді: “Қазақ тілінің мұндай тазалығы мен қолтумалығы, сондай-ақ, оның кең таралғандығы бұл бөлім бойынша мүмкіндігінше толық материал жинап. әдебиет үлгілерінің бүкіл бір томын арнауға мәжбүр етті. Мені бұған итермелеген тағы бір жай қазақтардың басқа тайпаластарынан суырып салуға ұста, тамаша шешендігімен ерекшеленетіндігі болды” [10, 8] . В. В. Ралловтың бұл еңбегіне фольклорист ғалымдар Б. Уахатов, С. Қасқабасов, Қ. Матыжановтар: “В. В. Радловтың осы кітапқа негіз болып отырған айтулы еңбегі тек көлемі жағынан ғана емес, ғылыми мәнділігі тұрғысынан да қазақ фольклорына арналған ең алғашқы толыққанды жинақ. Біріншіден, бұл қазақ ауыз әдебиетінің барлық дерлік жанрын толығырақ қамтыса, екіншіден, жинақта халық тілінің ерекшелігі толық сақталған. Аталған басылымның тағы бір құнды жағы қазак фольклорын жанрларға бөліп орналастыруында, ” деп баға береді [9, 29] .
Қазақ фольклоры мен этнографиясын ғылыми тұрғыда зерттеп, жарыққа шығарушы Г. Н. Потанин ертектерді тез арада жинап алу керектігін, мұның халық тұрмысындағы жағдайларға байланысты ұмытылып, жоғалып кетуі мүмкін екендігін ескерткен. Сондай-ақ, бұл іске жұртшылықты тарту ісін ұйымдастыру жолдарын көрсеткен. Ол ғылым үшін қажетті ауыз әдебиеті шығармаларының нұсқаларын жинауға да атсалысты. Г. Н. Потанин сол кездегі ескерілмей, зерттелмей жүрген балалар фольклорына көңіл бөліп, оны жүйелеуде, бастыруда көптеген нақты іс-шаралар жасағаны тарихтан белгілі.
Халқымыздың ұлы тұлғалары Шоқан, Абайлардың балалық шақтарында халық ауыз әдебиетімен сусындап өскендері мәлім. Осы ұлы адамдардың сана сезімінің, арман киялының ерте оянуына ауыз әдебиеті түрткі болғаны анық.
Шоқан туралы еңбекте былай денді: “Жасөспірім Шоқанның өз құрдастарына қарағанда сана сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі -Айғаным. Ә. Марғұланның Айғанымды Шақан үшін “ . . . халық даналығының сарқылмас бұлағы, ” деуі сондықтан 11, 141] .
Ал М. Әуезов “Абай жолы” роман эпопеясында Абайдың Зере әжесінің әңгімелерін тыңдағысы келгенде: “Е-е . . . Бұлдыр бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?” -деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді. Әжесі әуелде көп көп ертектер айтқан. “Еділ Жайық”, “Жұпар қорығы”, “Қара мерген” бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті, көш бойы да Абай айтқыза беретін болды, ” -деп жазады [12, 411] . Шоқан мен Абайдың ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін оятқан Айғаным, Зере әжелерімен қатар, сол кездердегі Арыстан, Барлас сынды ақын-жыршылардың да әсері болды.
Қазақ халқының ойшыл ғалымы Ш. Уәлиханов ғылыми ізденісін осы ауыз әдебиеті ескерткіштерін жинап, қағазға түсіру жұмысынан бастаған. Атап айтқанда, бұл салада “Қозы Көрпеш Баян сұлу” жыры, “Едіге” жырының нұсқалары, “Шамандықтың қазақтардағы қалдығы”, “ХУШ ғасыр батырлары Туралы аңыз әңгімелер” және т. б. еңбектері бар.
Ш. Уәлихановтың халық ауыз әдебиетінен тарихи өлеңдер, жоқтаулар, айтыстар, батырлар туралы аңыз әңгімелер. қазақ қырғыз халқының мифтері, әдет ғұрыптары туралы мол мұра ларды хатқа түсіруінің фольклор тарихы үшін зор маңызы болды.
Орта Азия мен Қазакстан халықтарының фольклорын зерттеуде Ә. Диваевтың еңбегін ерекше атауға болады. Ә. Диваев қазақтың “Қырық өтірік”, “Тазша бала”. “Алдар көсе”, “Жиренше шешен” тәрізді ертегілері мен аңыз әңімелерін жинап жариялады. “Балаларға тарту” деген еңбегінде бесік жыры, тақпактар, ойындар, өтірік өлеңдер, төрт түлік туралы жырлар т. б. ауыз әдебиеті үлгілері көрініс тапты. “Ә. Диваев ауыз әдебиетінің үлкенді кішілі кай жанрын болмасын, жинап алысымен ретке келтіріп, орысшаға аударып, түсініктемелерін жазып, жариялатуға асыққан. Және қаи жанрды жинамасын, қазақтың тұрмыс халінен, әдет салтынан, тарихы мен күнкөріс кәсібінен мағлұмат берердеи үлгілерін баспа бетіне ұсынуды әдетке айналдырған [13, 16] .
Әрі ақын, әрі ғалым М. Ж Көпеевтің қазақ фольклорын жинау, жүйелеу жөніндегі еңбегі ерекше. М. Ж. Көпеевтің ел аузынан жинаған “Мес” атты қолжазба мұралары “Тұрмыс салт жырлары”, “Аңыздар”, “Ақын жыраулар туралы”, “Айтыстар”, “Ертегілер”, “Батырлар жыры туралы” деп топтарға бөліп шығарған ғалым С. Дәуітов “Мәшһүр Жүсіп Көпсев есімінің ел ішінде аңызға аиналауына ақыңдығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы да себеп болса керек?”дейді [14, 61] .
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев халық ауыз әдебиетінен нәр алып, шығармашылық еңбегіне арқау еткен. “Абай” энциклопедиясында Абайдың баласы Тұрағұл әкесінің халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігі жайлы былай деген: “Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, иә өзі айтып отырғыш әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда бұрын есітпеген кісіше ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған сон айтушының адасқаны болса айтып береді. Қазақ ертегісінде есітпеген, білмеген ертегісі кем шығар, қазақтың ертегісінен бұрын қай жерлерде жүргені, көршілесі, күндес елдері кім екені, қарекеті не екенін, елдің арманы, білімнің қандайлық кезінде шығарғандығы көрінеді деуші еді” [15, 427] . Абайдың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің мән мағынасын асқан шебер лікпен көрсете білгендігін “Қара сөздерінен” көруге болады. Ол өзінің “Жиырма тоғызыншы” сөзінде: “Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамантұғыны да бар”, дей келіп, “Жарлы болсан, арлы болма” дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. “Қалауын тапса, қар жанады”, “Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ” деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қон. “Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Осындай білместікпен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек, деп ескертеді [16, 126-127] . Бұл қағида бүгін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені бастауыш сынып оқушыларына ұсынатын мақалдарды іріктеудің бір критерииі етіп, Абай тұжырымын алуымыз қажет деп есептейміз. Сондай ақ, “Отыз жетінші сөзінде” өмірден түйген өзіндік ой қорытуларын келтіреді. Бұл айтқандары қазірде нақыл сөзге, мақалға айналып кеткен. Мысалы: “Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес”, “Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады”, “Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық”, “Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық“, “Адам баласын замана өлтіреді, кімде кім жаман болса, замандасының бәрі виноват”, “Дүние үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын аға лар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрі нер”, “Досы жоқпен сырлас, досы көппен сымдас”, “Қайиғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол”, “Қанратсыз апғу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл“ [16, 134-136] .
Халық ауыз әдебиетінде адам баласының дүниеге келуі нен бастап, қартанғанға демінгі өмірі, тұрмысында кездескен, басынан өткерген жағдайларының суреттелуін терең сезіммен ұғынған Абай:
“Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, ” -деп, парасатты ой түйіндеген.
Қазақ халық ауыз әдебиетін мәдени мұра ретінде игеру және оның тарихын зерттеу мәселесіне әдебиетші форльклористер М. Әуезов. С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Кенжебдаев, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Адамбаев, С. Садырбаев, Б. Уақатов, С. Қасқабасов және т. б. үлес қосты.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған халық ауыз әдебие тінің дүниетанымды кеңейту, ақыл-ойды өсіру, тіл дамыту, тәлім тәрбие беру жолында қашан да таптырмас әрі өміршең құрал болғандығы сан ғасырлар бойы дәлелденіп келеді.
Ерте уақыттарда ауыз әдебиетінің мәселелері көбінесе “Дала уалаятының газеті”, “Аиқап”, “Қазақ” басылымдарының бетінде жарияланып отырды. Мұның өзі де ауыз әдебиетінің маңызы мен құндылығын айқындайды.
Қазақ мақал-мәтелдерін жинау, бастыру жұмыстарына әдебиет зерттеуші-ғалым А. Байтұрсынов белсене қатысты. Ол “Қазақ газеті” редакторына жазған хатының бірінде былай дейді: “Мың мақал үйренген екенсіз, оныңыз тіпті жақсы, егер де оны іске жаратпасаңыз, маған бермегіңізді өтінемін, Мен мың үш жүз мақал жинап алып едім, һәм соларды ретке келтіріп қойып едім. Қазір де орысшаға тәржіме етіп жатырмын. Омскінің музейі арқылы басылып, кітап болып шығады” [17, 190] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz