Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, экономика факультеті, "Есеп және аудит" мамандығы
Тақырыбы: Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштері
Орындаған: Алпысбай Ришат Маратұлы
Топ: Ук-201
Кіріспе
Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты, қатысты және орташа шамалар сипатталады. Осыған орай өсіңкілік қатарлар нақты, қатысты және орташа шамалар болып үшке бөлінеді
Нақты шамалар өсіңкілік қатарлардың дәрежесі ретінде әрбір уақыт мерзіміне байланысты оның қалай өзгергендігін көрсетеді. нақты шамалы өсіңкілік қатарға мысал ретінде 1 кестенің көрсеткіштерін көрсетуге болады.
Кесте 1
Қазақстан бойынша мұнай өндіру, мың тонна

жылдар
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Өндірілген мұнай
22839
23681
24461
25556
25388
25220

Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбегін айқындайды. Ал ол өсу, кему қарқыны ретінде процентпен өлшенеді. Оған мысал ретінде 2 кестені аламыз.

Кесте 2
Алматы облысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру

жылдар
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Өнеркәсіп өнімдері
(2000 жылмен салыстырғанда , прцент есебімен)

100

124,8

123,2

102,0

92,0

79,1

71,0

Берілген көрсеткіштерден соңғы жылдары Алматы облысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірудің күрт төмендеп кеткендігі жөнінде қысқаша қортынды жасауға болады. Себебі шикізаттар мен құрал-жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігіне, электр қуатының қымбаттауына, тағы сол сияқты көптеген жағдайларға байланысты бірталай өнеркәсіп орындары толығымен жұмысын тоқтатқан, я болмаса аз мөлшерде өнім шығаруға көшкен.
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштерінің орташа өзгеруін сипаттауды айтады. Бұған мысал ретінде Республика бойынша бір сиырдан сауылған сүттің орташа мөлшері туралы көрсеткіштерді алуға болады. 3 кесте.
Кесте 3
Республика бойынша бір сиырдан сауылған орташа мөлшерлері

жылдар
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Бір сиырдан орташа сауылған сүт, кг есебімен

3133

2958

2382

2356

2181

2172

Бұл көрсеткіштер түрлі себептерге байланысты әрқашан өзгеріп отырады.
Әлеуметтік экономикалық құбылыстардың өсіңкілігін зерттеу, талдау барысында бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың көпшілігі нақты немесе қатысты шамамен беріледі және осы көрсеткіштер арқылы белгілі бір уақыт аралығында болған жағдайларға қорытынды жасауға толық мүмкіндік туады. Статистикалық өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: нақты өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің нақты мәні.
Бұлардың барлығын есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш дәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтежиесіне негізделген. Ол үшін ағымдағы кезеңнің нақты шамасын салыстыратын бір тұрақты уақыттың немесе өткен жылғы уақыттың көрсеткіштері алынуы тиіс. Осыған орай салыстырылатын уақыттың дәрежесін ағымдағы деп, ал онымен салыстырылатын уақыттың дәрежесін базалық деп атайды. Базалық дәрежеге ағымдағы уақыттың алдында тұрған қатардың шамасы немесе сол қатардағы бастапқы бір тұрақты мәні алынады.
Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдынғы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда өсіңкіліктің көрсеткіштері тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды. Осы айтылғанды іс жүзінде талдау үшін 1-суретке көңіл бөлейік:
тұрақты тәсіл

тізбектелген тәсіл
1-сурет Өсіңкілік қатарлардың көрсеткіштерін тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептеу үлгісі.
Осы көрсетілген тәсілдердің қайсысын қолдану керек екендігін аныктау алдағы тұрған талдаудың міндетімен тығыз байланысты болады. Олай болса, осы айтылғандарымызды толық дәлелдеу үшін Қазақстан бойынша көмір өндірудін өсіңкілік қатарына талдау жасайық және оның көрсеткіштері 4кестеде (шартты түрде) келтірілген:
Кесте 4
Қазақстан бойынша көмір өндіру, млн тонна

жылдар
2005
2006
2007
2008
2009
2010
Өндірілген көмір
138,0
142,0
146,0
148,0
151,0
154,0

Енді осы берілген мысал бойынша жоғарыда айтылған өсіңкіліктің негізгі көрсеткіштерін екі тәсіл арқылы есептейік.
Нақты (абсолюттік) өсім. Бұл өсіңқілік қатардың жай түрі болып саналады. Мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты (абсолюттік) өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі. Нақты (абсолюттік) өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң не теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін.
Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегеретін болсақ, онда нақты (абсолюттік) өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ал ол мына формула бойынша табылады:
Δн ꞊ Уi - У0
мұнда Δн - нақты өсім
Уi - ағымдағы уақыттың дәрежесі
У0 - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі
і - қатардың реттік нөмірі
Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесін шегеретін болсақ, онда тізбекті тәсілмен есептелген нақты (абсолюгтік) өсім анықталады және оған мына формуланы қолданамыз:
Δн ꞊ Уi - Уі-1
мұнда Уi - ағымдағы уақыттың дәрежесі;
Уі-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Енді осы келтірілген формулаларды қолдана отырып, жоғарыдағы мысалдан нақты (абсолюттік) өсімнің екі тәсілмен есептегенде төмендегідей көрсеткіштері алынады:

а) тұрақты тәсіл, млн. тонна
ә) тізбектелген тәсіл, млн. тонна
2006 ж. 142,0 - 138,0 = 4,0
142,0 - 138,0 = 4,0
2007 ж. 146,0 - 138,0 = 8,0
146,0 - 142,0 = 4,0
2008 ж. 148,0 - 138,0 = 10,0
148,0 - 146,0 = 2,0
2009 ж. 151,0 - 138,0 = 13,0
151,0 - 148,0 = 3,0
2010 ж. 154,0 - 138,0 = 16,0
154,0 - 151,0 = 3,0

Осы келтірілген уақыт ішіндегі (2005-2010) нақты (абсолюттік) өсімнің шамасы соңғы уақыт дәрежесінен бастапқы уақыт дәрежесін шегергенге тең болады, яғни
Δн ꞊ Уn - У1 = 154,0 - 138,0 = 16,0 млн.тн., ал егер нақты (абсолюттік) өсім тізбектелген тәсілмен есептелсе, онда ол осы барлық уақыттағы өсімнің қосындысына тең болады:
Δн ꞊ ∑ Δн = 4 + 4 + 2 + 3 + 3 = 16 млн. тонна.
Сонымен нақты (абсолюттік) өсім өсіқкілік қатарлар дәрежесінің әрбір кейінгі уақыттың алдыңғы уақыттан сандық шамасы бойынша қаншаға азайғанын немесе көбейгенін көрсетеді.
Өсіңкілік дәрежелерін зерттеу кезіңде нақты (абсолюттік) өсімнен басқа қорытындылаушы керсеткіш ретінде, яғни қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеру жылдамдығын сипаттайтын салыстырмалы шамалар да қолданылады. Оған жататындар: өсу мен өсім қарқыны.
Өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсіңкілік қатарлар туралы
Өсу қарқыны
Динамика қатарлары
Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік және оның түрлері
ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Статистиканың жалпы теориясы
Статистикалық бақылау зерзаты
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
Пәндер