Марксизм және өмір философиясы



Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

I . тарау. Маркстік философияның қалыптасуы мен даму кезеңдері.
1.1.Маркстік философияның алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Маркстік философияның қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3.Марксизм және Ленинизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

II . тарау. Материалистік диалетика және таным теориясы.
2.1.Марксизм және материалистік диалектика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2.Марксизм және таным теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3.Марксизм және тарихты материялистік тұрғыдан түсіндіру ... ... ... ... ..49

III . тарау. Марксизм және болмыс философиясы.
3.1.Маркстің болмыс және өмір философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
3.2.Маркстің рух туралы көзқарстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
3.3.Маркс және экономика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..91
Біз өмір сүріп отырған дүниені қарапайым да мәлім дүние деп айта алмайсың. Тіпті адам өзінің күнделікті өмірінде істес болып жүрген тұрмыстағы үйреншікті заттар әлемінің өзіде жай ғана нәрсе емес. Ал аса күрделі есептеу машиналары, компютерлер, өндірістік автомат линиялары ше! Бұдан жүз жыл бұрын оларды ең ұшқыр қиялдың өзіде көз алдына естете алмаған еді. Ал қазіргі кезде олар зерттеудің және білімге сүйенген еңбектің жемісі болып отыр. Адам өзі жасап шығарған байлығынан хабардар болу үшін ең болмағанда ғылым негіздерін білу керек. Ал қазіргі заманғы қғамдық даму оның алдына бұданда гөрі күрделірек проблемалар қойып отыр.
Марксизм философиясын менгеру оны аса көңіл қойып, терең ойланып үйренуді, демек, еңбектеніп, уақыт бөлудіде талап етеді. Бұл ілім адамға не береді?
Бұған қысқаша мынадай жауап беруге болады.Марксизм философиясын ойдағыдай уйрену адамда дүниеге бір тұтас көзқарастың- заманымыздағы ең озат көзқарастың- қалыптасуына мүмкіндік береді. Дүниеге мұндай көзқарас Маркстің ілімінің аса маңызды бөлімдерін бір тұтас қисынды көзқарастар жүйесіне келтіріп біріктіреді. Осы ғылыми жұмыста бұл білім мынадай жүйелікпен баяндалады.
Маркстің философиясы, оның ішінде тарихты материалистік тұрғыдан түсіну, Маркстің таным теориясы және де диалектикалық философиясы қамтылған. Сонымен қатар Маркстің болмыс және рух туралы көзқарастары және де Маракстің эканомика жайлы ілімдер қарастырылған.
Марксизм философиясы жайлы ілімдерді бір ғылыми жұмысқа сидыру мүмкін емес екені түсінікті: бұл ғылыми жұмыста Марксизм философиясының тек негіздерін баяндауды жөн көрдім.
Марксизм философиясы: адамдардың еркінен тыс объективтік заңдар негізінде табиғат қана дамып қоймай, адам қоғамыда дамиды деп үйретеді.
Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын ашып, марксизм адамзаттың тарихы туралы ілімді нағыз ғылым дәрежесіне, қандай да болсын қоғамдық құрлыстың сипатын да, қоғамның бір қоғамдық құрлыстан екінші құрлысқа өтіп дамуында түсіндіре алатын ғылым дәрежесіне көтерілді. Мұның өзі ғылыми ойдың аса зор жеңісі болды.
Шын ғылым, табиғат немесе қоғам күштерінің әрекетімен дамуындағы заңдылықтарды зерттеп, әрдаиым жаңалықтарды алдын ала көріп отырады. Қоғам дамуының заңдары туралы Маркстік ғылым қоғамдық қайшылықтардың күрделі жағдайында, бағдар тауып қана қоймай, сонымен қатар оқиғалардың қалай дамитынын алдын ала болжауға, тарихи прогрестің бағытын және қоғам дамуының алдағы белестерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, Марксизм флософиясы бізге болашаққа көз жіберіп, тарихтың алдағы бұрылыстарының бейнелерін көруге көмектесетін құрал секілді.
Маркс өз ілімін ғылымға негіздеді. Маркістің іліміне теориялық негіз болғандар: ағылшын экономистерінің теориялары, француз социал- утопистердің ілімі және классикалық неміс филасофиясы еді. Маркс диалектикалық материализмді негіздеді. Оның ашқан басты жаңалықтарының бірі – бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру болды.Қоғамдық өмірде материалдық өндірістің маңызының үлкен екенін тұжырымдады. Қоғамдық – эканомикалық фарматция ұғымын енгізді. Марксизм филасофиясы эканомикалық базис және идеологиялық қондырма ұғымдарын талда, анықтады. Сөйтіп тарихи материализм мынадай салаларға бөліп негіздеді:
- тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыдан,
- қққоғам дамуы – табиғи – тарихи процесс,
- эканомикалық қатынастар барлық өзге қоғамдық қатынастарды, яғни, құқықтық, саяси, діни, моральдық және т.б. анықтайды,
- қоғамдық болмыс – қоғамдық қатынастар жүйесінде болатын, адам қызметі арқылы өндірілетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол – қорланып , жетіліп ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отырады,
- қоғамдық сана – тарихи процестің рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол – қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, керісінше бір тұтас рухани құбылыс.
- өндіріс әдісі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты бірлігі,
- өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі,
- өндірістік қатынастар - өндіріс, үйлестіру, алмастыру және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар,
- қоғамдық – эканомикалық формация – қоғамның біртұтас бейнесі.
Қоғамды қоғамдық эканомикалық формация түрінде ұғыну дегеніміө қандай өндіріс әдәсін қолданылатынын анықтау. Жоғарыда айтып кетекніміздей, Маркстің пікірінше қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Маркс айқындап берген қоғамдық қатынастар туралы тұжырымдар осы күндерде де пайдаланылады. Бірақ оның фориациялық ілімі барлыұ жағдайда дұрыс болып келе бермейді.
Көптеген философия тарихшылары К.Марксті де гегелдік философияның жалғастырушысы деп есептейді. Гегель ойлап тапқан диолектикалық үрдіс ретінде әлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен салыстырғанда идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындайды.Егер Гегель тарихта мәдени – тарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс материалдық – эканомикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.
Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан эканомиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар – ақша қатынастар жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатациялау механизімін ашуында ғана емес, бөлектенудің эканомиалық формаларында айқындауында еді. Л.Фейербахтің діни бөлектену туралы идеясымен келісіп және оны қабылдай отырып, К.Маркс оны капитализмдегі жалпы бөлектенудің бір қыры деп санады.
Маркстік философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемологиялық ұғым ретінде негіздеуінде. Еңбек арқасында және нәтижесінде адамдар ойлауға, тануға қабілетті болады, ал таным үдерісінің өзі белсенді шығамащылыққа айналады.
Егер Маркс қоғамда әлеуметтік қайта құру жолымен адам санасын өзгертіп, «әлеуметтік психоаналитик» ретінде көрінсе, ал Энгельс табиғатпен қоғам философиясын белсенді-шығармашылық және теориялық ойлаудың материалдық негізі ретінде дәлелдеуге тырысты. Бұл теориялық ойлау өзінің материалдық-табиғи негіздерін ішкі логикамен ұғынған жағдайда әлеуметтік қайта құрылымдар жасауға қабілетті. Сонымен, Маркс пен Энгельстің қоғам, табиғат және теориялық ойлау заңдылықтарын ашуы, қоғамдық даму барысындағы экономикалық басымдылығын түсіндіруі, индивид санасының заттай практикалық әрекетке тікелей бағыныштылығын дәлелдеуі және тағы басқа идеялары батыстық әлемнің көптеген ойшылдарына жақтаушылық жағынан болсын, даттаушылық жағынан болсын, өзінің теориялық-идеялық ықпалын тигізді.



Маркстік ілім ең күшті ілім-өйткені ол дұрыс ілім.
В.И.Ленин.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Марксизм Ленинизм негіздері. Қазақстан мемлекеттік баспасы. Алматы. 1963ж.
2. В.И.Ленин таңдамалы шығармалар жинағы. 1-том Қазақстан бафспасы. Алматы. 1969ж.
3. Диалектикалық және тарихи материализм. Қазақстан баспасы. Алматы. 1969ж.
4. К.Маркс. «Капитал» саяси экономия сыны. 1,2,3-том Қазақстан баспасы. Алматы. 1973ж.
5. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 7-том. 1975ж.
6. К.Маркс және Ф.Эньгелстің шығармалар жинағы. Қазақстан баспасы. 1-том. Алматы. 1976ж
7. К.Маркс және Ф.Эньгелстің шығармалар жинағы. Қазақстан баспасы. 2-том. Алматы. 1980ж.
8. К.Маркс және Ф.Эньгелстің шығармалар жинағы. Қазақстан баспасы. 3-том. Алматы. 1981ж.
9. Е.А.Степанов. К.Маркстің қысқаша өмір баяны. Қазақстан баспасы. Алматы. 1983ж.
10. Қазақстан Камунистік партиясы тарихының очеркі. Қазақстан баспасы. Алматы. 1985ж.
11. И.Шәмшәтов. Дүниені өзгертуші ілім. Алматы. 1988ж.
12. В.П.Кохановский. Философия учебник для высших учебних заведений. Ростов-на Дону. «Феникс» 1998г.
13. Ә.Х.Тұрғынбаев. Философия. Алматы. Білім. 2001ж.
14. Л.Е.Балашов. Философия. Москва. 2004г.
15. Б.Б.Арынғазиева. М.С.Ибраимов. Философия лекциялар. Шымкент. 2006ж. .
16. Т.Ғабитов. Философия. Алматы. Раритет. 2006ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Марксизм және өмір философиясы.

Мазмұны.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I – тарау. Маркстік философияның қалыптасуы мен даму кезеңдері.
1.1.Маркстік философияның алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Маркстік философияның
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3.Марксизм және
Ленинизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14
II – тарау. Материалистік диалетика және таным теориясы.
2.1.Марксизм және материалистік
диалектика ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..22
2.2.Марксизм және таным
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.3.Марксизм және тарихты материялистік тұрғыдан
түсіндіру ... ... ... ... ..49
III – тарау. Марксизм және болмыс философиясы.
3.1.Маркстің болмыс және өмір
философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
3.2.Маркстің рух туралы
көзқарстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
3.3.Маркс және
экономика ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .76
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .80
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..91

Кіріспе

Біз өмір сүріп отырған дүниені қарапайым да мәлім дүние деп айта
алмайсың. Тіпті адам өзінің күнделікті өмірінде істес болып жүрген
тұрмыстағы үйреншікті заттар әлемінің өзіде жай ғана нәрсе емес. Ал аса
күрделі есептеу машиналары, компютерлер, өндірістік автомат линиялары ше!
Бұдан жүз жыл бұрын оларды ең ұшқыр қиялдың өзіде көз алдына естете алмаған
еді. Ал қазіргі кезде олар зерттеудің және білімге сүйенген еңбектің жемісі
болып отыр. Адам өзі жасап шығарған байлығынан хабардар болу үшін ең
болмағанда ғылым негіздерін білу керек. Ал қазіргі заманғы қғамдық даму
оның алдына бұданда гөрі күрделірек проблемалар қойып отыр.
Марксизм философиясын менгеру оны аса көңіл қойып, терең ойланып
үйренуді, демек, еңбектеніп, уақыт бөлудіде талап етеді. Бұл ілім адамға не
береді?
Бұған қысқаша мынадай жауап беруге болады.Марксизм философиясын ойдағыдай
уйрену адамда дүниеге бір тұтас көзқарастың- заманымыздағы ең озат
көзқарастың- қалыптасуына мүмкіндік береді. Дүниеге мұндай көзқарас
Маркстің ілімінің аса маңызды бөлімдерін бір тұтас қисынды көзқарастар
жүйесіне келтіріп біріктіреді. Осы ғылыми жұмыста бұл білім мынадай
жүйелікпен баяндалады.
Маркстің философиясы, оның ішінде тарихты материалистік тұрғыдан
түсіну, Маркстің таным теориясы және де диалектикалық философиясы
қамтылған. Сонымен қатар Маркстің болмыс және рух туралы көзқарастары және
де Маракстің эканомика жайлы ілімдер қарастырылған.
Марксизм философиясы жайлы ілімдерді бір ғылыми жұмысқа сидыру
мүмкін емес екені түсінікті: бұл ғылыми жұмыста Марксизм философиясының тек
негіздерін баяндауды жөн көрдім.
Марксизм философиясы: адамдардың еркінен тыс объективтік заңдар негізінде
табиғат қана дамып қоймай, адам қоғамыда дамиды деп үйретеді.
Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын ашып, марксизм адамзаттың
тарихы туралы ілімді нағыз ғылым дәрежесіне, қандай да болсын қоғамдық
құрлыстың сипатын да, қоғамның бір қоғамдық құрлыстан екінші құрлысқа өтіп
дамуында түсіндіре алатын ғылым дәрежесіне көтерілді. Мұның өзі ғылыми
ойдың аса зор жеңісі болды.
Шын ғылым, табиғат немесе қоғам күштерінің әрекетімен дамуындағы
заңдылықтарды зерттеп, әрдаиым жаңалықтарды алдын ала көріп отырады. Қоғам
дамуының заңдары туралы Маркстік ғылым қоғамдық қайшылықтардың күрделі
жағдайында, бағдар тауып қана қоймай, сонымен қатар оқиғалардың қалай
дамитынын алдын ала болжауға, тарихи прогрестің бағытын және қоғам дамуының
алдағы белестерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, Марксизм
флософиясы бізге болашаққа көз жіберіп, тарихтың алдағы бұрылыстарының
бейнелерін көруге көмектесетін құрал секілді.
Маркс өз ілімін ғылымға негіздеді. Маркістің іліміне теориялық негіз
болғандар: ағылшын экономистерінің теориялары, француз социал- утопистердің
ілімі және классикалық неміс филасофиясы еді. Маркс диалектикалық
материализмді негіздеді. Оның ашқан басты жаңалықтарының бірі – бұл тарихты
материалистік тұрғыдан түсіндіру болды.Қоғамдық өмірде материалдық
өндірістің маңызының үлкен екенін тұжырымдады. Қоғамдық – эканомикалық
фарматция ұғымын енгізді. Марксизм филасофиясы эканомикалық базис және
идеологиялық қондырма ұғымдарын талда, анықтады. Сөйтіп тарихи материализм
мынадай салаларға бөліп негіздеді:
- тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыдан,
- қққоғам дамуы – табиғи – тарихи процесс,
- эканомикалық қатынастар барлық өзге қоғамдық қатынастарды, яғни,
құқықтық, саяси, діни, моральдық және т.б. анықтайды,
- қоғамдық болмыс – қоғамдық қатынастар жүйесінде болатын, адам қызметі
арқылы өндірілетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол – қорланып , жетіліп
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отырады,
- қоғамдық сана – тарихи процестің рухани жағы, қоғамдық болмыстың
бейнесі. Ол – қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес,
керісінше бір тұтас рухани құбылыс.
- өндіріс әдісі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты
бірлігі,
- өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат
арасындағы заттар алмасуын жүзеге асыратын субъективтік және заттық
элементтер жүйесі,
- өндірістік қатынастар - өндіріс, үйлестіру, алмастыру және тұтыну
жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар,
- қоғамдық – эканомикалық формация – қоғамның біртұтас бейнесі.
Қоғамды қоғамдық эканомикалық формация түрінде ұғыну дегеніміө қандай
өндіріс әдәсін қолданылатынын анықтау. Жоғарыда айтып кетекніміздей,
Маркстің пікірінше қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Маркс
айқындап берген қоғамдық қатынастар туралы тұжырымдар осы күндерде де
пайдаланылады. Бірақ оның фориациялық ілімі барлыұ жағдайда дұрыс болып
келе бермейді.
Көптеген философия тарихшылары К.Марксті де гегелдік философияның
жалғастырушысы деп есептейді. Гегель ойлап тапқан диолектикалық үрдіс
ретінде әлем туралы көзқарасын сақтай отырып, Маркс онымен салыстырғанда
идеяларды емес, материалдық өмір дамуын мойындайды.Егер Гегель тарихта
мәдени – тарихи факторға баса назар аударса, ал Маркс материалдық –
эканомикалық фактор маңызының басымдылығын мойындайды.
Маркстің философия дамуына қосқан үлесі тек рухани фактордан
эканомиканың басымдылығын, қосымша құн құпиясын, тауар – ақша қатынастар
жүйесіндегі адамды қанау мен эксплуатациялау механизімін ашуында ғана емес,
бөлектенудің эканомиалық формаларында айқындауында еді. Л.Фейербахтің діни
бөлектену туралы идеясымен келісіп және оны қабылдай отырып, К.Маркс оны
капитализмдегі жалпы бөлектенудің бір қыры деп санады.
Маркстік философияның тағы бір жаңалығы еңбекті эпистемологиялық ұғым
ретінде негіздеуінде. Еңбек арқасында және нәтижесінде адамдар ойлауға,
тануға қабілетті болады, ал таным үдерісінің өзі белсенді шығамащылыққа
айналады.
Егер Маркс қоғамда әлеуметтік қайта құру жолымен адам санасын
өзгертіп, әлеуметтік психоаналитик ретінде көрінсе, ал Энгельс табиғатпен
қоғам философиясын белсенді-шығармашылық және теориялық ойлаудың
материалдық негізі ретінде дәлелдеуге тырысты. Бұл теориялық ойлау өзінің
материалдық-табиғи негіздерін ішкі логикамен ұғынған жағдайда әлеуметтік
қайта құрылымдар жасауға қабілетті. Сонымен, Маркс пен Энгельстің қоғам,
табиғат және теориялық ойлау заңдылықтарын ашуы, қоғамдық даму барысындағы
экономикалық басымдылығын түсіндіруі, индивид санасының заттай практикалық
әрекетке тікелей бағыныштылығын дәлелдеуі және тағы басқа идеялары батыстық
әлемнің көптеген ойшылдарына жақтаушылық жағынан болсын, даттаушылық
жағынан болсын, өзінің теориялық-идеялық ықпалын тигізді.

Маркстік ілім ең күшті ілім-өйткені ол дұрыс ілім.

В.И.Ленин.

I – тарау.

Маркстік философияның қалыптасуы мен даму кезеңдері.
1.1. Маркстік философияның алғы шарттары.

К. Маркс пен Ф. Энгельстен бұрынғы философтардың көзқарастары мен
философиялық бағыттары ғылымға, шынайы әдіске және практикаға толык,
негізделмеген еді. Сондықтан олар дүниетаным мәселелерін арнайы ғалымдардың
зерттеулеріне, қоғамның жалаң тәжірибесіне сүйенбей-ақ шешуге тырысты. Бұл
— ескі мәндегі, адамды қоршаған дүниені өзгертуді мақсат еткен күреске
кереғар келетін философия еді.
Міне, осы жағдайда, ғылым жетістіктеріне сүйенген, практикамен,
еңбекшілердің азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұдан бұрынғы
философиялық ой-толғамдардың прогрессивті қасиеттерін бойына сіңірген мүлде
жаңа сапалы философиялық жүйе жасау қажеттігі туды. XIX ғасырдың ортасына
қарай оның тарихи әлеуметтік және ғылыми алғышарттары да пісіп жетілген
еді.
Маркстік философияның пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты —
өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі
болып табылады. Өткен ғасырдың 30-40 жылдары капиталистік өндірістік
қатынас орныққан елдердегі жұмысшы қозғалысының өсуі, дүниежүзілік тарих
сахнасына жаңа таптың еркін шыға бастағанын көрсетті. Өнеркәсіптік
капитализмнің даму барысында жұмысшы табы ең ұйымшыл, біріккен қоғамдық күш
болды. Пролетариат таптар антагонизміне негізделген қорамды жою мақсатын
қойып, дербес революцияшыл тапқа айналған сайын, оған өзін азат ету
жөніндегі тарихи ролін түсіндіретін ғылыми теория жасау аса қажет болды.
Маркс пен Энгельс жұмысшы табына көңіл аударып, оның дәурені өткең
қоғамдык, қатынастарды түбірінен жұлатын революциялық құдіретін, бүкіл
дүниежүзілік тарихи ролін түсінді. Сондай-ақ, пролетариаттың революциялық
қозғалысына ең әуелі қоғамдық болмысы, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды
өзгертуді мақсат тұтатын дүниетанымдық теория қажет екен-дігіне көз
жеткізді. Басқаша айтқанда, материалистік дүниеге көзқарасты идеологиямен
байланыстыру міндеті тұрды. Сөйтіп, олар ғылыми социализмнің теориясын
жасап, оны философиялық және экономикалың ілімге негіздеді. Олардың осы аса
зор ғылыми табысының мәнін сипаттай келіп, В. И. Ленин былай деп жазды:,
К. Маркстің философиялық материализмі ғана пролетариатқа барлық езілген
таптардың осы күнге дейін еңсесін түсіріп келген рухани құлдықтан құтылудың
жолын көрсетті. Маркстің экономикалық теориясы ғана жалпы капитализм
құрылысындағы пролетариаттың шын халін түсіндірді.
Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Бұл
кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар
бір-бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелде.
Тірі организмдердің микроскопиялық клеткалардан тұратынын, адам мен жалпы
табиғаттың бірлігін көрсетті. Энергияның сақталу заңы материя қозғалысының
мәңгілік және құрып кетпейтінін, қозғалыс түрлері мен энергияның біріне-
бірі алмасып отыратынын дәлелдеді. Бұл дүниенің материалдық бірлігін де
айқындап беруге мүмкіндік берді.
Дарвин ашқан биологиялық эволюция теориясы жанды табиғаттың даму негізі
ішкі қарама-қайшылықтардың, процестердің, құбылыстардын күресі деп атап
көрсетті. Яғни, қандай да болмасын даму сыртқы күштердің әсері арқылы емес,
ішкі қайшылықтардың күресімен оларды шешу нәтижесі екендігі ғылыми тұрғыда
айқындалды. Д. И. Менделеев ашқан химиялық элементтердің периодтық жүйесі
органикалық дүниеге де диалектикалық заңдардың жалпы заңдылықтары тән
екенін дәлелдеді. Осы аталған ғылыми жаңалықтар ескі мета-физикалық және
механикалық материализмнің жаңа ғылыми білімге сәйкес келмейтіндігін
көрсетті. Ғылым материализмді танымның диалектикалық тәсілімен біріктіру
қажеттігін туғызды.
Маркстік философияның пайда болуының ең үлкен алғышарттарының бірі —
бүкіл адамзаттың философиялық білімінің кең өріс алып дамуы еді. Оның
ішінде Маркстік философияға тікелей әсер еткен жоғарыда айтылғандай неміс
клас-сикалық философиясы, Гегель еңбектерінде танымның диалектикалық тәсілі
кең түрде және жан-жақты қарастырылған еді. Ф. Энгельс Гегельдің,
диалектиканы дамытудағы қосқан үлесін бағалай келіп, былай деген болатын:
ол бірінші болып барлық табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс
түрінде, яғни толассыз өзгеріс, өңдеу және даму үстінде көрсете білді
Бірақ Гегельдің диалектикасының бірталай кемшіліктері болды:
біріншіден, ол диалектикалың идеализм негізінде жасалған еді, басқаша
айтқанда, объективтік дүние емес, тек адам санасының даму жолдарының
диалектикасын танып-білуге арналды; екіншіден, материяға белсенділік тән
емес деп қарады. Бұндай тұжырым өз заманындағы ғылыми жаңалықтарға қайшы
ойға әкеп соқты, үшіншіден, қоғам дамуы тек өткен уақытта ғана болған, ол
қазіргі пруссия монархиялық жүйесімен шектеледі, себебі тек осы қоғамда
ғана даму процесі шегіне жетеді, сондықтан одан жоғары әділетті, тапсыз
қоғам құру және оны дамыту мүмкін емес деп жариялады. Фейербах Гегельдің
идеализмін түгелдей теріске шығарды. Бірақ ол идеализммен бірге алдыңғы
тарауда айтылғандай, диалектиканы да ысырып тастады. Сондықтан ол
метафизикалық материализм деңгейінде ғана болып, таптық күресті қоғамның
қозғаушы күші, ал қоғамдық қайшылықтарды даму көзі деп түсіне алмады. Сайып
келгенде бұл қоғам дамуын материалистік тұрғыдан түсінуге кедергі болып,
Фейербах философиясыі бұл мәнде идеализм түрінде қалып қойды.
Дегенмен, өздерінің тарихи тар шеңберіне қарамастан, Гегель
диалектикасы мен Фейербах материализмі Маркске дейінгі философияның ең
жоғары жетістіктері еді. Сондықтан олар Маркс пен Энгельс негізін қалаған
жаңа түрдегі философияны жасауға көп септігін тигізді. Бірақ, Гегельдің
идеалистік диалектикасы мен Фейербахтың антропологиялық материализмін сол
қалпында, өзгертпей маркстік философияға енгізе салуға болмайды, олардың ең
прогрессивті элементтерін, құнды жақтарын екшеп, ғылымның жаңалықтарын
жинақтап, әлеуметтік қозғалыстардың революциялық жетістіктерін зерттей
отырып К. Маркс пен Ф. Энгельс принципті жаңа идеология, жаңа дүниеге
көзқарас жасап, диалектикалык, материализмді қалыптастырды.
Диалектикалық материализмнің шығуы философия тарихындағы түбегейлі
төңкеріс болды. Неге? Біріншіден, философия тарихында саналы философиялық
материализм ғылыми жолмен айқындалған диалектикамен тұңғыш рет байланысты.
Маркстік философия, негізгі мәселені материалистік түрде сипаттай отырып,
барлық құбылыстарды, оқиғаларды, заттар мен қоғамның, ойдың процестерін
даму, қозғалу үстінде, бір-бірімен байланысты түрде зерттейді. Диалектиканы
идеализмнен тазартты, материализмді метафизикадан ажыратты. Сөйтіп, таза
диалектика мен материализмді біріне-бірін қолданып, творчестволықпен
қатыстырып, жасады.
Екіншіден, тарихта бірінші рет диалектикалық материализімді
қоғамдық өмірді және тарихи процесті танып-білуге қолданды. Сөйтіп тарихты
материалистік тұрғыдан түсіну теориясын ашып, осылайша социологияны
қоғамдық дәл ғылымға айналдырып, материализм мен диалектиканы, ғылыми
теория мен революциялық практиканы біріне-бірін қосып, Маркс пен Энгельс
философияда төңкеріс жасады, тарихты материалистік түрғыда түсіндірудің
негізін жасады.
Үшіншіден, дүниені танып-білу мүмкіншілігін мойындай отырып,
диалектикалық материализм ғылыми танымның негізгі критерийі және өзегі деп
практиканы аңықтады. Маркске дейінгі философтар адамзат өмірінің негізі
болып табылатын қоғамдық практиканың маңызын ұқпай, қоғамдық өмірдің өзін
де, адамның мәні мен оның санасын да түсіне алмады. Олар адамды азат етудің
бірден-бір ғана жолы рухани тұрғыдан дамыту деп түсінді.
Төртінші, басқа философиялың ілімдер, мектептер мен бағдарлардан
өзгеше, диалектикалық материализм, дүниені тек түрліше түсіндірумен ғана
танып қоймады. Керісінше, дүниенің объективті даму заңдарын зерттеу мен оны
революциялық тұрғыдан өзгертудің жолын негіздеу марксизм философиясында
тұңғыш рет нағыз ұштастырылды.
Бесіншіден, теория мен практиканың бірлігін, философиядағы партиялықты
ғылыми объективтілікпен ұштастыру — Маркс пен Энгельс еңбектеріндегі аса
маңызды методологиялық принциптер болды. Идеализм мен материализмнің
бітіспес келіспеушілігін, дін мен идеализм арасындағы біте қайнасқан
байланыстарды түсіндіре білді. Маркс пен Энгельс материалистік теория мен
диалектикалық әдістің арасындағы алшақтықты жойып, оларды бірыңғай тұтас
ілімге біріктіре білді, сөйтіп материализмді қазіргі заманғы ғылыми түрге
келтірді.
Алтыншыдан, маркстік философия өзінің ең алғаш шыққан кезінен бастап-ақ
дүниежүзілік цивилизацияның жетістіктеріне арқа сүйеді. Сонымен бірге ол
қатып-семген ілімнің қандайымен болса да ешбір сыйыспайтын революциялық
сыншыл философия. Себебі қоғамдық практиканың, азаттық күресінің
тәжірибесін жинақтап қорытып отыру, сол арқылы өзінің дамуы - оның басты
қасиеті.
Дүниені революциялық жолмен өзгерту, еңбекшілердің өз күшімен еңбекті
азат етуі, теорияның әлеуметтік практикаға қызмет ету идеясы диалектикалық
материализмге етене тән...

1.2. Маркстік философияның қалыптасуы.

В. И. Ленин К. Маркстің рухани эволюциясына, жалпы марксизмнің
қалыптасу жолына терең талдау жасай келіп, бұл процестің әбден заңды екенін
атап көрсетті.
Егерде Маркс 1842 жылға дейін идеалистік-гегельдік көзқарас деңгейінен
аса алмаған болса, осы жылдан бастап ол революциялық демократизм жолына
түсе бастайды. Әлеуметтік зерттеулерін өзінің саяси позициясы тұрғысынан
сол кез-дегі қоғамдық құрылысты сынау мақсатына бағындырды. Біртіндеп
әлеуметтік қайшылықтардың мәнін түсіну мәселесіне назар аударды. Осы
мәселені шешу барысында ол әлеуметтік шындык, логикасын пайымдауға, сондай-
ак, нақты социолоиялық талдау ісіне ден қояды. Мысалы, 1842 жылы Пруссияның
жаңа цензуралық нұсқауын сынай отырып, Маркс әр істің логикасын зерттеу
қажеттілігін атап көрсетеді. Осындай қоғамдық қайшылыңтарды зерттеудің
бірінші қадамын жасаған Маркс 1842 жылдың алғашқы жартысында, алдымен саяси
күрестің негізінде әлеуметтік қүрылымының қайшылықтары бар екенін,
екіншіден, дін мен философияға мемлекеттің шешуші әсер ететінін ашып
көрсету. Осы айтылғандардың өзі-ақ Маркстің 1842 жылдың екінші жартысынан
бастап революциялық демократизмнен коммунистік идеологияға қарай шешуші
қадам жасағанын көрсетеді.
1843 жылы Маркс өз еңбектерінде барлық әлеуметтік қайшылықтардың
негізінде мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында қарама-қарсылық жатыр
десе, содан кейінгі кезеңде, осы қарама-қарсылыңтардың көзі азаматтық
қоғамның табиғатына тән екенін атап көрсетті. Осы идея арқылы ол диалек-
тикалық материализмге қарай үлкен қадам жасады.
Маркстің рухани эволюциясындағы үлкен орын алатын еңбегі 1844 жылғы
экономикалық-философиялық қолжазбалары. Бұл қолжазбалардың негізі —
адамзаттың антропологиялық қалыптасуы мен дамуындағы материалдық
өндірістің, еңбектің шешуші ролі туралы идея. Адамның дамуына негіз бола
отырып, еңбек оның барлық күштерін, уақытын жұтып қояды, оны езеді, жеке
меншіктің, қанаудьщ, таптардың пайда болуына әкеп соғады.
Ф. Энгельс материалистік және диалектикалық көзқарасқа өзіндік жолмен
келді. Бастапқы кезде Энгельс те Маркс сияқты Гегель философиясына үңілді.
Дегенмен бұл философия немістің сол кездегі артта қалған өмір шындығына сай
келмейтіндігіне тез көз жеткізді. Шеллинг Гегель туралы, . Шеллинг және
жаңалық, Шеллинг — Христосқа сыйынған философ деген памфлеттерінде ол
Гегель философиясының прогресшіл жақтарын қорғайды. Сонымен бірге
Шеллингтің наным мен білімді, дін мен философияны ымыраластыру мақ-сатымен
философияға құдайдың беделіне илануды, сезімдер жұмбағы мен мифологиялық
қиялды енгізу әрекетін әшкерелейді.
Энгельс Гегель философиясының идеалистік жүйесі мен диалектикалық
тәсілінің арасындағы қайшылықты көрсете білді. Ол Фейербах гуманизмінің
әсерімен Гегель жүйесінің шырмауынан шығып, диалектикадан азаттық күрестің
туын жасауға ұмтылды.
Ағылшын жұмысшыларының өмірін бақылау, чартистермен және
социалистермен жақындасу Энгельстің пролетариаттың тек ашықтан-ашық қимылы
ғана жұмысшы табын азат етуге, сонымен бірге бүкіл адамзатты да азат етуге
жеткізе алады деген қорытындыға әкеледі. Бұл қорытынды Энгельстің
Англиядағы жұмысшы табының жағдайы деген еңбегінде ғылыми негізделген.
Осы еңбекті В. И. Ленин дүние-жүзілік социалистік әдебиеттегі таңдаулы
шығармалардың бірі деп атаған болатын.
Маркс пен Энгельс бірлесіп жұмыс істеген 1844 жылдан бастап, олар
принципті маңызы бар адам мәні туралы жан-жақты теория жасады. Оның мәнісін
қысқаша былай деп тұжырымдаса болады: буржуазиялық қоғамда адам — әрқашан
да белгілі бір таптың өкілі; адам табиғаттың бір бөлігі ғана емес, сонымен
қатар табиғат дамуының ең жоғарғы нәтижесі; еңбек процесінде адам тек
табигатты ғана емес өзін де өзгертіп отырады, дүниені өзінің рухани күші
мен дене күшін жүмсайтын орта етіп меңгереді: еңбек — адамның тіршілік
әрекетінің негізі.
1845 жылы екеуі бірлесіп жазған Қасиетті әулет атты кітабында халық
бұқарасының тарихтағы шешуші ролі жайында материалистік көзқарас дамытылып
және онда өндірістегі қоғамдық қарым-қатынастар идеясына деген көзқарас
баяндалған. Ал Неміс идеологиясында тарихтың түпкі негізі материалдық
өндіріс екені дәлелденді. Осы аталған еңбектерінде және 1845 жылы жазылған
Маркстің Фейербах туралы тезистерінде, олар өздерінен бұрыңғы
материализмді сынап, оның тарихи өрісі тарлығын көрсетеді.
Маркс пен Энгельс көзқарастарының қалыптасу дәуірі Коммунистік
партияның манифесін шығарумен аяқталады, онда марксизмнің барлық үш
құрамды бөлігінің: оның философиясының, саяси әкономиясының және ғылыми
социализмнің негізгі идеялары баяндалған.
Маркстік философияның онан әрі дамуы 1848—1849 жыл-дардағы
революцияның тәжірибесін жинақтап қорытумен, марксизмнің саяси идеяларын
негіздеумен байланысты. Пролетариат пен оның партиясының революция
дәуіріндегі саясаты мен тактикасының негіздерін анықтай отырып, Маркс пен
Энгельс маркстік саясат ілімінің негізгі мәселелерінің бірі —
пролетариаттың демократиялық өзгерістер жасау жолындағы күресі мен оның
социализм үшін күресінің арақатысы екендігі жөніндегі мәселені алға қойды
және дәлелдеді.
XIX ғасырдың 50—60-жылдарында марксизмде оның экономикалық жағы бірінші
орынға қойылады. Маркс бүкіл капиталистік құрылысқа объективті терең талдау
жасады. Саяси экономияның сынына (1859) деген еңбекте, Капиталдың
бірінші томында (1867) маркстік теория жете және жан-жақты негізделген. В.
И. Ленин: Капитал марксизмді бол-жаулықтан ғылымға айналдырды деп
көрсетті, Материалистік диалектиканы саяси экономиканың
категорияларын талдау мәселесіне қолдана отырып, Маркс бұл ғылымды
революциялық жолға қойды. Ал Маркстің Франциядағы азамат соғысы (1871)
деген еңбегінде пролетарлық революцияның барысында буржуазиялык, мемлекетті
Париж коммунасы түрін-дегі мемлекетпен ауыстыру туралы тезисті дәлелдеуі
сол кездегі маркстік теорияның аса маңызды жетістіктеріне жатады.
Пролетариат диктатурасы мәселелерін, коммунистік қоғамның екі фазасы туралы
және капитализмнен социализмге өту дәуірі туралы мәселелерді К. Маркс Гота
программасына сын (1875) атты еңбегінде онан әрі дамытты.
Париж коммунасынан кейін марксизм жұмысшы қозғалысында толық жеңіске
жетіп, алдыңғы қатарлы интеллигенция арасында кеңінен тарады. Осының
негізінде жаппай социалистік партиялар құрыла бастады. Жұмысшы қозғалысы
қойған жаңа талаптардың әсерімен, сондай-ақ, жаратылыстану ғылымының
жетістіктерін теориялық жағынан жинақтап қорытудың қажеттігіне байланысты
маркстік философия өзінің дамуындағы жаңа сатыға көтерілді. Осы кезеңде Ф.
Энгельстің Анти-Дюринг (1877 —1878), Людвиг Фейербах және классикалық
неміс философиясының ақыры (1886), Семьяның, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығуы (1884) сияқты еңбектерінде диалектикалық материализмнің
басты мәселелері мен негізгі бағыттары онан әрі дамытылып, тереңдей түсті.
Қысқасы маркстік философияның беделі өсіп, әр түрлі мемлекеттердегі ықпалы
арта түсті. Осыған орай оның Россияда өріс алуы хақында бірер сөз айта
кетейік.
Марксизмді Россияда таратып, дамытуда Г. В. Плехановтың алатын орны
ерекше. Г. В. Плеханов Социализм және саяси күрес (1883) атты еңбегінде
халықшылдар идеологиясын, оның субъективтік-идеалистік көзқарастарын өткір
сынға алды. Сонымен бірге диалектикалық-материалистік көзқарсты насихаттау
мен қорғауда Плехановтың Бернштейн және материализм, Материализм және
капитализм, II. Струвеге қарсы жазған мақалалары елеулі орын алады.
1883 - 1903 жылдары ревизионизммен күресе отырып, Плеханов материалистік
диалектиканың жақтаушысы және оны объективті дүниені толық бейнелей алатын
бірден-бір ғалым ретінде дамытушысы болды. Ол марксизм тұрғысынан тарихта
жеке адам мен халықтың ролін дұрыс көрсетті. Г. В. Плеханов фйлософия
тарихында Гегель диалектикасын жоғары бағалады, Реоволюцияны Плеханов
қоғамдық өмірдің заңы деп есептептеді. Дегенмен 1903 жылдан бастап пайда
болған большевикер бағытынан ол ауытқи бастады. Мәселен, II
Интернацияналдық Батыс Европалық партияларының тәжірибесіне еліктеп
Плеханов орыс революциясының стратегиясы мен тактикасынан қол үзді.
Диалектиканы марксизмнің таным ретінде толық қолданбау негізінде ол оны
XX ғасырдың, басындағы ғылыми революция жетістіктерін зерттеп
білуге пайдалана алмады.

1.3. Марксизм және Ленинизм.
Марксизм және Ленинизм — жұмысшы табының дүниеге көзқарасы,
философиялық экономикалық және саяси-әлеуметтік ілімдердің бір тұтас ғылми
жүйесі; дүниені танып біліп, оны революциялық жолмен өзгертудің және
табиғат пен қоғамның, адамзат ақыл-ойының, бүкіл рухани дуниесінің даму
заңдылықтары жөніндегі ғылым. Жұмысшы табының капитализмге қарсы
революциялық күресінің, пролетариат диктатурасын орнатудың, социализм және
коммунистік қоғам құру жолындағы еңбекшілердің жасампаз іс-әрекетінің
заңдылықтарын зерттеп, халықар жұмысшы қозғалысының стратегиясы мен
тактикасын белгілейтін программалық ілім. Марксизм және Ленинизм ілімінің
негізін қалаған К.Маркс пен Ф.Энгелъс болатын, оны жаңа тарихи жағдайларға
сай дамытуда аса көрнекті үлес қосқан В.И.Ленин болды.Марксизм жұмысшы
табының мүддесі мен түпкілікті мақсатын ғылми тұрғыда тұңғыш тұжырымдап
дәлелдеген, дәйекті ілім ретінде 19 ғасырдыңдың 40 жылдарында пайда болып
қалыптасты. Бұл кезде капиталистік қоғамның антагонистік қайшылықтары айқын
көрініп, тап тартысы шиеленісе түседі, жұмысшы табы ерекше саяси күш
ретінде тарихи аренаға шығады. К. Маркс пен Ф. Энгельс сол кездегі тарихи
жағдайдың талабына сай, адамзаттың қоғамдық, ақыл-ойы мен ғылми танымның
жетістіктеріне сүйеніп, жұмысшы табының дүниеге ғылыми көзқарасын
қалыптастырды, оның революциялық күресінің стратегиясы мен тактикасын
анықтап, программасын белгіледі. Марксизм және Ленинизм ілімінің пайда
болып, қалыптасуы одан бұрынғы адамзат санасының, ақыл-ойының дамып
жетілуінің жемісі және оның бүкіл рухани дүниесінің тарихи даму
процесіндегі ұлы төңкеріс болды. Марксизм және Ленинизм іліміне
теориялықнегіз болған классикалық неміс философиясы, ағылшынның саяси
экономиясы мен француздың утопиялық социализмі еді. Сол кездегі ғылми
танымда кемеліне келген бұл ілімдердің терең мәнді прогресшіл идеялары мен
принциптерін, ғылми әдістерін бойына сіңіріп, қоғамдық өмірдегі тарихи
жағдайларды жан-жақты терең зерттеуге қолданылды. К.Маркс пен Ф.Энгельс
қоғамдық дамудың барысында алға қойылған теориялық және практикалық
проблемалары, әсіресе капитализмнің дамуы мен жұмысшы қозғалысының
түбегейлі мәселелерін терең талдап, ғылми тұрғыдан бір ізділікпен шешті.
Марксизм ілімінің ерекшелігі, бүкіл дүниені, қоғамдық өмірді түсіндіріп
қана қоймай, оны өзгертіп, қайта құрудың жолдарын анықтап, социализм
жөніндегі ілімді утопиядан ғылми дәрежеге жеткізді.К.Маркс пен Ф.Энгельс
адамзат тарихын материалистік тұрғыда зерттеп түсіндірудің жолын ашып,
материалистік көзқарасты диалектикалық әдіспен ұштастырып тарихи
материализм мен диалектикалық материализмнің негізін қалады. Жұмысшы
табының революциялық теориясы болып қалыптасқан Марксизм және Ленинизм
ілімі Батыс Европадағы 1848-1849ж. революциялардан бастап, қоғамдық дамудың
әр қилы тарихи жағдайларында жұмысшы қозғалысының практикасында сыналып
өтті. Марксизм халықаралық жұмысшы қозғалысы арасына таралуда өзінің ашық
қарсыластары бакуниншілер мен прудоншылардың және келісімпаз
оппортуянстердің (Ә. Бернштейн, М. Адлер т.б.) қасарысқан қарсылырына
кездесіп жеңіп шықты. Марксизм және Ленинизм, жұмысшы қозғалысына іріткі
салып зиян келтірген догматизм, сектантшылдыққа қарсы батыл күрес жүргізді.
Марксизм идеяларының аса көрнекті насихатшылары П.Лафарг, В.Либкнехт,
А.Бебель, Ф.Меринг, Г.В.Плеханов, А.Лабриола т.б. болды. Марксизм ілімі
К.Маркс пен Ф.Энгельс ісін данышпандықпен алға апарған В.И.Лениннің
теориялық еңбектері мен революциялық, іс-әрекетінде жүзеге асып, ілгері
дамыды. Сондықтан да В.И.Лениннің революциялық іс-әрекеті мен еңбектері
жұмысшы табы теориясы дамуының лениндік кезеңі деп әділ аталады. Сондықтан
да ленинизм-империализм және пролетарлық революциялары заманындағы
отаршылдықтың күйреуі мен ұлт-азаттық қозғалыстарының жеңіске жетуі және
адамзаттың капитализмнен социализмге көшуі мен коммунистік қоғамды орнату
дәуіріндегі марксизм теориясы болып табылады. Марксизм және Ленинизм өзара
шарттас және өзара байланысты құрамдас үш бөліктен: философия —
диалектикалық және тарихи материализм, саяси экономия мен ғылми
коммунизмнен тұрады. Диалектикалық материялизм жұмысшы табының, оның
авангарды Коммунистік партияның философиясы, табиғат пен қоғамның және
ойлаудың жалпы заңдылықтары жөніндегі ғылыми, коммунизмнің теориялық негізі
Марксизм және Ленинизм философиясы дүниенің негізі материя, әлемдегі алуан
түрлі заттар мен құбылыстар, үздіксіз қозғалыстағы өзгерістегі материяның
әр түрлі формалары оның жоғарғы формасы адамзат қоғамы деген қағидаға
сүйенеді. Дүние бір тұтас және адам санасынан тәуелсіз өзінің объективті
заңдылығымен дамиды. Адамзат осы заңдылықтарды қоғамдық практика арқылы
ғылми танымның даму процесінде танып біліп, соған сәйкес қоғамның тарихи
даму процесіне саналы түрде ықпал ете алады. Марксизм және Ленинизм бірінші
рет адамзат тарихының даму процесін материалистік тұрғыдан түсіндірудің
негізін қалап, қоғамдық дамудың қозғаушы күші материалды игіліктерді өндіру-
өндіріс тәсілі және қоғамдық өмір салалары мемлекет, саясат, право, мораль,
философия, ғылым, мәдениет, өнердің т.б.анықтайтын негізі өндіргіш күштер
мен өндірістік қатынастар екенін ашты. Олардың өзара байланысы, бірлігі,
бір-тұтастығы адамзат қоғамының даму тарихының нақтылы кезеңі болып
табылатын қоғамдық формалар екенін айқындайды. Бүкіл адамзат тарихы осы
қоғамдық формациялардың бір формасынан екінші формасына қажеттілікпен
біртіндеп өтіп отыратын және түбінде коммунистік формацияға көшетінін ғылми
тұрғыда дәлелдеді. Табиғат пен қоғамтанудың нағыз ғылыми методологиясы —
материалистік диалектика маркстік философияның ұйтқысы, арқауы болып
табылады. Объективтік шындықта заттардың, процестердің өздігінен қозғалуы
мен дамуының қайнар көзін ашып, айқындайтын қарама-қарсылықтардың бірлігі
мен күрес заңы, қайшылықтар жөніндегі ілім материалистік диалектикалары
методологияның негізгі принциптері. В.И. Лениннің маркстік философияға
қосқан үлесі бейнелену теориясы, таным теориясының түбегейлі мәселелері мен
ақиқат жөніндегі ілім, диалектикалық категориялар мен заңдарды жан-жақты
терең ұғыну мәселелерін шешу болды. В.И.Ленин өз еңбектерінде қоғамдық
дамудың, саясат пен пролетариаттың, тап күресінің маңызды мәселелерін
шектеуде объективті жағдайларды талдауда, тарихи процестердегі субъективті
факторлардың ролі, бұқараның, таптардың, партияның және жеке адамдардың
творчестволық иницативасы, теориясын, революциялық қозғалыста орасан зор
роль атқаратындығын анықтауда материалистік диалектиканы қолданудың
классикалық үлгілерін көрсетті. В.И.Ленин маркстік философияны
ревизионистердің шабуылынан қорғап қана қоймай, Ф.Энгельстен кейінгі
жаратылыстану ғылымдарының табиғаттары мен жетістіктерінің мәнін
философикалық тұрғыда қорытып түсіндірді. Маркстік-лениндік саяси экономия
К.Маркстің өз заманындағы капиталистік коғамды зерттеп талдаудың
нәтижесінде пайда болып қалыптасты. К.Маркс құнның, еңбек теориясының
негізін қалап, қосымша күн заңын ашты. К. Маркс ашқан бұл ұлы жаңалықты
В.Л.Ленин буржуазиалық табының жұмысшы табын қанауының сырын ашатын
Маркстің экономикалық теориясының ірге тасы деп атады. Маркстік-лениндік
саяси экономия бүкіл адамзат тарихының барысындағы қоғамдық өндірістің
объективті заңдылықтарын зерттейді. К.Маркс пен Ф.Энгельс ұшан-теңіз тарихи
материалдарға сүйене отырып алғашқы қауымдық қоғам формациясының ыдырауынан
бастап, қоғам дамуының ең маңызды қозғаушы күші антагонистік таптар күресі
екенін көрсетті. Олар жұмысшы табының революциялық ролін анықтап, оның
тарихи міндеті капитализмді құлатып, тапсыз қоғам-коммунизмді орнату екенін
ғылми тұрғыда дәлелдеді. К.Маркс пен Ф.Энгельс капиталистік формациядан
коммунистік формацияға өту дәуірінің барысында жұмысшы табы қоғамның
мемлекеттік басқаруын қолына алып, қоғамдық өмірдің даму салаларын түгелдей
жаңа тапсыз қоғам құруға бағыттауға тиіс екенін ерекше атап көрсетті.
Коммунизмнің жер жүзінде жеңіске жетуі үшін барлық елдердегі пролетариаттың
бірігіп, буржуазияға қарсы күресте интернационалистік ынтымақта болуы қажет
деп түсіндірді. Пролетарлық революциясын жүзеге асыру үшін жұмысшы табы өз
қатарын топтастырып, алдыңғы қатарлы, таңдаулы күштерін біріктіріп, еңбекші
бұқараны коммунизм жеңісі үшін күреске жұмылдыратын өзінің жауынгер
партиясын ұйымдастырады деп тапты. В.И.Ленин марксизмнің экономикалық
теориясына зор үлес қосты. Ол 20 ғасырдың бас кезінде капитализм өзінің
даму процесінің барысында ең жоғарғы соңғы сатысы — империализмге өткенін
айқындап, оның ерекшеліктері мен экономикалық және саяси мәнін ашып берді.
В.И.Ленин империализм дәуірінде капиталистік елдердің әр келкі даму заңын
ашты. Осы заңға сүйеніп, пролетарлық революциясы мен социализмнің бірнеше
елде немесе бір елде жеңуінің мүмкін екені жөнінде өте маңызды теориялық
қорытынды жасады. В.И.Ленин буржуазиялық-демократиялық революцияның
социологиялық революцияға ұласуы теориясын жасауы Марксизм және Ленинизм-ге
қосылған аса маңызды үлес болды. В.И.Лениннің пролетарлық диктатурасы,
жұмысшы табының басшылық ролі, пролетариаттың одақтастары мен тап күресінің
формалары жөніндегі ілімді творчестволықпен дамытып, К.Маркс пен
Ф.Энгельстің қағидалары негізінде жұмысшы табының революциялық ұйымының ең
жоғарғы формасы, коммунистік партияның теориялық және ұйымдастыру
негіздерін, партия тұрмысының нормасы мен партиялық басшылықтың принциптері
жөніндегі сындарлы ілімді қалыптастырды. Марксизм және Ленинизм ілімінде
ұлт мәселесі маңызды орын алды. Бұл мәселені пролетарлық интернационализм
тұрғысында шешудің негізін салған Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олар ұлт
мәселесінің пролетариаттың азат ету күресіне тәуелді екенін, реакциялық
күштерге қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысын қуаттау қажет екенін
дәлелдеп берді. В.И.Лениннің бұл қағидаларды дамытып, реформистер мен
оппортунистердің теорияларын қатал сынап, ұлттардың өзін-өзі билеу
бостандығының қажеттігін атап көрсетеді. В.И.Ленин ұлт мәселесінің ең
бастысы, барлық ұлттардың еңбекшілерінің демократия мен социализм үшін
ортақ күресте бірігуі қажет деп, отар және тәуелді елдердің капиталистік
емес жолмен дамуы мүмкін екенін атап көрсетті. К.Маркс пен Ф.Энгельстің
болашақ коммунистік қоғамның дамуы оның екі фазасы жөніндегі қағидаларын
дамыта отырып, В.И.Ленин капитализмнен социализмге өтуі дәуірінің негізгі
белгілері, социализм мен коммунизмді құрудың жолдары мен социализм мен
коммунизм дәуіріндегі қоғамдық даму заңдылықтарын анықтап тұжырымдады.
1917ж. ¥лы Октябрь социялистік революциясының жеңуі, жер жүзінде бірінші
рет көп ұлтты социялистік мемлекеттің құрылуы маркстік-лениндік теорияның
ұлы салтанаты болып, адамзаттың даму тарихындағы жаңа заманды ашты.
В.И.Лениннен кейін КПСС туысқан коммунистік партиялар мен бірге маркстік-
лениндік теорияны ілгері дамытты. КПСС лениндік қағидаларға сүйене отырып,
оны жаңа жағдайларға творчестволық қолдануы нәтижесінде совет халқын
социализмнің жеңісіне жеткізіп, СССР-де коммунистік қоғам құруға басшылық
етіп отыр. Капиталистік қоршау жағдайларында социализмді бір елде құрудың
мүмкіндігі, социялистік индустрияландырудың жолдарын, құралдары мен
қарқынын, шағын коллективтендіру әдістері мен формаларын, елімізде мәдени
революцияны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін, социялық қоғамды орнатудың және
біртіндеп коммунизмге өтудің заңдылықтарын анықтап, бұл мәселелерді ғылми
тұрғыда шешіп, оңшыл және солшыл оппортунизммен және ұлтшыл ауытқушылармен
аяусыз күресте партия өзінік сара жолының бағытын сақтап қалды. СССР-дегі
социялистік құрылыстың жетістіктері мен Совет Одағы шешуші роль атқарған
фашистік Германия мен империалистік Жапонияны талқандап жеңу Европа мен
Азияның Латын Америкасының бірқатар елдерінде халық демократиялық,
социялистік революциялардың жеңуіне, ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуіне,
империализмнің отарлау жүйесінің күйреуіне жағдай туғызды. Аса маңызды бұл
процестер маркстік-лениндік теорияның ақиқаттығын іс жүзінде нақтылы
дәлелдеген тарихи өзгерістер болды. Социализмнің дүние жүзілік жүйесінің
калыптасуы, капитализм дағдарысының терендеуі, ғылыми-технологиялық
революцияның өрістеуі Марксизм және Ленинизм ілімін одан әрі дамытып
жетілдіруді қажет етті. КПСС туысқан коммунистік партиялар мен социализмнің
дүние жүзиелік жүйені дамуының принциптік мәселелерін, осы заманғы саяси-
әлеуметтік проблемаларды шешіп, қазіргі капитализмге тән жаңа құбылыстарды
терең зерттеп, дүние жүзін революциялық азат ету қозғалысының аса күрделі
мәселелерін шешуде теориялық қыруар жұмыстар істеп, Марксизм және Ленинизм
теориясына елеулі де, маңызды да үлес қосуда КПСС программасы (1961ж.) КПСС
съездерінің, КПСС ОК пленумдарының, шешімдері, ¥лы Октябрь социялистік
революциясының 50 жылдығына, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына, СССР-
дің 50 жылдығына арналған партия документтері, коммунистік және жұмысшы
партияларының документтері маркстік-лениндік теорияға қосылған зор үлес
болып табылады.

II – тарау.
Материалистік диалетика және таным теориясы.

2.1. Марксизм және материалистік деалектика.

Маркстік материалистік диалектика — қозғалыс пен даму жайындағы ең
терең, жан-жақты және мазмұны жағынан бай ілім. Ол денені танып білудің
нешеме ғасырлық тарихының жиынтығы, қоғамдық практиканың ұшан-теңіз
материалының, жалпылай қорытындысы болып табылады.
Материалистік диалектика мен философиялық материализм өзара тығыз
байланысты және марксизмнің біртұтас философиялық ілімінің екі жағы ретінде
бірі мен бірі арқауласып отырады.
Ерте замандағы грек философтары ақиқатты айтысу немесе әңгімелесу
жолымен анықтауды диалектика өнерідеп атады. Мұндай айтыстар мен
әңгімеден сөз жарыстырушылардың көзқарасындағы қайшылықтар байқа-латын
болған. 18-ғасырлардың аяғында - 19-ғасырдың басында немістің идеалист-
философтары, әсіресе Гегель, диалектиканы ойдың ішінде туатын қайшылықтар
арқылы сол ойдың дамуы деп түсінді, Гегель диалектикалық жолмен ойлаудың
негізгі формаларын әбден тәптештеп сипаттады. Алайда, теріс, идеалистік
тұрғыдан қарап, ол өз диалектикасын жасады, бұл диалектика бойынша
диалектикалық даму табиғатқа емес, тек ойға, рухқа, идеяға тән қасиет болып
шығады. Маркстің айтқанындай, Гегельдің диалектикасы төбесімен тұрады.
Диалектиканы дұрыс түсіну үшін оны аяғынан тұрғызу керек болды. Маркс пен
Энгельс материалистік диалек-тиканы жасап, диалектика деген терминге жаңа
мазмұн беріп, бұл міндетті орындады.
Марксизмнің негізін қалаушылар дүниенің, материялық бірлігі принципіне
сүйене отырып, диалектиканы бүкіл шындық дүниенің дамуындағы жалпыға бірдей
ортақ байланыстар жайындағы, неғұрлым -жалпы заңдар жайындағы ілім деп
түсіне бастады, Сөйтіп диалектика ойдың қозғалысы туралы гегельдік
идеалистік ілімнен болмыстың дамуының жалпы заңдары жайындағы материалистік
ілімге айналды.

Сонымен біздің ұғымдарымыздың даму диалектикасы (субьективтік
диалектика) сол болмыстың даму диалектикасының , (объективтік
диалектика) ғылыми ойдағы бейнеленуі болып шықты.
Әрбір арнаулы ғылым шындық дүниенің әр түрлі салаларының қозғалыс
формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Диалектика — ерекше ғылым: ол
козғалыстың, өзгерістІң ж-не дамудың қандайының да неғұрлым жалпы
заңдылықтарын зерттейді. Диалектика заңдарының жалпыға бірдей ортақты-ғы —
олар табиғат пен қоғамда бірдей әсер етеді, оларға ойдың өзі де бағынышты.
, ,
Маркс пен Энгельс диалектиканы тек ғылыми теория деп қана қарастырмай,
соньмен бірге дүние танудың әдісі және іске басшылық деп білді. Дамудың
жалпы заңдарын білу өткеңдегіні айыруға, болып жатқан оқиғаларды дұрыс
түсінуге және келешекті болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан ол зерттеуге
және оның, нәтижелеріне негізделген практиқалык іске кірісу тәсілі болып
табылады.
Өзінің бүкіл тарихы бойына диалектиканың өзіне қас ойлау тәсілдерімен
және дүниеге көзқараспен — метафизикамен —күресуіне тура келді және казірде
де тура келіп отыр.,
Маркстік философия әдебиетінде метафизика деген сөз Маркске дейінгі
және осы заманғы буржуазиялық философиялық әдебиеттегі мағынаны бермейді.
Маркске дейінгі әдебиетте бұл грек сөзі, дәлірек айтқанда сөйлемі (та мета
та фюсика—физикадан, табиғат туралы ғылымнан кейін келетін нәрсе),
философияның ерекше бөлімі деген, мағынаны берді. Бұл бөлімде философтар
заттардың, бейне бір өзгермейтіні мәңгілік мәнісін таза құрғақ ойлау
жолымен тануға тырысты және әлі де тырысады.

Метафизиканыд ғылымға қайшы, жасанды системаларын сынай отырьп, Маркс
пен Энгельс метафизика деген сөзбен фйлософияньң бір бөлігін емес және
құрғақ ойлау жолымен, дүние тануды да емес, бұл системаларды
жасаушылардың колданған және диалектикалық әдіске қарама-қарсы
койылған зерттеу және ойлау әдісін атады. Қазіргі уақытта маркстік
философияда метафизика термині үнемі дерлік осы мағынада қолданылады.
Метафизиканың негізгі кемшілігі — оның дүниеге сондай біржақты, тайыз,
икемсіз көзқарасында; құбылыстардың жеке жақтарын ұлғайтып,
абсолюттендіруге, ал басқа сондай маңызды жақтарын ескермеуге тырысуында.
Мысалы, метафизик заттың бір, шама тұрақтылығын айқындығын көреді,: бірақ
оның өзгеруін, дамуын байқамайды. Ол осы құбылысты басқа құбылыстардың
жиынтығынан бөлектеп ерекшелейтінге назар аударады, бірақ оның. басқа
заттар және құбылыстармен алуан түрлі қатнасын және терең байланысын көре
алмайды. Ол ғылымнын, алдына қойылған барлық сұрактарға үзілді-кесілді
берілген жауаптарды ғана таниды, бірақ ақиқат дүниенің өзі дами беретінін
және ғылыми қағиданың қан-дйының да белгілі бір шеңберде ғана маңызы
болатындығын түсінбейді.
Метафизикалық әдіс үй тұрмысында және ғылымның дамуының төменгі
сатыларында азды-көпті жарамды, ал дамудың күрделі процестерін оның
көмегімен түсіндіруге әрекет жасағанда, ол іске аспай қалады. Табиғат тану
ғылымы және қоғамдық-саяси өмір метафизиканың болымсыздығын және оны
диалектикамен ауыстыру керектігін қадам басқан сайын көрсетіп келеді.
. Солай бола тұрса да, метафизика осы кезге дейін философияда да,
арнаулы ғылымдарда да жойылған жоқ.
Метафизиканың сірі жандылығын немен түсіндіруге болады? Бір кезде
ғылыми ой жалпы алғанда диалектикалық тұрғыда бөлмай, метафизикалық тұрғыда
болды. Ойлаудың метафизикалық тәсілі ғылыми әдіс ретінде 17—18-ғасырларда,
жаңа заман ғылымының тууы дәуірінде, біржолата қалыпта-сып, кеңінен
таралды. Ол кезде табиғат тану ғыльмы көбінесе табиғат туралы мәліметтерді
жинаумен, әр түрлі заттар мен кұбылыстарды сипаттаумен, табиғатты және оның
құбылыстарын белгілі салаларға бөлумен шұғылданды. Бірақ белгілі бір затты
сипаттау үшін, оны басқа заттардың жиынынан бөліп алып, өз алдына жеке
қарау керек болды. Мұндай әдісті қолданудың нәтижесінде заңдар мен
құбылыстарды олардың жалпы байланысынан бөліп, жекелеп қарау әдеті пайда
болды. Ал мұньң өзі заттардың дамуын, бір заттардың олардан өзгеше екінші
заттардан пайда болуын көруге мүмкіндік бермейді. Заттарды дамудан тыс, бір-
бірінен жекелеп алып қарайтын метафизикалық ойлау әдісі осылай шықты.
Метафизика адамдардың санасында ұзақ уақыт бойына үстем болып келді, ғылыми
ойлаудың дәстүріне айналды.
Біздің заманымызда метафизикалық әдісті қолдануға ешбір дәлел жоқ.
Метафизика — ғылыми танымда да, қоғамдық-саяси өмірде де өте зиянды роль
атқаратын артта қалған әдіс, дүние тануда артта қалған көзқарас, өйткені
ол ірі қателер мен жаңылыстарға ұрындырады.
Метафизиканың сірі жандылығының екінші себебі — ол буржуазия
идеологтарының миында көптен қалыптасқан, матералистік диалектикаға
дұшпандық көзқарас.
Өзінің рационалды түрінде диалектика,— деп жазды К
Маркс,—буржуазия мен оның доктринер-идеологтарында тек өшпенділік үрей
туғызады, өйткені ол өмір сүріп отырғанының нақтылы ұғымына сонымен қатар
оның бекерге шығарылуы, оның қажеттілікпен кұруы ұғымын да
енгізеді, ол әзір жүзеге асқан форманы қозғалу қалпында, демек оның
өткіншілік жағынан да алып қарайды, диалектика еш нәрсенің алдында бас
имейді және езінің мазмұны жағынан ол сыншыл революцияшыл.
Сондықтан, реакцияшыл күштердің, саяси және идеологиялық қысымының
әсерімен капиталистік елдерде көптеген ғалымдар мен философтардың әлі де
болса диалектикадан қорқып оны білмейтініне және зерттемейтініне, оған
сенбей қарайтынына, сөйтіп метафизиканың жетегіне еретініне таңдануға
болмайды.
Маркстік материалистік диалектика метафизикаға қарсы күресу үшін, дами
беретін шындық өмірдің барлық құбылыстарын ғылыми тұрғыдан қарау үшін
сенімді құрал береді.

Диалектикалық қайшылық және оның жалпыға ортақ сипаты.
Белгілі бір күбылыста немесе процсте оның қарама-қарсы, , бірін-бірі
жоққа шығаратын, мұнымен бірге бірін-бірі керек ететін және сол құбылыс
шеңберінде өзара байланыс түріңде ғана өмір сүретін жақтарының, бар болуын
марксизм диалектикалық қайшылық деп түсінеді.

Ерте замандағы диалектиктер үшін қарама-қарсылықтар және олардың
үйлесуі туралы ілім шындық, өмірді тікелей аңғару және ол туралы ойлану
негізінде жасалған жорамал ғана болды. Маркстік диалектика үшін бұл ілім —
шындық өмірдін, барлық салаларын зерттеу нәтижесінде ғылым жинақ-таған
деректерден шығарылатын қорытынды.
Шынында да, табиғатты, қоғам қатынасындағы немесе адамдардың рухани
өміріндегі қез келген құбылыстарды зерттегенде кайшылықтар, яғни қарама-
қарсы жақтардың не болмаса бағыттардың соқтығысуы байқалады.,

Әрине, қандай да болсын бір затты сол тұрған тыныштық, күйінде алып
қарағанда біз оның, тек әр түрлі қасиеттері мен белгілерін ғана кереміз,
бірақ қарама-қарсылықтардын ешқандай күресін, демек, ешқандай
қайшылықтарды байқай алмаймыз. Ал заттың қозғалысын, өзгерісін, дамуын
бақылап көрсек болғаны, сол арада-ақ онда карама-қарсы жақтардың және
процестердің бар екенін байқаймыз.
Мәселен, өсімдік немесе жануарлар клеткасының препаратын микроскоппен
қарағанда біз оньң құрылымын, ғана яғни қабығын, ядросын, протоплазмасын
және басқаларын көреміз. Ал егер біз тірі клетканы бақылап қарайтын болсақ,
онда болып жатқан ассимиляцияның және диссимиляцияның қарама-қарсы
процестерін, оның құрамындағы элементтерін өсуін және өліп-өшуін көреміз.

Қандай ғылымның болсын өкілдері қарама-қарсылықтармен және
қайшылықтармен кездесіп отырады. Математикада олар қосудьң және алудьң,
дифференциялаудың және интегралдаудың қарама-қарсы
амалдармен; механикада — әсер етумен және қарсы әсер етумен, тарту күшімен
және серпілу күшімен; физикада — оң және теріс электрзарядтарымен; химияда
— атомдардың қосылуымен және ажырауымен; нерві жүйесінің физиологиясында —
мидың кабығындағы қозумен және тежелумен; қоғамдық ғылымда — таптардың,
күресімен және басқа да көптеген қарама-қарсылықтармен, демек, қай-
шылықтармен де істес болады.
Адамның ойлауы мен танып білуі де диалектикалық қайшылық принципіне
бағынады. Таным процесінде біз, мәселен, карама-қарсы көзқарастардың үнемі
соқтығысуын, ескі теориялар мен жаңа фактілер арасындағы қайшылықтарды және
тағы басқаларын көреміз.

Диалектикалық бекерге шығару.
Идеалистік диалектиканы жасағанда Гегель бекерге шығару
деген үғымды енгізеді. Ол, абсолюттік идеяның дамуында бір категория
екінші категорияны бекерге шығарады, алайда ондағы бағалының, бәрін
сақтайды деп байымдады. Маркстік диалектика бекерге шығаруды даму
процесінде болып жататын ескі сапаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
Марксизмнің таптық қоғам теориясы
Қазіргі замандағы қазақ философиясы
Өмір философиясы
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
Капитал еңбегі
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Социализм теориясын нақтылау
Маркстік философия туралы
Марксизм философиясы
Пәндер