Қазақстан Республикасындағы несиелік ақшалармен жүргізілетін операцияларды талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

I-Тарау: НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 4

1. 1 Несие ақшалардың пайда болуы және олардың мәні . . . 4

1. 2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері . . . 5

II-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 13

2. 1 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельмен жүргізілетін операцияларды талдау . . . 13

2. 2. Электронды ақшамен есеп айырысудың ерекшеліктері . . . 19

III-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ . . . 23

3. 1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32


КІРІСПЕ

Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді. Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.

Шаруашылықтағы тауарларды өткізуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемі шаруашылық қызмет етуіне қажетті ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегінде экономиклық активтілікті төмендетіп, экономиканы дағдарысқа алып келеді.

Осы ақша айналысының тұрақтылығын бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақша түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор болып табылады. Несиелік ақшалар - тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүміндік береді. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын « Несиелік ақшалар » деп алдым. Өз кезегінде несиелік ақшалардың негізгі түрлеріне вексель, чектер және банкноталар жатады. Бұл несиелік ақшалардың дамуы еліміз үшін маңызды болып отыр және олар осы жұмысты орындаудың өзектілігін көрсетеді.

Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақша түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор болып табылады.

Бұл тақырыптың өзектілігі басқа нарықтар секілді ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады. Сондықтан осы ақша, аша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алған еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады. Ал осындай ақша айналысындағы тепе-теңдікті сақтау үшін несиелік ақшалардың маңызы ерекше болып табылады.

I. НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Несиелік ақшалардың пайда болуы және олардың мәні

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала бередi, бiрақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.

Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қалдырылуы құн қоғлысының сатып алу-сатудан дербес сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қазір мәмілесін сатып алу-ату бір түрі деп ойлауға болмайды.

Құнның қозғалысы бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашыылқта қарыз көбіне ақшалай түрінде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінің естен шығаруға болмайды.

Несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру . Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асады.

Ақша өзiнiң дамуы барысында екi түрге бөлiнедi: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар .

Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетiн ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады. Металл ақшалар әр түрлi формада болады. Монета түрiндегi формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы - “аверс”, артқы жағы - “реверс” және жаны “грунт” деп аталады.

“Монета” сөзiнiң шығуын римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуден берiлген ақшалай қаражаттардың көмегiмен Римнiң эпир ханы Пиррмен соғыста жеңiске жеткендiгi туралы аңыз бар.

Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б Ертедегi Қытайда және ертедегi Лидия мемлекетiнде пайда болды. Бастапқы кезде айналысты алтын монеталармен қатар күмiс монеталар да қоса жүрдi.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:

  • алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады;
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетiн ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгiлерi - арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгiлерi, ол екiге бөлiнедi: қағаз ақшалар жәненесиелiк ақшалар.

Металл ақшалардың қағаз және несиелік ақшаларға ауысу себептер келесiдей:

  • металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз;
  • металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуi барысында бiлiнуi;
  • бағалы металдарды өндiрудiң қағаз және несие ақшаларды өндiруден қарағанда қымбатқа түсуi;
  • бюджет тапшылығын жабу және айналыстағы ақшаларды реттеу мақсатында қағаз және несиелік ақшалардың шығарылуы.

Несиелiк ақшалар - тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк жасау.

1. 2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері

Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота, чек және несиелік карточкалар.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.

Қолма-қолсыз төлем құралы - вексель болып табылады. А. А. Фелдманның айтуынша: «вексель - мерзімі өткеннен кейін вексельде көрсетілген соманы төлеудің талап етуге құқық беретін нақты қатаң формада құрастырылған қарыздық міндеттемелерінің бірі». Д. М. Мажитов, осы айтылған вексельге берген анықтамасын қолдай отырып «вексель - бұл белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін иесінің вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан талап етуіне құқық беретін жазбаша түрдегі қарыздық міндеттеме» деп атады.

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей ай вексель сатып алушына немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Бұл жадайларда вексельді банк сатып алады.

Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір бастылы қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез-келген операцияның бар болғаны 1 сағатың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды) .

Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспегендігін вексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар ақша айналымын жеделдетеді.

Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есепті тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.

Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.

Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.

Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

  • Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
  • Екіншіден, оныңдаусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
  • Үшіншіден, , яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды. 2

Вексель - белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.

Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң “ҚР-дағы вексель айналысы туралы” (28. 04. 97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:

Жай вексель (соло) - вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

1-кесте: Вексельдің жіктелуі

Белгілеріне байланысты жіктеу
Вексельдің атауы
Сипаттамалар
Белгілеріне байланысты жіктеу:

Алынған табысына байланысты

Вексельдің атауы:

Дисконттық

Пайыздық

Сипаттамалар:

Номиналдық құнынан төмен сатып алынатын вексель.

Номиналы бойынша сатып алынатын вексель табыс алу үшін ұсынады.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Мерзіміне қарай
Вексельдің атауы:

Қысқа мерзімді

Орта мерзімді

Ұзақ мерзімді

Сипаттамалар:

3 айға дейін

3 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан жоғары

Белгілеріне байланысты жіктеу: Қатысушылардың санына байланысты
Вексельдің атауы:

Жай

Аудармалы

Сипаттамалар:

Вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу қүралы, вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесі;

Вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығын білдіреді.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Мақсатына, мәміленің сипатына және қамтамасыз етілуіне қарай
Вексельдің атауы:

Коммерциялық

Банктік

Қаржылық

Қазынашылық

Кезікпе

Фиктивті

Бронзалық

Достық

Сипаттамалар:

Сатып алу - сату мәмілесі негізінде туындайтын вексель.

Банктердің түрлі банктік операцияларды жүзеге асырғандағы дәлелдейтін вексельді айтамыз.

Мәні банктердің қаражатты тартуы. Өзінің шығынын өтеу үшін мемлекеттің айналымға шығарған вексельі. Қамтамасыз етілмеген вексель.

Қамтамасыз етілмеген вексель. Кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Төлем мерзіміне байланысты
Вексельдің атауы:

Ұсынуы бойынша

Нақты күні көрсетілген

Ұсынылғаннан кейін нақты бір күнде

Сипаттамалар:

Ұсынған кезде төленеді, бір жыл ішінде төлеуге ұсынылуы керек, вексель беруші бұл мерзімді қысқартуы мүмкін.

Вексельді нақты төлеу күні көрсетіледі.

Акцепт күні немесе наразылық білдірген күн бойынша анықталады.

Белгілеріне байланысты жіктеу: Рәсімдеудің дұрыстығына қарай
Вексельдің атауы:

Жарамды

Жарамсыз

Сипаттамалар:

Вексельдің реквизиттері көрсетіледі.

Вексель ережесінің орындалмауы.

Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл банкнота . Банкнота ( ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) - орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi.

Банкнота вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:

  • мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме болса, ал банкнота - мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
  • кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.

Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық және жай банкноталар.

Классикалық банкнота - бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.

Жай банкнота - бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Чек - ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:

  • Ақшалай чек - банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
  • Атаулы чек - аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;
  • Ордерлi чек - бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;
  • Есеп айырысу чегi - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуда қолданылады;
  • Жол чегi - туристiк сапарларға арналған төлем құралы;
  • Кепiлдендiрiлген чек - банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.
  • Жирочек - қолма-қолсыз есеп айырысу үшін қолданылады.

Чекпен есеп айырысу. Чек - бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.

Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
  • Сатушы белгісіз болған жағдайда.

Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс. Чек бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген.


3

4

5 1 2


1-сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы

1 - сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 - банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 - жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 - тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5 - жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.

Несие карточкалары (электронды ақшалар) . Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т. б.

Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қола ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қолма-қол қағаз ақшалар орнына несие карточкаларын және электронды ақшаларды қолдану - бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.

Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің алғашқы кадамдары жасалған, Осылайша, кезінде Әлембанк (казіргі Тұран Әлем Банк) өзінің "Виза" несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса Тұран Банк қызметкерлерінің несие карточкалары бар.

Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен IBM Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазакстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйенің жүмысының тиімділігін арттырып, содай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.

Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналамының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудін мүмкіндігін білдірмейді.

Электрондық ақшалар - компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
«Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы қолма-қолсыз есеп айырысуының ұйымдастырылуына талдау
Қолма-қолсыз есеп айырысу туралы
Вексель айналысы және оның Қазақстандағы даму болашағы
Коммерциялық банктердің қызметін талдау
Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Қолма-қолсыз есеп айырысу жайлы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz