Гинекологиялық аурулардан анамнез жинау, медициналық құжатты толтыру


АЛГОРИТМ:
Гинекологиялық аурулардан анамнез жинау, медициналық құжатты толтыру
Анамнезін жинағанда келесі мәліметтерді анықтау керек:
- Паспорттық мәліметтер. Науқас туралы жалпы мағлұмат алу керек.
- Науқастың шағымдары. Әйелдің дәрігерге қаралу себебін анықтау.
- Тұқым қуалаушылық аурулары.
- Басынан өткізген аурулары. Басынан өткізген балалар инфекциясы, экстрагениалды және гинекологиялық ауруларды сұраған кезде олардың пайдаболу уақытына, ағымының ұзақтығына аурудың мүмкін болатын рецидивтеріне, олардың жыныс мүшелерінің қызметіне, стационар және емханадағы емдік шаралардың ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Сонымен қатар, хирургиялық операциялар болды ма, болса операцияның сипаты анықталады.
- Жыныс мүшесінің қызметі: етеккір, жыныстық, репродуктивті, секреторлы қызметі.
- Анатомиялық және функционалды қатынаста жыныс мүшелерімен байланысты мүшелердің қызметі.
- Қазіргі аурудың даму тарихы.
Акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинетке) бірінші рет жүгінген әрбір әйелге ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген № 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы ашылады.
Анамнезді анықтау кезінде тұқым қуалаушылық, бастан өткерген аурулар және операцияларға (соның ішінде гинекологиялық), менструалды функция, жыныстық өмір, ерінің денсаулығы, жүктіліктің ағымы және одан болған өлім, контрацепция әдістерін қолдану және еңбек жағдайы мен тұрмыстық жағдайы, қазіргі ауруларының дамуы ерекшелігіне назар аудару қажет. Ұрпақты болу жасындағы әйелдерді акушер-гинеколог дәрігер контрацепция әдістері туралы ақпарат және әйелдердің денсаулық жағдайын есепке ала отырып жеке әдістерді таңдауға көмек береді.
Әйелдердің барлық зерттеп-қарау, манипуляциялар мен операциялар, тағайындаулар мен кеңестердің деректері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына акушер-гинеколог дәрігер жазады ( № 025/е нысаны) .
Әйел жүгінген кезде оны міндетті сүртінділердің цитологиялық бактериоскопиялық зерттеулермен, қанның RW-ға зерттеп-қараумен акушер-гинеколог дәрігер тексеріп-қарайды. Акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге (кабинет) жүгінген барлық пациенттердің сүт бездерін тексеріп-қарау және пальпациялау жүргізіледі.
Әйелдерді профилатикалық тексеріп-қарауға гинекологиялық аурулар анықталған жағдайда әйелдерге тұрғылықты жері бойынша емдеу тағайындалады.
Түпкілікті диагнозды белгілеу кезінде диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес науқасты емдеу және диспансерлік бақылау туралы мәселе шешіледі. Диспансерлік бақылауға жататын әрбір әйелге ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген № 030/е нысаны бойынша диспансерлік қадағалау бақылау картасы толтырылады.
Диспансерлеу науқас сауыққан кейін немесе оның акушерлік-гинекологиялық бөлімше (кабинет) қызмет көрсететін ауданнан шығуына байланысты тоқтатылады. Диспансердегі науқас медициналық ұйымның аумағынан шыққан жағдайда оған тұрғылықты жері бойынша бақылау ұсынылады.
Гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу акушерлік-гинекологиялық бөлімшеде (кабинетте), гинекологиялық бөлімшелерде жүзеге асырылады. Емдеу емшараларын акушер (емшара мейіргері) жасайды. Гинекологиялық аурулармен ауыратын науқастарды, тәулік бойғы бақылауды талап етпейтін, күндізгі стационар жағдайында емдеуге болады.
Акушерлік-гинекологиялық бөлімше құрылымында кіші операция және амбулаториялық операциялардан кейін науқастардың уақытша болуы үшін демалу бөлмесі қарастырылған.
Кіші гинекологиялық операциялар мен манипуляциялар амбулаториялық қарсы айғақтар болмаған кезде жүргізіледі: жатыр мойнының биопсиясы, цитологиялық зерттеулер жатыр қуысының ішіндегіні (шприцпен) аспирациялау жатыр мойнының диатермокоагуляциясы / эксцизиясы, крио және лазеротерапия, вакуум-аспирация (қауіпсіз аборт), дәрі-дәрмекпен аборт, жатырішілік контрацептивтерді енгізу және оны сылып тастау. Кіші гинекологиялық операциялар амбулаториялық операциялар жазбасы жорналында ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген 069/е нысаны бойынша тіркеледі.
Стационарлық емдеу көрсетілген науқасқа емдеуге жатқызуға жолдама беріледі, ал жоспарлы науқастарға Емдеу жатқызу бюросы порталы арқылы жолдама беріледі. Учаскенің акушері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына (№ 025/е нысаны) әйелдерді нақты емдеуге жатқызу туралы жазба жасайды. Науқас стационардан шыққан кейін бөлімшенің (кабинеттің) акушер-гинеколог дәрігері гинекологиялық бөлімше дәрігерінің ұсынымдарын назарға алады. Стационарлық науқастың медициналық картасының үзіндісінен мәлімет амбулаториялық пациенттің медициналық картасына ауыстырылады (№ 025/е нысаны) . Үзінді науқаста қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz