Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Астана медицина Университеті АЕҚ

АУРУ ТАРИХЫ

Науқас: Иванова И.М
Клиникалық диагноз:
а)Негізгі ауру: Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
ә)Негізгі аурудың асқынуы: Тыныс жеткіліксіздігі ІІ дәрежесі
б)Ілеспелі ауру:: жоқ

Студент: Кыстаубаева У. С.
Тобы: 730 ЖТД
Қабылдаған:Салтанат Аманбековна

Паспорттық бөлім
1.Науқас аты-жөні:___Иванова И.М.__________
Ұлты: Орыс
3.Жынысы: Әйел
4.Жасы:12.09.1945 , 75 жаста
5.Жұмыс орны:Зейнеткер
Мекен-жайы:Ақмола обл., Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Первомайская көшесі 3_______________
7.Түскен күні:25.10.2020ж
Стационарға жолдаған ұйым: Ақмола обл., Целиноград ауданы, Қосшы ауылының Отбасы жанұялық амбулаторияның жетекші дәрігері шақыруымен жіділ жәрдем арқылы
9.Жолдаған ұйым диагнозы: Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты.
Клиникалық диагноз: Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты.

Шағымдары:
Науқас тәулігіне 10 рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта.Тыныштық қалпындағы тыныс шығуы қыйындайтын ентігу, бұл сәл ғана жүктемеден күшейе түседі, шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел, түнгі ұйқысының бұзылуы және де физикалық белсенділігінің төмендеуі.
Anamnesis morbi: Бронхо обструктивті синдромы 1985 жылы (40 жасында) басталған, ол тұншығу ұстамалары, ұстама тәрізді ентігу, жөтел болуымен мазалаған.
Стационарлық емін пульмонологиялық бөлімшеде алған, бронхиалды астма нақтыланған, ем барысында жағдайы жақсарған. 5 жыл ішінде ауру ремиссияланған.кейін ОКБ-ның пульмонология бөлімшесіне қайта қаралған, Беклазон Эко Легкое-ні үнемі қабылдап отыру ұсынысымен шағарылған.Ушығулары әсіресе жазғы уақытта, шамадан тыс суықтанғанда қозады.
2016 жылдың наурыз айында пульмонологиялық бөлімшеде бронхообструктивті синдром клиникасымен стационарлы ем қабылдады, Бронх демікпесі ауыр дәрежесі диагнозы нақтыланды. Жағдайы жақсарып, Беклазон 1000мкгтәул + Спирива респимат 5 мкгтәул тағайындалып шығарылды.
10 күн шет елде болып жағдайы нашарлаған, түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары жиілеп ентігуі күшейген. Қазақстанға келіп вокзалда кезекші дәрігер уақытша көмек көрсеткен(Дексаметазон 8мг + Эуфилин 10мл көк тамырға). Уйге оралған соң тұрғылығты мекен жай бойынша дәрігерге сол күні жүгінген, дәрігердің жедел жолдамасымен жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жеткізілді. Шұғыл түрде пульмонологиялық бөлімшеге бронхообструкцияның айқын көрінісі және тыны алу жеткіліксіздігі негізінде жатқызылды.

Anamnesis vitae.
Түркістан қаласында, жанұяда (4 бала 1қыз) 1-шісі болып дүниеге келген. Балалық шағында өсіп-жетілуі жасына сай, қалыпты дамыған. 7 жасында мектепке барған, дене шынықтыру сабағына қатысқан. Балалық шағында жұқпалы аурулармен қызылша, гепатит т. б аурулармен ауырмаған.
Туберкулез,вирусты гепатит және венерологиялық аурулармен ауырмаған.
Басынын откен аурулары: жатыр мойынының c-r (сәулелі терапия) 2010 ж. радикальді оперативті ем, холецистэктомия 2012 ж., жатыр мойнынын полипэктомиясы 2015ж .
Гемотрансфузия жүргізілген 2010 жылы.
Аллергиялық анамнез: Жануарлардың жүні, Көше шаңы, күкірт - тұншығу.
Тұқым қуалаушылық: анасында қант диабеті.
Тұқымқуалаушылық аурулары өзінде жоқ.
Зиянды әдеттері: шылым шегпейді. Наркотикалық заттар қолданбаған.
Гиникологиялық анамнез минструация 14 жасынан бастап 3 күннен, жүктілік 3,босану 2, аборт 1.
Менопауза 1983 жылы жатырдың с-r терапиясынан кейін басталды.
Еңбек тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық.
Еңбек анамнезі: қалыпқа келтіру дәрігері .
Эксперттік анамнез:Зейнеткер

Status praesens.
Санасы: айқын. Қалпы: орташа. Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта
Дене бітімі: нормостеникалық. Бойы 160см, дене массасы 55.
Тері жамылғысы: көзге көрінетін кілегей қабаттары, тері бозғылт, ылғалдылығы орташа,тургоры сақталған, патологиялық пигментациялар:бөртпелер, олардың түрлері: эритема, теңбіл, розеола, папула, пустула, күлдірек, есекжем, жара, ұшық. Қанталау, қасынған іздер, "тыртықтар, жұлдызшалары" жоқ.
Тері өсінділерінің даму барысы: шашы, тырнақтарының пішіні дабыл таяқшаларына ұқсас, беті тегіс жылтыр.
Тері асты шел қабаты: орташа, Ісінулер жоқ. Шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сүйек- буын жүйесі өзгермеген.
Көздері: склерасы қалыпты, жарыққа реакциясы бар.
Дене қызуы: 36,5 С

Тыныс алу жүйесі.
Мұрын: Мұрнымен тыныс алуы еркін. Дауысы: қалыпты.
Кеуде клеткасы цилиндр тәрізді, екі бөлігі де симметриялы тыныс алу актісіне қатысады. ТАЖ 26 рет минутына.
Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі аздап төмендеген, екі жақ өкпенің барлық бөлімдерінде дауыс дірілі әлсіреген.
Салыстырмалы перкуссияда: өкпенің барлық бөлімдерінде қорапты дыбыс.
Өкпе экскурсиясы.
Кеуде сарайының тыныстық экскурсиясын өлшеу: қолтық алдыңғы сызықта 5см, жауырын асты сызығы бойынша дем алғанда 3см, дем шығарғанда 3см жалпы 6см.
Өкпенің жоғарғы ұшы.
Сызықтар
Оң жақ
Сол жақ
L. mediaclavicularis

L. axillaris media
L. scapularis
3см

4см
3см
3см

4см
3см

Оң жақ
Сол жақ

Алдынан
Бұғанадан 3см жоғары
Бұғанадан 4см жоғары
Артынан
VII мойын омыртқасы деңгейінде 3,5 см сыртқа
VII мойын омыртқасы деңгейінде 3,5 см сыртқа
Кернинг алаңы
5см
4см

Өкпенің төменгі шекарасы.
Топографиялық сызықтар
Оң жақ
Сол жақ
L.parasterrnalis

L.mediaclavicularis
L.axillaris anterior
L.axillaris media
L.axillaris posterior
L.scapularis
L.paravertebralis

VI қабырға
VII қабырға
VII қабырға
VIII қабырға
IX қабырға
X қабырға
XI қабырға

VIII қабырға
IX қабырға
X қабырға
XI қабырға

Аускультацияда: Везикулярлы тыныс әлсіреген, екі жақ өкпенің барлық аймағы деңгейінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

Жүрек-қанайналым жүйесі.
Жалпы қарағанда: Жүрек шекаралары визуальді өзгермеген.
Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды.
Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай пальпацияланады.
Жүрек шекаралары.
Шекаралары
Оң жақ
Сол жақ
Жоғарғы
Салыстырмалы

тұйық шекарасы
IV қ.а. төстің оң жағынан 1 см сыртқа
l.medioclavicularis sinistra сызығы бойынша VI қ.а.
l.parasternalis sinistraсызығыбойынша III қ.а.
Абсолюттік шекарасы
Төстің сол жақ қырынан IV қ.а.
l.parasternalissinistraсызығымен Vқ.а.
l.parasternalis sinistra сызығымен IV қабырғаның төменгі қыры.
Тамыр шоғырының шекарасы.
Оң жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
Сол жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде
Қан тамыр шоғырының ені-5 см.
Аускультацияда:жүрек ырғағы дұрыс, жүрек тондары анық. Артериялық қан қысымы 9060 мм сынап бағанасында. Патологиялық пульсация байқалмайды.ЖЖЖ 92 рет минутына.

Ас қорыту жүйесі
Жалпы қарағанда: тәбеті жақсы, жұтыну актісі сақталған. Дәм сезімталдылығы қалыпты. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызғылт түсті, қабыну процесстері байқалмайды. Тілі ылғалды, таза. Қызыл иегі қалыпты.
Ішті қарау: Сопақша пішінді, тыныс алу актісіне қатысады. Веналардың білеуленуі жоқ
Беткей пальпацияда: іші жұмсақ, ауырсынусыз. . Ішті беткей пальпациялағанда ауырсыну, кебу, құрылдау жоқ.
Образцов-Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпацияда: сол жақ мықын аймағында сигма тәрізді ішек сезіледі, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынусыз, шұрқұрамайды, d-3 см; соқыр ішек оң жақ мықын аймағында пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, d-4-5 см; тоқ ішектің көлденең бөлігі кіндік маңында пальпацияланады, d-3 см, ауырсынусыз;
Тоқ ішектің өрлемелі және төмендеген бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз.
Бауыр қабырға доғасынан шықпаған. Шеті үшкір ауырсынусыз.
Курлов бойынша перкуссия:
media clavicularis - 10 см.
media anterior - 9 см.
arkuscostalis - 7 см.
Көк бауыр пальпацияланбайды. Курлов бойынша өлшемі 6*4 см. Нәжісінің түсі қоңыр, жоспарланған, ретті. Іш қату мен іш кебу байқалмады.

Зәр шығару жүйесі.
Бел аймағын қарағанда ісіну және басқа патологиялық процесстер көрінбейді, екі бүйрек те пальпацияланбайды. Соққылау симптомы 2 жақ бөлігінде теріс мәнді.
Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Зәр шығару жиілігі тәулігіне 3-4 рет. Дизуриялық өзгерістер жоқ.
Қуықты тексеру: несеп жолы жоғарғы нүктесі - кіндік сызығымен құрсақ тік бұлшық етінің сыртқы шетінің қиылысатын нүктесінде -ауырсыну байқалмайды. несеп жолы төменгі нүктесі- қос қыр сызығымен қасаға бұдыры арқылы жүргізілген тік сызығымен қиылған нүктесі- ауырсыну байқалады. Омыртқа мен белдеме аралық нүкте-омыртқамен бел бұлшық еттері арасындағы бұрыш- ауырсыну байқалмайды.

Эндокриндік жүйе.
1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес.
2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.
3. Дененің өсуінің бұзылуы: дене бөліктерінің пропорциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.
4. Семірулер жоқ.
5. Тері жамылғысының жағдайы: гиперпигментация, жұқаруы, стриялар жоқ.
6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, ауырсынбайды.
Қорытынды: бұл жүйе жағынан шағымдары жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған. Бездер жағынан патологиялар анықталған жоқ.

Жүйке - психика жүйесі.
Санасы ашық, есі дұрыс, адекватты. Тері сезімталдығы сақталған. Менингиальді және бас милық жүйкелердің зақымдалу симптомдары жоқ. Ұйқысы қалыпты, көңіл-күйі біркелкі.
Саусақ мұрын сынамасын дұрыс орындайды. Есту, иіс, дәм сезу мүшелерінде өзгерістер жоқ. Есте сақтау қабілеті сақталған.

ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІ
Қарау: тері, кілегей жамылғыларының түсі бозғылт, денесінде, бетінде, гемморагиялық бөрітпелер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, іштің жоғарғы аймағының томпаюы, немесе ассиметрияялық өзгеруі жоқ.
Сипау: лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды.

КЛИНИКАЛЫҚ СИНДРОМДАРДЫ АЙЫРУ
Бронхобструктивті синдром.
Оған тән симптомдар: қиын бөлінетін аз мөлшердегі қою қақырықты жөтел, өкпеде перкуторлы қорабты дыбыстың естілуі, аускультацияда құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі. Және тұншығу ұстамасы - оның негізінде бронх өткіздігіштігі бұзылып, бронхоспазммен көрініс береді. Ол экспираторлы тұншығу ұстамасымен сипатталады.
Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы- физикалық жүктемеден кейінгі ентігу.
Астено-вегетативті синдром- тез шаршағыштыққа, әлсіздікке, бас айналуына негізделеді.
Бронхобструктивті синдром.
Тұншығу ұстамасы
Қиын бөлінетін сұр шырышты қақырық
Тыныс алу жеткіліксіздік синдромы.
Ентігу
Астено-вегетативті синдром
әлсіздік
бас айналу
Менің науқасымның ауруының ағымының ауырлығын, негізгі анықтайтын клиникалық көрініс тұншығу ұстамасы болып табылады. Сондықтан негізгі синдром бронхобструктивті синдром
Осы айтылған синдром келесі ауруларда кездеседі:
Жүрек демікпесі.
Бронх карциноиды.
Созылмалы обструктивті бронхит.
Бронх демікпесі.

Жүрек деміпесі.
Жүрек демікпесі ол- жүйке-психикалы және физикалық күш түскенде тұншығу ұстамасымен сипатталатын ауру.
Ауру туғызатын факторлар: Жедел миокард инфарктісі, жедел жүрек жеткіліксіздігі, ауыр диффузды миокардиттер, кардиосклероз, қос жармалы қақпақша ақаулары, қолқаның ақаулары.
Науқас шағымы: жүрек демікпесімен ауыратын науқастар инспираторлы тұншығу ұстамасына, қызғылт түсті, сұйық, көпіршікті қақырықты жөтелге шағымданады.
Ал, менің науқасым , физикалық күш түскенде басталатын экспираторлы тұншығу ұстамасына, құрғақ ысқырықты сырылдарға, қиын бөлінетін сұр шырышты қақырықты ұстамалы жөтелге шағымданады.
Жүрек демікпесі анамнезінде көбіне ауру кезінде гипертониялық ауру, жүрек ақаулары, ЖИА, созылмалы гломерулонефрит байқалады.
Ал, менің науқасымда бұл жағдайлар кездеспейді.
Қарағанда: Жүрек демікпесінде науқас беті бозарған, сұр көк түсті, акроцианоз байқалады. Сипағанда тері жамылғысы ылғалды, суық. Науқас мәжбүр қалыпта болады.
Менің науқасымда беті бозғылт-қызғылт реңді, тері жабыны физиологиялық түсте, тері жамылғысы сипағанда жылы.
Перкуторлы: Жүрек демікпесі бар науқастарда өкпенің төменгі бөлігінде кіші қан айналым шеңберіндегі қанның іркілуіне байланысты, өкпелік дыбыстың тұйықталуы болады.
Ал, менің науқасымда бүкіл өкпе үстінде қорабты дыбыс естіледі.
Жүрек демікпесі бар науқастарда жиі жүрегі солға ұлғайған, жүрек ырғағы бұзылған, тахикардия, өкпе артериясы үстінде II тон қосарланған және күшейген болады.
Менің науқасымның жүрек шекаралары қалыпты, ырғағы бұзылмаған, тахикардия байқалмайды, жүрек тондары әлсіреген. Жоғарыдағы көріністер науқасымда жоқ.
Аускультативті: Жүрек демікпесі бар науқастарда өкпенің төменгі бөлігінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.
Менің науқасымда өкпе үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс шығаруы қиындаған.
Жоғарыда айтылған көрсеткіштерге қарап, менің науқасымда Жүрек демікпесін жоққа шығарамын.
БРОНХ КАРЦИНОИДЫ.
Бронх карциноиды (БК) ол-бронх эпителиінен өсетін қатерлі ісікті сырқат.
Ауру туғызушы факторлар:
Созылмалы бронхит, бронхэктаз, пневмосклероз, созылмалы пневмония сияқты өкпенің бейспецификалық аурулары.
Науқас шағымы: бронх карциноиды кезінде науқас ұстамалы жөтелден кейін жеңіл бөлінетін сұйық ал қызыл қан аралас қақырыққа шағымданады.
Ал менің науқасымда қақырық шырышты сұр түсті,қою,жабысқақ және аз мөлшерде қиын бөлінеді.
Бронх карциноиды кезінде ауырсыну сезімі тұрақты болады.
Ал менің науқасымда ауырсыну сезімі байқалмайды.
Қарағанда: БК бар науқастарда дене температурасы субфибрильді және ұзақ уақыт сақталады, ал менің науқасымның дене температурасы тұрақты 36,5°.
БК кезінде ұстама кезінде науқас бетінде, мойынында, кеуденің жоғарғы бөліктерінде қызғылт-күлгүн немесе ал қызыл дақтар пайда болады.
Ал менің науқасымда тері физиологиялық түсте.
Пальпацияда: БК кезінде лимфа түйіндері ұлғаяды.
Ал менің науқасымда лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Перкуторлы: БК бар науқастарда өкпелік дыбыс тұйықталған, менің науқасымда бүкіл өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультативті: БК кезінде сырыл естілмейді, кейде өкпенің бір сегменттерінде естілуі мүмкін.
Ал, менің науқасымда өкпе үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Осы көріністерді ескеріп Бронх карциноиды ауруын жоққа шығарамын.

СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ.
Созылмалы обструктивті бронхит ол- бронхтардың созылмалы диффузды аллергиялық емес қабынуы және өкпе вентиляциясының газ алмасуының обструктивті түрімен жүретін сырқат.
Ауру туғызатын факторлар:
Темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби қызметтің жағымсыз жағдайлары, жедел респираторлық ауру, туғаннан ферменттер жетіспеушілігі (альфа 1 антитрипсин), бронх гиперреактивтілігі.
Науқас шағымы: Созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын науқастардың шағымында аурудың басталуы суық тиюмен байланысты, және ол таңертең аз мөлшерде бөлінетін шырышты іріңді қақырықты жөтелмен көрініс береді.
Ал менің науқасым тұншығу ұстамасына және сол ұстаманың соңында қиын бөлінетін сұр түсті шырышты қақырықты жөтелге, тыныштық және шамалы күш түскенде пайда болатын ентігуге, әлсіздікке шағымданады.
СОБ-пен ауыратын науқастардың анамнезінде темекі шегу, кәсіби аурулар орын алады, менің науқасымның анамнезінде бұл жағдайлар бар.
Қарағанда: кеуде клеткасы алдыңғы және артқы бағытта кеңейген болады.
Ал менің науқасымның да кеуде клеткасы қалыпты.
Перкуссияда: Созылмалы обструктивті бронхиті бар науқастарда өкпеде қорабты дыбыс болып, өкпенің төменгі шекарасының қозғалғыштығы төмендейді.
Менің науқасымда да қорабты дыбыс естіледі, бірақ бүкіл өке бойында күшейген.
Аускультацияда: СОБ-ті бар науқастарда везикулярлық тыныс әлсіреп, тыныс шығаруы ұзарып, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Менің науқасымда да құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Жоғарыдағы көрсеткіштерді ескере отырып, СОБ-ті жоққа шығарамын.

БРОНХ ДЕМІКПЕСІ.
Брох демікпесі деген-ол иммундық және бейиммундық механизм негізінде бронхтардың реактивтілігі өзгеретін созылмалы қайталамалы сырқат.
Ауру туғызатын факторлар:
Бронхтардың гиперреактивтілігі,атопия, тұқым қуалау, аллергендер (өндірістік, эпидермальді,инсектті, шаң тозаң, саңырауқұлақтар, тағамдар, дәрі-дәрмектер) кәсіптік, арахидон қышқылының метобализмінің бұзылуы, дисгормональді бұзылыстар, респираторлы инфекциялар, полютанттар.
БД ауыратын науқас анамнезінде бронхит, созылмалы обструктивті бронхит, пневмониялар, аллергиялық аурулар болуы мүмкін.
БД кезінде тұншығу ұстамасы инфекциялық емес аллергендердің әсерімен байланысты (шаң-тозаң,тұрмыстық және өндірістік әр түрлі иістер, суық ауа т.б.), және тыныштықта, шамалы физикалық күш түскенде экспираторлы ентігу болып, аз мөлшерде қиын бөлінетін қақырықты ұстамалы жөтелдер болады.
Менің науқасымда тұншығу ұстамасы негізі шамалы физикалық күш түскенде немесе тыныштық күйде де экспираторлы ентігу болады, ұстама соңында аз мөлшерде қиын бөлінетін сұр түсті шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел болады.
Қарағанда: БД-де науқас мәжбүр қалыпта-денесін алға еңкейтіп, екі қолымен тіреп отырады (ортопноэ).
Менің науқасымда осы қалыпта отырады және де айтылған көріністер байқалады.
Перкуссияда: БД бар науқастарда өкпе ұстінде қорабты дыбыс естіледі.
Менің науқасымда да осы белгілер бар.
Аускультацияда: БД бар науқастарда, әсіресе дем шығару ұзарады және ысқырықты сырылдар естіледі.
Бұл көріністер менің де науқасымда да бар.

АЛҒАШҚЫ ДИАГНОЗ
Мен тексерген науқасымның шағымына, anamnesis morbi-іне, anamnesis vitae-сіне, объективті зерттеулеріне, ағзалары мен жүйелеріне I этап бойынша жүргізген ажыратпалы диагнозының негізделуінің ерекшеліктеріне сүйене отырып, алғашқы диагнозды негіздеймін:
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты.
Алғашқы диагнозды негіздеу
Бронх демікпесі - Науқас тәулігіне 10 рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта.Тыныштық қалпындағы тыныс шығуы қыйындайтын ентігу, бұл сәл ғана жүктемеден күшейе түседі, шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел, түнгі ұйқысының бұзылуы және де физикалық белсенділігінің төмендеуіне байланысты негіздеймін.
Анамнезінде:Жезқазған қаласында жұмыс істеп жүргенде алғаш 1995 жылы тұншығу ұстамасы болған, бронх демікпесі диагнозы қойылған.
Объективті белгілерден: дене пішіні нормостениялы, кеуде клеткасы симметриялы тыныс алуға қатысады. Тыныс алғанда кеуде клеткасы кеңеймейді, тек толығымен жоғары көтеріледі.
Пальпацияда: кеуде клеткасының серпімділігі сақталған, дауыс дірілі екі өкпесінде әлсіреген.
Перкуссияда: өкпе үстінде қорабты өкпелік дыбыс естіледі.
Аускультацияда: өкпе үстінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.
Ауыр дәрежесі - тәулігіне 10 рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта.Тыныштық қалпындағы тыныс шығуы қыйындайтын ентігу, бұл сәл ғана жүктемеден күшейе түседі, шырышты қақырық бөлінетін ұстамалы жөтел, түнгі ұйқысының бұзылуы және де физикалық белсенділігі төмендеген.
Басқарылмайтын саты - тәулігіне 10 рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданды, көбінесе түнгі уақытта, физикалық белсенділігі төмендеген. Шұғыл көмекті қажет етеді.
Тыныс алу жеткіліксіздігі 2 дәрежелі- ТАЖ 24р мин

ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ.
Негізгілері:
Жалпы қан анализі.
Спирография.
Пикфлоуметрия.
Қосымша:
Жалпы зәр анализі.
Қанның биохимиялық анализі.
Жалпы қақырық анализі.
Иммунды зерттеу.
Рентгенография.
ЭКГ.
Бронхография.
Бронхоскопия.
Лабораторлық және құралды зерттеулер әдісі.
Жалпы қан анализі. 26. 10. 2020 ж.
Гемоглобин-139 гл
Эритроциттер-4,7*1012л
Түсті көрсеткіш-0,9
Лейкоциттер-8,9*109л
ЭТЖ-24 ммсек
Э
Б
Нейтрофил.
Л
М

Жас
Таяқ.

ядр.
сег.

ядр.

7%
1%

4%
67%
17%
4
Қорытынды : эозинофилия, ЭТЖ жоғарлаған.

Жалпы зәр анализі 26. 10. 2020 ж.
Жалпы зәр-200мл.
Түсі-сары.
Реакциясы-қышқыл.
Салыстырмалы тығыздығы -1016.
Мөлдірлігі-мөлдір.
Белок-жоқ.
Глюкоза-жоқ.
Эпителий-0-1 көру аймғында.
Лейкоцит-1-2 көру аймағында.
Эритроцит-жоқ.
Цилиндр-жоқ.
Тұздар-жоқ.
Бактериялар-жоқ
Қорытынды: Зәрдің жалпы анализі қалыпты.
Қанның биохимиялық анализі. 26. 10. 2020 ж.
Билирубин-жалпы-15 ммольл
тура- 3 ммольл
тура емес- 12ммольл
АСТ- 180 ммольл
АЛТ-182 ммольл
Жалпы белок- 70 гл
Альбумин- 42 гл
Глобулин- α1-2,7 гл
α2-10 гл
γ -19,6 гл
Мочевина- 4,4 гл
Жалпы липид -4,6 гл
Холестерин -5 ммольл
Сиал қышқылы -300 бірлік
СРБ+
К[+] -3,5 ммольл
Na[+] -140 ммольл
Қорытынды: жалпы белок фракцияларының α2 және γ глобулиннің, сиал қышқылының жоғарылағаны және СРБ оң мәнді.
Жалпы қақырық анализі. 26. 10. 2020 ж.
Түсі- сұр.
Консистенциясы- созылмалы.
Иісі- жоқ.
Реакция- негізді.
Эозинофиль, Шарко-Лейден криссталдары кездеседі.

Иммунды зерттеу. 26. 10. 2020 ж.
Қорытынды: иммунограммада қан сарысуында Ig E анықталды.

Рентгенография. Жалпы рентгенографиядағы кеуде клеткасының тіке проекциясында: өкпе алаңының мөлдірлігі жоғары, өкпе түбірлері айқын көрінеді. Кеңеюі байқалмайды. Диафрагма қалыпты орналасқан. Жүрек және маңындағы тамырлар қалыпты.

Электрокардиограмма. Жүрек ырғағы синусты, минутына 80 рет. Жүректің электр өсі оңға ығысқан. Ошақты өзгерістер жоқ.

Бронхография. Өкпенің алдыңғы проекциясының бронхографиясында: бронх саңылауы кішірейген, ішкі контурының тегістігі бұзылған, бронх тармақтарының азаюы.

Бронхоскопия. Гиперемия, шырышты қабаттың ісінуі, шырышты секреттік жиналуы көрінеді.

Спирография: ФОВ -70%, тыныс алу жолының кедергісі жоғарлауынан. Дем шығару жылдамдығы азайған.
ФЖЕЛ- төмендеген, дем шығарудың шектелуінен. Тиффно сынамасы-68%.
Қорытынды: өкпе вентиляциясы бұзылған.
Пикфлоуметрия ПСВ 52%

АЖЫРАТПАЛЫ ДИАГНОЗДЫҢ ІІ ЭТАПЫ.
ЖҮРЕК ДЕМІКПЕСІ.
Жүрек демікпесі кезінде жалпы қан анализінде өзгерістер болмайды.
Ал менің науқасымда эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады.
Жалпы зәр анализі жүрек демікпесі кезінде қалыпты.
Менің де науқасымның жалпы зәр анализі өзгеріссіз.
Жүрек демікпесінде қанның биохимиялық анализінде гиперхолестеринемия байқалады. Ал менің науқасымда жалпы белок фракциялары, α2 және γ глобулиндер,сиалқышқылыжоғарылаған, СРБ оң мәнді.
Жалпы қақырық анализінде жүрек демікпесінде қақырық сұйық, көпіршікті, алқызыл. Ал менің науқасымда қақырық қиын бөлінетін шырышты, сұр түсті, құрамында эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары анықталды.
Иммунологиялық зерттеуде жүрек демікпесінде lgE қан сарысуында жоқ.
Бұл көрініс менің де науқасыма тән.
Рентгенограммада жүрек демікпесі бар науқаста өкпе интерстициясының ісіну белгілері көрінеді.
Ал менің науқасымда өкпе алаңы айқын, мөлдірлігі жоғары, кеңею байқалмайды. Диафрагма қалыпты. Жүрек және маңайындағы тамырлар қалыпты.
ЭКГ-да жүрек демікпесінде электр осі солға бұрылғаны, сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы, аритмия, миокард, ишемия белгілері байқалады.
Ал, менің науқасымда жүрек ырғағы синусты, минутына 80 рет, жүректің электр өсі оңға ығысқан. Ошақты өзгерістер жоқ.
Жүрек демікпесінде пикфлоуметрия көрсеткіші қалыпты.
Ал, менің науқасымда пикфлоуметрия көрсеткіші төмен.

БРОНХ КАРЦИНОИДЫ.
Бронх карциноидында жалпы қан анализінде созылмалы қан кетуден анемия байқалады.
Ал, менің науқасымда эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарлауы байқалады.
Жалпы зәр анализінде бронх карциноидында 5-гидроксииндол қышқылы (серотонин метаболизмінің өнімі) көп мөлшерде бөлінеді.
Ал, менің науқасымда α2 және γ глобулиндері, сиал қышқылы жоғары, СРБ оң мәнді.
Қақырық анализінде бронх карциноидында қақырық қан аралас және атипті клеткалар болады.
Ал, менің науқасымда эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары кездеседі.
Рентгенограммада бронх карциноидында симметриалы емес ошақты өзгерістер, өкпе түбірі кеңейген, шеттері тегіс емес.
Ал, менің науқасымда өкпе мөлдірлігі жоғары, өкпе түбірі айқын, кеңею байқалмайды. Диафрагма қалыпты. Жүрек және маңайындағы тамырлар қалыпты.
Бронхоскапияда шырышты қабаттың көгеруімен тегістігінің бұзылғаны байқалады. Бронхоскопты өткізген кезде қан кету болады.
Ал, менің науқасымда гиперемия, шырышты қабаттың ісінуі және шырышты секрет жиналуы байқалады.
Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып бронх карциноиды ауруын жоққа шығарамын.

СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТ
Созылмалы обструктивті бронхитте жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы болады, менің науқасымның жалпы қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады.
Созылмалы обструктивті бронхитте қақырық анализінде - қақырық іріңді немесе шырышты іріңді, тұтқырлығы жоғары, түсі сары немесе сарғыш жасыл болады, ал менің науқасымның қақырық анализінде эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары кездеседі.
Созылмалы обструктивті бронхитте қанның биохимиялық анализінде белок фракцияларының, сиал қышқылының жоғарлауы және СРБ оң мәнді;
Бұл көріністер менің де науқасымда бар.
Рентгенографияда өкпе деформациясы айқын көрінеді және өкпе эмфиземасы белгілері диафрагма күмбезінің төмендеуінен және оның қимылының шектелуі, өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарлауы болады.
Ал, менің науқасымда өкпе алаңының мөлдірлігі айқын, өкпе түбі кеңеймеген, диафрагма қалыпты .
ЭКГ-да созылмалы обструктивті бронхитте жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясы байқалады.
Менің науқасымда өзгеріссіз.
Бронхографияда созылмалы обструктивті бронхитте бронх саңылауы кішірейген, ішкі контуры тегістігін жоғалтқан.
Бұл менің науқасымда да кездеседі.
Бронхоскопияда созылмалы обструктивті бронхитте диффузды зақымдалуы, бронх және трахея қалыңдауы, жеңіл қанталап, іріңді шырышпен жабылғаны көрінеді.
Менің науқасымда бұл белгілер жоқ.
Жоғарыда берілген лабораторлы және функционалды зерттеулерді салыстыра отырып Созылмалы обструктивті бронхитті жоққа шығарамын.

БРОНХ ДЕМІКПЕСІ
Бронх демікпесінде жалпы қан анализінде эозинофилия, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады. Бұл көріністер менің науқасымда да байқалады.
Бронх демікпесінде қанның биохимиялық анализінде белок фракциялары α2 және γ глобулиндері, сиал қышқылы жоғары, СРБ оң мәнді болады.
Бұл менің науқасымда да кездеседі.
Бронх демікпесінде жалпы қақырық анализінде эозинофильдер, Шарко-Лейден кристалдары кездеседі.
Бұл көріністер менің науқасымда да бар.
Рентгенограммада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллергиялық емес демікпе
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Созылмалы обструктивті өкпе ауруының эпидемиологиясы
Тыныс алу жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының этиологиясы
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіптік аурулар
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Балалардағы өкпе туберкулезі
Пәндер