Қаржының функциялары


Қаржы дегеніміз не?
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақшалай қатынастардың болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржы - ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай ресурстарды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржы- әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай қатынастарды ғана білдіреді
Қаржы - бұл ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория;
Алайда қаржының қажеттігін негіздеудегі мемлекеттің рөлін қарай отырып, оның өзі, Ф. Энгельстің сөзі бойынша, дамудың белгілі сатысында қоғамның жемісі болғанын есте тұту керек. Бұдан қоғам өз ұйымының мемлекеттік нысанын белгілей отырып, қажетті қаржылық қатынастарды да объективті тұрғыда айқындайды, ал мемлекет бұл объективті қажеттікті ескере отырып, оларды сол немесе өзге түрде пайдалана алады деуге болады.
Шет елдің оқулық әдебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткіші - кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын ж алпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: 1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық аударымдар) ; 2) бизнеске салынатын жанама салықтар; 3) жалдамалы жұмыскерлердің жалақысы; 4) ренталық төлемдер; 5) пайыздар (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу) ; 6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін табыстар; 7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидентдер, бөлінбеген пайда) .
Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл массасын сатып алу үшін субъектілер шығыстарының жиынтығы бойынша) ЖҰӨ мыналарды кіріктіреді: үй шаруашылықтарының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі - С (consume) ; жалпы жекеше ішкі инвестициялар - Іg (gross private domestic investment) ; тауарлар мен қызметтерді үкіметтік сатып алу - G (government purchases of goods and services) ; Xn (net exports) - таза экспорт (экспорт көлемінің импорттан асып түсуі немесе, керісінше, «минус» белгісімен) .
Қаржының айрықшалықты белгілері:
1 . қаржылық қатынастардың ақшалай нысаны- қаржының маңызды белгісі . Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиіcтілігін баса көрсетеді.
2 . Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірістік қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені мұндай белгілерді баға да, еңбекке ақы төлеу де, кредит те иемденеді.
3 . Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай ресурстардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақшалай ресурстар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады.
4 . Қаржылық ресурстардың бүкіл ақшалай қаражаттардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады.
5 . Ақшалай қаржылық ресурстар және қорлар директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты негізде қалыптасады және пайдаланылады.
6 . Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қаржының функциялары
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпықоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақшалай қаражаттарды бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақшалай қаражаттарды бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді. Демек, бөлгіштік функция арқылы қаржы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі үдерістеріне ұшырайды, бұл үдерістерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық-заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл ретте қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.
Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөлініс ті қамтиды.
- Аумақаралық және салааралық қайта бөлумемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақшалай қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржылық ресурстардың жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі
- Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасыэкономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Ұдайыөндірістік тұжырымдама жақтаушыларының қаржының мәнін осылайша кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1) ұдайыөндірістік функция - қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы және қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін осы ресурстармен қамтамасыз ету бойынша. Қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуы деп оларды қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды түсінген жөн. Ұдайыөндірістік функция қаржының бағынышты қосалқы категорияларына тән түрлі модификацияларда көрінеді, олар оқулықтың кейінгі тарауларында қаралады;
2) бақылау функциясы. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асадыБақылау функциясы қаржылық бақылауда - ішкі жалпы өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді, бірақ бұл ұғымдарды теңестіруге болмайды. Бақылау функциясы сандық түрде қаржылық ресурстардың қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық үдерістерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржылық ресурстардың қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу үдерісіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып танылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының рөлі
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттай және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы ұлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңестірілуіне қол жетеді; қаржылық тұтқаларды жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржының басқа экон. категориялармен байланысы
Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, құн , баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру, жалақы және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды.
Қаржылық ресурстар
Қаржылық ресурстар - бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу кезінде қаржылық әдістердің көмегімен экономикалық субъектілер мен мемлекет жасайтын ақшалай қорланымдар мен ақшалай қорлар . Қаржылық ресурстарда негізгі орынды құнның мына элементтері: пайда, қосылған құн салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы жүйесі
Кредит жүйесі - кредиттік қатынастар және осы қатынастарды ұйымдастыратын кредиттік институттардың жиынтығы. Кредит жүйесі кредиттік институттар мен экономика секторлары, басқа кредиттік институттар арасындағы өзара байланыстың түрлері, нысандары және әдістері болып табылатын кредиттік механизм арқылы әрекет етеді. Ақшалай капиталды жұмылдыру және инвестицияларды экономиканың өзекті секторларында шоғырландыру жолымен кредит жүйесі өндірістің өсуіне, ғылыми-техникалық прогеске, баланстырылған экономикалық дамуға мүмкіндік туғызады. Ұйымдық тұрғыдан кредит жүйесі: орталық банктен (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі), банк секторынан (екінші деңгей банктері), банктік емес қаржы ұйымдарынан, микрокредит ұйымдарынан тұрады.
Валюта жүйесі - шаруашылықтық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптастасқан валюталық қатынастарды ұйымдастырудың құқықтық нысаны. Жекелеген елдер арасында экономикалық, саяси, мәдени және басқа байланыстар алынатын тауарларға, қызметтерге ақы төлеу, қарыздар, кредиттер беру, капиталдардың қозғалысы және басқалар жайында валюталық қатынастарды тудырады. Халықаралық валюталық қатынастар - сыртқы экономикалық айналымда валютаның жұмыс істеу кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;
2) қаржылық ресурстардың жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты
Сөйтіп, Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:
1) мемлекеттің бюджет жүйесі;
2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
3) мемлекеттік кредит;
4) жергілікті қаржы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
Орталықтандырылған қаржылар: мемлекеттік бюджет, мемлекеттік кредит, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, жергілікті бюджет.
Орталықтандырылмаған қаржылар: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар.
Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан - бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ кредит жүйесі де кіріктіріледі. Қаржы-кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасыда қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада кредиттік қатынастар шектелінген.
Қаржы жүйесін құрудың негізгі қағидаттары :
1. Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты - фискалдық (қазыналық ) федерализм қағидаты.
2. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі
3. Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау
4. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты
5. Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды элементтерінің функциялық арналым қағидаты
Қаржылық саясат
Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi. Қаржылық саясат - мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi; мемлекет пен басқа экономикалық агенттердің қаржы саласында өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жүргізетін іс-шараларының жиынтығы;
Қаржы жалпылама экономикалық категория ретiнде абстракцияның аз дәрежесi болатын жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен саясаттың түрлерін: салықтық , бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетiн салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің, мемлекеттiк кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыны басқару, қаржылық құқықтық, сақтық механuзмдерiн бөлуге болады.
Қаржылық саясат қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып ажыратылады және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады
Қаржылық стратегия - экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анықталып, ұзақ мерзімді перспективаға есептелген және ipi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыратын курс. Ол макроэкономикалық үдерicтер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады. Сөйтiп, қаржылық саясаттың мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылық үнeмi анықталып отырады. Қаржылық стратегия қоғам дамуының ipi тарихи кезеңдерiне үйлестiре отырып жасалады. Оны жасау үдерiсiнде қаржыны дамытудың негiзгi үрдiстерi болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдapы қалыптасады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi.
Қаржылық тактика назарды кезек күттiрмейтiн мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардағы және елдiң, өңiрдiң, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқамaны нақтылайды.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іc-әpeкeтін ескере отырып және қоғамның даму міндеттерiне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбiр кезеңiнде қаржылық саясаттың өзiне тән белгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйiн, қоғамның материалдық және әлеуметтік өмірінің толғағы жеткен қажеттiлiктерiн және басқа факторларды ескере отырып, түрлi міндeттepді шешеді.
Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мaқcaты iс-шаралар әзірлеу және оларды индустриялық-инновациялық дамудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдiң экономикасын әлемдік шаруашылыққа ұтымды бiрiктiру жолымен сыртқы экономикалық қызметтi жандандырудың негiзiнде экономикалық өсудi қамтамасыз ету, әлеуметтiк бағдарламаларды үздiксiз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы icкe асыру болып табылады.
Қазiргi кезеңде қаржылық саясаттың көмегiмен шешiлетiн басты мiндеттердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz