Екпіннің бұзылуы және тұтықпа: фонологиялық қызметі, себептері және патогенезі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

''Тіл екпінің бұзылуы. Тұтықпа''

Орындаған: Ислам Булдирген

Тексерген: Ергазина . Б. К

''Тіл екпінің бұзылуы. Тұтықпа''

Қазақ тіл білімінде екпін жəне оның фонологиялық қызметі жөнінде ғалымдар арасында талас пікірлер мен əр түрлі көзқарастар бар. Екпін - тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегментті бірліктердің бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басқа буындарға қарағанда бір буынның ерекше күшпен айтылуын екпін деп білеміз. Екпін түскен буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны жағынан ерекшеленеді. Əрине, осы акустикалық үш компоненттің екпінді буынды танытудағы қатысымы əр тілдің өзіндік ерекшелігіне байланысты əр түрлі болатыны аян.

Екпін - сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. [1]

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

  1. Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуысөз екпінідеп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
  2. Ой екпіні- сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкемауылғакетті. Әкем ауылғабүгінкетті. Бүгін ауылғаәкемкетті.
  3. Тіркес екпіні- бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т. б.
  4. Дыбыс екпіні- сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

Тұтықпа деп- сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процестерінің өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор.

Тұтықпаның негізгі белгісі-ауызша сөйлеу процесінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысуы. Тырысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады.

Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі кездеседі. Мұның механизмі әлі де түсініксіз болып келеді. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады.

Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін: Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы. Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар. Жоғарыда атап өтілген жағдайлардың бірінің пайда болуы жүйкеге әсер етпей қоймайды, салдарынан тұтықпа пайда болады. Екінші себебі: - кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну) - Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу - Шет тілдерін үйрету. - Еліктеу - Тахилалия (өте жылдам сөйлеу) Тұтықпа патогенезі қыртысасты дизартрия механизмімен ұқсас. Оның құрамындағы-дыбыс шығару, артикуляция мен тынысалу үрдісінің координациясы бұзылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: патогенезі, себептері және клиникалық-патоморфологиялық көріністері
Дауыс бұзылуының себептері, патогенезі және клиникалық түрлері
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: этиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері
Жасөспірімдердегі жүйке қызметінің бұзылуы: негізгі себептері
Буын түрлері, тасымал және екпіннің теориялық негіздері
Қабыну: себептері, клиникалық белгілері, патогенезі және морфологиялық түрлері
Кальциноз: түрлері, патогенезі, себептері және емі
Жасушалар мен тіндердің патологиясы: себептері, патогенезі және өлім түрлері
Жасуша патологиясы: себептері, патогенезі және емдік негіздері
Буаздық кезеңдегі остеодистрофия: себептері, патогенезі және профилактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz