Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің мәселелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Факультет: ЭжБЖМ
Кафедра: Бизнес технология
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің мәселелері

Орындаған: Сейлхан С
Тексерген: Асқаров Ғ. А

Алматы 2021ж.

Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің мәселелері
Кіріспе
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы мен бүкіл əлемде көліктік инновациялық жобаларды іске асыруды көп назарға көрсетілуде, әсіресе əлемде іске асырылып, орын алыıı жатқан Жібек жолының экономикалық белдеуі, Батыс Еуропа -- Батыс Қытай, блок-поезд Silk Wind (Жібек желі), Хоргос -- Шығыс қақпасы АЭЗ, шекаралық ынтымақтастық қазақстандық-қытай халықаралық орталығы, Rail Air халықаралық тасымалы сияқты көліктік-логистикалық жобалар Қазақстан Республикасына тікелей қатысы бар. Мақалада Қазақстан Республикасының үлттық көліктік жүйесін үйымдастыру жəне оның даму ерекшеліктері, орын алған мəселелер талдауы жасалған. Сонымен бірге мақалада Қазақстан Республикасында үлттық көлік жүйесіндегі Қазақстан Республикасының көлік саласындағы ЖІӨ-нің қосылған қүны, жүктерді тасымалдау жəне жүк айналымы, Қазақстан Республикасындағы көлік саласының еңбекақы сыйымдылығы жəне еңбекақы қайтарылымының көрсеткіштері, ҚР көлік саласының негізгі қорларының тозу коэффициенті, көлік саласын қормен жарықтандыру мен еңбек өнімділігінің көрсеткіштері, көлік саласының қор қайтарымы жəне қор сыйымдылығы, Қазақстан Республикасындағы көлік саласының тиімділігі, Қазақстан Республикасындағы жолаушыларды тасымалдау жəне жолаушылар айналымы талданып, бағасы берілді. Қазақстанның көршілес жəне серіктес мемлекеттермен халықаралық көліктік стратегиясын таңдаудың әлеуметтік-экономикалық алғышарттары, бағыттары қарастырылды.
Негізгі бөлім
Жыл сайын көлік саласы ЖІӨ құрылымында өсімнің оң қарқынын көрсетеді. 2016 жылы көлік секторының үлесі 8,2% құрады. Тиімді көлік-логистикалық желілер ел ішіндегі өнеркәсіптік орталықтарды жақындату арқылы ҚР индустрияландыру процесін жылдамдатуға ғана емес, сонымен қатар өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі кіруі үшін база құруға да қабілетті. Оған қоса, Қазақстанның стратегиялық тиімді географиялық жағдайы транзиттік мүмкіндіктерді белсенді іске асыру есебінен едәуір табыс көзін алуға мүмкіндік береді.

ХХІ ғасырдың маңызды мәселелері қатарына жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриалды революция, әлеуметтік түрақсыздық қауіпі жəне елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қойылатын талаптарды түрақсыздығы, үшінші индустриялық революция үдей түскен әлеуметтік түрақсыздық, оның ішінде көлік жүйесінің инфрақүрылымы жатады.
Егер көлік жүйесін дамыту туралы пікір Республиканың қалыптасу жылдарында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының катализаторы болса, онда инфрақүрылым жүргізу жəне осы жағдайларда көлік жүйесін үзақ мерзімді болашақта ел ішінде жəне ел экономикасының дүниежүзілік жүйесіне кірігуін қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы критерийлерге жауап беруі өңіраралық байланыс сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Көлік саласы мен транзитті дамыту "Қазақстан-2050" стратегиясының сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарының бірі болып табылады. 2017 жылғы 31 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында көлік саласын және жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.
Заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру және оның халықаралық жүйеге кірігуін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын және Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталды. 2016 жылғы желтоқсанда ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасына ықпалдастырылды.
Жалпы, көлік жолдарын жаңарту мақсатында 2010 жылдан бастап қайта құру жұмысы жүргізіліп, 5 мың км-ге жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті. Оған қоса, соңғы бес жыл ішінде теміржол желілерінің пайдалану ұзындығы 1 854 км-ге ұлғайтылды.
Астана - Қарағанды, Орталық - Шығыс, Бейнеу - Ақтау, Орталық - Батыс, Қапшағай - Талдықорған, Петропавл - РФ шекарасы және Орал - Каменка 7 жобасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табады.
Нұрлы жол бағдарламасы аясында осы жобалардың сәтті іске асырылуы 2020 жылға дейін келесі міндеттерге қол жеткзуді көздейді: 7 мың км жолды қайта құру және салу, 6,5 мың км жолды ақылы ету, транзиттік контейнерлік тасымалдарды 10 есе арттыру - жылына 2 млн контейнерге дейін, порттардың өткізу қабілетін жылына 24 млн тоннаға дейін арттыру, жобаларды іске асыру кезеңінде 100 мың адамды жұмыспен қамту.
Қазіргі замандағы өндіріс ауқымдарында салмақтық шамадағы өнімнің көлемі орташа бір тұрғынға шаққанда дамыған елдерде жылына 20-25 т, ал тұтастай дүние жүзінде -- 10 т жетеді. Сонымен қатар қоғамдық өнімнің əрбíр 11 т өндіріс саласында жиынтық (кəсíпорын ішіндегі технологиялық тасымалдарды есептемегенде) жəне, айналым сферасында халықаралық теңіз тасымалын есепке алғанда, көлік жұмысының орташа алғанда 860 ткм, жəне олардың есебінсіз 550 ткм талап етеді .
Экономикалық дамудағы тасымалдардың жаппай ішкі өнімнің рөлін талдау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады: жүк айналым мен жаппай ішкі өнімнің қатынасы, бір тұрғынға кірісіне қатысты көлікке деген сұраныстың икемділігі. Жүк айналым (тонна-км) мен жаппай ішкі өнімнің қатынасы -- өндірістік дамыған елдерде ең аз -- жаппай ішкі өнімнің бір долларына жүк тасымалының шамамен 2,4 ткм, орташа даму деңгейлі елдерде -- 2,8 ткм, шығысеуропалық мемлекеттерде 5,3 ткм келеді. Шамамен осындай арасалмақ сұраныс икемділігінде де байқалады. Көрсеткіштердің айырмашылығы айтарлықтай. Олар бірдей экономикалық өсім, жоғары дамыған елдерге қарағанда, азырақ дамыған елдерде ауқымды тасымалдарды талап ететінін білдіреді. Бұл бірқатар факторлармен түсіндіріледі, олардың бастылары -- өндіріс ерекшелігі (дамып жатқан елдердегі шикізаттық бағыттағы ауқымды көліктік өнімнің басымдылығы), территория масштабтары, көлік инфрақұрылымының даму деңгейі.
Көлік жүйесінің дамуындағы мемлекеттің қатысуының қомақты рөлін ерекше атап өту қажет. Көлік ұзақ инвестициялық циклі, физикалық жəне моральдік тозудың жоғары деңгейі бар шаруашылықтың материалдық жəне энергиялық ауқымды секторы болып табылады . Көліктің үлесіне негізгі əлемдíк қорлардың 20 % келеді.
Негізінен бəсекелестíк, техникалық жəне технологиялық жетілдірулер, тауарлардың тіршілік циклінің қысқаруы мен тұтынушылардың сапа мен бағаға қатысты қысымының өсуі өндірушілерді, көлік жəне қатынас компанияларын өндіріс шығындарын төмендету үшін күш салуға мәж6үр етеді, ал бұл, өз кезегінде, тарифтердің төмендеуіне əкеледí. Ғасырдың басынан бастап көлік жəне қатынас тарифтері шамамен 12 есеге төмендеді. Интернационализация процестері тарифтік тосқауылдардың жеңілдеуіне мүмкіндік жасады. Бұл процесс тасымал мен байланыс қызметтеріне бағаның төмендеуімен қатар, ішкі жəне сыртқы нарықтар арасындағы су айрықты кішірейтті, өндіріс шығындары анағұрлым төмен аудандарда кəсíпорындарды орналастыру үшін жағдай жасады.
Көлік -- шаруашылықтың маңызды салаларының бірі, ол халықтың тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көліктің экономика саласы ретіндегі ерекшелігі ол өзі жаңа өнім шығармайтындығында, шикізатпен, материалмен, жабдықпен қамтамасыз ете отырып, өнімнің өздік құнына кіретін көлік шығындардың шамасына кеткен оның құнын өсіре отырып, тек өнімді шығаруға ғана қатысатындығында жатыр .Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 53 орынды иеленіп, 11 позицияға түсіп қалды. Сонымен бірге көліктік инфрақұрылым сапасы бойынша Қазақстан Республикасы əлемде 79 орынды сақтады. Еліміз порттық (107-орын) жəне темір жол (26-орын) инфрақұрылымының сапасын айтарлықтай жақсартты, алайда автокөлік (73-орын) жəне əуе көлігі (90-орын) саласының көрсеткіштерін төмендетіп алды.Көлік жəне қоймалау секторына 107 179 691 мың теңге бюджеттік ақша немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 99,1 % бағытталған болатын.Көлік жəне қоймалау секторына тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) 281,6 млн жуық АҚШ долл., немесе жалпы инвестициялар ағымының 3 %, жұмсалған болатын. Берілген секторда бүкіл ТШИ-дың 98 % жуығы, немесе 276,0 млн АҚШ доллары, құрлықтағы көлік пен құбыр желісі бойынша тасуға бағытталған. Су көлігіне 2,3 млн АҚШ доллары жұмсалған болатын.Республиканың көлігімен 1 675,2 млн т жүк тасылды, бұл 2015 ж. қаңтар-маусымдағы деңгейінен 0,1 % төмен. Бұл кезеңдегі жүк айналымы 240,6 млрд ткм құрады (2015 ж. қаңтар- маусымымен салыстырғанда 0,9 % өсті), 10 751,8 млн жолаушылар тасымалданған (2015 ж. қаңтар - маусымынан 2,2 % көп), жолаушылар айналымы 124,1 млрд жкм құрады (2015 ж. қаңтар - маусымымен салыстырғанда 1,9 % өсті).
Тасымалданған жүктің жалпы көлеміндегі автомобиль көлігінің үлесі 84,23 % құрады, темір жол -- 9,19, құбырлы -- 6,48, көліктің басқа да түрлері (əуе, ішкі су, теңіз) -- 0,10 %. Жүк тасымалында темір жол көлігінің үлесі 46,33 % құрады, автомобиль -- 28,70, құбырлы -- 24,64, көліктің басқа да түрлері (əуе, ішкі су, теңіз) -- 0,33 %. Жолаушылар айналымында тасымалдың қашықтығына байланысты темір жол үлесі 6,53 % құрады, əуе көлігі -- 3,87.
2006 жылдан бастап 2016 ж. аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының ЖІӨ-дегі (Жалпы ішкі өнім) көлік саласының жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) үлесінің өзгерісін саралау үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді (1-сур.). Біріншісі -- 2006 жылдан бастап 2011 жыл аралығы, бұл кезде көлік саласындағы ЖҚҚ үлесінің 2006 жылы 10,1 %-дан 2011 ж. 8,3 % дейін бірте-бірте қысқаруы байқалады. Екінші кезең -- дағдарыстан кейінгі кезең, бұл кезде ЖҚҚ үлесі 2012 ж. 6,4 %-дан 2013 ж. 5,2 % дейін қысқарды. Үшінші кезең 2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығы, бұл кезде көлік саласындағы ЖҚҚ салыстырмалы салмағының 2014 ж. 5,6 % бастап 2016 ж. 6,3 % дейін бірте-бірте өсуі байқалады [6].
Республиканың ЖІӨ-дегі көлік саласы салыстырмалы салмағының мұндай өзгерісі, бір жағынан, көлік саласы ЖҚҚ өсу қарқынының Республика экономикасындағы басқа да салаларының өсу қарқынынан артта қалуына байланысты, екіншіден, басқа салалардың салыстырмалы саламағының артуына тәуелді.
2006 жылдан бастап 2016 жыл аралағындағы кезеңде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдаудың 2006 ж. 1 840,5 млн тоннадан бастап 3 634,4 млн тоннаға дейін 97 % өсуі байқалады. Көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 2006 ж. 283,1 млрд ткм бастап 2016 ж. 490,8 млрд т-км дейін артты, яғни сараланып отырған кезең бойынша өсім 73 % құрады.
Сонымен қатар, Қазақстанда бүгінгі күні Қытайдың жүк ағынын шоғырландырудың негізгі нүктелерінен 19 халықаралық бағытта Қытай-Еуропа-Қытай тұрақты контейнерлік теміржол желілерін ашумен көліктік-логистикалық сервис енгізілді.
ҚХР-ЕО-ҚХР бағытындағы контейнерлік транзиттік тасымалдардың көлемі 201 мың контейнерге дейін немесе 100 есеге(2011 жыл) өсті.2020 жылға қарай осы бағыт бойынша көлемін 800 мың контейнерге дейін, ал тұтастай алғанда, басқа бағыттарды қоса алғанда 2 млн. контейнерге дейін жеткізу жоспарланып отыр.Бүгінгі таңда темір жол магистралінің оңтайлы қаңқасы қалыптасты, бұл транзиттік жүктерді қысқа мерзімде тасымалдауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ осы желі "Өзен-Болашақ" темір жол желісі арқылы шығыстан Қазақстанның батысқа және одан әрі Парсы шығанағы елдеріне тікелей теміржол "шығу" қамтамасыз етті, ал тасымалдау уақыты 1,5-2 тәулікке қысқарды.2015 жылы пайдалануға берілген ұзындығы 214 км Арқалық-Шұбаркөл желісі Орталық Қазақстаннан солтүстік өңірлерге орта есеппен 550км-ге тасымалдау қашықтығын қысқартты."Тар жерлерді" жою және өткізу қабілетін арттыру мақсатында Шу-Алматы учаскесінде (53 км) екінші жолдардың күзетілуі аяқталды, ол аталған учаске бойынша тасымалдау мерзімін 2 есеге қысқартты.
Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы транзиттік ағындарды тарту мақсатында Транкаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Қатысушылардың келісілген жұмысының нәтижесі өтпелі бәсекеге қабілетті тарифтерді жасау болды ( бүгінгі күні Ресей арқылы солтүстік бағыттағы осыған ұқсас тауарлар 0,55 АҚШ долларын құрайды).АҚШ доллары), көлік компаниялары арасындағы өзара іс-қимыл технологиясын бекіту және "Nomad Express" контейнерлік сервисін іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау ерекшелiктерi
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті бойынша кедендік әкімшіліктендіру қызметін ұйымдастыру мен жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеу
Тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеудің мәні
Орталық Кедендік орган
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Көлік инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасы салық жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Пәндер