ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ

І. Сөз басы

Тарих дейтін: бұрынғы өткен заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы
өткен кісілердің ісінен хабар беретұғын бір ілім. Қазақтың көбі оны
шежіре деп айтады. Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мұғалім деп
түсінеді.
Тарих – түзу жөнді үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші
болса, оған дүние де түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге де
болады. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады.
Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп,
қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына
қандай күн туашығына көзі жетпейді.
Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның
артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Дүние де өңге жұрттар
қатарында кім қор болмайын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің
шежіресін имани дәрежесінде ұғып білуге тиіс болады.
Қазақ ішінде һәр үйдің отағасы, һәр ауылдың ақсақалы тұрған бір шежіре,
бұрынғы өткен-кеткеннен естіген білгені болса, кейінгі жастарға соның бәрін
айтып отырады. Бірақ ел ішінде жүрген шала моллалар, тарихтың не екенін
білмеген надан қожалар тарих десе екі құлағы тік тұрады. Тәйірі, тарих
неге керек?! Ол не айтады дейсін; әншейін ертегі, өтірік қой! Құдайдың
бұйрығы емес, Мұһаммедтің сөзі емес, оны оқу-білу не керек! деп аңдау елге
арамзалығын қылып, тарихтан жұрттың көңілін суытады.
Тарих не айтады? –десеңіз, оның айтатыны мынау: біздің бұрынғы
бабаларымыздың кім екендігі; олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі;
қандай қуаты барлығы, ол қуатты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің
қайсынан пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың досты-
дұспаны кім екендігі; не себеппен бағы тайғандығы және соған ұқсас істердің
барлығын тарих сөйлеп түсіндіріп тұрады.
Бұрынғы бабаларымыздың басынан кешкен жақсы-жаман қандай уақиға бар болса,
оның бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Со секілді,
келешекте біздің басымызға түсешек бір уақиға, осы күнде қылып жүрген
ісіміздің нәтижесі болмақшы. Тарих оқысақ, оның сөзін оқысақ қандай істен
қандай нәтиже туатынын анық білетін боламыз: жақсы істен жақсылық, жаман
істен – жамандық тумақшы.
Бұрынғының не ексең – соны орарсың деген сөзінің терең мағынасы осы.
Құдай не жазса – соны көрерміз деу соқырлықтың белгісі, тағдыр да жазғаны
болар деу – ақымақтықтың белгісі. Шөнкі (!) адам нені тілесе, Құдай соны
тағдыр қылмақшы.
Тікен еккен жерге бидай шықпақшы емес, ағаштың тамырына балтаның жүзі тисе
– құрымақшы.
Бұрынғының көбі күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі
шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды; қалғанының
бәрі зорлық-зомбылық еді. Қанеки! Дүние ахиретте сонысынан не пайда
көрмекші?! Қиамет күніне дейін сауабы барып тұратын ісі қайсы? Бәрі де
қабірде шіріп жатыр. Жанының көрген күні қандай екені Құдайға ғана мәлім!
Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны
істемекшіміз! Заралы істен қашпақшымыз! Бұрынғының оңды ісінен үлгі
алмақшымыз!
Осы күнде істеп жүрген ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз, сөздің
бәрі кейінгілерге тарих болып қалады. Бұрынғының тарихы жазылмай қалушы
еді, ендігі тарих күні-күніменен жазылып тұрылады. Кейінгілер ғибрат
аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп
қарғыс-лағынет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.
Тарих – түзу, жөнді үйретуші; тарих түзушіліктің кітабы; тарих тіршілікте
жолбасшы дейтініміз осы.
Біз әзіргі сөзді осының менен қысқарта тұрамыз. Мұнан соң Қазақ газетінде
қазақтың анық шежіресін жазып тұрмақшымыз.

Түрік баласы.

Қазақ газеті, № 2, 1913 жыл.

ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ

ІІ.

Күні бүгін дүниеде һеш нәрсенің асылы білінбей қалған жоқ. Һәр нәрсенің
түбі тексерілді, асылы білінді. Білімі артық, көзі ашық жұрттар дүниедегі
адам баласының асылын, нәсілін тексеріп болып, барлығын кітапқа жазып
шығарды. Бөтен жұрттар қатарында ала-бөтен – біздің қазақ халқының асылы
тексеріліп, тарихы жазылған жоқ.
Бұ күн Азия картасының төрттен біріне ие болып тұрған қанша миллион
қазақтың тарихы көмескі қалыпта тұрған жайы бар. Тарих ғылымында қанша
тарих жазушылар шығып, қаншама кітап жазып шығарды. Солардың арасында
қазақтың асылын анық қып айтатыны жоқ. Арабша, түрікше, орысшада біз көрген
кітаптарда қазақ турасында жазылған сөздердің бәрі де хақиқатқа халаф – шіп-
шикі өтірік, қанағат табарлық һеш бір сөз жазылған жоқ.
Тарих кітаптарындағы көп хатаның бірі – тарих жазушылардың һеш бірі қазақ
пен қырғызды айырмайды. Қазақ – қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың
арасында асылар ілгі жоқ. Түркімен менен башқұрт қандай басқа-басқа ел
болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа-басқа ел. Орыстардың, әсіресе
үкіметтің, қазақты қазақ демей, қырғыз деп жүргені рас, бірақ олар өзінің
атты Казачий әскерінен айыру үшін – жаңылыс болса-дағы – қазақты қырғыз
атап жүр. Өзіміздің түрік қауымдарының, әсіресе басшыларының, қазақ пен
қырғызды айырмағаны хата, кешпестік айып (!).
Қазақтың қырғыз атанбай қазақ атанғанын тәуір көруі орыстың қазаққа ұқсауы
үшін деген ноғайларда бар. Мұнысы бет алдына ылаққан сөз. Тарихтың көрсетуі
бұған ереуіл келеді. Орыста бұрын атқа міну әдеті болмаған. Осы күнгі
хохолша сиыр жегіп, өгіз мініп күн көрген.
Бір сыпыры халқы, түріктерден көрмекші, салт-әдет айтып, біздің қазаққа
ұқсағаннан соң Казаший (Казачье войско) атанып кеткен. Орыстың атты
әскері қазақпын десе, біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып
жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы
әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын
жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып Қазақ мәдениеті
(Казакская культура) құрып, бір жағынан Қазақ әдебиеті (Казакская
литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы.
Орысша оқыған қазақ жастарының мойнына алатын бір жұмысы: мекемеден шеткері
болған һәр бір істі орында, һәр бәр істе киргиз деген жаңылыс атты қойып
казак деген атты қолдауы тиіс. Бұл болмайтын іс, ағынға қарсы (против
течения) деген сөз – сөз емес, біз – суды теріс ағызған атаның баласымыз!
Қазақтың тарихы турасында және екінші хата: осы күнгі қазақты ұлық Шыңғыс
ханнан бұрынғы замандарда болған қырғыз қауымының нәсілінен деп түсіну (!).
Олай түсінудің хата екендігі аз ойлау менен білінетін нәрсе. Осы күнгі
қазақ(тың) ол қырғыздың нәсілінен емес екендігіне дәлел толып жатыр.
Осы күнде қазақта қыпшақ, арғын, керейіт, найман, қоңырат деген рулар бар.
Бұл рулар анау қырғыздардан басқа болып, олар менен қатар жүріп, қатар
тұрған елдер еді. Енді қырғызбенен қатар жүрген найманды қалай бұрынғы
қырғыздың нәсілінен деп айтуға болады?!
Қырғыз бен қазақ арасында қандай басқалық барлықты, сөздің реті келген
сайын баяндап тұрмақпыз. Әзір ұғатынымыз мынау: қазақ бен қырғыз басқа
қауым; бұл қазақ хазірет Ғайсаның (Иса) ар жақ, бер жағындағы қырғыздың
нәсілінен емес, қазақ киргиздікті қойып, қазақты қуаттауы тиіс.
Қазақ газетасының екінші нөмірінен басталып Қазақтың тарихы жазылып
тұрмақшы. Бұл жазатын тарихымыз онан-мұнан құралған тарихқа тиісті сөздер
емес, нағыз шын, жете тарих дәрістері болады. Қазақ газетасын үзбестен
оқып тұрған адам қазақтың тарихын жете білуге болады.
Қазақтың тарихына тиісті сөздер, материалдар жазып басқармаға жіберуші
болса, Қазақтың тарихын жазғанда пайдаланып тұрмақпыз, һәр кімнің істеген-
білгені болса, жазып тұруын өтінеміз.
Ғалиа шәкірттерден Құл Мұхаммед әпенді Оразаев және балалары Мәшһүр Асан
қайғы турасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Қытайдағы қазақтар
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Қазақ шежіресі түсінігі
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Пәндер