Жүректі жалпы зерттеу әдістері. Жүрек аймағын зерттеу және пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау
ЗТС № 2 Жүректі жалпы зерттеу әдістері. Жүрек аймағын зерттеу және пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау.
Тақырыбы: Жүректі жалпы зерттеу әдістері. Жүрек аймағын зерттеу және пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау.
Сабақтың мақсаты: Клиникалық және қолданбалы диагностика пәнімен және қажетті емдік - профилактикалық (сауықтыру) шараларды тағайындау мақсатында ауру малдың жағдайы мен ауруын анықтаудың реттілігі мен клиникалық әдістерімен таныстыру.
Қажетті материалдар: Ірі қара мал, аускультацияға арналған құралдар, перкуссиялық балғашық, стетофонендоскоп, фонендоскоп, топтық аускультацияға арналған фонендоскоп, Малды бағындыру құралдары: жылқыға арналған бұраулар -сиырға арналған Гармс танау қысқышы,
Сабақтың мазмұны: Жүрек - тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек - қан айналымының орталық органы, көкірек қуысының ортасынан сол жағына жақын асимметриялы түрде орналасқан.
Жүрек топографиясы. Мүйізді ірі қарада, қой мен ешкіде жүрек көкірек қуысының сол жағында 3 - 5 қабырға аралығында анықталады. Жүректің негізі көкірек клеткасының биіктігінің жартысына дейін, ал ұшы төс сүйегінен 3 - 5 см жоғары, артқы шекарасы 5 - ші қабырғаға дейінгі аралықта жатады.
Жылқыда, есекте жүрек 3 - 6 қабырға аралығында, негізі - көкірек қуысы биіктігінің жартысынан сәл төмен, ұшы - 5- ші қабырға аралығында, төс сүйегінен 2 см жоғары орналасса, артқы шекарасы сол жағында 6-шы, оң жағында 5-ші қабырғаға дейін жетеді.
Шошқаның жүрегі 3 - 6 қабырға аралығында, негізі - көкірек қуысы биіктігінің жартысына дейін, ал ұшы 6 - шы қабырғадан аса орналасқан.
Жүрек тамыр жүйесін зерттеу төмендегідей реттілікпен жүргізіледі:
1) анамнез;
2) малды жалпы клиникалық тексеру;
3) жүрек обылысын қарау немесе пальпация;
4) жүрек облысына перкуссия жасау;
5) жүрек аускультациясы;
6) қан тамырларын зерттеу;
7) құралды және функциональдық зерттеу.
Жүректі зерттеу
Жүрек облысын қарау кезінде көкірек клеткасының тербелмелі қозғалысын және жүрек тұсындағы жүндердің әлсіз тербелісін анықтауға болады. Қоңды және жүні ұзын малдарда көкірек клеткасы мен жүндерінің тербелісі байқалмауы да мүмкін. Жүрек жиырылуы күшейгенде көкірек клеткасының тербелісі де күшейіп, ал әлсірегенде толық жоғалу мүмкіндігі ескерілгені жөн.
Дені сау малдың тыныштық жағдайында пальпациямен көкірек клеткасының жеңіл тербелісін сезінуге болады. Ал жүрек ауруларында сезімталдықтың жоғарылауын, ауырсынуды, қолға сезілетіндей дірілдеуді анықтайды.
Мүйізді ірі қарада 4-ші, жылқыда, итте 5-ші қабырға аралығында иық буынының сызығынан сәл төмен алақанмен жүрек серпінін анықтауға болады.
Жүрек серпінін зерттегенде оның әлсіреуіне, жоғалуына, күшеюіне, ығысуына және басқа ауытқуларына мән береді.
Жүрек серпінінің әлсіреуі миокардиофистрофияда, өкпе эмфиземасында, экссудативті плевритте, перикардитте, сондай-ақ кейбір дені сау, қоңдылығы жоғары малдарда да кездеседі. Жүрек серпінінің жоғалу себебі коллапс, агония болуы мүмкін.
Жүрек серпінінің күшеюі қызбада, қозуда, сыртқы орта температурасы көтерілгенде, кейбір улануларда, жүрек гипертрофиясында байқалады. Бұның жоғарғы сатысы дүрсілді жүрек серпіні деп аталады және ол жіті миокардитте, жылқының жұқпалы анемиясында кездеседі.
Жүрек серпінінің алға ығысуы көк етке құрсақ қуысы органдарының қысымы күшейгенде (бауырдың үлкеюі, қарынның кеңеюі, іш шемені, әртүрлі ісіктер, т.б.) байқалады. Жүрек серпінінің артқа ығысуы сирек кездеседі, бұл жүрек гипертрофиясында, көкірек қуысының алдыңғы бөліктерінде бітеу жаралар, ісіктердің болуының салдары.
Жүрек облысына перкуссия жасау.
Ірі малда құралды перкуссия, ал ұсақ малда дигитальды (саусақпен) перкуссия қолданылады. Перкуссия тұрып тұрған малға екі бағытта:
1) анконеустердің артқы тік сызығымен;
2)шынтақ төмпегінен мықынға қарай жасалады. Ірі малдарда зерттелетін жағының алдыңғы аяғын сәл алға және тысқа қарай жылжытады. Жүректің көкірек қабырғасына жақын орналасқан тұсы доғал дыбыс береді - ол жүректің абсолютті доғалдық аймағы деп аталса, өкпемен жабылған тұсы көмескі дыбыс береді - ол жүректің салыстырмалы доғалдық аймағы деп аталады.
Мүйізді ірі қарада жүректің доғалдық аймағы әлсіз білінеді, перкуссия жасау қиындықтар туғызады. Жүректің салыстырмалы доғалдығы сол жағында 3 - 4 қабырға аралығынан зерттеліп, жоғарғы шекарасы иық буынының сызығына дейін, ал артқы шекарасы 5 - ші қабырғаға дейін жетеді.
Қой мен ешкіде жүрек дыбысының доғалдығының 3 - шекарасы бар: алдыңғысы 3 - ші қабырға аралығы; артқысы 5 - ші қабырғаға дейін; жоғарғысы - иық буынынан 1 - 2 см төмен.
Жылқы жүрегінің салыстырмалы доғалдық аймағының жоғарғы шекарасы 3 - ші қабырға аралығында иық буынынан 3 - 4 см төмен, ал артқы шекарасы 6 - шы қабырғаға дейін жетеді. Абсолютті доғалдық аймағы үшбұрыш тәріздес, алдыңғы шекарасы анконеустер сызығында, артқы шекарасы - жоғарыдан төмен доға тәрізденіп, 3 - ші қабырға аралығынан 6 - шы қабырғаның төменгі жиегіне дейін келеді, ал төменгі шекарасы төс сүйегі мен оның бұлшық етінің доғалдығына айналады. Абсолютті доғалдық аймағы үш бұрышының биіктігі малдың дене бітіміне қарай 10 - 13 см болады, ал оң жағындағы абсолюттік доғалдық аймағы сол жағына қарағанда анағұлым кіші болады.
Жүректің доғалдық аймақтарындағы өзгерістердің диагностикалық маңызы бар.
Жүректің абсолютті доғалдық аймағының үлкеюі жүрек гипертрофиясында, эксудативті перикардитте, өкпе ретракциясында байқалады.
Жүректің абсолютті доғалдық аймағының кішіреюі альвеолярлық эмфиземада, пневмотороксте болады.
Жүрек аускультациясы - жүректі зерттеудің негізгі және міндетті әдісі. Ол жүрек жиырылуының ырғақтығын, жүрек дыбыстарының (тондарының) ерекшеліктерін, жүрек шуларының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік жасайды. Аускультация кезінде тыныштық сақталғаны дұрыс. Жүрек жиырылуының ырғағын анықтау.
Дені сау малдың жүрегі ырғақты жұмыс жасайды - әуелі екі жүрекше, сосын екі қарынша жиырылады, сонан соң азғантай үзіліс болады да, барлығы қайта қайталанады. Жүрек жұмысының ырғақтылығы оның меншікті өткізгіш жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйеге синустық түйін, атриовентрикулярлық түйін, Гис будасы мен Пуркинье талшықтары кіреді. Қозу импульсі синустық түйінде пайда болып, бірдей уақыт аралығында атриовентрикулярлық түйінге, сосын Гис будасы арқылы Пуркинье талшықтарына беріледі. Қозу импульсінің түзілуі немесе оның миокардтан өткізілуі бұзылған кезде аритмиялар, яғни, жүректің ырғақсыз жиырылулары пайда болады.
Жүрек тұсында тимпаниялық дыбыстың болуы перикардқа көп мөлшерде газ жиналғанда болуы мүмкін.
Жүрек аритмиясына синустық тахикардия, синустық брадикардия, тыныстық аритмия, экстрасистола, жүрек блокадалары және т.б. жатады.
Синустық тахикардия (жүрек жиырылуының жиілеуі) биологиялық белсенді заттардың, сыртқы орта температурасының көтерілуінің, оттегілік ашығудың және басқа факторлардың әсерінен синустық түйіннің симпатиялық нерв жүйесінің қозуының күшеюінен туындайды.
Синустық тахикардия көптеген ауруларда, патологиялық жағдайларда байқалады.
Синустық брадикардия (жүрек жиырылуының жиілігінің төмендеуі) синустық түйіннің қозғыштығы төмендегенде және парасимпатиялық нерв жүйесінің әсері күшейгенде білінеді. Синустық брадикардия миокардтағы склероздық процестерде, сары ауруда, ашыққанда, ал физиологиялық брадикардия жақсы жаттыққан итте, жылқыда және т.б. байқалады.
Тыныстық аритмия дем тарту мен дем шығару фазасында қозу импульстерінің түзілу реттілігі бұзылғанда анықталады.
Экстрасистолия, немесе экстрасистолалық аритмия - жүректің қалыпты ырғағы кезінде жүректің өзінің, не оның бөліктерінің уақытынан бұрын жиырылуы. Бұл аритмия түрі миокардитте, миокардозда, интоксикацияларда, гормондық бұзылуларда кездеседі.
Жүрек блокадалары. Жүректің толық блокадасында қозу импульстері Гис будасы зақымданғандықтан қарыншаға жетпейді. Жүрек жұмысының ырғақтылығы бұзылады. Жартылай блокадада антриовентрикулярлық түйін бұзылғандықтан синустық түйінде пайда болған қозудың кейбір импульстері ғана қарыншаға жетеді.
Бұл блокадалар жүректің қабыну, дистрофиялық және склероздық процестерінде көрініс береді.
Жүрек тондарын анықтау. Жүрек жұмысы кезінде пайда болған дыбыстарды жүрек тондары деп атайды. Дені сау малда жүрек тондары екіге бөлінеді:
1) Систолалық, немесе жүректің бірінші соғу дыбысы қарынша жиырылуының бас кезінде болады. Бұл ұзақ, төмен және біртіндеп бәсеңдейтін қатаң дыбыс.
2) Диастолалық, немесе жүректің екінші соғу дыбысы - қарыншаның босаңсу кезінде болатын қысқа жоғары және тез үзілетін дыбыс. Бірінші мен екінші тонның арасында қысқа, ал екінші мен біріншінің арасында ұзақ үзіліс бар.
Бірінші тонды бірнеше түрлі дыбыстар құрайды, бұл дыбыстар: а) қос және үшжармалы қақпақшалардың тербелісінен, ә) қарынша мен жүрекшелердің еттерінің тербелісінен, б) аортаның бастапқы бөлігі мен өкпе артериясының тербелісінен пайда болады.
Екінші тон аорта мен өкпе артериясының диастола кезінде айшық жармалы қақпақшаларының тербелісінен құралады.
Қос жармалы қақпақшаның проекциясы малдың сол жағынан, иық буыны сызығынан 2 - 3 саусаққа төмен, ірі қарада 4 - ші, ит пен жылқыда 5 - ші қабырға аралығынан анықталады.
Үш жармалы қақпашық процекциясын оң жақтан ірі қарада, қой мен ешкіде иық буыны сызығынан 2 - 3 саусаққа төмен үшінші қабырға аралығынан , ал жылқы мен итте 4 - ші қабырға аралығынан иық буыны сызығынан 3 - 4 саусаққа төмен анықтаған жөн (32-сурет).
Аорта қақпашықтарының проекциясы малдың сол жағында, күйіс қайыратын малдарда иық буыны сызығында, жылқы мен итте бұл сызықтан 2 - 3 см төмен, 4 - ші қабырға аралығынан тыңдалады (32-сурет).
32-сурет. Жылқының жүрек тондарының сол және оң жағынан жақсы естілу орындары: 1-сол жақ атриовентрикулярлық тесік; 2- аорта тесігі; 3-өкпе артериясының тесігі; 4-оң жақ атриовентрикулярлық тесік; а-б-иық буынының сызығы.
Өкпе артериясының қақпашықтарының проекциясы күйіс қайыратын малдарда иық буыны сызығында, жылқы мен итте бұл сызықтан 3 - 4 саусаққа төмен 3 - ші қабырға аралығынан естіледі.
Жүрек тондарын зерттегенде олардың әлсіреуін, күшеюін, екіге бөлінуін, қосымша тон пайда болуын, тағы басқаларын анықтайды.
Жүрек тондарының әлсіреуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz