Тілдік қатынас құрамы мен тұлғалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
«Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған тілдік білім негіздері» пәнінен практикалық сабақ тапсырмалары Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Тілдік қатынас құрамы мен тұлғалары

Мақсаты: Тілдің қатынас құралы ретіндегі қызметін танытып, тілдік қатынасты жүзеге асырушылармен таныстыру.

Тапсырмалар:

1. Тілдік қатынастың анықтамасы мен ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.

2. Тілдік қатынасты жүзеге асырушылардың әрқайсысын толық сипаттаңыз: баяншы, тұлғалар, қабылдаушы.

3. Тілдік тұлғаларды сызбамен көрсетіп, әрқайсысына түсінік беріңіз.

Практикалық сабақ №2 Тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Мақсаты : дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшелігін таныту, оның түрлерін айыра білуге үйрету.

Тапсырмалар :

1. Дауысты дыбыстарды талдай отырып, олардың монофтонгтарын бірінші бағанаға, дифтонгтарын екінші бағанаға және тек қана әріптік қызметте тұрғанын үшінші бағанаға теріп жазыңыз.

1. Үсен оған қарамай баяғы жұрттан тапқан инені отқа салды. Ине біраздан соң оттың күшімен еріп қызарды, сол уақытта пышақпен инені алып, ептеп иді, қармақ жасады (Ы. А. ) . 2. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып, жемнің айналасында ойнап, бірін-бірі қуып, жемге де тиіп-қашып, соғып өтіп жүрді (Ы. А. ) . 3. Үсен үндемей су жағалап жүгіріп кетіп, бір шақпақ тас тауып әкелді (Ы. А. ) .

2 . Мына сөздердің құрамындағы дауыстыларды мынадай түрлерге топтаңыз:

а) тілдің қатысына қарай

ә) жақтың қатысына қарай

б) еріннің қатысына қарай

Қызғалдақ, нарғызгүл, түймедағы, жолжелкен, өрмек, құрал, қуыршақ, элеватор, тиін, сиыр, сыйлық.

3 . Берілген сөздердегі дауыссыздардың астын сызып, олардың әрқайсысына акустика-артикуляциялық (жасалу орны, жасалу жолы, дауыс қатысына қарай) ерекшеліктеріне байланысты толық талдау жасаңыз.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол- аяғы ұзарған. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы-әжесі. Онан қала берсе, шешесі. Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады.

4 . Дауыссыздарды дауыстың қатысына қарай (қатаң, ұяң, үнді) талдаңыз.

Дүние жүзіндегі ең биік ағаш - эвкалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, құлап қалған біреуінің түбірін ойып, өзіне үй жасапты. Түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішінен жасапты дейді.

(«Негеш» энциклопедиясынан)

5. Дауыссыз фонемалардың ауызекі сөйлеу кезінде өзгеріп айтылатын түрлерін байқап, олардың солай айтылу себебін түсіндіріңіздер.

Диалог, араб, каталог, клуб, драматург, педагог, масштаб, түзу, миллион, аттестат, грамматика, металлург, дифтонг, штаб.

Практикалық сабақ № 3

Тақырыбы: Ассимилияция

Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың үндесуі туралы берілген мәліметтерді бекіту; ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал кездесетін орындарды меңгерту; сауатты жазуға дағдыландыру.

Тапсырмалар :

1. Мәтіннен сөз ішіндегі, сөз аралығындағы дыбыс үндестігін көрсетіп, оның қалай туып тұрғанын анықтаңыз.

1. Кешке жұмыстан кеп, ас-суын ішкесін атасының қасына отырды (Ә. Н. ) 2. Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Дәмежан алдымен әкесіне келіп сәлем берген (Қ. Ж. ) . 3. Жүк ауырын нар көтереді (Мақал) . 4. Көмір тиеуші жұмысшының жалпақ алақаны орамалға түйілген бір үзім бөлке нанды ең асыл қазынадай аялап әжейге ұсынған болатын. 5. Айнала қалың өскен бау-теректің басынан торғай, шымшықтың бей-берекет шыр-пыр даусы естіледі.

2. Берілген сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, қай дыбыстың әсерінен айтылуда өзгеріп тұрғанын түсіндіріңдер.

Көзсіз, ұшса, сәрсенбі, арманға, Жиенқұл, көзқарас, әлдеқалай, біркелкі, ертелі-кеш, қолма-қол, киім-кешек, көк ала сиыр, Жүсіпбек, Есжан, он қап, көп жер.

3. Өлеңді жатқа жазып, Қарамен берілген сөздердің түбірін тап. Түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай) .

Практикалық сабақ № 4

Тақырыбы: Сөз мағынасы және оның түрлері

Мақсаты: сөз мағынасы туралы түсініктерін бекіту, сөздің қай мағынада жұмсалып тұрғанын айыра білуге жаттықтыру.

Тапсырмалар :

1 . Сөйлемдерден қарамен терілген сөздердің мағынасын анықтаңыз (тура немесе ауыс мағына ма, фразеологиялық байланыстан туған мағына ма) .

1. Адам әлі білмеген, талай жұмбақ сырың да, жырың да бар -ау табиғат-ана ! (Ғ. М. ) . 2. Бұл кезде менің миым асты-үстіне келіп қайнап кеткен (Ғ. М. ) . 3. Бақшаның мен жақ шеткі ағаштары кесе-көлденең жапырылып, жер бауырлап бүксие берді (Ғ. М. ) . 4. Дүние желі олай соғып, былай соғып, бір теңбіл шаңды соның ішіп отырған шайына апарып түсірсе, қандай жақсы болар еді дейді (Ғ. М. ) . 5. Жоқ, ол ойды мен өсірген емеспін (Ғ. М. ) . 6. Шіркін, сапар шегу қандай жақсы! Сапар- өмірдің баспалдағы (Ә. Нұрш. ) . Алып таудың төсінен шыққан үлкенді-кішілі өзендердің бәрі неше алуан жыр шырқап , соған келіп қосылады (Ә. Нұрш. ) . 7. Бақтығұлға алғашқы күндерден бастап-ақ суық хабарлар жетіп жатты (М. Ә. ) .

2 . Сөздердің мағынасын анықтаңыз. Берілген сөздердің әрқайсысын түрліше мағынада қолданып, сөйлем құрап жазыңыз.

Айналу, асу, байланыс, бұрыш, дала, жұрт, кебу, кең, қалың, қарақшы, мүше, орта, тамыр, тізгін, орта, тарту.

3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бас сөзінің мағынасын түсіндіріңіз.

1. Шыңғыс басына тақия киді. 2. Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. 3. Бас бәйгені бермедің.

Практикалық сабақ № 5

Тақырыбы: Омоним

Мақсаты: Омоним және көп мағыналы сөздер туралы, берілген білімді бекіту. Омонимдерді көп мағыналы сөздерден айыра білуге үйрету.

Тапсырмалар :

1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін пайдалана отырып, төменде келтірілген сөздерге омоним болатын сөздерді тауып жазып, оларға түсінік беріңіз.

Барыс, бақ, бақыр, баспа, безеу, би, бұршақ, дана, жады, жазу, жару, жастық, жете, қию, сал, салт, тап, ұшық.

2. Берілген сөздердің әрқайсысы омоним болатындай етіп, сөйлем құраңыз.

Ер, асау, жақ, жан, шаш, жарық, қой, саз, қорық, қырық.

3. Өлеңді көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағыналарын түсіндір.

Болам десе ұста, Байлық - нан,

Сөзіме нан.

Балғаны нық ұста.

Практикалық сабақ № 6

Тақырыбы: Фразеологизмдер

Мақсаты: Фразеологизмді және оның түрлерін айыра білуге жаттықтыру, фразеологизмдердің мағынасын түсіндіру, баламасын бір сөзбен айта білуге үйрету.

Тапсырмалар :

1. Тұрақты тіркестерді тауып, астын сызыңыз да, қайсысы идиома, қайсысы фраза екенін ажыратыңыз.

1. Кемпір сөзін алғашқыда жеңіл ажуамен қабылдаған жұрт бұл тұста құлаққа ұрған танадай болып тұнып қалды. 2. Сырт қараған кісіге қабағынан қар жауған, жұп-жуан, бөгде біреу сияқты боп көрінесің. 3. Бұл сөздерге бағанадан бері құлағын салып тұрған Қайырбековтің өңі бірте-бірте жыли түсті. 4. Балқия әңгір таяқ ойнатуын қойған жоқ. 5. Әбеннің екі езуі екі құлағында, қызара бөртіп қонақ күтісіп жүр. 6. Аман әңгімеге құлақ қойған жоқ. 7. Сонда да әлі қабақ шытысқан емеспіз. 8. Өзіміздің табан ақы, маңдай теріміз ғой.

2 . Берілген идиомаларды мағыналық жақындығына қарай топтастырып, қай сөзге балама болатынын анықтаңыз.

Мұрнын көкке көтереді; ешкімнің ала жібін аттамайды; қара қылды қақ жарған; мойнына су кетіп жүр; көзінің еті өскен; сағы сынды; кежегесі кейін тартады; төбе шашы тік тұрды; ұнжырғасы түсіп жүр; тауы шағылды; салы суға кетті; жүрегім тас төбемнен шықты; жігері құм болды; сай сүйегім сырқырады.

3. Мына сөздердің идиомалық баламаларын тауып, сөйлем құраңыз.

Жылдам, лезде, момын, араз, әділ, адал, шебер, қатты, нанымсыз, қисынсыз, зорға, ер жүрек, дос, қирату, тату, өкіну, қорқу, аяу, ашулану.

4. Фразалық тіркестерді тауып, қандай мәнде айтылып тұрғанына түсінік беріңіздер.

1. Адассаң, өзім бармын. Жарғақ құлағым жастыққа тимейді, іздейтін боламын (С. Шайм. ) . 2. Сүттен ақ, судан таза адамды балағаттауға ұялсаңшы (М. И. ) . 3. Мұндайда аузын бағатын күзетші Мәмет қарт та сөйледі (Ғ. Мұст. ) . 4. Келіні оның құлақ аспаған түрін көрсе де, тоқтайтын емес. 5. Ақбалаға үйленгеннен бері ғана, Еламан өзіне туыс тауып, қайын жұртына кәдімгідей арқа сүйейтін болды (Ә. Н. ) .

Практикалық сабақ № 7

Тақырыбы: Морфема және оның түрлері

Мақсаты: Сөз құрамына қарай талдап, түбір және қосымша морфемаларды ажырата білуге және қосымша морфемалардың атқарып тұрған қызметін, сөз мағынасына әсерін анықтауға үйрету; сөздердің қай тәсіл арқылы жасалғанын анықтай білуге, сөзжасамдық тұлғаларды ажырата алуға жаттықтыру.

Морфема және оның түрлері

Тапсырмалар:

1. Түбір және қосымша морфеманы ажыратыңыз, қосымша морфемалардың атқарып тұрған қызметін, сөз мағынасына әсерін анықтаңыз.

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

2. Сөздердің жұрнақтарын тауып, олардың сөз тудырушы түрлерінің астын бір, сөз түрлендіруші түрлерінің астын екі сызыңыз.

Шырағым менің ойымша ақымақ ажал аяғын ылғи шалыс басады. Оң құлағы жоқ керең, тілсіз мылқау, алатын адамын танымайды. Құрығын теріс ұстайтын шалдуар, қасиетсіз сұғанақ ол. Еңбектің иесі - ері өлсе, ел күйзеледі, еңсесі түседі, қабырғасы қайысады. Бірақ күйзелген ел ашынып, сол ажалмен күресетін алғыр азаматтарын қайта тудыратынын білмейді-ау (С. Талжанов) .

3. Мәтіндегі туынды сөздерді тауып, олардың қай тәсіл арқылы жасалғанын көрсетіңіз.

Ардақ көзі жаудырап, тұғырдағы тұйғындай монтиып отырып, тыңдай берді. Кеше ғана жалаңаяқ, ойы қолынан, қолы ойынан шорқақ, ауылдан келген Жанәбіл, бүгін жағасында галстук, ысылған, көңіл көзі ашылған қоғам қайраткерінің сөзін айтып отыр. Оның осы дәрежеге жетуіне «менің де қарлығаштай көмегім болды-ау» деп, ішінен қуанады Ардақ. Диханшы жер жыртып, ел несібесін еккенде, кішкентай ғана қыз бала топырақ тырнап, гүл егеді. Гүлі өнсе, өзінен бақытты жоқ. Ардақ та сол баладай бақытты қазір (Ғ. Мұстафин) .

4. Сөздердің қай тәсіл арқылы жасалғанын анықтай отырып, морфемаларға талдау жасап, олардың әрқайсысының туынды лексикалық мағынаға қосқан үлесін дәлелдеңіз.

Сызық, асқазан, сарғыш, атқыш, жан-жануар, суат, тіле, он бес, қуырдақ, тапсырма, ауыл-аймақ, толық, тізім, зергер, Ұзынағаш, сусындау, бәсеңсі, бозторғай, баяулат, ізде, аралас, еңбекші, пайдаланып, толқындана, мәдениетті, түйін, тас көмір, түйіл, қонақ, жақсылық, санақшы, ширақ, жинақы, толқын.

5 . Семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге мысал келтіріп, солар арқылы сөйлем құраңыз.

Практикалық сабақ № 8

Тақырыбы: Есімді сөз таптары және олардың түрлену жүйесі

Мақсаты: зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді мағынасына, жасалу жолына және тұлғасына қарай талдай білуге үйрету; оның түрлену жүйесін меңгерту.

Тапсырмалар:

1 . Мәтіндегі зат есімдерді теріп алып, мағынасына қарай мына кесте бойынша, топтап жазыңыз. Туынды зат есім жасап тұрған жұрнақтарды тауып, олардың қай сөз табынан зат есім жасап тұрғанын көрсетіңіз.

жалпы
жалқы
дара
жинақты
деректі
дерексіз

Біреулердің өзіңе істеген жақсылығын ұмытуға болмайды. өзгеге істелетін жақсылық тек жақсы адамға тән, кейбір жақсылар жаман қылық - адамның мінез-құлқының кірі, оны жусаң кетеді деп қарайды да, «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген данышпандық жолға түседі (М. Бол. ) .

Қызғаныш пен аяныш екі жақтан қысқан адал жан бір тыныс іздегендей ауыр күрсініп, Шығанаққа қарады (Ғ. Мұст. ) . Екеуі аулаққа, ойпатқа кетіп барады (Ғ. Мұст. ) . Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнда жауын болғандықтан, жердің дегдуін күтіп, егінге күндегіден кешірек шыққан (Ғ. Мұст. ) .

2. Зат есімнің түрлену жүйесі қандай? Зат есімнің тәуелдену, септелу, жіктелу үлгісін мысал арқылы түсіндіріңіз.

3. Көмекші есімдерді теріп жазып, «көмекші есім» деп аталу себебін түсіндіріңіз.

Алда, артта, ішінде, қасында, жанында, ішіндегі, қасындағы, алдағы, сыртта, іште, сырттағы, арасында, маңында, маңындағы, ішіндегі, алға, арқа, ішке, ішіне, үстіне, астына, астындағы, үстінде, қасына, маңына, жанына.

4. Сын есімдердің тұлғасына және мағынасына қарай түрлерін ажыратыңыздар.

Үлкен, ұялшақ, бүтін, түзу, қою, әсемпаз, өнерлі, сұйық, таулы, терең, ыстық, үлгілі, ащы, саяз, нәзік, күзгі, қысқа, аласа, үйдегі, кәрі, лай, бауырмал, ірі, кем, тоңғақ, шолақ, басыңқы.

5. Берілген зат есімдерге тиісті жұрнақтар жалғап, сын есім жасаңыз.

Ақыл, білім, жасыл, сары, үлкен, көк, ұсақ.

6. Негізгі сын есімдерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында болған өзгерісті түсіндіріңіз.

Ақ, боз, жасыл, сары, үлкен, көк, ұсақ.

7. Есімдіктерді табыңыз, олардың жасалу жолын түсіндіріп, есімдіктің қай мағыналық тобына жататынын дәлелдеңіз.

Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлады (М. Ә. ) . Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді (М. Ә. ) . Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды. (М. Ә. ) . Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді. (М. Ә. ) . Әлдекімнің рақаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар. (М. Ә. ) . Ешбірін де ол білмейтін (М. Ә. ) . Әрқашан жан күйер жақын қабырына ыстық-ыстық жастар төгеді (М. Ә. ) . Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастайды (М. Ә. ) . Ол Борсаққа әлдеқандай көрінгенмен, өзге жұрттың келесінде бұта құрым болатын (М. Ә. ) . Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді (М. Ә. ) . Жоқ, ешкім ұрған жоқ (М. Ә. ) .

Практикалық сабақ № 9

Тақырыбы: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері

Мақсаты: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін бір-бірінен айыра білуге, талдау жасауға үйрету. Тапсырмалар:

Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажыратыңыз.

Мен ол қыста біздің ауылда Нұрбек бір жұма жатып айтқан әндерінен біреуін де ести алмай қалдым. Міне, енді ғана естіп келемін оның әнін. Әні, шынында да, тамаша екен. Ендеше, мен неге жылаймын? Өз аулымда, өз үйімде қызғыштай қорғаған балапаны мен қайда келе жатырмын қазір. Ол қайда қалды қазір?. . Өзінен тумадым демесем, туған шешемнен кем болып па еді ол маған? Егер мені уысынан шығармай өсірсе, залалыма ма еді ол менің? Пайдама емес пе еді?. . Алақанына сап сонша аялаған әжеме не көрсетіп кеттім бүгін? (С. М. ) .

2. Сұраулы сөйлемдерді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Сұрақ мәнді сөздер қай сөйлем мүшесі қызметінде, сұрақ мәнді демеуліктер қай сөйлем мүшесі құрамында жұмсалған?

1. Бұдан жиырма жыл бұрын осы арада осы қала болған ба? 2. Рас, Дәмеш өз жүрегінің соғысын өзі түсіне ме екен? 3. Бір қалған көңіл жіби ме? 4. Хатшы болып Серегин неше жыл істейді? 5. Енді ол Ораз тұғырына қонатын құс емес . . . Бұған кім кінәлі? Қайыр ма? Дәмеш пе? Ораздың өзі ме? 6. Жаңағы бір сүңгуір үйректер қайда қонды екен?

Практикалық сабақ № 10

Тақырыбы: Сөз тіркесінің байланысу түрлері

Мақсаты: Сөз тіркесіне тән белгілерді таныту, оның өзіне ұқсас тілдік тұлғалардан айырмашылығын көрсетуге, сөйлемдегі сөздердің тіркесін ажыратып, олардың байланысу формасын анықтауға үйрету.

Тапсырмалар:

1. Сөз тіркесі болудың шарттары мен оның өзіне ұқсас басқа синтаксистік тұлғалардан айырмашылығын мысал арқылы көрсетіңіз.

2. Берілген тіркестердің қайсылары сөз тіркесіне жатады, қайсылары жатпайды? Сөз тіркесі болуының не болмауының себептерін түсіндіріңіз.

Мен жаздым, маған жазды, хат жазу, жазу әрі оқу, жай айту, жай таныс, оқытушы әйел, қатты күлу, қатты кету, қонақ күту, қонақ кісі, әнші торғай, үйдің қасы.

3. Сөздерді байланысу түрлеріне қарай талдаңыз.

1. Мәулен енді жаңа арманмен келді. 2. Міне, мінбеге бір қарт шықты. 3. Шайдан какао жақсы ғой, мен какаоны ұнатам. 4. Ол бірінші хатында Мәуленнен кешірім сұрапты. 5. Ұшып бара жатқан қалпыммен артыма қарасам, серіктерім қараңдап жырақта қалып қойыпты (С. М. ) .

4. Сөйлемдегі сөз тіркестерін ажыратыңдар. Сөз тіркестерін түрлеріне, құрамына, байланысу тәсілдері мен формаларына және синтаксистік қатынастарына қарай толық талдау жасаңыз.

Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйтқып ойнап жүр. Қараңғы, тұманды түннің жанды шошытатын суығы қаһарлы . . . Ақ боран көк пен жерді бір-біріне араластырғандай. Аспандағы ай-жұлдыз, жердегі қара-құрадан ешбір белгі жоқ. Айнала аппақ болып тұтасып алған (М. Ә. ) . 5. Қабыса, матаса, жанаса байланысқан сөз тіркестеріне үш-үштен мысал жазыңыз.

Практикалық сабақ № 11

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

Мақсаты: Сөйлем мүшелеріне талдау жасауға; тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын, тұлғасын айыра білуге үйрету.

Тапсырмалар:

1. Мына сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын ажыратыңыз. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін сұрағына, тұлғасына, байланыс түріне, құрылысына, тұрған орындарына қарай жан-жақты талдаңыз.

1. Қайыңның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан жеміс-жидектер теретін себет пен ыдыстар тоқиды. 2. Құйрықсыз қосмекенділерге бақалар, құрбақалар, жайынауыз жатады. 3. Қоқиқаздың алты түрі белгілі. Оның кәдімгі қоқиқаз деген түрі Қорғалжын, Теңіз көлдерін мекендейді. 4. Тас көмір - тамаша отын. 5. Халықаралық жарыстарда күрестен Қазақстан спортшылары үлкен жетістіктерге жетіп келеді.

2. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелеріне толық талдау жасаңыз.

1. Амантай қанжығадан екеуіне екі қоян шешіп берді. 2. Кітапты Абай бұл шақта көзілдірікпен оқиды. 3. Барғысы келмеген әкемді нағашым еріксіз әкетті. 4. Ол өзінің қамын жейтін адамды тапты. 5. Мезгіл күзге тақала Сыр бойының да халі қиындады. 6. Ардақ Жанәбілдің қулығын жаңа сезді.

3 . Сөйлем мүшесіне талдаңыз. Күрделі және үйірлі мүшелердің түрлерін, жасалу жолын түсіндіріңіз.

Үйде Ералин басқарған комиссия күреске оқушылар іріктеп отыр. Сол екі арада-ақ Нұрғалидің көзіне дейін терлеп үлгеріпті. Балқияның үлкен көздерінен ірі-ірі ыстық жастар домалап кетті. Ауылдан кеткен аз уақыттың ішінде Аман көп өзгеріпті. Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді.

Практикалық сабақ № 12

Тақырыбы: Салалас және сабақтас құрмалас сөйлем

Мақсаты: Құрмалас түрлерін мағыналық, тұлғалық жағынан талдауға жаттықтыру.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, олардың жай я құрмалас сөйлем екенін ажыратыңыз; олардың өзгешелігі неде екенін айтыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөздердің түрлері
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
Тілдік қатынас
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Көсемшенің тұлғалары
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Біріккен сөздер
Етістік оның мағанасы
Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы
Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz