Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы туралы


«Философия және саясаттану» кафедрасы
ЭССЕ
Тақырып: "Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы"
Орындаған:Әлтаев Сұңқар.
Тобы: 6В07221/к. к.
Қабылдаған: Алтынбекова З. Т.,
аға оқытушы, дінтану магистрі.
Тараз, 2021ж
"Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы"
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, түрлі теориялар мен тұжырымдамалар бар. Осындай идеялар мен ой-толғамдарды қазақ ойшылдарының шығармашылық мұраларынан да кездестіруге болады. Абай Құнанбаев - құқықтық мемлекеттің қағидаттарын құру мәселесі бойынша бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді, мемлекеттің егемендік позициясын жақтады, адамдарды ұйымдастыру мен қорғаудың жоғарғы формасы «Заң» деп таныды. Заңның рөлі туралы Абай :«Бізге ата-бабаларымыздан мұра боп қалған заңдардың жиынтығын - Қасым салған қасқа жолды, Есім салған ескі жолды, Тәуке ханның «Жеті жарғысын» білу қажет» - деп жазды.
Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Әлеуметтік-құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі - Заң негіздеріне сүйене отырып, шешім қабылдайтын тәуелсіз жүйенің болуы.
ҚР Конституциясы - мемлекеттің құқықтық жүйесінің ядросы, ағымдағы заңнаманы дамытудың негізі. Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді.
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде Қазақ КСР Конституциясы қабылданған. Ол жерде «КСРО Конституциясында Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы, демалысқа құқылығы, денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі көрсетілген.
Ал, 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясына сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген нормаларды: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, сот органдарын қамтыды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырды, оның қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Ол бойынша ҚР Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Заң шығарушы билікті ҚР-ның Праламенті, атқарушыны - Үкімет, сот билігін - Жоғарғы сот және ҚР-ның төмен тұрған соттары жүзеге асырады. Тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің болуы - жаңа Конституцияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі.
Конституция Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалыптастыруға ықпал жасайды. Бұл Конституцияда идеологиялық және саяси әралуандылық танылатынын айқын көруге болады. Бұқаралық билікті саяси әралуандылық негізінде жүзеге асырады. Конституция саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, қозғалыстарға саяси және мемлекеттік өмірге қатысу үшін тең мүмкіндік береді. Үстемдік етуші ретіндегі қандай да бір идеологияның белгіленуіне жол берілмейді. Азаматтық қоғам мемлекет және азамат, тұтынушы және өндірушінің әлеуметтік серіктестігі, нарық шаруашылықтары меншік түрлерінің әралуандылығымен сипатталады.
Қорыта айтатын болсақ, адамдар
"заңның құлы"
болмайынша құқықтық -әлеуметтік мемлекетте тәртіпте, демократияда болмайды. Яғни,
заң - мемлекеттің ақылы, сот - мемлекеттің жүрегі.
мәдениет - мемлекеттің тәртібі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Назарбаев Н. Ə. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Президенттің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. -- 1 наур. - 2-б.
- Əбсаттаров Р. Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? // Ақиқат. - 2004. - № 12. - 30-б.
- Арғынбаев Д. Құқықтық мемлекет қалыптасуы, дамуы // Саясат. - 2005. - № 2. - 11-б.
- Мами Қ. Құқықтық реформалардың кезеңдері мен кемшілігі // Тураби. - 2003. - № 6. - 12-б.
- www. google. kz.
- kk. wikipedia. org.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz