Бағалы қағаздар нарығы, оның функциясы мен құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
6 тақырып.
Бағалы қағаздар нарығы, оның функциясы мен құрылымы

1.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары.
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
- алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық -- осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
- мақсатты -- нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. камтамасыз етеді.
- ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.
Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:
- қайта бөліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:
- алғашқы және қайталамалы;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерлендірілген;
- кассалық және мерзімді нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады:
1) жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары.
2) қаржылық институттар бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары жөне т.б.). Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.
3) жеке инвесторлар -- жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.
4) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:
- занды тұлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктілік талабы. Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарығында клиенттермен жұмыс істеуте жіберіледі;
- бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелуі тиіс - бұл оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;
- қаржылық талап - бұл кәсіби қатысушының өзіндік капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капитал - бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал - заңды тұлғаның құрылтайшыларды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу деңгейін белгілейді.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушьшарына мыналар жатады:
1) сауда алаңы:
- биржалық. Бүгінгі таңда Казақстанда өз қызметін 1997 жылы бастап қор биржасы (КАSЕ) ғана әрекет етеді;
- биржадан тыс.
2) сауда агенттері:
- брокерлер бұл клиент атынан және клиент есебінен операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
- дилерлер - бұлар операцияны өз атынан және өз есебінен жүргізетін делдалдар.
Қазақстанда брокер-дилерлік қызметтің жалпы лицензиясы қандай да бір мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай алатын адамды өз күшімен (дербес) тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса әлемдік тәжірибеде занды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал Қазақстанда брокер-дилерлік қызметпен тек занды тұлғалар ғана айналыса алады.
3) қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:
а) депозитарий -- клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің және т.б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:
- номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
- эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдар бойынша құқыктарды ескеру және мәмілелерді тіркеу;
- номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша және оның табыс төлемі бойынша төлем агенттігінің функциясы;
- қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
- ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру, ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.
б) тіркеушілер -- ҚР заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, бір ай ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды қамтамасьп етуі керек.
Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік құқығын және мүдделерін қорғау мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін дербес жүргізетін бағалы қағаздармен, сондай-ақ АҚ-мен мәмілелерді тіркейтін бағалы қағаздар нарығының қатысушылары (тіркеушілер мен номинал ұстаушылары) бағалы қағаздар құқығының бірінші тұлғадан екіншісіне өтуіне байланысты мәмілелерді орындаудың фактілерін бекітуге міндетті.
Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын мәмілелерді және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша функцияларды орындайды. Олардың иелік ету қүқығын растайды, клиенттерде бағалы қағаздардың болуын және олармен мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың номинал ұстаушыларына берілгені жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың қызметі ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздармен байланысты меншік иелерінің құқығын жүзеге асыру үшін тіркеушілердің талап етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы қағаз иелерінің тізімін нақты бір күнде беруге міндетті. Номинал ұстаушыларға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді.
Тіркеушінің функциялық міндеттемесі мыналарда:
- бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік құкығын тіркеу және аталған тіркеуді растайтын жазбаша немесе электрондық қүжаттарды рәсімдеу;
- бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
- тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз иелерінің құқығын растау;
- бағалы кағаздардың меншік құқығының өзгеру фактісін тізілімге тиісті жазуды өзгерту жолымен тіркеу;
- дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығының ауыртпашылық түсірген фактісін тіркеу;
- эмиссиялаушы бағалы қағаздардың мөлшерін және оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін бақылау;
- құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздардың сертификаттарын сақтау, беру және өтеу;
- корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
- тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау, сондай-ақ дивидендтік есеп айырысу бойынша кеңес беру қызметін көрсетуге құқылы.
Тіркеуші заңмен белгіленген жағдайларды ескермегенде тізімді немесе оның бөлігін жүргізу бойынша өз өкілеттілігін басқа тұлғаға жүктей алмайды. Оның тізімін өзі жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік кұқығын тіркеушінің сатып алуға кұқығы болмайды;
3) клирингтік ұйымдар - қаржылық құралдармен мәмілелерді орындауға қатысатын тараптардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке жатқызатын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары;
4) кастодиандар - клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасын сақтайтын, әрі олардың есебін жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін өз мойындарына алумен қаржы құралдары мен ақшаға байланысты олардың құқығын растайтын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары.
5) бағалы қағаздар портфелін басқарушы - клиент есебінен және оның мүддесі тұрғысынан азаматтық құқықтың объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:
- ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
- қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің есебін жүргізу;
- өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану, әрі оған иелік ету.
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің қаңдай да бір басқа түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:
- бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
- депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана қатар қолданыла алады;
- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқару;
- қор биржалары;
- биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі;
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды түлғалар үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.

1.2 Бағалы қағаздар нарығының негізгі, қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі
Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы қағаздың жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жалақыны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір тұлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі ақша берудің екі негізгі тәсілін - несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналысқа шығаруды таңдап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай қалған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз - ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы - өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанагаттандыруына мүмкіндік беретін кұқықта. Сатып алушы өзінің акшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.
Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар - бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі - оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі (немесе табыс әкелуі ықтимал).
Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т.б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады.
Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның кұқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс ете аласың - міне, бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осында. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқық пен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісімшартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды.
Бұл бір жағынан қолайлы, екінші жағынан трансакциялық шығындарды азайтады.
Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды:
- экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т.б. ақшалай қаражатты (капиталды) қайта бөледі;
- өз иесіне мынадай нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдымен, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға;
- капиталдан табыс алуды және (немесе) капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:
Негізгі бағалы кағаз - олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы кағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Үлестік бағалы қағаз - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.
Борыштық бағалы қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалык куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.
Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:
Атаулы бағалы қағаз -- олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.
Ордерлік бағалы қағаздар -- ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.
Ұсынбалы бағалы қағаз -- осы қағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр.
Құжаттандырылған -- қағазбен тасымалдаушыға эмитеттеледі.
Құжаттандырылмаған -- шотқа жазу жолымен эмитенттеледі.
Нарықтық бағалы қағаз -- бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық бағалы қағаз -- дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады.
Қайтарылымды бағалы қағаз -- мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін.
Қайтарылымсыз -- айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
- мемлекеттік бағалы қағаздар;
- акциялар;
- облигациялар;
- коносаменттер;
- ипотекалық куәліктер;
- туынды бағалы қағаздар;
- жай қоймалық куәліктер;
- қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кепілдікті куәлік);
- ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
- Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.
Бағалы қағаздардың Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын былайша көрсетуге болады:

Сурет 1 - Қазақстан бағалы қағаздар нарығының негізгі сегменттері

Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу құқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Акция -- акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік қоғамдар ғана шығарады. Бұл арада корпорациялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Альянс Банк
Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.
Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
Бағалы қағаздар нарығында баға белгілеу
Қазақстанның биржа қорының қалыптасуы мен дамуы
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі ретінде
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті
Бағалы қағаздар нарығы. Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары
Пәндер