Балапан телеарнасының бағдарламаларына талдау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Balapan телеарнасы
Balapan -- қазақстанның бірінші балалар арнасы. Эфир таралымы кабельдік желіден эфирге шығады. Эфир аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балалар. Телеарнаның басты ерекшелігі ол қазақ тілінде эфир таратады. Балапан телеарнасы Қазақстан ҰТА базасында құрылған.

Мазмұны
1 Бағдарламалары
0.1 Мақсаты
0.2 Басты ерекшеліктері
0.3 Балапан шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері
0.4 Балапан телеарнасының бағдарламаларына талдау
1 Дереккөздер
2 Сілтемелер

Бағдарламалары
* Баламен сұхбат
* Тентек
* Теңбіл доп
* Жұлдызым
* Чемпион
* Super отбасы
* Кемеңгер клубы
* Көңілді такси
* Кел шырқайық
* Sezim qalasy
* Dara bala
* Ақ құс
* Үйрен де жирен
* Сиқырлы бөлме
* Қоңыр қаз

Мақсаты
Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан интеллектуалдық ұлт болуға бет бұрған мемлекетпіз. Балапан арнасының алға қойған мақсаты да - осы келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, интеллект иесі , білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Егеменді еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ қолында. Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Ел болу -- болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық.
Ел боламын десең - бесігіңді түзе деген (Әуезов.М)

Басты ерекшеліктері:
Ол - Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна.
Ол - тек қазақ тілінде хабар таратады.
Ол - білім мен ғылым, тәлім-тәрбиенің сарқылмас кені.

Балапан шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері
Жұмабай Мақпал Құрманжанқызы
balapan телеарнасының директоры
Жұмабай Мақпал Құрманжанқызы 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Кино және ТВ бөлімі мамандығы бойынша ғылым магистрі.
2003-2008 жылдар аралығында республикалық Ана тілі ұлт газетінің тілшісі, бөлім редакторы;
2008-2011 жылдар аралығында Qazaqstan телеарнасы Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы;
2011-2013 жылдар аралығында balapan телеарнасының шеф-редакторы, продюсері;
2014-2018 жылдар аралығында Қазақстанның ашық кітапханасы - www.kitap.kz жобасының жетекшісі;
2018 жылдың 2-ақпанынан бастап balapan телеарнасының директоры.
Марапаттары:
:: Мемлекеттік Дарын Жастар сыйлығының иегері (2006 ж);
:: ҚР Президент қоры грантының иегері (2017 ж).
Шығармашылығы:
:: Қырандар мен қазақтар кітабы (2008 ж)
:: Мақпал шер поэтикалық жинағы (өлең кітабы және аудиоальбом, 2017 ж)
:: Жалғызым альбомы (2017 ж)
Қосымша деректер:
:: TEDxAlmaty конференциясының спикері (2017 ж);
:: Қазақ ПЕН-клубы мүшесі;
:: Ұлттық аударма бюросының Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасының редакторы.
Бас-редакторы
Әйгерім Балғабаева - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын Астана ақшамы газеті мен Астана журналында тілші болудан бастаған. 2014-2015 жж. balapan телеарнасының тікелей эфирдегі Ойлан, тап!, 1000 түрлі сұрақ бағдарламасының редакторы; 2016 жылдан бастап balapan телеарнасының бас редакторы.

"Балапан" телеарнасының бағдарламаларын талдау

Баламен сұхбат
Бұл бағдарламада балалар елімізге белгілі, өмірі мен еңбек жолы ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалармен қызықты сұxбат құрады.
Бұл бағдарламада балалар кино, әдебиет, театр, білім, ғылым, медицина, спорт, музыка салаларының танымал тұлғаларымен сұхбаттасады. Жоба ток-шоу форматында студияда түсіріледі. Жүргізуші көрермендерге кейіпкер туралы шағын мәлімет беріп, арнайы дайындалаған сюжетті көрсетеді. Студияға келген қонақ балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, еркін әңгіме-дүкен құрады. Эфир соңында жүргізуші қорытынды бес сауал қойып, бағдарлама кейіпкердің балаларға арналған тілегі және құнды кеңесімен түйінделеді.

Тентек телехикаясы
Ауылдың кең даласында еркелеп, атасының ақылы мен қызық әңгімесін құлағына сіңіріп өскен Кенже бір-ақ күнде өмірінің өзгеретінен бейхабар. Ата-анасының жұмыс бабымен қалаға көшіп барған оған қаланың өмірі мүлде ұнамайды.
Оның бар арманы - тезірек ауылға қайту. Ешкімнің тілін алмай, бұзық болса ауылға қуып жібереді деген оймен Кенже күн сайын түрлі амалдар жасай бастайды. Сонымен, Кенженің ауылға қайту операциясы жүзеге аса ма, жоқ әлде қаланың өміріне үйреніп, жаңа өмір бастай ма? Кенженің қызықты балалық шағына арналған телехикая мазмұны осындай.

Теңбіл доп телехикаясы
Балаларға арналған 15 бөлімнен тұратын спорт туралы алғашқы телехикая. Бұл хикаяда кейіпкерлер футбол арқылы қиындықтарды жеңіп, жеңіс жолы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теледидардың бала психологиясына әсері
ҚAЗAҚСТAН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕAРНAСЫНДAҒЫ РЕКРЕAТИВТІК БAҒДAРЛAМAЛAРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балалар психологиясына теледидардың әсері
Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Жұмыстың мақсаты
КТК телеарнасының кәсіби деңгейі
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Пәндер