Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда уақыт сезімі ұғымының дамуы. Психолого-педагогикалық әдебиеттерде уақыт сезімі ұғымы


Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда «уақыт сезімі» ұғымының дамуы
Психолого-педагогикалық әдебиеттерде «уақыт сезімі» ұғымы
Балаға уақытты бағдарлау өмірлік маңызды құбылыс. Балалар ересектер сияқты уақытты бағдарлаудан тәжірибелі емес, уақыттың мағынасын да түсіне бермейді. Бірақ балаларда уақыт сезімі туралы табиғи зор мүмкіндіктер қалыптасқан. Уақыт сезімі дамыған жағдайда, бала өзінің басына түскен әрбір жағдайды басқаруды, уақыттың маңыздылығын түсінуді үйренеді.
Жаңа методикада уақыт сезімінің проблеммасы жайлы айтылады және уақыт жайлы әрбір ғылым саласының ғалымдарын толғандыратын мәселе болып отыр.
Мысалы, Карл Эрнест фон Бэр өткен ғасыр тоғысында биологиялық уақыт тақырыбын терең зерттеді. Бұдан әрі биологиялық уақыт проблеммасын И. И. Шмальгаузен, Т. А. Детлафтар зерттеді. Ал географиялық уақыт саласын А. Д. Арманд қарастырған. Уақыттың субъектілік және объектілік жақтарын П. Жане зерттеуіне қарастырды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда уақыт сезімін дамыту проблемасын Т. Д. Рихтерман, Т. И. Тарабарина, Е. И. Соколова, Л. М. Маневцова, Р. Л. Непомнящая, О. Е. Дрень, А. Ф. Яфальян қарастырды.
Уақыт ұғымы балалар үшін барынша күрделі категория болып табылады. Уақыттық түсініктерді меңгеру мектепке дейінгі балалардың өзіндік іс-әрекеті, ересек адамдардың тәуліктің түрлі мезгіліндегі іс-әрекеті арқылы, объективті көрсеткіштерді (күннің орналасуы, жарықтың түсуі, ауа райының құбылыстары) бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Оқу жылының басында естиярлар тобындағы тәрбиеленушілердің бойында таңертең, күндіз, кеш және түн секілді уақыттың бөліктері туралы түсінік пысықталып, тереңдетіле бастайды. Тәулік бөліктерінің атауын балалар мен олардың айналасындағы ересектердің іс-әрекетінің нақты мазмұнымен ғана емес, сондай-ақ едәуір объективті уақыт көрсеткіштерімен - табиғат құбылыстарымен байланыстырады (таң- күн шығады, айнала барған сайын жарық бола түседі, т. с. с. ) . Тәрбиеші балалармен және олардың айналасындағы ересектердің күні бойы нені, қашан және қандай реттілікпен істейтіні жөнінде, таңертең, түсте, кеште алған әсерлері туралы әңгіме өткізед, балаларға осындай мазмұндағы өлеңдер мен әңгімелер оқып береді. «Бір күн», «Алдымен не істеу керек?», «Одан соң ен істеу керек?», «Кім ерте тұрады?Кім кеш оянады?» секілді дидактикалық ойындар тәуліктің бөліктері туралы түсінікті нақтылауға көмектеседі.
«Кеше», «бүгін», «ертең» секілді уақыт белгілерінің өзгергіштігі мен салыстырмалылығы оларды балалардың меңгеруін қиындатады. Бес жастағы балалар мұндай сөздерді шатастырып айтады. Сондықтан мұндай сөздердің мағыналық мәнін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қою арқылы ашып көрсетуі тиіс: «БІз сендермен бірге кеше қайда болдық? Біз топ-серуенге қашан бардық?Біз қазір не істейміз?».
Содан кейін естиярлар тобының балаларын апта күндерімен таныстырады. Балалар алдымен адамдарды әдетте «күн» деген сөзбен атайтын тәулігі бірін-бірі ауыстырып отыратынын біледі. Осындай жеті күннен бір апта құрылады. Аптаның әр күнінінң өз атауы бар. Апта күндерінің реттілігі қашан да бірдей реттілігі қашанда бірдей болады: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және т. с. с. апта күндерінің атауын балалар іс-әрекеттің нақты мазмұнымен байланыстырады(бізде дүйсенбіде қуыршақ театры өнер көрсетеді, жұма сайын спорттық ойын-сауықтар өткізіледі және т. с. с. ) . Тәрбиеші күн сайын таңертең балалардың апта күнін атауын, сондай-ақ кеше аптаның қай күні болғанын, ертең қай күн болатынын атауды өтінеді. Апта күндерін оқтын-оқтын ретімен атауды ұсынады. Аталған күннің алдында немесе одан кейін қай күннің болатынын айтуды сұрайды.
Апта күндерінің ауысуын бақылау балаларды уақыттың мерзімділігін, алмасушылығын түсінуге, оның қозғалуын ашып көрсетуге бағдарлайды: күн артынан күн, апта артынан апта келеді. Балалардың өздері мезгілдің ауысуын сипаттайды: «жыл айналады - күз еді, өтіп кетті және қайтадан күз келеді», дейді. Сол сияқты, аптаның дүйсенбі күні еді, өтіп кетті, ал жеті күннен кейін қайтадан дүйсенбі басталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың уақыт сезімін жетілдіруде ойындар қызметінің рөлі қандай және әлеуметтік жағдайына қалай әсер етеді деген сұрақтарға жауап беру міндетті түрде тәрбиешіні толғандыру керек.
Уақыт сезімі - қабілет нақты және виртуалды үйлестірудің, сәйкестендірудің, сезінудің табиғи эстетикалық қабілеттілігі.
Уақыт сезімі эстетикалық қасиет тәрізді өмір бойы дамиды. Эстетикалық сезім негізі - мектепке дейінгі шақта, жетекші әрекеті ойын болған уақытта салынады. Дәл осы шақта сезім мәдениетінің негізі қалыптасады. Сондықтан уақыт сезімінің теориялық негізі жайлы айтпастан бұрын, сезім мен эмоция жайлы жалпы түсініктер қамтылуы қажет.
Эмоция (фр. emotion , лат. enoveo - толғану) - адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына ( ұнамды эмоция ) немесе қанағаттанбауына ( ұнамсыз эмоция ) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т. б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т. с. с. эмоциялар жатады.
Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оныңмимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы - бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.
П. В. Симоновтың ақпараттық эмоционалдық тұжырымдамасы эмоция саласында өз орнын ойып көрсетті. П. В. Симоновтың ақпараттық эмоционалдық тұжырымдамасын жалпы адамзат эмоциясының заңдылығы деп қабылдайды.
Эмоцияны эмоционалдық реакция, эмоционалдық қалып, эмоционалдық қатынас (сезім) деп бөлуге болады.
Күнделіті тұрмыста эмоция түсінігін сезім деп атайды. Шынтуайтында, бұл түсініктің ғылыми қолданысы адамның көңіл күй қалыпын ғана білдіреді.
Дәстүрлі отандық психологияда сезім - эмоция бөлімінің тармағы. Бұлай бөлінуінің бір себебі, сезімнің пәндік айырмашылықтары
Эстетикалық сезім адамның әдемілік пен кейіпсіздікке, үйлесімділік пен әдемілік жайлы түсінігіне негізделген.
Эстетикалық сезімнің процессуалдық мінездемесін А. Ф. Лобова анықтады. Бұл зерттеуге берілетін негізгі эстетикалық сезім мінездемелеріне мыналар жатады: көңілдің құбылмалығы, «тұрақсыздығы», қайтарымдылығы, бірбаптылығы, ауысушылығы, тәуелділігі, синхрондылығы. Автор эстетикалық сезімдердің топтарын олардың шығуына және пайда болу тарихына қарай, адамнға әсер ете отырып мына сезімдерді тудыратынын атап өтті:
- табиғилық(түстер, сызықтар, сәйкестілік, симметриялар, динамикалар, уақыт, кеңістік, екпін) ;
- әлеуметтімаңызды (өлшем, үйлесім, тон, мақам, пішін, сәнділік, интонация, тембр) ;
- рухани құндылық (ғажайыптылық, батылдылық, ұсқынсыздық, опаттылық, ұждансыздық) .
Уақыт сезімі, көріп тұрғанымыздай, табиғилық сезім бөліміне кіреді. Табиғилық сезімнің, оның ішінде уақыт сезімінің даму барысы және негізі мектепке дейінгі жаста салынады.
Уақыт сезімі әлемнің шынайы бағасы, уақытты дұрыс әрі тура қабылдай білу қабілеті. Ежелгі мифологияда − Хронос уақыт құдайы болып, әлемнің қозғалысы мен үйлесімділігін қадағалап отырған, ал уақыт сезімі − нақты бір адамның барлық ішкі әлемнің барлық прцесстерін үйлестіретін «құдайы» тәрізді қабылдауға болады.
Александр Леонидович Чижевский мынадай мысал келтіреді: егер бір затты соқса, одан дыбыс шығады; егер бірнеше минуттан соң ол затты тағы бір соқса, тағы да дыбыс шығады. Осы соғудан шыққан екі дыбыстың аралығын «уақыт» деп атайды. : екінші дыбысты естігенде, бірінші дыбыс ақыл ойдың елесі болып, тек ақпарат ретінде есте қалады. Адам есіндегі ақпараттарды салыстыра отыра сол арада уақыт сезімін қалыптастырады. Чижевскийдің айтуынша егер осындай салыстырулар болмаса, уақыт сезімі түсінігі де негіз болып қалыптаспас еді(егер адамнің есі қабылдамаса, ми бұндай шешімдер қабылдай алмайды және осыдан уақыт сезімі де туындамайды) .
Уақыт сезімі эстетикалық феномен ретінде өз алдына шектішексіз, субъективтіобъективті, соматикалықпсихикоділдік біртұтастық бейне, үлкен уақыттық құрылым.
Уақыттың, кеңістік пен ырғақтың бірлігі динамикалық үш тағандылықты құрайды, яғни ол үштік қосылып, табиғилық эстетикалық сезімді құрайды.
Уақытты сезіну теңдестірілген табиғи, әлеуметтік, ғарыштық процесстер ретінде эстетикалық феномен қалыптасады, яғни тұлғалық эстетикалық қасет қалыптасады, балада сәйкесінше даму барысында уақыт сезімі де қалыптасады. Уақыттың әр түрлі түрлері баланың сезімінде полифония тудырады да, сезімін үндестіреді әрі үйлестіреді.
Эстетикалық уақытты сезіну келесі түрлерге қарай жіктеледі:
- Объектілітабиғилық, бұған физикалық жансыз объектілер жатады, бұл физикалық уақыт және ол сызықтық әрі дәйекті түрде өтеді.
- Объектілісубъектілі уақыт, ол әлеуметтік және тұлғалықпсихикалық уақыт ретінде қарастырылады. Бұнда бір халық не ұлт өзінің тіршілік уақытын өлшейді. Психологиялық уақыт қатаң бірсызықтықты және қайтымсыздықты сипаттамайды.
- Жасанды уақыт, ол тек көркемөнерлік шығармаларда көрсетіледі. Ол, негізінен, виртуалды шындықты көрсету үшін жұмсалады.
1. 2. Қарапайым математика пәнін оқытуда қолданылатын әдістер және оқыту технологияларының түрлері
Оқуға «тоюды» болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұшырасуында жатыр. Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының маңызы зор. Ол балаларға 1-сыныпта беріледі. Олармен танысу тәсілі мынадай. Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды. Қалай істеу керек? Бірінші сынып оқушылары бұған ұқсас есептерді шығарудың жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпгі сәтті әрекеттер жасап көрген соң, балалар мұғалімнің көмегімен мұндай жағдайларда өлшеу, есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Сонан кейін балалар өлшеуді және санауды үйренеді, сандар ұғымымың мазмұнына түсінеді. Сондай арнаулы анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі қандай), тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі [8] .
Балалар алдына шешілу жолдары мен құралдарын белсенді анықтауды талап ететін тапсырмалар жүйесін беру бірінші сынып оқушыларын әуел бастан-ақ ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін ашады. Осындай белсенді ойлау іс-әрекетіпің арқасында балалар қажетті білім мен іскерлікті саналы түрде меңгереді. Бұл жұмыс балаларды қызықтырады және мұғалім тарапынан дұрыс басшылық жасалса, олардың шамасы толық жетеді. Сондықтан оқытудың алғашқы айларында балалардан қайсыбір мәліметтерді олардың қажеттілігі мен қолданылу жағдайларын тиісті дәрежеде түсінбей тұрып жай есте ұстауды талап ету ерекше қауіпті. Әрине, бірінші сынып оқушылары көп нәрсені берік есте сақтай да алады. Оқудың тікелей және сырттай тиімділігіне мұнда кол жетеді, бірақ маңызды сәті оқу магистраларына балалардың танымдық ынтасын қалыптастырудың бастамасы - назардан тыс қалады. Мұндай ынтаның болмауы алдағы бүкіл оқу ісіне зиянын тигізеді.
Сонымен, бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға дегеи жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларынын оқуға деген көзкарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады[9] .
Әр түрлі пәндерден қандай да бір тапсырманы орындауда әдетте балалар оларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын таңдап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдары жоспарланады. Бала өз іс-әрекеттерінің «қадамдарын» неғұрлым көбірек жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдаи бақылантын болады.
Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі балалар өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде. Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін ажырата білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен іс-әрекеі жасау бастауыш сынып оқушыларының өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне бір сырттан қарап, бағалау іскерлігін қалыптастыруды көздейді. Бұл іскерлік рефлекция негізінде маңызды қасиет ретіне жатады, ол өз пайымдаулары мен қылықтарын олардың түпкі ойлауы және іс-әрекеті шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан ақылды да әділетті талдауға мүмкіндік береді.
Білімнің икемділігі есептерді шығарудың тиімді вариантын табудың жылдамдығымен сипатталады. Білімнің икемділігінің көрсеткіші оқушының бір есепті бірнеше тәсілмен шығару қабілеттілігіне де байланысты анықталады. Икемділігінен білімнің жеделдете меңгерілуі арасындағы айырмашылық былай сипатталады: білімнің жеделдете меңгерілуі нақты жағдайлар үшін білім мен дағдыны пайдалану болса, ал білімнің икемділігі белгілі жағдайлардан ауытқып жаңа тәсілді бұрыннан белгілері арқылы шығарып алуға байланысты жаңа білік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.
Білімді жалпылауда нақтылы көріністерді ашу мен жалпылама білімді нақтылау қабілеттілігі арқылы білімнің нақтылығы мен жалпыламалылығы сипатталады. Білімді жалпылау білімді нақтылау арқылы қарастырылады. Екеуін оқушы бірдей пайдаланған жағдайда нақтылы фактілерді жалпылау дағдысының қалыптасуына, жекеден жалпыға біртіндеп өтуге игі әсерін тигізеді.
Білімнің меңгерілуінің тежелуі мен дамытылуы, біріншіден, оқушының білімдер арасындағы байланыстарды тауып алып, керекті жерлерде қолдана білуі. Сонымен бірге білімнің жалпыланған болуы және жинақталған түрде көрінуі өте маңызды. Одан басқа оқушыға қажет болған жағдайда білімнің жинақталған түрін қолдану үшін жалпылаған білімді негіздейтін нақты білім қажет.
Балабақшада уақыт сезімінің дамытуы, уақытты бағалау бойынша оқыту әдісі
Мақсаты: жас ерекшелігіне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ересек жаста «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология негіздері;
- құрастыру арқылы жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz