Этно әлеуметтану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Исаханов Бексұлтан ЭСТ 912

Этно әлеуметтану

Этно әлеуметтану

Этносоциология (этникалық әлеуметтану) - әртүрлі этникалық ортадағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды және әлеуметтік топтардағы этникалық процестерді зерттейтін орыс әлеуметтануындағы пән. Қоғамның қарапайым этникалық топтардан қазіргі заманғы әлеуметтік жүйелерге өзгеруін зерттейді . Батыс әлеуметтануында бұл бағыт көбінесе нәсілдік және этникалық қатынастардың әлеуметтануы деп аталады.

Этникалық әлеуметтану-әлеуметтанудың бір бөлігі, оның бағыттарының бірі (отбасы әлеуметтануы, ауыл әлеуметтануы және т. б. ) . Этносоциологияның пәні этникалық топтардың дамуы мен жұмыс істеуінің әлеуметтік аспектілерін, олардың жеке басын, мүдделері мен өзін-өзі ұйымдастыру формаларын, олардың ұжымдық мінез-құлық заңдылықтарын, этникалық топтардың өзара әрекеттесуін, осы топтарға кіретін жеке тұлғаның өзара байланысын және әлеуметтік ортаны зерттеу болып табылады.

Этносоциологияның негізгі түсініктері

Этноциологияның негізгі ұғымдары-этнос, халық, ұлт, азаматтық қоғам, жаһандық қоғам.

Этносоциологтар жасаған кейбір тақырыптар:

  • этникалық факторлардың халықтың әлеуметтік құрылымы мен көші-қонына әсері;
  • этникалық қатыстылығын ескере отырып, Еңбек ресурстарын пайдалану және ұтымды бөлу;
  • этникалық сана-сезімнің, этносаралық қатынастардың әлеуметтік детерминизмі;

этносаралық қақтығыстар;

  • құндылық бағдарларының, мінез-құлық стереотиптерінің, мәдени мүдделер мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерінің этникалық ерекшеліктері;
  • этноәлеуметтік процестер, соның ішінде билингвизм.
Саяси әлеуметтану

Саяси әлеуметтану - арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейді. Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон, Аристотель сияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдары Н. Макиавелли, А. Токвильмен қалыптастырылған.

Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:

1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;

2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;

3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;

4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.

Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.

Саяси әлеуметтану әдістері - макросоциологиялық және микросоциологиялық болып бөлінеді. Макросоциологиялық ұстанымда биліктің әлеуметтік негіздері, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдардың саяси үрдіске ықпалы анықталады, ал микросоциологиялықта нақты саяси институттар әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады. Сонымен бірге құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, эксперимент, социометриялық әдістері қолданылады.

Саяси жүйе

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т. б. жатады.

Саяси жүйелердің жіктелуі

Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады 5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Г. Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.

Қоғамның саяси жүйесі

Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т. б. ) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.

Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.

Саяси жетекші; саяси көшбасшы

Саяси жетекші; саяси көшбасшы (ағылш. political leader ) - мемлекеттің, саяси партияның, коғамдық ұйымның жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.

Саяси режим, саяси тәртігі

Саяси режим, саяси тәртігі (lang-enpolitical regime}}) Экономикалық және мемлекеттік билікті (демократия, тоталитаризм, авторитаризм және т. б. ) жүзеге асыру тәсілдері мен құралдарынын жиынтығы.

Саяси қатер, саяси тәуекелдік

Саяси қатер, саяси тәуекелдік (ағылш. political rick ) Әскери әрекеттер, үлттық меншіктендіру, тәркілеу, шектеу енгізу және эмбаргомен байланысты кредиттік тәуекел.

Саяси баспана

Саяси баспана (ағылш. political asylum ) Халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларының негізінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Ережесіне сәйкес, Қазақстанның шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруі. Азаматтық алған және немесе тұрып жатқан елде қоғамдық-саяси қызметі, нәсілі немесе ұлты, діни нанымдары үшін қудалаудан немесе қудалаудың құрбаны болудын шын қаупінен баспана іздеуші немесе қорғауды қажет ететін, сондай-ақ халықаралық құқықтын нормаларында көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайда тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне саяси баспана беріледі.

Саяси процесс

Саяси процесс

1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі;

2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, т. с. с.

Саяси процесс - күрделі құбылыс. Ол күнделікті озгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. әлеуметтік субъектілер (топтар, таптар, жеке адамдар, т. б. ) қызметінің жиынтығы. Осыған байланысты қоғамда әртұрлі өзгерістер болып отырады. Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін 4 сатыға, кезеңге белуге болады:

1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси-құқықтық құрылымды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін;

2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Жеңіске жектен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді;

3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек;

4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жүмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.

Саяси мәдениет

Саяси мәдениет (ағылш. political culture , ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси мәдениеттің жіктелуі

Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г. Алмонд пен С. Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы түрлері және құрылымы
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
Әлеуметтану ғылымының дамуымен негізгі тарихи кезеңдері
Қоғамның әлеуметтiк жағдайы
Этнос және ұлт әлеуметтануы
Этникалық психологияның ғылым ретіндегі пәні, әдістемесі
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет - тіл
Саяси әлеуметтанудың саясаттану ғылымымен байланысы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz